Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет8/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#142608
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

4. Жазықтарда ішкі күштердің әсерінен баяу тербеліс қозғалыстары байқалады.

Жазықтар сыртқы күштердің әсерінен әр түрлі өзгерістерге ұшырайды.

Физикалық картаға қарасаңдар, өзендер мен олардың салалары жер бетін тілімдеп ағып жатқанын байқайсыңдар. Өзен суы табанын және жағаларын шайып, аңғар жасайды. Жазықтық өзендері жан-жағына бұралаңдап ағатындықтан аса кең аңғарлар түзеді. Неғұрлым еңістігі үлкен болса, соғұрлым өзен жер бетін көбірек жырымдап, өзгертеді.

Жазықтарды көктемде еріген қар суы мен нөсер жаңбырдан пайда болған беткі ағыстар қатты тілімдейді. Уақытша ағыстардың әрекетінің нәтижесінде жыралар мен сайлар түзіледі. Ж ы р а әдетте өсімдігінен айрылған жалаңаш беткейлерді судың жыруынан пайда болады. Жыраның беткейлері тік жарлы, бас жағы тарамдалып келеді. Егер уақытында шара қолданбаса, жыра әрі қарай тарамдалып ұлғая береді де, шаруашылыққа пайдаланатын жерлерді, яғни егістіктің, бау-бақшаның орнын, жолды тілімдеп бүлдіреді, түрлі құрылыстарға залал келтіреді. Оның ұлғаюын тоқтату үшін бас жағына кең, қиыршық тас төгеді, түбіне және беткейлеріне шым төсеп, өсімдік өсуіне жағдай жасайды.

С а й д а - жыра сияқты ұзынша ойыс. Оның жырадан айырмасы беткейлері түйетайлы, табаны мен беткейлері шымды келеді де, шөп және бұта өсімдіктерінің өсуіне қолайлы болады.

Жазықтар жел әрекетінен де көп өзгереді. Жел қатты жыныстарды бөлшектеп, үгінділерін ұшырып әкетіп отырады. Шөлдерде, далаларда, жыртылған жерлерде, теңіз жағаларында желдің әрекеті күшті жүреді.

Теңіздің немесе үлкен көлдің жайдақ жағалауына барып қарасаңдар, толқын айдап шығарып тастаған құм шөгінділердің үйіліп жатқанын көресіндер. Су айдынынан соққан жел құрғақ құмды оңай ұшырып алып кетеді. Құм түйіршіктері алдынан кедергі (бұта, тас, т.с.с.) кездескенге дейін желге ілесіп сырғи береді. Кедергіге жиналған құм бірте-бірте жел жақ беткейі түйетайлы, ық жақ беткейі тік, ұзынша жал тәріздес төбеге айналады. Төбенің төменгі екі жақ шеті ыққа қарай созылып, айшық тәріздес пішінге ие болады. Мұндай құм төбелер ш а ғ ы л деп аталады.

Шағылдың биіктігі жағаға жиналған құмның молдығына және желдің күшіне байланысты 20-30 м-ден 50-100 м-ге дейін барады, кейде одан да асып кетеді.

Жел шағылдың жел жақ беткейіндегі құм түйіршіктерін ұшырып, ық жағына түсіре береді. Соның нәтижесінде шағыл үнемі алға қарай жылжып отырады.

Үлкен шағылдар жылына 1 метрден 20 метрге дейін сырғып, орнын ауыстырады, ал шағын шағылдар қатты дауылдарда тәулігіне 2-3 м-ге дейін сырғиды. Жылжыған шағылдар орманды, егістікті, бақтарды, елді мекендерді басып қалады.

Құмды шөлдерде желдің әрекетінен үйілген, шағылға ұқсас құм төбелерді барқан дейді (44-сурет). Шағылдар теңіз, көл немесе өзен суы әкеліп үйген құмнан түзілсе, барқандар шөлдегі жергілікті тау жыныстарының үгілуінен үйілген құмнан түзіледі. Біздің елімізде барқандар Солтүстік Арал маңында, Қызылқұмда, Каспий маңы ойпатында, Оңтүстік Балқаш маңында таралған. Барқандардың биіктігі әдетте 15-20 м-дей болады, Жер шарындағы аса ірі құмды шөлдерде, мысалы, Сахарада, Орталық Азияда, Аустралияда оның биіктігі 100-120 м-ге дейін барады.

Шағыл сияқты барқандар да желдің әсерінен жылжып, көшіп отырады. Шағын барқандар жылына 100-200 м-ге, ал ірілері 30-40 м-ге жылжиды. Құмның көшуіне көп жағдайда адамның өзі себепкер болады.



Бақылау сұрақтары:

1.Жазық деп нені айтады?

2. Жазықтың қандай түрлері бар?

3. Биіктігіне қарай жазықтарды қалай ажыратады?

4. Жазықтардың жер бедерінің өзгеруіне қандай күштер және қалай әсер етеді?

22- сабақ



Тақырыбы: Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар

Жоспар:

1.Мұхит түбін зерттеу.

2.Мұхит түбіндегі таулар.

3.Мұхит түбіндегі жазықтар.



Сабақтың мақсаты: Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтарды қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Теңіз кемелері саяхатқа шыққалы бері адам мұхит түбі туралы білімнің қажеттілігін түсінді. Сондықтаи мұхит тереңдігін өлшеу көптен бері жүргізіліп келеді.

Бұрын ол ұшына салмақты зат байланған, бойына м, см өлшемдері белгіленген арқанның немесе сымның көмегімен өлшенетін. Мұндай әдіс 50 м, әрі кеткенде 200 м-ге дейінгі тереңдікті ғана өлшеуге мүмкіндік беретін. Жағаға жақын жерде жүзу және портқа кіру үшін мұндай өлшемдер толығынан жетіп жататын. Бертін келе теңіздер меи мұхиттардың түпкі бедерін анықтау қажеттігі туды. Соған сәйкес тереңдік өлшеу құралдары бірте-бірте жетілдіріле түсті. Кеменің жүзу бағытында тереңдікті тез және үздіксіз өлшейтін құрал ойлап табылды. Ондай құрал эхолот деп аталады (эхо - жаңғырық).

Эхолот мұхит түбін зерттеуге кең жол ашты. Онымен өлшеу жұмыстары дыбыстың суда таралу жылдамдығына негізделген. Кемедегі құралдан мұхит түбіне қарай дыбыс жіберіледі. Дыбыс теңіз түбіне жеткен соң, одан жаңғырығы қайтадан құралға жетеді. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1 секундта 1500 м Соған қарай мұхит тереңдігі неше метр екенін есептеп білуге болады. Мысалы, кемеден берілген дыбыс 6 секундтан кейін жаңғырық түрінде қайтадан естілді делік. Сонда дыбыс теңіздің түбіне 3 сек-та жеткен болады. Демек, мұхиттың тереңдігі 4500 м болғаны.

Қазіргі кезде кеме жүзіп келе жатқан уақытта мұхит түбінің бедерін қағазға түсіріп отыратын құрал ойлап табылды. Сонымен бірге фототелекамералар арқылы мұхит түбі жайында керекті мәліметтер алуға болады. Мұхит түбін соңғы кезде жердің жасанды серіктері мен ғарыш кемелерінен зерттеу ісі кең қолданылып жүр.



2. Мұхит түбі бедерінің алуан түрлі екенін сендер білесіңдер. XX ғасырдың 2-жартысындағы зерттеулердің нәтижесінде барлық мұхиттардан мұхит ортасы жоталары деп аталатын су асты таулары ашылды.

Мұхит ортасы жоталарының шыңдары кейде су бетіне шығады. Мысалы, Тынық мұхиттағы Пасха, Атлант мұхитындағы Әулие Елена, Тристан-да-Кунъя аралдары осындай жоталардың үстінде жатады.

Ал оқшау таулар бүкіл Дүниежүзілік мұхит түбіне шашырай орналасқан. Олардың көбі - сөнген және сөнбеген жанартаулар. Олардың да біразы су бетінен жоғары көтеріліп, аралдар құрайды. Ал кейбіреулерінің су түбінде атқылаған лавасы мен күлі су ағындарымен таралып, мұхит түбіне шөгеді.

3.Мұхит түбінің ең үлкен бөлігі қ а з а н ш ұ ң қ ы р л а р ғ а тиеді (картадан Тынық мұхиттағы Солтүстік-Батыс қазаншұңқырын және Үнді мұхитындағы Орталық қазаншұңқырды табыңдар). Қазан-шұңқырлардың бедері жазық болып келеді.

Мұхит қазаншұңқырларының бетін шөгінді жыныстар басып жатады. Олар - әр түрлі жәндіктердің сүйек-қаңкаларының қалдықтары немесе жанартау күлінің шөгіндісі. Мұхит түбіндегі шөгінділер өте баяу жиналады (шамамен 2 мың жылда - 1 см).

Мұхит жазықтарына материктік қайраң да жатады. Қайраң - материктің мұхитқа өтпелі, 200 м тереңдікке дейінгі бөлігі (картаны пайдаланып, олар қай материктің тұсында өте енді болып келетінін анықтаңдар).

Материктік қайраң негізінен шөгінді жыныстардан тұрады. Мұнда жағаға жақын жерде малта тас, содан кейін ірі және ұсақ құмдар, ақырында сазды түзетін ең ұсақ бөліктер шөгеді. Сонымен бірге материктік қайраңнан мұхитқа құятын өзен арнасының жалғасын да көруге болады.

Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін материктік беткей дейді. Ол 200 м-ден 2800 м-ге дейінгі тереңдікте жатады. Материктік беткейдің бедері тілім-тілім болып келеді, еңістігі 5°-тан 40°-қа дейін жетуі ықтимал.

Мұхиттардың материктерге жапсарлас өңірінде түзу бағытта немесе доға тәрізді иілген ұзын және енсіз ойыстар -шұңғымалар (науалар) жатады. Олардың тереңдігі 5-11 км аралығында, ұзындығы 2000-4000 км-дей болады. Көлденең қимасының сырт пішіні V әрпіне ұқсайтын шұңғымалардың беткейлері өте тік болып келеді. Жер шарындағы ең терең (11022 м) шұңғыма – Мариан шұңғымасы (бұл шұңғыманың географиялық координатасын анықтап, ұзындығын өлшеңдер).



Бақылау сұрақтары:

1. Мұхит түбінде жер бедерінің қандай түрлері болады? Оларды сипаттап бер.

2. Бұрын адамдар мұхит түбін қалай зерттеді? Қазіргі кездегі мұхит түбін зерттеудің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Мұхит ортасы жоталары қалай пайда болған?

4. Мұхит түбінде жазықтардың қандай түрлері бар?
23- сабақ

Тақырыбы: Жер бетін шаруашылыққа пайдалану және қорғау

Жоспар:

1. Жер беті - табиғаттың ең басты байлығының бірі.

2.Жер бетін ұтымды пайдалану, шаруашылықты ғылыми негізде ұйымдастыру - әрбір саналы адамның алдына қоятын мақсаты.

Сабақтың мақсаты: Жер бетін шаруашылыққа пайдалану және қорғауды

қарастыру



Теориялық мәлімет:

1.«Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер», - дейді қазақ халқы. Өсімдік, жан-жануар, адам - бәрі де жер бетінде өмір сүреді. Байлық атаулының бәрі де осы жерден табылады. Жер - бүкіл тіршіліктің негізі, оған қуат береді, пана болады.

Жер беті - табиғаттың ең басты байлығының бірі. Адам жер бетін өз қажетіне қарай барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Ол үшін алуан түрлі іс-әрекеттер жасайды. Соның нәтижесінде түрлі өнім өндіреді. Егін егеді, мал бағады, жеміс-жидек, ағаш отырғызады, түрлі құрылыстар салып, қалалар тұрғызады, жол тартады, т.б. сан жетпес адам әрекеттерінің бәрі жер бетін пайдалану арқылы жүзеге асады.

Адам баласы қажетті тамақ өнімдерінің 88%-ын жер бетінен алады. Сол сияқты жер бетінің 10%-ын мал шаруашылығына қажетті жайылымдар алып жатыр. Жер бетінің өнімін алу үшін адам еңбек етіп, шаруашылық түрлерін дамытады (қандай шаруашылық түрлері барын естеріңе түсіріңдер).

Жер бетінің пайдасы жайлы айтқанда оның қойнауын да естен шығармауымыз керек. Жер қойнауы - байлықтың көзі. Түрлі пайдалы қазбалардың жерден өндірілетінін білесіңдер.

Қандай пайдалы қазбалар бар? Естеріңе түсіріңдер. Ол пайдалы қазбалардың халық шаруашылығындағы алатын орнын айтыңдар.

Жер бетінде өсетін өсімдіктер мен онда тіршілік ететін жануарлардың шаруашылықтағы маңызын да жақсы білесіңдер.

Бүкіл тіршілікке қажетті су қоймалары да, бұлақ көздері де осы жер беті мен оның қойнауында. Міне, осылардың бәрін көз алдыңа елестетсең, жер беті пайдасының ұшан-теңіз екенін түсінесің.

Бірақ осы байлықтардың көзі болып табылатын жерді есепсіз, бей-берекет пайдалану оны тоздыруға әкеліп соғар еді (осыған байланысты қандай мысалдар айта аласыңдар?).



2.Жер бетін ұтымды пайдалану, шаруашылықты ғылыми негізде ұйымдастыру- әрбір саналы адамның алдына қоятын мақсаты.

Шабындықтарды пайдалану және егін егу барысында жер бетінің жырымдалуына қарсы шаралар ескеріліп отырады. Каналдар қазу, орманды кесу, таулы жерлерден туннельдер тарту сияқты жұмыстардың бәрі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Әр кесілген ағаштың орнына жаңа ағаш отырғызып, пайдалы қазбалар өндірген кезде қазылған жерлер қайта қалпына келтіріледі.

Жер бетін ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған көптеген шаралар бар. Ол шараларды жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны бақылау және оны бағалау жүйесі жасалады. Мәселен, кез келген өнімді қалдықсыз пайдалану, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру сияқты жұмыстар осы шаралар түріне жатады.

Қазақ халқында табиғат қорғау дәстүрі ертеден сақталған. «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап» деген халық. Қазақ малшыларының күзеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға көшіп, жыл мезгілдеріне орай қонысын ауыстырып отыруы осының дәлелі.

Қазіргі таңда табиғат қорғау мәселесі үкімет тарапынан қолға алынуда. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы осы мәселеге арналған. Заңда табиғат байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың негізі екендігі атап керсетілген. Сонымен қатар әр азаматтың табиғат байлықтарын пайдалануға, оларды қорғау мен молықтыруға, қоршаған ортаны сауықтыруға қатысуға құқығы барлығы айтылған.

Әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға байланысты міндеттері айқындалған.



Бақылау сұрақтары:

1.Неліктен жер бетін табиғи байлық көзі дейміз?

2.Табиғатты не үшін қорғаймыз? Табиғат қорғау шараларын атаңдар.

3.«Судың да сұрауы бар» деген мақалды қалай түсінесің?


Атмосфера

24- сабақ



Тақырыбы: Атмосфераның құрамы және құрылысы

Жоспар:

1.Атмосфераның құрамы.

2. Атмосфера қабаттары.

3.Атмосфераның маңызы.

4.Атмосфераны зерттеу жолдары

Сабақтың мақсаты: Атмосфераның құрамы және құрылысын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жер шарын жан-жағынан а т м о с ф е р а деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.

Ол - Жердің ең сыртқы қабығы.

Ауа дегеніміз - әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78%-ын азот, 21%-ын оттегі құрайды.

Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы - көміркышқыл газ. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзіледі.

Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң-тозаң кіреді.

Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті болып табылады. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр сонында бірте-бірте ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді. Сондықтан атмосфераның жоғарғы шекарасын дәл белгілеп айту қиын. Ғалымдар оны шамамен 2-3 мың километр биіктікте өтеді деп есептейді. Осындай қалыңдыктағы ауа қабығы Жер төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен ұсталып тұрады және Жердің өзімен бірге айналады.

Атмосфералық ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т.б. бір жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның бұл қасиеттері, әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеріске ұшырайды.

Температураның және газ құрамының өзгеріеіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа жіктеледі.



2.Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты -тропосфера (грекше тропос - бұрылыс, өзгеріс). Онда температура биіктік бой-ынша шамамен бірқалыпты төмендейді. Оған себеші атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды/ алдымен Жер беті жылынады да, жылу содан барып ауаға тарайды. Тропосфераның жоғарғы шегінде температура - 55° С-қа дейін төмендейді.

Тропосфераның үстінде стратосфера (грекше стратум -қабатталған) қабаты жатады. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өседі. Температураның жоғарылауы осы қабатта шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты.

Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен ерекшеленеді. Атмос-фераның бұл қабаты 50-55 км биіктікке дейін барады.

Атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп, 1000°-2000° С-қа дейін өседі. Мұнда Күннен атмосфераның төменгі кабаттарына дейін жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді. Олар күн сәулелерін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады. Бірақ газ бөлшектері бір-біріне маңайламайтындықтан, мұндай температураны адамның денесі сезбеген болар еді. Күннен таралатын электр зарядтары атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласы құбылысын тудырады. Атмосфераның ең сыртқы қабатынан газ бөлшектері Жер төңірегіндегі әлемдік кеңістікке шашырап кетіп жатады.

Жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы Айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді. Күндіз тіктеп түскен күн сәулесі жер бетіндегі заттың бәрін бірден күйдіріп жіберер еді. Күндізгі ыстық тек өзендер мен көлдерді ғана емес, тіпті теңіздерді де түгелдей буландырып құрғатып жіберер еді. Оған, керісінше, түндегі суық - 1009 С-тан асып кетер еді. Ондай ыстық пен қақаған аязға жануарлар да, өсімдіктер де шыдамайтыны белгілі. Демек, жер бетін құлазыған шөл алып жатар еді. Атмосфера күн сәулелерін шашыратып, жайып тарататындықтан, күндіз жер беті өте қатты қызып кетпейді. Оның есесіне түнде ауа қабаты жылуды қымтап ұстап тұрады да, жер бетін қатты салқындаудан сақтайды.

Атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп, жауын-шашын жауады.

Жерге әлемдік кеңістіктен метеориттер үздіксіз ұшып келіп жатады. Бірақ олардың көпшілігі ауаға ысылып жанып кетеді. Атмосфера болмаса метеориттер Жерді үздіксіз соққылап жатар еді.

3.Біздің планетамыздағы тіршілік атмосфера қабатына тығыз байланысты. Ауаның құрамындағы оттегімен адам және жануарлар тыныс алады. Өсімдіктің өсуі үшін де ауа керек. Ауа болмаса жер бетін Айдағы сияқты құлазыған ку шөл алып жатар еді.

Атмосфераның төменгі жер бетіне таяу қабаттары тікелей бақылау арқылы ертеден зерттеле бастады. Ал биік қабаттары мен олардың құрылысы туралы мағлұматтар ұзақ уақыт тек жанама белгілер арқылы ғана алынып келді. Метеориттердің жануын бақылау 100 км және одан да биікте ауаның едәуір тығыз екендігін, күміс бұлттар өте үлкен биіктікте су булары бар екенін болжауға мүмкіндік береді. Сол сияқты дыбыстың таралуына, батқан Күннің шапағын бақылауға байланысты атмосфераның биік қабаттарының құрылысы мен құрамы туралы кейбір мәліметтер алынды. XIX ғ, бас кезінен атмосфераны аэростаттардың көмегімен зерттеу жұмыстары басталды. Көп ұзамай-ақ атмосфераның жер бетінен ондаған километр биік қабаттары туралы шарзонд арқылы мәлімет алына бастады.



4.Атмосфераның биік қабаттарын зерттеуге радиозонд қолданылады. Бұл тәсіл бойынша арнаулы аспаптар жеңіл газ толтырылған әуе шарының көмегімен едәуір биікке - көбінесе стратосфераның орта тұсына дейін көтеріледі. Олар өрлеп бара жатқан жолында түрлі биіктіктегі ауаның температурасын, ылғалдығын және қысымын өлшейді. Алынған мәліметтерді радиотаратқыштар Жерге хабарлап отырады. Радиозондтардың шарықтау биіктігі - 35-40 км. Ал метеорологиялық зымырандар онан 3-4 есе артық биіктікке ұшырылады. Зымыран шарықтау шегіне жеткеннен кейін оның бақылау жүргізетін аспаптар орналасқан бас жағы бөлінеді де, парашютпен қалықтап түседі. Жиналған мәліметтер жердегі станцияға басқаша теледидар арқылы да жеткізіледі.

Соңғы кездері атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеуге Жердің жасанды серіктері (ЖЖС) кеңінен қолданылуда. Олар атмосфераның жер бетіне таяу қабатын және бұлттылық жайын фотосуретке түсіріп хабарлайды және үздіксіз теле көріністер беріп отырады. Мұндай хабарлар сұрапыл жойқын дауылдарды, атмосфераның ластануын, орман өртін және т. б. құбы-лыстарды дер кезінде біліп, алдын ала шара қолдануға мүмкіндік береді.

Тұрақты орбитамен Жерді айналып ұшып жүретін жасанды Жер серіктерінен кейін іле-шала әлемдік кеңістікке ғарыш кемелері ұшырылды. Олар Жер атмосферасының ең жоғарғы қабаттары және планетааралық кеңістік туралы мағлұматтар бере бастады .

Бақылау сұрақтары:

1.Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

2.Көмірқышқыл газ қалай пайда болады? Оның Жер үшін маңызы неде?

3.Ауа қабығының Жер үшін қандай маңызы бар?


25- сабақ

Тақырыбы: Атмосфералық қысым

Жоспар:

1. Атмосфералық қысым қалай пайда болады ?

2.Қысымның биіктік бойынша өзгеруі .

3.Атмосфералық қысымды өлшеу



Сабақтың мақсаты: Атмосфералық қысым және оның биіктік бойынша өзгеруін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде ауаның салмағы бар екендігі анықталған. Оған оңай көз жеткізуге болады.

Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметіріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді. Орта бойлы адамның денесінің үсті шамамен 15000 см – дей болады екен. Сонда оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т- дан астам болып шығады. Адамның алақаны шамамен 150 см2, ауа оған 150 кг салмақ қысым түсіреді. Бұл - ересек екі адамның салмағы деген сөз. Біз мұндай қысымды сезбеймі.Өйткені біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе – тең келеді.

Ауаныың жер бетіне түсірген салмағы а т м о с ф е р а л ы қ қ ы с ы м немесе а у а қ ы с ы м ы деп аталады.

Ауаның негізгі салмағы төменгі, жер бетіне таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, ал 15 км- ден жоғарыдағы қабатына оның 0,1 бөлігі ғана тиеді.



2.Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Өйткені сол деңгейдегі салмақ түсіретін қабатының қалыңдығы да кеми түседі ғой. 100 км биіктікке көтерілгенде атмосфералық қысым жер бетіндегімен салыстырғанда миллион есе азаяды. 100 км- ден биіктегі қысымды құралмен өлшеу қиын. Сондықтан үлкен биіктіктегі атмосфералық қысым ауа температурасының және тығыздығының таралуына орай есептеу жолымен анықталады.

Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір – бірімен салыстыру үшін 450 ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады ( неге 450 ендік белгіленетіндігін ойланыңдар) . Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қ а л ы п т ы а т м о с ф е р а л ы қ қ ы с ы м деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм төмендейді.

Атмосфералық қысым тек биіктік бойынша ғана емес,сонымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да өзгереді. Ауа жылығанда көлемін ұлғайтатындықтан, жоғары көтеріліп, сирейді. Соған сәйкес оның қысымы да азаяды. Керісінше, ауа салқындағанда тығыздала түседі де, қысым артады.

3.Атмосфералық қысым б а р о м е т р деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос- салмақ, метрео- өлшеймін). Барометрдің екі түрі – сынап барометрі және анероид барометр қолданылады ( грекше анероид-ылғалсыз).

Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады.Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топсеруенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады. Оның негізін ішінен ауасы сорып алған дөңгелек металл қорапша құрайды. Қорапша өте нәзік серпінді металдан жасалатындықтан ауа қысымының өзгерісіне мейлінше сезімтал келеді. Қысым көбейгенде, қорапшаның беті сығылады, азайғанда, көтеріледі. Бұл өзгеріс қорапшаға тиектермен жалғастырылып бекітілген тілге беріледі. Қысым циферблаттың бойындағы миллиметрлік шкаладан анықталады.

Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллиметрдің орнына миллибар ( мб ) өлшемі қолданылады. 1 мб шамамен 0,75 мм сынап бағана биіктігіне тең.

Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфералық қысым неден пайда болады?

2. Атмосфералық қысым биіктік бойынша қалай өзгереді?

3. Қалыпты қысым деген не?

4. Сынап барометрінің жұмысы неге негізделген?

26 - сабақ



Тақырыбы: Ауаның температурасы

Жоспар:

1.Ауаның жер бетінен жылынуы.

2.Ауа температурасының тәуліктік өзгеруі.

3.Тәуліктік және айлық орташа температурасы.

4.Ауа температурасының жылдық өзгерісі.Көп жылдық орташа температура.

5.Ауаның температурасын өлшеу



Сабақтың мақсаты: Ауаның температурасын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі – Күн.Бірақ күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп кетеді де,оны тікелей қыздырмайды.Күн сәулелері алдымен жер бетін қыздырады,содан кейін барып жылу ауаға таралады.Сондықтан ауаның жер таяу қабаты көбірек жылынады да,биіктеген сайын температура төмендей береді.Тропосфера қабатында температураның биіктік бойынша төмендеуі содан.Әрбір 100м биікке көтерілгенде температура орта еснппен 0,6м0С төмендейді.

2.Жер бетіндегі ауаның темпеатурасы үнемі бірқалыпты күйінде қалмайды,ол тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады.

Темпеатураның тәулік ішіндегі өзгерісі Жердің өз білігінен айналуына,соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты.Тал түсте күн сәулесі төбеден түседі,күн ертеңгісі және кешкісін төмен тұрады,түнде көкжиектің арғы жағына батып,көрінбей кетеді.Күннің аспандағы орнына байланысты ауаның температурасы да жоғарылап немесе төмендеп отырады. Түнде күн сәулесі түспеген кезде жер беті үнемі жылу шашудың нәтижесіде бірте-бірте суына береді.Сөйтіп тәулік ішіндегі ең төмен температура Күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді.

Күн шығып, кқкжиектен биіктеген сайын жер беті жылына түседі де,соған орай ауаның температурасы да жоғарылайды.Түстен кейін Күннен келетін жылудың мөлшері азая бастайды.Бірақ ауаның температуасы көтеріле береді.Өйткені Күннен келетін жылудың орнын жерден таралатын жылу әлі де молынан толықтыра түседі. Сондықтан ауаның тәулік ішіндегі ең жоғарғы температурасы 2-3сағат кейін байқалады.Осыдан соң температура біртн-бірте келесі Күн шыққанша төмендейді.

Тәулік ішіндегі осы ең жоғарғы және ең төменгі температуралардың айырмасын температураның тәуліктік амплитудасы дейді(латынша амплитуда –кеңдік, жайылушылық).

Амплитуда –температураларды көрсететін цифрлардың жай айырмасы емес, олардың бір-бірінен алшақтығы.Бұл айтқанымыз түсінікті болу үшін екі түрлі ауытқу жайынан мысал келтірейік.1-мысал.Тәуліктегі ең жоғарғы температура +30С, ең төменгі температура +20С.Амплитуда 10С.2-мысал.Ең жоғарғы температура +10С, ең төменгі температура -10С.Амплитуда 20С.

Жер шарының әр жерінде ауа температурасының тәулік ішіндегі өзгерісі түрліше. Бұл айырма әсіресе құрлық пен су үстінде айқын көрінеді. Құрлық беті суға қарағанда екі есе тез жылынады. Жылынған беткі қабаты астына түсіп, оның орнына астынан суық су көтеріліп сапырылысып жататындықтан, су беті баяу жылынады. Оның есесіне терең қабатына өтетіндіктен, су жылуды құрлыққа қарағанда көп сіңіреді. Осыған сәйкес құрлық бетіндегі ауа тез жылынып, тез суынады да, су бетіндегі ауа баяу жылынып, баяу суынады.

Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда әлдеқайда үлкен.

Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге қарай барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.Сондай-ақ бұлыңғыр күндері бұлт күндіз жер бетін қатты қызудан, түнде қатты суынудан сақтайды,яғни температураның амплитудасын азайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет