Бақылау сұрақтары:
1.Өсімдік шаруашылығы қандай салалардан тұрады.
2.Қазіргі заманғы өсімдік шаруашылығы
№ 199-сабақ
Тақырыбы: Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Жоспар:
1.Мал шаруашылығы
2.Балық шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Мал шаруашылығы және балық шаруашылығын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1. Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының маңызды әрi жетекшi саласы. Онда өсiмдiк шаруашылығы тәрiздi ерте ежелден келе жаткан және барлық жерге кең таралған шаруашылық.Оған шабындықтар мен жайылымдық жердiң егiстiк жерлермен салыстырғанда 3 есе артық болуы дәлел. Сонымен қатар өндiрiлетiн дәндi дақылдардың жартысына жуығын және көптеген техникалық дакылдардың қалдықтары малға жем ретiнде пайлаланылады.Қазiргi кезде мал шаруашылығының етгi және сүттi бағыттағы iрi қара, шошқа, қой, құс өсiру сияқты дүниежузiлiк маңызы бар салалары қарқынды дамуда.
Iрi қара өсiру қоңыржай белдеудiң табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етiлген орман, орманды дала, дала аймактарында жақсы жолға қойылған.Дүние жүзi бойынша iрi қаракның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр.Өндiрiлетiн суттiң барлығын дерлiк, ал еттiң 35%-ын осы iрi кара малы бередi. Интенсивтi сүттi және еттi-сүттi бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады жене коиипелi мал шаруашьильигы басьим келедi. Дүние жүзіндеттi ең көп өндiретiн елдер катарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады. Сүт өндiру бағытындағы iрi қара өсiру көбiнесе қала маңы мен халық жиi қоныстанған аудандарда дамыған.Әсiресе Еуропа мен Солтүстiк Американың орман зонасында орналасқан елдерде жаксы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей,Үндiстан, Бразилия және Батыс Еуропа елдерi ерекше көзге түседі Жайылымдық жерлер мен шөптесiн өсiмдiктердiң жеткiлiктi болғанына қарамастан, Африкада,әсiресе, оның тропиктiк аймактарында iрi кара аз. Оның басты себебi — ұйкы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбынының қоздырғышы.Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын iрi қаралар зебу өсiрiледi.
Шошқа шаруашылығы дүниежүзiлiк ет өнiмiнiң 40%-ға жуығын бередi. Қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Iрi қарамен салыстырғанда күй талғамайтындьктан және тез есiп-өнетiндiктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүние жүзiндегi шошқа санының жартысына жуығы Азияға,оның ішiнде, ең алдымен,Қытайға келедi.Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жаксы дамыған.
Қой шарашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүнді бағытындағы болып бөлiнедi. Ет-жүн бағытындагы қой шаруашыльғы ылғалы жеткiлiктi және климаты бiршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүндi қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған.Дүние жүзi бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетiп отыр.Қой шаруашылығының ет-жүк бағытында тауарлы өнiрiсi Солтүстiк және Оңтүстiк Амерканың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстiк Африканың қоңыржай және субтропиктiк белдеулерiнiң құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн бередi, ол жүк маталарын жасау, кiлем тоқу мен тері былғары өнеркесiбiнде қолданылады.Азия, Орта Азия және Оңтүсiк Африка елдеріде қаракөл елтiрiсін дайындау жолға қойылған. дүние жүзін дегi қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейiн Кытай (112 млн астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2004 жылы 13 млн-нан сәл ғана асатын.Жүн өндiруден жетекшi елдер қатарына Аустралия,Қытай, Жаңа Зеладия Уругвай және Ресей жатады.
Құс шаруашылығы-ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы.Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаа елдерінде бройлер балапандарын өсiретiн iрi құс өсiру кешендерi қалыптаса бастады. Бүгiнгi таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндiруден Кытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндiстан ерекше көзге түседi. Тауарлы құс шаруашлылығы, негiзiнен,қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күшi жеткiлiктi климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
2. Балық шаруашылығы — дүниежүзiлiк шаруашылықтық ең ежелгi және ең маңызды саласы.Қазiргi кезде дүие жүзi бойынша ауланатын балық пен өндiрiлетiн тенiз өнiмдерi жылына 100 млн т-га жетiп отыр. Оың 9/10-ын теңiздер мен мұхиттардан, ал қалған бөлiгi тұщы сулардан ауланады.Балықтың және баска теңіз өнiмдерiнiң маңызды олардың құрамындағы жануарлар нәруызының (белок) мөлшерi мал мен құс етiнен кем түспейтiндiгiне байланысты артып отыр. Сондықтан қазiргi таңда дүниежүзiлiк су айдындарында 20—ЗО мыңға дейiнгi iрiлi-ұсақты балық және басқа да теңiз өнiмдерiн аулайтын кемелер жүiп жүр. Балық аулау теңiз жағалық елдерiнің барлығында таралғанымен, дүние жүзінде ауланатын балықтың жартысынан астамы алты елдің — Жапония,Қытай, АҚШ, Чили, Перу және Ресейдiд үлесiне тиедi. Балықтар материктiк қайраңдар мен жылы және суық мұхит ағыстары түйiскен аудандандарында көбiрек ауланады. Бүгiнгi таңда әр елдiң ұлттық өндiрiстерi негiзiнде дүниежүзiлiк бiртұтас тауарлы ауыл шаруашыльғы қалыптасып келедi.Өндiрiлген жалпы,ішкі өнім мөлшерi жөнiнен Кытай, АқШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауыл шаруашылық өнiмдерiмен қамтамасыз етілу дәрежесi жонiнен Батыс Еуропаның дамыған еллерi мен Канада,АҚШ ,Жапония және Аустралия ерекше көзге түседi. дамушы елдерде бұл көрсеткіш өте төмен, тiптi жалпы өнiмдi аса көп өндiретiн Қытай мен Үндiстанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5-6 есе төмен.
Бақылау сұрақтары:
1.Мал шаруашылығының басты салалары
2.Етті бағытындағы ірі қара
3.Сүтті бағытындағы ірі қара
Көлік және Халықаралық экономикалық байланыстар
№ 200 -сабақ
Тақырыбы: Көлік
Жоспары:
1.Құрлық көлігі
2. Теңіз көлігі
3.Темір жол көлігі
4. Автомобиль көлігі
Сабақтың мақсаты: Дүниежүзілік шаруашылықта көліктің алатын орнын және маңызын қарастыру.
Теориялық мәлімет:
1.Көлік дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі организміндегі қан тамырлары жүйесі. Ол мемлекет ішіндегі және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізі болып табылады. Аумағы өте кең елдер үшін көліктің дамытылуы ерекше маңызды. Аумақтың үлкен болуы көлік саласындағы құрылысқа көп қаржы жұмсалуына себеп болады.
Ғылыми – техникалық революция көліктің негізгі түрлерінің бәрін – автомобиль, темір жол, теңіз, өзен, әуежолдарын, құбыр желісін – түгел қамтыды. Жылдамдық қауырт артты, жүк көтергіштік көбейді, жылжымалы тасымал молайды. Осының бәрінің нәтижесінде толып жатқан көлік артерияларымен шырмалған дүние жүзі «сығылғандай» болып, қарым – қатынас оңайлайды. Бүгінде әуе жолдары тіпті Солтүстік полюстің өзін басып өтеді. Су астындағы теспе жолдар (тюннельдер) Жапон аралдарының бүкіл тізбегін жалғастырып қосты. Теңіздердің түбімен газ , мұнай құбырлары төселді, ал мұхиттар түбімен кабель тармақтары тартылды. Дүние жүзіінң электрлендірілген таңдаулы темір жолдарындағы жылдамдық бүгінде сағатына 200 километрге жақын және тіпті бұл шамадан асып түседі. (Жапония, франция, Германия, және т.б.). Жолаушы таситын теңіз лайнері Атлантиканы 3,5 -4 тәулікте кесіп өтеді, ал дыбыстан ұшқыр «Конкорд» ұшағы бұл аралықты 3,5 сағатта алады. 40-50 мың тонна жүк көтеретін танкерлердің орнына 200-500 мың тонна жүк тиеп алатын супертанкерлер шықты.
Дүние жүзінің әр түрлі елдері мен аймақтарының көлігінің өз ерекшеліктері бар, мұның өзі оның аумағының мөлшері мен игерілгендігіне, экономикасының қаншалық дамығандығына , халықаралық еңбек бөлінісіне қамтылу дәрежесіне байланысты. Мысалы, аумағы жағынан шағын көптеген елдерге ішкі әуе көлігін дамыту тиімді емес, өйткені олардың бір шетінен екінші шетіне автомобильмен санаулы сағатта –ақ жетуге болады. Ал АҚШ туралы бұлай деуге болмайды, өйткені жүк машинасы оның батыс шетінен шығыс шетіне жету үшін 3,5 тәулік бойы жүруі керек болады. Ресейдегі көлік маршруттары одан да бетер ұзақ: Мәскеу – Владивосток пойызы бұл аралыққа 7 тәулік бойы жүреді. Өнеркәсібі дамыған елдердің көлігі құрылымы жағынан өте күрделі және оларда электронды көлікті қоса, әдетте көліктің барлық негізгі түрлері болады. Бұл елдерде көліктің жаңа түрлері және ескі түрлерінің жетілдірілген нұсқалары кеңінен дамытылған, олар астында ауа жастығы бар су және жер үстімен жүретін көлік, аспалы жалғыз рельсті және аспалы жолдар , сусылма жүктерге арналған құбырлар және т.б. Кемел дамыған елдер көлік жұмысының барлық көрсеткіштері бойынша да, соның ішінде жүк айналымы мен жолаушы тасу жөнінен де алдыңғы орындарда келеді.
Әсіресе «үлкен жетілік» елдері: АҚШ. Жапония, Германия, франция, Ұлыбритания, Италия, Канада елдерінде көліктің дамытылуы өте биік деңгейде. Бұған таңдануға да болмайды, өйткені бұлар жүзеге асыратын құрлықаралық және мемлекетаралық шикізат , отын, дайын өнім тасымалдарының көлемі орасан зор. Бұл орайда саланың дамуы ол елдерде көліктің жекелеген түрлері , елдері, көлік тораптары арасындағы бір – бірімен өлшеусіз бәсекеге жағдаында жүреді. Мысалы, әуе көлігі Атлантика арқылы жолаушы тасымалын іс жүзінде түгелдей дерлік өздеріне алды, ал бұл аралықтағы ірі теңіз лайнерлері қазір бірен – саран ғана болуға айналды.
Шығыс Еуропа елдерінің және әсіресе Ресейдің көлігі жол желілерінің жиілігі жөнінен болсын, оның сапасы мен жүк айналымы жөнінен болсын Батыс Еуропа елдері мен АҚШ – тан көп артта. Сонымен қатар бұрынғы КСРО республикаларындағы темір жолдардағы жүк тасқыны АҚШ – тағыға қарағанда бірнеше есе артық , ал мұның қолайлы жағы да, қолайсыз жағы да бар.
2. Дамушы елдерде қазіргі заманға лайық көлік желісінің әзірге тек сұлбасы ғана жасалады, ал олардың көбінде көліктің ежелгі замнадардағы ескі түрлері малға теңдеп арту, мал жегіп тасу секілді амалдар көп қолданылады. Бұлардағы бар көлік түрлерінің техникалық деңгейі дамыған елдердегіден анағұрлым төмен. Бұл елдердің кейбіреулерінде темір жолдар мүлдем жоқ ( Ауғанстан, непал, Таяу Шығыстағы мұнай өндіретін кейбір елдер, Мұхит аралдары мен Кариб бассейні аралдарындағы кішкентай мемлекеттері). Теңіз жағаларындағы дамушы елдердің сыртқы байланыстарында бірді –екілі порттар ерекше рөл атқарады.
Көліктің барлық түрлерінің ішінде жүк айналымы жөнінен теңіз көлігі дүние жүзінде бірінші орын алады. Ол жүкті автомобиль көлігінен едәуір аз таситын болса да, мұның есесіне анағұрлым алыс аралықтарға тасиды.
Оның негізін автомобиль, темір жол және құбыр көлігі құрайды. Осының өзінде АҚШ – та автомобиль көлігі, ал Ресейде темір жол көлігі көрінеу басым. Көліктің бұл екі түрінің даму беталыстары да қарама –қайшы. Мысалы, Ресйде темір жол желісі едәуір ұлғайды. АҚШ – та ( сондай- ақ Ұлыбритания мен Германияда) автомобиль көлігінің бәсекелестігі себепті темір жол желісі едәуір қысқарады.
3.Темір жолдары ең ұзын ел – АҚШ , алайда жолдардың барынша жиілігі жөнінен Батыс еуропа елдері алда; мұнда 100 шаршы километрге 10 км – ден астам темір жол келеді.
Дамушы елдерде темір жолдар желісінің жиілігі анағұрлым аз. Осының өзінде көптеген жолдар өзара мүлдем байланыспайды және жол табанының ені әр түрлі ; мұның өзі ауданаралық және мемлекет аралық экономикалық байланыстарды қиындатады.
4.Дүние жүзінде автомобиль көлігі өте қауырт дамып келеді. Оның үлкен бір артықшылығы жүкті әкеліп бере алатындығында. 90 – шы жылдардың басында дүние жүзінің автомобиль паркінде шамамен 0,5 млрд. автомобиль болды, мұның 80 пайызы Батыстың дамыған елдерінде болған еді.
Соңғы жылдары құбыр желісі автомобиль көлігінен де гөрі қауырт дамыды. Дамыған елдердегі құбырлар мұнай мен газ өндірілетін аудандарды олар ұқсатылатын аудандармен жалғастырылады. Дамушы елдерде олар шикізат өндірілетін жерден теңіз порттарына жетеді, ол жерден мұнай көбіне ұқсатылмаған күйінде әкетіледі. Дүние жүзінде ең ұзын құбырлар Ресейде, Канада мен АҚШ – та тартылған.
Бақылау сұрақтары:
1. Құрлық көлігінің дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны
2.Теңіз және өзен көлігінің дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны
3. Авиация көлігінің дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны.
№ 201- сабақ
Тақырыбы: Қазіргі заманғы шаруашылы байланыстары.Сыртқы сауда
Жоспар:
1.Халықарылық экономикалық байланыстардың түрлері
2.Сыртқы тауар саудасы
3.Қазақстанның сырқы саудасы
Сабақтың мақсаты: Қазіргі заманғы шаруашылы байланыстары.Сыртқы сауданы қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерi. Дүниежүзiлiк экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бiр-бiрiмен халықаралық экономикалық, байланыстар (ХЭБ) жүйесiмен тығыз байланыскан. Бұл байланыстар халықларалык географиялық еңбек бөлiнiсi негiзiнде дамиды.
Алгашқы мемлекеттер арасында халыкаралык экономикалык қарым катынастардың ен байырғы түрi — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады.Дамыған елдер жаппай өнiм өндiре бастаған ицдустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Казiргi заманда кез келген ел экономикасьшың ажырамас бөлiгiне айналган сырткы экономиалық байланыстардың құрылымын күрделекi, аясы кеңейе түстi. Соған қарамастан, сыртқы сауда халықаралық экономикалық байланыстардың негiзгi түрi болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесi сыртқы саудадан басқа несие- қаржылы қатынастар. жұмыс күшiмен алмасу, халықаралық туризм. экономикалық және ғылыми ынтымақтастықты қамтиды.
2.Сыртқы тауар саудасы.Елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастардын сипаты мен құрылымдык өзгерiстерi, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрiнедi.Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тiптi казiргi кезде дүние жүзiндегi басты сауда орталықтар бiрiге айналған Еуропа елдерiнің де сауда жасау аумағы шектеулi сипат алды. Бұган еллер мен дүние бөлiктерi арасындағы көлiк қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсдығы, баска елдер жөнінде нақты ақпардық жетiспеуi себепшi болды. Көбiнесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетiн тауар түрлерi әкелiнiп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негiзгi халықаралық са уда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жiбек жолы мен Еуропаның солтүстiгi мен оңтүстiк байланыстырған сауда жолы жатады.Орта ғасырларда арабтар Сахара аркылы өтетiн сауда маршрутын жасады бұл жол Арабияны Солтустiк Африкамен, одан әрi Онтүстiк Еуропамен жалғастырды.
Көлiк құралдарының жетiлуi, Еуропада өнеркесiптiң өркендеуi, жаңа жерлердiң ашылуы дүниежүзiлiк сауда қатынастарының ауқымын кеңейтгi. Көп жүк көтеретін iрi кемелер легi Жана дүниеден Еуропаға шикiзат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесiнде 18 ғасырда сауда көлемi бес есе артты. ХХ ғасырдың басына қарай дүниежүзiлiк сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерiнiң үлесi 50%-ға жетсе,Солтүстiк Америка елдерiнiң үлесi 20%-ды құрады. ХХ ғасырдын соңына қарай дүние жүзiлiк сыртқы сауда көлемi ғасыр басымен салыстырғанда 14 еседей өстi.
Қазiргi кезде ұлттық шаруашылықтардың халықаралық сауда жүйесiне құрылым жедел тартылуна қарамастан, дүниежүзiлiк тауар айналымының шоғырлану дәрежесi жоғары. Мұны дүниежүзiлiк экспорт пен импорттың георафиялы құрылымынан айқын көруге болады. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзiлiк тауар айлалымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдерінде, ал Солтүстiк Америка үлесiне 17%-ы тиесiлi болды. өтпелi экономика мен бұрынғы социалистiк елдердiң үлесi бар болғаны 4%-ды құралды.Дүниежүзiлiк тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерiнiң үлесi артып келедi. оларға әлемдiк экспортың 10%-ға жуығы тиесiлi. Корея Республикасының әлемдiк экспорттағы үлесi 2000 жылы 2,9% болса, импорты —2,6%; Сингапурдын үлесi Тиiсiнше 2,3 және 2,2%-ға тең.ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзiлiк сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекшi орын алды.Оларға әлем,тек экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесiлi болды. дамыған елдер өзара тауар айналымы жөнiнен де жетекiшi орынға ие АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзiлiк көрсеткiштiң 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлы құрылымы халықаралық географиялык енбек бөлiнiсiне, өндiрiстiк және тұтынушы тауарларына деген сұраныстың артуына тiкелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы ҒТР әсерiнен үлкен өзгерiске түстi .
Сыртқы саудадағы тауар құрылымы аймақтар бойынша айырмашылықтар жасайды. Отын Таяу және Орта Шығыс елдерi (3/4 бөлiгi) мен Африка 45 % экспортында басым болса, Латын Америкасы елдерiнде минералды шикiзат өндірісі ауыл шаруашылық өнiмдерi экспортының 2/3 бөлiгiн құрайды.Жалпы алғанда дүние жүзi бойынша тауар айналымында дайын өнімнің үлесi артуда.
Ел экономикасына ыкпал ететiн маңызды көрсеткiштiң бiрi — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемiнiң айырмасы құрайды. Жапонияның сырткы саудасына тұракты он сальдо (экспорт көлемi имрорттан артык) тонна болса, АКШ-тың сьтрткы сауда айналымы терiс мәнге ие. Дамушы елдердiң сырткы саудасының сипатын отарлық кезеңде Негiзi қаланган бiр типтес шаруашылық аяқтайды. Көбiнесе бұл елдер экспорты мен шикiзат, ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығаръш, дайын өнiмдер мен құрал-жабдықтарды сатып алады. Дүние жүзінде сатылатын мұнайдың 4/5 бөлiгi,табиғи каучуктың барлық дерлiк және конфетiң 9/10 бөлiгi, шайдың 80%-дан дамған елдер үлесiне тиедi. Әлемдiк нарықта шікізат бағасының ұдайы төмендеуi дамушы елдердi экспортына шығарылатын шикiзат түрлерiн бошынша көп өндiруге мәжбүр етедi. Бөл өз кезегiнде бағаның одан әрi төмендеуiне,сондай-ақ елдегi әлеуметгiк-экономикалық және экологиялық жағдайдың нашарлауына апарып соғады. Дамушы елдер экономикасының жай-күйi экспорттық шикiзаттың әлемдегі нарықтағы өзгерiстерiне тiкелей тәуелдi болады.
Сырткы сауданы халықаралык дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келiсiм деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды.Бұл құрылым негiзiнде 1995 ж дүнйежүiлiк сауда ұйымы құрылдыды.Қазіргi кезде құрамында 132 ел бар бұл ұйым халыкаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншiгiн қорғау саласында белсендi әрекет ететiн үйлестiрушi құрылым болып табылады.Бұл ұйым құрамына кiруге қазақстанда да ұйымның жұмыстарын жүргiзуде БҰҰ жанында сауда мен даму жөнiндегi Комиссия жұмыс iстейдi.
3.Қазақстанның сыртқы саудасы. 2004 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемi 32.877 млн АҚШ долларын құрады. Оның 61%-ы экспортқа тиесiлi болды елiмiздiн сыртқы саудасында географиялык құрылымы сонғы онжылдықта едеуiр өзгерiске түстi. Кейiнгi жылдары Қазақстанда импортында ТМД елдерi үлесi артты, экспортта Еурола елдерi жетекшi орын алады.
Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңiлдiктерге ие оффшорлык зоналардың үлесi артуда.Өйткенi Қазақстанда мұнай мен түстi металдар сатып алатын iрi компанияла рдың кейбiреулерi осындай аумақтарда тiркелген. Бермуд аралдарының Қазакстан экспортындағы үлесi 1998 жылы 1,6% болса, 2003 жылы I7%-ға жеттi.
Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлы құрылымы сонғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесiнiғ артуына немесе кемуiне байланысты едәуiр өзгерiске түстi. Басты экспорттың өнiм - мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемiнде сыртқа сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткiш 11 417 млн АКШ долларына жеттi. Керiсiнiше, осы уақыт аралығында көмiрдің сыртқа сату көлемi екi еседей қысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлiк құралдарын сатып алуға жумсалған қаржы екi есе артты табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемi бiрнеше есе қысқарды.
Бақылау сұрақтары:
1.Халықаралық экономикалық қатынастардың қандай түрі бар.
2.Сырқы сауданың географиялық құрылымы тарихи кезеңдерде қандай өзгерістерге түсті.
3.Сыртқы сауда сальдосы деген не.
№ 202-сабақ
Тақырыбы: Халықаралық қаржы-қаражат жүйесi
Жоспар:
1.Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері бар
2.Валюта дегеніміз не?
3.Қазақстанның экономикасының дамуы
Сабақтың мақсаты: Халықаралық қаржы-қаражат жүйесiн қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бiрi – халықаралық қаржы- қаражат жүйесi Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің 3 iрi құрылымының өзара әрекетiнен туындайды. Олар в алюталық, несиелiк және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелерi болыл табылады.
Халықаралық валюталы қатынастар - халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулi және қажеттi саласы. Ол әлемдiк экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуiн, дүниежүзiлiк шаруашылық салаларынын өнiмдерiнiң айырбасын қамтамасыз ететiн қоғамдык қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет.Әр елдiң ұлттық ақша бiрлiгi бар екенi түсініктi.Түрлi себептермен ақша бiрлiгi ұлттық шекарадан сыртқа шықса,ол жаңа сапаға ие болады,яғни валютаға айналады.Қолданылу аясына қарай валютаның бiрнеше түрiн ажыратады.
Ұлттық валюта — әр елдiң ұлттық ақша бiрлiгi; алтын, күмiс және қағаз ақша түрiнде қолданылады.Ең көп қолданыска түсетiнi --кағаз ақшалары. ХХ ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты.Оны ақша бiрлiгi болып экю кабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгiзiлдi. Әлемдiк валюталық жүйе ұлттық және аймақтық валюталар жүйе қарқынды дамуы нәтижесiнде қалыптасты.Қазiргi кезде жасалатын операциялар төлемi бойынша үш орталык Лондон, Нью-йорк, Токио ерекше ақындалады.Сонымен қатар Еуропадағы аса iрi әлемдiк нарықтық орталықта ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Ерюссель, ал Азиядан Сингапур Гонкокг аталады.Әлемдiк валюта жүйесiнiң дамуы 1968 жылы ортақ есеп бар Халыкаральқ валюта қорының құрылуына негiз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесi шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға,Батыс Еуропалык түрлi валюталар жатқызады 43%-ға жетедi.
Резерфтік валюта —ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын, аймақтық және әлемдiк валюта жиынтығы. Көпшiлiк жағдайда ол әлемдік нарықта айрыкша тұракты орны бар валюталар қолданылады.
Резервтiк валюта қоры көп елдер катарыа экономикалық даму дәрежесі жоғары елдер жатады.
Сонғы жылдары жаңа индустриялық елдер де осы тiзiмге енуде. Соларды ішіен Тайвань мен Сингапурды ерекше атауға болады. Халықаралық валюталы қатынастар өте iрi банктер арасында жаңа электрондық құралдар көмегiмен жүргiзiлетiн несие беру, валютамен есеп айырысу және инвестиция салу сияқты операциялар түрінде жүредi.
Халықаралық несие нарығы — елдер арасындағы өзара қарыз бен несие беру төлем жасауды ұйымдастыратын келiсімдер жүйесi болып табылады.Мемлекеттiк және жеке бөлiгі ажыратылады. Мемлекеттiк несие - несие беру мемлекеттiң стратегиялық саясатқа негiзделедi,сырткы саяси басымдылығына тәуелдi.Жеке несиелер өте жиі берiледi және ол экономикалық тиiмділiктi көздейдi.
Халықаралық инвестиция нарығы - экономикалық даму дәрежесi ЖОI елдердiң қаражатының қомақты бөлiгiн неғұрлым даму дәрежесi төмен елдердің алдыңғы қатарлы өндiрiс саласын дамытуға салу.Осы арқылы өздерiне де пайда,табу мақсатын кездеген, ұзақ мерзiмге жоспарланған экономикалық саясат.тiкелей және портфельдiк инвестиция ден бөлiнедi. Халықаралық инвестиция нарығында гiкелей жеке инвестициялардың маңызы зор.Олардың iрi ұлтаралық бiрлестiктер басқарады. Тiкелей инвестицияға шетелде кәсiпорындар ашу,оның iшiнде еншiлес конпаниялар жүйесiн ұйымдастыру,өзара келiсiм негiзiнде бiрлескен кәсіпорындар ашу, табиғат байлықтарын бiрлесіп зерттеу, шетел қаржысын қабылдаған кәсiпорындарды сатып алу немесе жекешелендiру жатады.Тiкелей инвестициялық осы кезге дейiн жинақталған мөлшерi 2 трлд доллар, оның тең жартысы АҚШ (үлесi 1/4), Ұлыбритания және Жапонияға 1/10) тиесiлi.
Портфельдiк инвестиция - шетелдiк кәсiпорынның қызметiн тiкелей бақылауға мүмкiндiк бермейтiн акциялар, облягациялар және басқа да күрделi қаржының жұмсалу түрi.
Халықаралық инвестиция нарығында еуронарықтағы үлесi күннен-күнге артып келедi. Алғашында еуронарық ХХ ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерiнде пайда болып,қазiргi таңда бүкiл дүние жүзiн қамтып отыр.Бiрақ жетекшi орындағы елi де Еуропа еншiсiнде.Оның ең iрi орталығы - Лондон. Оның үлесiнде еуропалық қаржының 1/5-i келедi. Бұл көрсеткiшке мүмкiндiгi жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды.Әсiресе Токио мен Нью-йоркте орналасқан iшкi оффшорлық орталықттар күшеюде. Нью-йорктегi бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Оффшорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүние жүзiнiң кез келген бөлiгiнде, сол елдiң банк және салық жүйесi бақылауынан тыс, ел экономикасынан теуелсiз, дербес жағдайда жүргiзiледi. Еуропа,Жапония, АКШ-тан кейiнгi iрi қаражат орталықтарына - Сингапур мен Сянган, сондай-ак Кариб тенiзi аймағындағы елдер: Багам және Каймая аралдары,Панама жатады.
Казакстан экономикасының дамуында егемендiк алғанан бастап, шетелдiк несиелер мен инвестициялар белсендi пайдаланыла бастады. Ресми көмек ауқымында Қазақстан 2,8 млрд доллар көлемiнде несие туралы 49 келiсiм жасады. 1993—1999 жылдары оның 1,7 млрд доллары игерiлдi. Республикаға көрсетiлген кемектiк 53%-ы Әлемдiк Банкке, 18,3%-ы Азиялық Даму банкiне, 17,3%-ы Жапония мемлекеттiк үлесiне тиедi. Ал теуелсiздiк алғаннан бергi Казакстан экономикасына шетел инвестициясының келуi 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша, инвестиция құрылымының 49%-ын тiкелей, 1%-ы портфельдiк инвестиция, ал 28%-ын несие, 22%-ы халықаралық қаржы ұйымдарының құрайды. Тiкелей инвистянын 60%-ы мүнай өндiру мен өңдеуге, 10%-ы түстi металлургия, 5%-ы газ өндiру саласына, ал қалған бөлiгі қара металлургия, пайдалы қазбаларды барлау, тамақ өнеркесiбi, ауыл шаруашылығы және жаңа технологияларды енгiзу мен ғылымды қолдау салаларын дамытуға салынды. Шетелдiк тiкелей инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну мөлшерi бойынша 1-орьшды Жапония — 25,4%, 2-орынды АКШ — 2 1,5%, 3-орынды Ұльгбритания — 17%- иеленедi.
ТМД және Балтық жағалауы елдерi бойынша халықаралық несиелiк рейтинг берілген елдер арасында Қазақстан Ресейден кейiнгi 2-орын алады.Әлемдiк Банктің 1999 жылғы мәлiметi бойынша, дүниежүзiлiк несиелiк рейтингте Казакстан алгашкы 20 мемлекеттiк қатарына енгiзiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |