Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет10/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Шошқа шаруашылығы ірі қалалар мен тамақ өнеркәсібі өркендеген аудандарда шоғырланған. Ондай кешендерде тамақ қалдықтары негізінде 100 мың басқа дейін шошқа өсірілуі мүмкін. Алайда мұндай шаруашылықтар арзан ет өндіргеніне қарамастан, қоршаған ортаны ластап, кері әсерін де тигізіп жатады. Шошқаның саны жөнінен Краснодор өлкесі алдыңғы орныда, одан кейінгі орында Орал мен Волга бойы аудандары иеленеді.

Қой шаруашылығы жыл бойы жайылымға шығарып бағу мүмкіндігі бар аудандарда кең таралған. Ресейдегі қой шаруашылығының негізгі бағыттары - биязы жүнді қой өсіру. Жүн жеңіл өнеркәсіп салаларын аса маңызды шикізатпен қамтамасыз етеді. Ресейдің орталығы мен солтүстік-батысындағы жүні сапалы емес қойлар (оңтүстікте – қаракөл, солтүстікке қарай романов тұқымы) еті мен терісі үшін өсіріледі. Сонымен қатар атақты орынбор шәлілерін тоқитын бағалы түбіт алына тын ангор ешкілерін өсіру Оралдың оңтүстігіне тән.

Құс шаруашылығы Ресейдің ірі қалалары маңайында және астықтцық аудандарда көбірек шоғырланған. Өйткені оның ең басты өнімі – жұмыртқа тез бұзылатын болғандықтан, тұтынушыға неғұрлым жақын орналастыруды қажет етеді. Ірі құс фабрикалары толықтай механикаландырылған.

Жылқы өсіру еуропалық бөліктің оңтүстігімен Оралда жақсы қойылған, әсіресе соңғы жылдары асыл тұқымды жылқы өсіру белең алуда Солтүсік Сібір мен Қиыр шығыстағы бұғы шаруашылығы ежелден қалыптасқан атакәсіп болып саналады. Омарта шаруашылығы да Солтүстік Кавказ, Оңтүсік Орал, Алтай өлкесінің таулы бөліктеріндегі шалғындық бедеулер негізіндегі ерте кезден бері тұрақты қалыптасқан сала болып есептеледі. Сонмен қатар орман зоналарының түрлі бөліктерінде терісі бағалы аңдарды өсіру де атадан балаға мирас болған кәсіп, үй қояндарын өсіруде кең тараған.

4.Көлік географиясының жалпы сипаттамасы. Негізгі көлік түрлері. Ресей ауағығда көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі , жүк жәек жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай- ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді.

Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде темір жол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы , жолаушы тасмалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Темір жол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңбеоден шығысқа қарай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары таармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері – Транссібір, Ортасібір және Оңүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы тапныс.

Соңғы жылдары жоғары жылдамықтағы жол тораптарын салу қолға алынуда. Бұл жоба – Мәскеу – Санкт-Петербург арасын жалғастыратын жолды салудан бастады, ол тек жолаушы тасмалына арналған. Пойыз жылдамдығы сағатына 300- 350 км-ге дейін жетіп, екі аралықтағы жол ұзақтығы 2-2,5 сағаттан аспайды деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 8 млрд АҚШ доллары шамасында .

Автомобиль көлігінің жүк айналамына қарағанда жолаушы тасымалындағы маңызы жоғары. Ресейдегі автомобил жолдарының жалпы ұзындағы 593 мың км-ге тең, алайда Ресейдің 34% -дан астам ауылдық елді-мекендерде сапалы жол салынбаған. Теңіз көлігі Ресейдің сыртқы сауда байланыстарын жүзеге асыруда аса маңызды. Ресейде 11 ірі теңіз форттары бар, сонымен қатар көршілес мемлекеттердің форттарында пайдаланады. Жүк айналымы бойынша жетекші орынды Қиыр Шыңғыс теңіз алабы, одан Солтүстік алап, 3-ші орында Балтық алабы, 4-орында Қара теіңз-Азов алабы иеленеді.

Өзен көлігі өзен жүйелерінің жиі болғанына, арзан көлік түрі болғанына қарамастан өз дәрежесінде қолданылмай келеді, өйткені өзен жүйелерінің бағыттары көп жағдайда жүк тасмалына сәйкес келе бермейді. Су жолының жалпы ұзындығы 100 мың км шамасында. Олардағы тасмалданатын негізгі жүктің ¾ бөлігін шикізат пен құрылыс материалдары құрайды.

Әуе көлігінің жолаушы тасмалымен тез бұылатын тауарларды тасмалдауда маңызы өте зор. Бүгінгі таңда Ресейде 800-ден астам әуе жайлар бар, 90-ға жуық елмен әуе байланысын орнатқан.

Құбырларды салу мен оның дамуы Ресейде Солтүстік Кавказдан басталған болатын. Ең алғашқы газ құбыры 1946 жылы Мәскеу мен Саратов арасында салынған еді. Бүгінде газ құбырының жалпы ұзындығы 153 мың км, мұнай құбырының ұзындығы 46 мың км, мұнай өнімдері тасмалданатын құбырдың ұзындығы 15 мың км. Құбырлардың жалпы ұзындығы жөнінен Ресей дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі 2-ші орында.



Байланыс. Шаруашылық салалар арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен байланыс жүйелері арқылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәресі жөнінен Ресей Еуропаның жоғарғы дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.

Электр байланысынң телефон, бейнетелефон, ұялытелефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс.

Ресей жері арқылы біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мың км-ге жететін Трансресейлк талшықты оптика желісінің салынылуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропа мен және Жапониямен байланысының жаңа сатыға көтеруде.

Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшінарнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары – Мәскеу және Санк-Петербург қалалары болып табылады.



Бақылау сұрақтары.

  1. Ауыл шаруашылығының басқа шаруашылық салаларынан қандай басты айырмашылықтары бар.

  2. Неліктен Ресейде өсімдік шаруашылығы жетекші орында тұр.

  3. Ресейдегі дәнді дақылдар өсірілетін басты аудандарды ата.

4.Өсімдік және мал шаруашылықтарының өзара байланысы қалай жүзеге асады?

210-сабақ



Тақырыбы: Экономикалық аудандар мен сыртқы экономикалық байланыстар.

Жоспар:

1.Батыс және шығыс экономикалық зоналар.

2.Экономикалық аудандары.

3.Сыртқы сауда.

4. Туризм.

5. Қазақстанмен байланыстары



Сабақтың мақсаты: Экономикалық аудандар мен сыртқы экономикалық байланыстарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Батыс және шығыс экономикалық зоналар. Ресей аумағының ішкі айырмашылығына байланысты Батыс (Еуропалық) және Шығыс (Азиялық) экономикалық зоналарға бөлінеді. Олар бір-бірінің аумақтарының игерілуімен еңбек ресурстары, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, экономикалық даму дәрежесімен болашақтарғы бағыт-бағдары жағынан түбегейлі айырмашылықтар жасайды. Сонымен қатар 11 экономикалық аудан ажыратылады, олардың сегізі батыс зонада, ал қалған үшеуі Шығыс зонада орналасқан.

Батыс зона немесе Еуропалық Ресей жер аумағының 26%-ын құрайды. Ресейде өндірілетін өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің 85%-ы осы зонаға тиесілі. Батыс Еурропаға жақын орналасуы, өңдеуші өнеркәсіптің басым болуы, жоғары маманданған еңбек ресурстарының жинақталуы экономикалық деңгейдің қарқынды болуына өзіндік ықпалын тигізген.Ғылым мен ғылымды көп қажет ететінкәсіпорындардың ірі қалаларда шоғырлануы қала халқаның үлесін артуына әсер етеді. Қала халқының үлесі 75%-ға жетеді және ресейдің ең ірі қала агромерациялары мен 11 миллионер қаласы осы зонада орналасқан.

Шығыс зона немесе Азиялық Ресей ел аумағының 74%-ын құрайды. Бұл зона табиғат ресурстарына аса бай болып келеді. Елдегі отын энергетикалық ресурстарының 80%-ы, ағаш сүрегі қорының 80%, су ресурсының 75%, су – энергетикалық ресурстың 81,5%, сондай-ақ түсті және сирек металдардың, химиялық шикізаттардың басым бөлігі шоғырланған. Ресейдегі мұнайдң 70%-дан, газдың 92%-дан астамы осында өндіріледі. Шығыс зонаны дамытудың басты бағыттары - шикізаттарды өңдеу барысында технологиялық әдістерді жетілдіру, аймақтағы көлік жүйелерін жақсарту, қызмет көрсету салаларын дамыту және экологиялық қауіпсіздік шараларын мейлінше қатаң сақтау.

2.Экономикалық аудандар. Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарна қарай 11 экономикалық аудан бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады.

Орталық экономикалық аудан құрамына мәскеу қаласымен 12 облыс кіреді. Өзіне тән табиғат жағдайы мен ресурстарына негізделе отырып, бұл ауданда өнеркәсіптік машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері сияқты салалары, ауыл шаруашылығының көкеніс пен картоп, зығыр өсіру, қала маңы шаруашылықтары өркендеген. Сонымен қатар қатар бұл аудан мемлекеттік басқарудың, қаржы-қаражаттың, ғылым мен мәдениеттің, туризмнің тарихи қалыптасып, өркен жайған аймағы болып саналады.

Волга-Вятка экономикалық ауданы құрамына 2облыс (Нижегород және Киров) пен 3 республика ( чуваш, Марий Эл, Мордва ) кіреді. Негізгі маманданған салалары машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, кортоп өсіру мен сүтті-етті бағыттағы мал өсіру, қала маңы шаруашылықтары болып табылады.

Орталық қара топырақты аудан - ең шағын аулан, оның құрамына Белгород, Вронеж, Курск, Липецк және Тамбов облыстары кіреді. Жетекші маманданған салаларына қара металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдарын өндіру және тамақ өнеркәсібі жатады. Сонымен қатар жоғары дамыған ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары, қант қызылшасы, күнбағыс, картоп өсірумен етті-сүтті бағыттағы мал өсіру маманданған.

Солтүстік-Батыс экономикалық ауданды Санк-Петербург қаласымен Ленинград облысын құрайды. Бұл аудандағы тарихи қалыптасқан шаруашылық салалар машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінен тұрады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы, қала маңы шаруашылықтары сияқты салалар қарқынды дамыған.

Солтүстік экономикалық аудан құрамына Карелия мен Коми республикаларымен құрамында Ненец автономиялық облысы бар Архангельск, Мурманск мен Вологда облыстары кіреді. Негізгі маманданған салаларына отын-энергетика өңдеу жатады. Ауыл шаруашылығының зығыр өсіру және етті-сүтті бағыттағы шаруашылығы түрлерінің өркендеген.

Солтүстік Кавказ экономикалық ауданы құрамына Алдыгей, Қарашай-черкес, Кабарда-Балқар, Солтүстік Асетия, Ингуш, Шешен және Дағыстан республикаларымен Краснодор, Ставрополь өлкесі, Растов облысы кіреді. Ауданның маманданған салаларына отын-энергетикалық өнеркәсіп, түсті мталлургия, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсіптері жатады. Ауыл шаруашылығы аудандағы жетекші сала болып табылады, оның дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, көкеніс пен жеміс өсіру, ірі қара, қой және шоошқа өсіру сияқты салалары қатар дамыған. Теңіз көлігі жақсы өркендеген. Табиғат жағдайларының ерекшелігіне байланысты емдеу-сауықтыру, туристі-рекреакцичялық шаралар өте жақсы жолға қойылған.

Волга бойы экономикалық ауданы Татарстан мегн қалмақ республикалары мен Ульянов, Пенза, Самара , Саратов, Волгаград, Астрахань облыстарынан құралады. Аудан электр энергиясы, отын өнеркәсібі, машина жасау ( автокөлік, трактор және әуе техникасы), химия, тамақ өнерәсібі мен құрылыс материалдарын (цемент) шығаруға маманданған. Ауыл шаруашылығының дәнді дақылдар өсіру, күнбағыс, қант қызылшасы, көкеніс пен жеміс, ірі қара мен қой өсіру сияқты салалары қарқынды дамыған.

Орал экономикалық ауданы құрамына Удмурт және Башқұрт республикалары, Пермь (Коми-Перняк авт. Окр.), Свердлов, Челябі, Орынбор және Қорған облыстары кіреді. Маманданған салалары отын-энергетика, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, орман өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар, картоп, көкеніс, сүтті-етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара өсіруге бағытталған.

Батыс Сібір экономикалық ауданы құрамына Алтай республикасы,0 Алтай өлкесі, Кемеров, Новосибирск, Омбы, Томск, Түмен ( Ханты- Манси және Ямал- Ненец авт. Окр.) облыстары кіреді. Ауданның жетекші маманданған салаларына отын- энегетика, қара металлургия, машина жасау, химия және орман өнеркәсіптері жатады. Аса ірі мұнай газ алабы болғандықтан Ресейдегі өндірілетін мұнайдың 70%-ға, газдың 90% -ға жуығы осы аудан үлесіне тиесілі. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар, зығыр және ірі қара басым өндіріледі. Алтайда марал өсіру мен омарта шаруашылығы жақсы жолға қойылған.

Шығыс Сібір экономикалық ауданы Бурят, Туба және Хакасия республикаларымен Красноярск өлкесі ( Таймыр және Эвенк авт. Окр.), Иркутск (Усть-Орда авт. Окр.) және Чита (Агин Бурят авт. Окр.) облыстарынан құралады. Аудандағы маманданған басты салалар ретінде электр энергиясын өндіру,түсті металургия, химия және орман өнеркәсіптерін атауға болады. Электр энергиясы негізінен, Ангара және Енисей өзен жүйелеріндегі су электрстанцияларынан өндіріледі. Ауданда машина жасау саласы жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар өсіру мен қой шаруашылығы кең өріс алған. Сонымен қатар сотүстікке қарай бұғы, оңтүстікте етті-сүтті бағыттағы ірі қарра өсіруге маманданған.

Қиыр Шығыс экономикалықұ ауданы құрамына Саха (Якутия) республикасы, Еврей автономиялық облысы, Чукот автономиялық округі, Приморск және Хабаров өлкесі, Амур, Камчатка (Коряк авт.окр.), Магадан және сахалин облыстары кіреді. Негізгі маманданған саласына түсті металлургия, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жатады. Кеме жасау және теңіз көлігінің маңызы күшеюде. Ауыл шаруашылығы өз дәрежесінде дамыған, көптеген өнім түрлері сырттан тасылады. Өз қажеттерін өтеу мақсатында күрішпен Қытай бұршақ өсіріледі.

Калининград облысы 1945 жылдан Ресей Федерациясы құрамына кірген аумақ. « Янтарь» деп аталатын еркін экономикалық зона болып табылады. Отын энергетикалық, машина жасау, орман және балық өңдеу өнеркәсіптері жоғары деңгейде ұйымдасқан. Ауыл шаруашылығында интисивті жолмене дамыған сүт бағытындағы ірі қара, құс және шошқа өсіру кең дамыған. Малазықтық дақылдар мен картоп өсіріледі.

Ресей Федерациясы 2000 жылы президент жарлығымен экономикалық аудандардан басқа 7 федерациялық округке беріктірілді. Округ шекарасы экономикалық аудандар шекарасымен сәйкес келе бермейді. Алайда олардағы мақсат - ортақ аймақтардағы (регион) экономикалық және әлеуметтік мәселелерді біріктіріп шешу.

3.Сыртқы сауда. Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым –қатынасы, олардың жалпы сипат мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы мауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саясы кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейде бетбұрыс жасады.

1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достық ке лісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз эспортының үлесін 40%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған елдерімен байланысты күшейтіп, оның үлесін 50-60%-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейде көтерілді.

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өндіретін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға, табиғи газды Германия, Италия, Францияға, таскөмірді Жапония мен Туркияға шығарады.



Туризм. Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болумен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады.

4.Қазақстанмен байланыстары. Ресей мен Қазақстан арсындағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстардың тамыры өте терең. Кеңес Одағы ыдырап, ТМД кеңестігі құрылған күннен бастап екі ел арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтерілді.

1992 жылы 25 мамырда екі ел арасындағы Достық келісіміне қол қойылды. Ол келісім бүгінгі таңда көршілес екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық жағдайындағы тығыз байланыстардан: екі ел арасындағы 7000км-ге ортақ шекарадан ортақ транзиттік жол қатынасынан, біртұтас энергетикалық және байланыс жүйелерінен, табиғат қорғаудың ортақ шараларынан және т.б. байланыстардан айқын көрінеді. ТМД елдері арасынан Қазақстан Ресейдің ең жетекші сауда серіктесі болып отыр.

Бақылау сұрақтары.

1.Ресей Федерациясының Батыс және Шығыс экономикалық зоналарға бөлінуіне не себепші болды.

2. Батыс зонаға тән негізгі ерекшелікті атаңдар.

3.Шығыс экоомикалық зонаның басты ерекшеліктеріне не жатады.

4. Ресейдің сыртқы сауда байланыстары қандай елдерге тиесілі.
211-сабақ

Тақырып. Беларусь Республикасы

Жоспар.1. Географиялық орны.

2. Аумағының қалыптасу тарихы.

3.Табиғаты және табиғат ресурстары.

4.Халқы.


-Жерінің ауданы -207,6 мың км.

-Халқы – 9,7 млн адам.

-Астанасы – Минск.

-Мемлекеттік құрылымы – республика.

-Мемлекет басшысы – президент

-Заң шығарушы органы – парламент.

-Мемлекеттік тілі – беларуль тілі.

-Ұлттық балютасы – беларусь рублі.



Сабақтың мақсаты: Беларусь Республикасын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Географиялық орны. Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында Польшамен шектеседі.

Елдің теңіздік шекаралары жоқ, ол ұзақ уақыт бойы Ежелгі оыс мемлекетін Еуропа елдерімен жалғастырып жатқан көпір іспеттес болды. Географиялық орнының бір ерекшелігі Беларусь жерінің соғыс өртінің отына орануына себепші болды.

2.Аумағының қалыптасу тарихы. VII-IX ғасырларда Беларусь жеріндегі княздіктер Киев Русінің құрамында болды. Бұл ежелгі словян мемлекеттерінің ыдырауы нәтижесінде бытыраңқы сипат алған княздіктер XIII ғасырда Ұлы Литва княздігіне бірікті. Ал XVIII ғасырда Беларусь шамамен қазіргі шекарасында Ресей Империясына қосылды. XIV ғасырдан бастап Беля Русь, яғни қазіргі Беларусь атауы пайда болды. 1919 жылы 1 қаңтарда Беларусь кеңестік Республикасы құрылғаны жарияланды, оның құрамына елдің батыс бөлігіндегі Грундо және Брест облыстары тек 1939 жылығана қосылды. 1991 жылы 25 тамызда Егемендік туралы диклорация қабылданып, Беларусь тәуелсіз жеке мемлекетке айналды.

3.Табиғаты және табиғат ресурстары. Беларусь аумағының Ежелгі Орыс платпормасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Батпақты сипат алатын ойпаттардың ең ірісі оңтүстікте орналасқан – Беларусь полесьесі. Ел аумағында батыстан – шығысқа қарай кесіп өтетін салыстырмалы түрде биік қыраттар мен жалдар жүйесін жалпы атпен Беларусь жалы деп атайды. Ел аумағының ең биік бөлігі болып саналатын Минск қыраты(345м) солтүстік- батысқа қарай орналасқан. Жер бедері тегіс болуы Беларусь аумағын ауылшаруашылық мақсатта пайдалану мүмкіндігін арттырғанымен, батпақтардың көп болуы мелиорациялық шаралар жүргізуді қажет етеді.

Ежелгі платформа шегіндежатуы минералды шикізат құрамына да әсер еткен. Солигорск маңында калий тұздарының дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі орналасқан. Мозорь, Давыдов кен орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар.Ел аумағында құрылыс материалдары (сазбалшықтар мен құмдар, қиыршықтар, құрылыс тастары, цемент және шыны шикізаты) да мол.

Беларусь жеріне қоңыржай континентті климат тән. Ел аумағында климат көрсеткіштері үлкен айырма жасайды. Қыс кезінде ауа райының жиі құбылуы байқалады. Қаңтардың орташа температурасы -5˚ С-тан -8˚ С-қа дейін өзгеріс жасайды. Жазы қоңыр салқын, жаңбырлы,әдетте, шілденің орташа температурасы +15˚ С-тан жоғары болады. Бұлтты, бұлыңғыр күндер саны басым, жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-700 мм шамасында.

Беларусь аумағы арқылы днепр мен оның салалары: Припять, Березина және Неман, Батыс Двина, Батыс Бур өзендері ағып өтеді. Жазықтан ағатындықтан ағысы баяу болатын бұл өзендермол сулы келеді Елде жалпы саны 4 мыңнан асатын ірілі-ұсақты көлдер бар. Көлдер әсіресе солтүстікте көп, елдің бұл бөлігінПоозерье деп те атайды. Елдегі ең ірі көл Нарочь көлі, оның ауданы 80 км-ден асады, тереңдігі -25м. Ішкі сулар, негізінен, елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге және қатынас жолдары ретінде пайдаланады. Батпақтар Беларусь жерінің 20%-ға жуығын құрайды.

Елдің солтүстігінде шымды күлгін топырақта шыршалы ормандар, орталық бөлігінде құмды топырақтарда қарағайлар ұласады. Оңтүстікке қарай оранның сұр топырақтарында емен, жөке, шегіршеннен тұратын жалпақжапырақты және аралас ормандар өседі. Елдің Польшамен шекарасында Беловеж нуы созылып жатыр. Мұнда жасы жүзден асқан алып қарағайлар өседі және орман зонасының көптеген жануарары мекендейді. Адамдар жойылып кетуден сақтап қалған зубрлар Беловеж нууының нағыз мақтанышы болып отыр.

4.Халқы. 2008 жылдың соңына қарай Беларусь халқының сан 9,7 млн адам болды.Беларусь Республикасы – ТМД елдері арасында халқының саны өте баяу өсіп келе жатқан елдердің бірі. Қазіргі кезде ауыл мен қаланың демографиялық көрсеткіштері үлкен айырма жасап отыр. Қалада туу 12‰ болса, ауылды жерде бұл көрсеткіш бар болғаны -8‰. Беларусь тұрғындарының өмір жасының ұзақтығы -69 жас.

Ел халқының ұлттық құрамында беларустар (78%) басым, олардан басқа орыстар (13%), поляктар (4%), украиндар (3%) және басқа ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілдері – беларус және орыс тілдері, шекаралық аудандардаполяк, украин тілдері де кеңінен тараған. Халықтың 4/5-і христян дінінің православие бағытын ұстанса, 15%-ға жуығы католиктер болып табылады.

Елдегі халықтың орташа тығыздығы әр шаршы км-ге шаққанда 47 адамнан келеді, ең жоғарғы тығыздақ Минск қаласы мен облысында байқалады. Урбандалу деңгейі, әсіресе Могилев және Бетебск облыстарында жоғары. Ірі қалалары: Минск (1,6 млн тұрғыны бар), Гомель, Могилев, Битебск, Грундо, Брест. Беларусь аумағында сақталып қалған Полоцк, Туров, Минск, Битебск, Пинск сияқты ежелгі словян қалаларында тарихи және көне ескерткіштер мол. Елдің солтүстігі мен орталық бөлігіндегі ауылдық елді мекендер (хуторлар) ұсақтығымен көзге түседі, олардың 90% халық саны 200 адамнан аспайды. Оңтүстікте салыстырмалы түрде ірі ауылдар орналасқан.

Бақылау сұрақтары.

1.Беларусь халқының құрамы қалай? Ел аумағында халықтың қоныстану ерекшеліктерін анықтаңдар

2.Беларусь аумағының қалыптасу кезеңдерін атаңдар.

3. Елдің табиғи ресурстық мүмкіншіліктері шаруашылық мамандануына қалай әсер еткен.

212 -сабақ

Тақырып. Беларусь Республикасының шаруашылығы

Жоспар:

1. Шаруашылығы.

2.Өнеркәсібі

3.Ауыл шаруашылығы.

4.Көлік

5.Сырқы экономикалық байланыстары.



Сабақтың мақсаты: Беларусь Республикасын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Шаруашылығы. Тәуелсіздік алғанан соң он жылдықта Беларусь шаруашылығы терең дағдарысты бастан кешірді. Бұл, ең алдымен, Кеңес Одағының және социалистік елдер одағының ыдырауымен, аса маңызды шаруашылық байланыстардың үзілуімен байланысты түсіндіріледі. Құлдырау, әсіресе өндірістік салаларда күштірек байқалды. Соған қарамастан дағдарыс жылдарында беларусь Республикасы экономикалық әлеуеті мен халқының тұрмыс деңгейінің ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда онша үлкен өзгеріссіз сақталып қалды деуге болады.

2.Өнеркәсібі машина жасау және химия, мұнай химиясы өнімдерін шығаруға маманданған.

Машина жасау кешенінің басты ұйымдасу ерекшелігі - өндірістің бірнеше ірі өнеркәсіп орталықтарына шоғырлануы. Елдің машина жасау өнеркәсібінде автомобиль өндірісі жетекші орын алады. Минск, Могилев Жодино қалаларында орналасқан автомобиль зауыттары автомобильдер мен автопойыздар, тау кен өнеркәсібіне қажетті ауыр жүк таситын «БелАЗ» машиналарын жасайды. Салмағы 180 т болатын алып жүк машиналарының кузовына үш теміржол вагонының жүгі сияды. Бұл машиналар ТМД елдерінің көмір алаптарымен темір кеніштерінде, құрылыста ауыр жүк тасу үшін кеңінен қолданылуда.

Беларусь Республикасының машина жасау өнеркәсібі ауыл шаруашылығы машиналары мен трактор жасауға да маманданған. Бұл саланың жетекші кәсіпорындары « Минск трактор зауыты» деп аталатын өндірістік бірлестікті құрайды. Беларусь ТМД елдері арасында малазықтық дақылдар оратын комбайндар мен картоп жинайтын машиналарды, мал шаруашылығына қажетті құрал жабдықтарды шығаруда көзге түседі. Машина жасаудың басқа салаларының кәсіпорындары Битебск, Гомель, Брест, МИнск, Могилев, Пинск және т.б. қалаларда орналасқан. Кеңес дәуірінде Беларусь Республикасында жедел дамыған радиоэлектроника, оптика және электрондық есептеуіш машиналарын жасау салалары қазіргі кезде дағдарысты бастан кешіруде. Соған қарамастан 2004 жылы елде 1,3 млн-дай теледидар, 953 мың дана тоңазытқыштар мен мұздатқыштар жасалды.



Химия өнеркәсібі кешені күрделілігімен сипатталады, оның құрамына мұнай-газ, орман тау-кен химиясы салалары енеді. Әсіресе мұнай-газ химиясы айрықша көзге түседі, бұл сала Ресейден сатып алынатын шикізат негізінде қалыптасқан. Жергілікті Речица мұнай кен орнының ілеспе газдарын пайдалану мақсатында газ өңдеу кәсіпорыны іске қосылған. Бобруйск қаласында аса ірі шина өндірісі, Грундо қаласында жасанды талшықтар өндірісі жолға қойылған. Мұнай химиясы саласында да өндірістің шоғырлануы байқалады. Новополоцк қаласында орналасқан мұнай өңдеу зауыты мен мұнай химиясы комбинаты «полимер» өндірістік бірлестігін құрайды. Оның өнімдерін дпйын бұйымдар (пластмассалар, жасанды талшықтар мен лак- бояулар) жасайтын басқа кәсіпорындарға жөнелтіледі. Беларусь жасанды талшық өндіру жөнінен ТМД бойыша 1-ші орын алады.

Өнеркәсіптің басқа салаларынан шыны өндірісі, ағаш өңдеу және жиқаз жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Беларусь кәсіпорындарында өндірілетін шыны бұйымдары және бағалы ағаш түрлерінен жасалатын жиқаздар ТМД елдерінде жоғары бағаланады. Тоқыма өндірісінде шеттен әкелінетін шикізат түрлерімен ( жүн, мақта, жібек) қатар, жергілікті зығыр талшығыда кеңінен қолданылады. Елде зығырды бастапқы өңдеуден өткізетін ондағы зауыттар бар. Орша қаласында қуаттылығы жағынан ТМД аумағында Кострома комбинатынан кейінгі ірі зығыр комбинаты орналасқан. Минск, могилев, Гродно және Лида қалаларында орналасқан былғары және аяқкиім фабрикалары жергілікті шикізатты пайдаланады. Тамақ өнеркәсібі ірі ет комбинаттарымен және сүт ірімшік, сүт-консерві зауыттарымен әйгілі, олар елдің барлық дерлік адандарында таралған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет