Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


А.Валлонның психика дамуы туралы теориясы



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
жасерекшелик сем

А.Валлонның психика дамуы туралы теориясы. А.Валлон анобализм және 
катаболизм ұғымдарын организмге ғана емес бүкіл тұлғаға қолданды. Анаболанизм-
индивидтің өзінің ішкі күйін өзгертуге бағытталған реакциясы. Катаболизм – қоршаған 
ортаны өзгерту мақсатында сыртқа бағытталған реакция. Валлон дамуды дамуджың әрбір 
сатысында қайталанатын анаболизм мен катаболизмнің кезектесуі ретінде қарастырады. 
А.Валлонның метадалогиялық ұстанымы – бала дамуындағы конфликтілер мен қарама-
қайшылықтарды зерттеу.Бұл арқылы бір сатыдан келесісіне өтуі мен сатылардың өзара 
байланыстарының себептері мен шарттарын жетік түсінуге болады. 
Психикалық дамудың кілттік қарама – қайшылықтарының бірі – жан мен тәннің, 
биологиялық және психикалық даму қатынасы мәселесі. А.Валлон пікірінше, психиканы 
органикамен түсіндіру жеткіліксіз, сонымен қатар ол онсыз түсіндірілмейді де. 
Органикалықтан психикалыққа өтуді түсіндіру үшін Валлон эмоция, моторика, еліктеу 
және қоғам ұғымдарының байланысын қарастырады. 
Психикалық өмір генезисінде эмоция ең бірінші байқалады. Бала психикалық өмірге 
эмоциялар арқылы ғана қабілетті болады, өйткені олар баланы қоршаған ортасымен 
байланыстырады. Бала эмоциялары көмегімен өзінің биологиялық қажеттіліктерін
қанағаттандырып, эмоциялар арқылы органикалық және психикалықтың симбиозы 
жүреди. Мысалы, нәрестенің жылауы – бастапқыда физиологиялық реакция әлеуметтік 
реакцияға алмасады. Енді бала өзінің физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін емес, бөлмеден шығып кеткен анасын шақыру үшін жылайды. 


А.Валлон концепциясында эмоция ұғымы «қозғалыс» ұғымымен тығыз
байланысты. Әлі тілі шықпаған баланың дене қозғалыстары оның психикалық өмірі
туралы мәлімет береді. Оның пікірінше, қозғалыстың түрлі формаларының ішінде біреуі 
эмоциялардың көрінуіне, келесілері сыртқы ортаға бағытталған. Оның көмегімен 
локоминациялар, ұстау және манипулация жүзеге асырылады. 
Психика онтогенездідегі келесі бір ірі кезең - әреккеттен ойлауға ауысу кезеңі. 
А.Валлон пікірінше, ол еліктеу арқылы ғана мүмкін болады. Еліктеу арқылы қоғам мен 
бала психикасының байланысын көруге болады. Бала рекцияларын ересек ересек түсініп, 
толықтырып, түсіндіре алуы қажет. Сондықтан да, А.Валлон адам генетикалық, 
биологиялық тұрғыдан әлеуметтік тіршілік иесі деп түсіндіреді. 
А.Валлон концепциясында түлға дамуының келесі сатылары көрсетіледі: 
1. Ана құрсағындағы өмір сатысы, бала ана организміне толық тәуелді. 
2. Моторлық импульсивтілік сатысы (туғаннан 6 айға дейін), баланың қоректену 
мен қозғалыс белсенділігіне деген қажеттілігмен сипатталады, оның негізінде қарапйым 
шартты рефлекстер қалыптасады. 
3. Эмоционалдық сатысы (6 айдан 1 жасқа дейін), қоршаған адамдармен, ең 
алдымен анасымен қатынас қалыптастырумен сипатталады, бұл – дамудың негізгі 
стимулы. 
4. 
Сенсомоторлық 
саты 
(1-3 
жас), 
сыртқы 
ортаға 
қызығушылықпен
сипатталады.Жүру және сөйлеу арқылы баланың қарым-қатынас аясы кеңейеді. 
5. Персонализм сатысы (3-5жас), үш жас дағдарысы орын алады, «Мен» сезімінің 
пайда болуы, әрекеттеріндегі дербестік, көпшілік назарында болуға деген ұмтылыс. 
6. Айырмалау сатысы (6-11жас), өзара қатынастар шеңберінің кеңеюі, өзінің 
статусын саналау, өзін мойындатуға ұмтылыс, ақыл- ой қабілеттерінің дамуымен 
сипатталады. 
7. Жыныстық жетілу және жасөспірімдік сатысы ішкі қайшылықтар, қоршаған 
адамдарға деген қарама-қайшы сезімдердің пайда болуы, өзіндік бағалаудың дамуымен 
сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет