Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


А.Н.Ленотьев бойынша психикалық даму



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
жасерекшелик сем

А.Н.Ленотьев бойынша психикалық даму – мидың морфо физиологиялық 
ерекшеліктері және қарым қатынас. Бұл жағдайда субьектінің қозғалыс әрекетіне пайда 
болады. Баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі – үлкендермен қарым қатынас құру. 
Соның негізінде сәби адамдармен пракикалық қарым қатынасқа түседі, кешірек бұл затты 
тану және сөйлеу арқылы жүзеге асады. 
Л.С.Выготский бойынша, психикалық дамудың қозғаушы күші ол – оқу. 
Психикалық процесс әрекетпен бірігіп қалыптасқан кезде, жақын аймақтық даму 
зонасында болады, оқытушының дамуының өзекті формасына айналады. Жақын 
аймақтық даму зонасы феномен баланың психикасының дамуына оқытудың жетекші 
рольді алатынын дәлелдейді. Егер оқыту дамудан ілгері жүрсе, онда ол жақын аймақтық 
даму зонасында жатқан басқа да психикалық функцияларды оятып, өмірге келтіреді.
А.Н.Леонтьевтің жетекшілігімен кейінгі зерттеулер баланың психикалық 
дамуындағы әрекеттің рөлін ашты: субъект өзі әрекет етпесе, ешқандай да психикалық 
даму процестері жүзеге аспайды. Даму үрдісінің өзі әрекеттің қалай ұйымдастыруына 
байланысты жүреді. А.Н.Леонтьев: «Әрекеттің кейбір түрлері сол кезеңде жетекші болып, 
тұлғаның ары қарай дамуына үлкен септігін тигізеді, басқалары- азырақ ықпал етеді, 
кейбіреулері дамуда басты рөлде болса, келе ілері бағынышты рөлінде болады. Сол 
себепті, психиканың дамуы жалпы іс-әрекетке байланысты емес, сол кезеңдегі жетекші 
әс-ірекетке байланысты», - деп атап көрсетті. А.Н.Леонтьевтің еңбектерінің нәтижесінде 
жетекші іс-әрекет баланың психологиялық жасынан көрсеткіші, психика дамуын кезеңге 
бөлу критерийі ретінде қарастырылады. 
Психологтар өз зерттеулерінде психикалық дамуында іс-әрекеттің рөлі маңызды 
екенін дәлелдеді: заттармен әрекет ету арқылы субьект өзіндік қозғалыс түседі. 
С.Выготскийдің 
мәдени-тарихы 
концепциясы. 
Л.С.Выготскийдің 
тұжырымдамасында негізгі орын алатын ұғымдардың бірі-баланың психикалық 
дамуының мақсатын сипаттайтын әлеуметтану. Мәдени-тарихи теория адам «қоғамдық 
қатынастардың ансамблі» ретінде көрінетін маркстік философияға сүйенеді. Автор 


баланың психикалық дамуы әлеуметтік факторға бағынышты, мәдени тарихи жағдайларға 
негізделу ретінде қарастырылады. Л.С.Выготский адамның мәдени даму мәселесін 
талдады, дамудың мәні баланың өзіндік жүріс-тұрыс процестерімен сипатталады. Жеке 
тұлғаның толық дамуы барысында келесі функциялар дамиды: ақыл-ес, ойлау, көңіл күй, 
сөздік қор, елес, қабылдау. 
Даму баланың басқа адаммен ынтымақтастықта меңгеретін және нәтижесінде 
интериоизациялайтын жоғары психикалық функциялардың қалыптасу процесі ретінде 
түсіндіріледі. 
Л.С.Выготский баланың психикалық дамуын кезеңдерге бөлудің төмендегідей 
принциптерін бөліп көрсетті. Кезеңдерге бөлуге негіз болып даму процесінің өзіндегі ішкі 
өзгерістер, яғни әрбір жаста сапалық өзгерістер болуы тиіс. Осы тұжырымдамаға қарама- 
қарсы ұстаным, даму дегеніміз нышандарды іске асыру және қиыстыру, бастапқыда 
берілгеннің дами түсуі («өздігінен дамушы тұлға») деп көрсетеді, шын мәнісінде дамуды 
түсіндіру әлеуметтік немес биологиялық белгілерден емес, ішкі психикалық 
факторлардан тұруы тиіс. 
Баланың жас кезеңдерін анықтауға критерий болып аталмыш жастың, дәуірдің 
мәнін сипаттайтын жаңа құрылымдар жатады. 
«Жас кезеңдеріне сай жаңа құрылымдар деп аталмыш жас сатысында алғаш рет 
пайда болатын және негізінен баланың санасын, оның қоршаған ортаға қатынасын, оның 
ішкі және сыртқы өмірін, аталған кезеңдегі оның бүкіл даму деңгейін анықтайтын тұлға 
және оның іс-әрекеті құрылымының жаңа түрін, психикалық және әлеуметтік өзгерістерді 
түсіну крек». 
Жаңа құрылымдарға мыналар мысал бола алады: баланың сөз қорында жекелеген 
сөздердің пайда болуы; өзіндік «Меннің» бөлінуі; іштей сөйлеу: «обьектілердің 
тұрақтылығын» қабылдау, зейін мен басқа да психткалық функциялардың ырықтылығы. 
Бала дамуын кезеңдерге бөлу кезінде оның динамикасын ескеру қажет. 
П.П.Блонский бойынша, өзгерістер шұғыл, дағдарысты түрде және бірте бірте, литикалық 
түрде өтуі мүмкін. Бқл даму өткелдері мен сатыларын бөлуге негіз береді. Өткелдер мен 
сатылар бір-бірінен қатаң дағдарыстарға сәйкес ажыратылады. Мысалы, дәуір-ерте 
балалық шақ; сатылар- нәрестелік және орта балалық шақ; әр кезеңде екі фаза бар: 1 және 
2. Дәуірлік дағдарыс (айқын көрінетін) балалыққа (3жас) өту кезінде пайда болады, 
нәрестеліктен мектеп алды балалыққа өту кезеңіндегі дағдарыс онша байқалмайды. 
Белгілі бір жас кезеңдерінде өзгерістер болу, бірте бірте жүреді, маңызды қатаң 
өзгерістер жоқ. Өзгерістердің бірте бірте жинаөталуы нәтижесінде жастың жаңа 
құрылымдары пайда болады. Оларды мыналар сипаттайды: 1) қысқалық (маман 0.5-1жас); 
2) тәрбиелеудің қиындығы, үлгерімнің, жұмысқа қабілеттіліктің, оқуға деген 
қызығушылықтың жіне т.с.с. төмендеуі, бұл осы кезеңдердегі дамудың жағымсыз сипатын 
анықтайды. Әр түрлі балаларда дағдарыстардың өтуінде айтарлықтай индивидуалдық
түрленулер бар. Осының салдарынан дағдарыстар таза сыртқа жағымсыз ықпалдардың
өнімі емес пе екен деген сұрақ туындайды. Мысалы, М.Мид жабайы халықтарда 
жеткіншектік дағдарысы болмайтындығын анықтады. Л.С.Выготский бойынша, дағдарыс 
кезеңінде барлық бала «аралас тұрақты жас кезеңіндегімен салыстырғанда біршама 
тәрбиеленуі қиын болады». Барлық бала даму қарқынын тұрақты кезеңдегі қарқынмен 
салыстырғанда төмендетеді.Дағдарыс кезеңінде даму жағымсыз сипат алады. Мысалы, 
баланың іс әрекетін бағыттайтын қызығушылықтар, бұрын қалыптасқан қатынас 
формалары жойылады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, дағдарыс баланың өзінде емес, 
олармен қатынасымызда пайда болатын құбылыс. Бұл әлеуметтік қатынастар дағдарысы, 
ал бұл оқыту мен тәрбмелеу әдістерінің баланың жас ерекшеліктеріне барабар болуы 
проблемасын туғызады. Дағдарыс кезеңдерде тәрбиелеудің қиындығы педагогикалық 
жүйе өзгерістерінің бала тұлғасының шұғыл өзгерістеріне сәйкестелмеуінің салдарынан 
пайда болады. 


Нәресте 1,3,7,13 жас дағдарыстары бөліп көрсетіледі. Дағдарыстық кезеңдер 
тұрақты кезеңдермен кезектесе алады. 
Дағдарыс кезеңдеріндегі жағымсыз даму қалыпты мөлшер болып табылады, өйткені 
ол дамудың жалпы процесі. Сондай –ақ даму дағдарыстарының жағымды сәттерін де 
бөліп көрсетуге болады. 
Дағдарыстық кезеңдердің жаңа құрылымдары өтпелі сипат алады, яғни олар 
дамудың жалпы құрылымына кірмейді, тұрақты кезеңге өтуде жоғалып кетеді немесе 
өзгеріске ұшырайды. 
Л.С.Выготский бойынша кезеңдерге бөлудің айрықша ерекшеліктері: 
1) кезеңдерге бөлуге дамудың дағдарысты кезеңдерін енгізу 
2) дамудың эмбрионалдық кезеңін алып тастау (өйткені баланың дамуы әлеуметтік 
тіршілік иесінің дамуы ретінде қарастырылады) 
3) жасөспірімдік кезеңді алып тастау (өйткені, ересектік кезде дамудың басқа 
заңдылықтары жүреді) 
4) жыныстық жетілу жасын дағдарысты емес, тұрақтылар қатарына енгзіу (өйткені 
бұл кезеңде психикалық функциялардың синтездері, үлкен өрлеу жүреді) 
Л.С.Выготский баланың психикалық дамуының келесі кезеңдерін бөліп көрсетті: 
- нәрестелік дағдарыс; 
- кіші жас; 
- ерте балалық (1-3жас); 
- үш жас дағдарысы; 
- мектепке дейінгі шақ (3-7жас); 
- жеті жас дағдарысы; 
- мектеп жасы (8-12жас) 
- он үш жас дағдарысы; 
-пубертатты жас (14-18 жас); 
-он жеті жас дағдарысы; 
Өз еңбектерінде Л.С.Выготский жастық диагностиканы құруға негіз болатын 
жастың құрылымы мен динамикасы жайлы түсінік де енгізді. Жас кезеңдері 
психологиясының міндетті даму процесінің ішкі құрылымын, балалықтың әр дәуіріндегі 
жас құрылымын сипаттамудан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет