«Жас кезеңдеріне сай жаңа құрылымдар деп аталмыш жас сатысында алғаш рет
пайда болатын және негізінен баланың санасын, оның қоршаған ортаға қатынасын, оның
ішкі және сыртқы өмірін, аталған кезеңдегі оның бүкіл даму деңгейін анықтайтын тұлға
және оның іс-әрекеті құрылымының жаңа түрін, психикалық және әлеуметтік өзгерістерді
түсіну керек».
Жаңа құрылымдарға мыналар мысал бола алады: баланың сөз қорында жекелеген
сөздердің
пайда болуы; өзіндік «Меннің» бөлінуі; іштей сөйлеу: «обьектілердің
тұрақтылығын» қабылдау, зейін мен басқа да психткалық функциялардың ырықтылығы.
Бала дамуын кезеңдерге бөлу кезінде оның динамикасын ескеру қажет.
П.П.Блонский бойынша, өзгерістер шұғыл, дағдарысты түрде және бірте бірте, литикалық
түрде өтуі мүмкін. Бқл даму өткелдері мен сатыларын бөлуге негіз береді. Өткелдер мен
сатылар бір-бірінен қатаң дағдарыстарға сәйкес ажыратылады. Мысалы, дәуір-ерте
балалық шақ; сатылар- нәрестелік және орта балалық шақ; әр кезеңде екі фаза бар: 1 және
2. Дәуірлік дағдарыс (айқын көрінетін) балалыққа (3жас) өту кезінде пайда болады,
нәрестеліктен мектеп алды балалыққа өту кезеңіндегі дағдарыс онша байқалмайды.
Белгілі бір жас кезеңдерінде өзгерістер болу, бірте бірте жүреді,
маңызды қатаң
өзгерістер жоқ. Өзгерістердің бірте бірте жинаөталуы нәтижесінде жастың жаңа
құрылымдары пайда болады. Оларды мыналар сипаттайды: 1) қысқалық (маман 0.5-1жас);
2) тәрбиелеудің қиындығы, үлгерімнің, жұмысқа қабілеттіліктің, оқуға деген
қызығушылықтың жіне т.с.с. төмендеуі, бұл осы кезеңдердегі дамудың жағымсыз сипатын
анықтайды. Әр түрлі балаларда дағдарыстардың өтуінде
айтарлықтай индивидуалдық
түрленулер бар. Осының салдарынан дағдарыстар таза сыртқа жағымсыз ықпалдардың
өнімі емес пе екен деген сұрақ туындайды. Мысалы, М.Мид жабайы халықтарда
жеткіншектік дағдарысы болмайтындығын анықтады. Л.С.Выготский бойынша, дағдарыс
кезеңінде барлық бала «аралас тұрақты жас кезеңіндегімен салыстырғанда біршама
тәрбиеленуі қиын болады». Барлық бала даму қарқынын тұрақты кезеңдегі қарқынмен
салыстырғанда төмендетеді.Дағдарыс кезеңінде даму жағымсыз сипат алады. Мысалы,
баланың іс әрекетін
бағыттайтын қызығушылықтар, бұрын қалыптасқан қатынас
формалары жойылады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, дағдарыс баланың өзінде емес,
олармен қатынасымызда пайда болатын құбылыс. Бұл әлеуметтік қатынастар дағдарысы,
ал бұл оқыту мен тәрбмелеу әдістерінің баланың жас ерекшеліктеріне барабар болуы
проблемасын туғызады. Дағдарыс кезеңдерде тәрбиелеудің
қиындығы педагогикалық
жүйе өзгерістерінің бала тұлғасының шұғыл өзгерістеріне сәйкестелмеуінің салдарынан
пайда болады.
Нәресте 1,3,7,13 жас дағдарыстары бөліп көрсетіледі. Дағдарыстық кезеңдер
тұрақты кезеңдермен кезектесе алады.
Дағдарыс кезеңдеріндегі жағымсыз даму қалыпты мөлшер болып табылады, өйткені
ол дамудың жалпы процесі. Сондай –ақ даму дағдарыстарының жағымды сәттерін де
бөліп көрсетуге болады.
Дағдарыстық кезеңдердің жаңа
құрылымдары өтпелі сипат алады, яғни олар
дамудың жалпы құрылымына кірмейді, тұрақты кезеңге өтуде жоғалып кетеді немесе
өзгеріске ұшырайды.
Л.С.Выготский бойынша кезеңдерге бөлудің айрықша ерекшеліктері:
1) кезеңдерге бөлуге дамудың дағдарысты кезеңдерін енгізу
2) дамудың эмбрионалдық кезеңін алып тастау (өйткені баланың дамуы әлеуметтік
тіршілік иесінің дамуы ретінде қарастырылады)
3) жасөспірімдік кезеңді алып тастау (өйткені, ересектік
кезде дамудың басқа
заңдылықтары жүреді)
4) жыныстық жетілу жасын дағдарысты емес, тұрақтылар қатарына енгзіу (өйткені
бұл кезеңде психикалық функциялардың синтездері, үлкен өрлеу жүреді)