Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
жасерекшелик сем

1.Қарым- қатынастың ерекшеліктері.  Эмоционалдық және тілдік қарым-қатынас. 
Мектепке дейінгі кезеңде бала тіл арқылы өзіне маңызды деген уақиғаларды баяндайды., 
өзінің алған әсерлерімен бөліседі, адамдармен тең дәрежеде қары- қатынас жасауды 
үйренеді. Тіл- қарым- қатынас құралы. Ата-анасына, жақын туыстарына елітеу арқылы 
баланың табиғи қарым- қатынас жасау процесі өзгереді. 
Идентификация және даралану механикасының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде 
бала «Мен» концепциасын жүзеге асыру үшін, адамдармен қарым- қатынас жасауда 
идентификацияны және даралануды пайдаланады. 
Күнделікті үзбей идентификация мен даралану механизмдерін пайдалану балаларда 
бейсаналы түрде қарым- қатынас техникасына айналады. Бұл механизмдер негізінен ашық 
әлеуметтік өзара іс- әрекетке қызмет етеді. 
Баланың құрдастарының тобында эмоционалдық өзін- өзі сезінуі. Баланың құрдастарымен 
қарым- қатынасы оның тұлға ретіндегі дамуына қатты әсер етеді. Баланың қаншалықты 
өзін сабырлы, байсалды ұстауы құрдастарының ортасындағы жағдайға, қарым- қатынас 
стиліне байланысты. Құрдастарымен қарым- қатынас- әлеуметтік қарым- қатынастың 


қатаң мектебі. Осы құрдастарымен қарым- қатынас жоғары эмоционалдық күшті талап 
етеді. 
Баланың құрдастарымен өзара іс- әрекеті- бұл тек қоршаған ортаны бірлесіп 
танудағы мүмкіндік емес, сонымен бірге өзімен қатарлас ұл, қыздармен қарым- қатынас 
жасау мүмкіндігі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларда құрдастарымен қарым- қатынас 
жасауға қажеттілік туады. Мектепалды арнайы тәрбие жағдайларында, яғни бала үнемі 
басқа балаларымен қатар тәрбиеленетін болса, бала қоғамы пайда болады. 
Қарым- қатынас және баланың мектепке дайындығы. Бала мектепке дейінгі 
кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым – қатынас орнатуға 
көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым – қатынас
негізі қалыптасады. Алты жеті жаста бала жауапкершіліктің өнегелі
мәселелерінтүсінуге қабілетті ойында және қарапайым өмірде таныстармен 
құрдастармен қарым – қатынавста жауапкершілік іс - әркетте тәжіребе жинақтайды. 
Алты – жеті жастағы бала жақсы таныс құрдастарымен қарым – қатынаста дұрыс 
қарым – қатына тәсілін таңдайды, өзіндік позициясын жауапкершілік сезінеді. 
Бала ересектің бақылауына және дұрыс бағалауына мұқтаж.Дамудың бірінші этапы
баланың моральдық мінез - құлқының дамуы. Ересек адам баламен сенімді, жағымды
тонда оның өзін дұрыс ұстай алатынын айту керек.
Ересектермен және құрдастармен қарым – қатынасқа түскенде бала мінез – 
құлқының әлеуметтік эталонын меңгеруге мүмкіндік алады.Бала өмірдегі белгілі бір
ситуацияларда өзінің мінез – құлқының моральдық нормаларымен талапқа бағыну
қажеттілігі туады . Сондықтан баланың өнегелік дамуындағы маңызды сәттер - қарым 
– қатынас нормасын, олардың құндылығын түсіну білімі болып табылады. 
Мектепке дейінгі кезеңде бала адамдардың ересектермен және балалармен қарым – 
қатынастағы мінез – құлық жүйелерінің әлеуметтік кеңістікті меңгеруде үлкен жолдан
өтеді. 
2. Ақыл - ойдың дамуы. Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. 
Мектепке дейінгі балалар өз бетінше әрекет етіп , отбасы шеңберінен алшақтап,
құрдастарымен , басқа адамдармен қарым – қатынас жасап қарым – қатынас шеңбері
ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін
меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы–сөйлеу. 
Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым – 
қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу – ойлаудың құралы
психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала
сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді. 
Сөздіктің және сөздің грамматикалық құрлымының дамуы. Мектепке дейінгі
кезеңде сөздік қор дамуы жалғасады. Ерте балалық шақпен салыстырғанда мектепк
дейінгі кезеңдегі баланың сөз қоры 2 -3 есеге ұлғайған. Сөздік қордың дамуы өмір
жағдайларымен тәрбиеге тікелей байланысты индивидуалдық ерекшеліктері айқын
көрінеді. 
Мектепке дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есім емес, етістік, есімдік, сан
есім және біріктіруші сөздер арқылы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде бала ана -
тілінің морфологиялық, септелу мен жіктелудің бір қырларын меңгереді. 
Балада тілдің меңгеру өзінің белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөз
құрауда немесе сөздіктің жаңаруында байқалады. Мектепке барар алдында бала
тілдің синтаксистік және морфологиялық заңдарының біраз бөлігін игереді. Тілдің
мағынасын және дыбысталуынан хабардар болу үшін практикада қолдану керек.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада сөздің мағынасын арнайы оқыту процесінде
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет