Қоршаған ортаға бейімделгенде « мынау не?» деп қана қоймай, « мұнымен не істеуге
болады? » деген қызығушылықтар таныта бастайды.
Қабылдау және әрекет – нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлаудың алғашқы
негізін қалаушы баспалдақ. 1жылдың ішінді бала шеше алатын танымдық әрекеттер,
бастапқыда қабылдау, содан соң ббелсенді әрекет күрделене түседі.(1 кесте)
Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар
болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен
жастықтың барлығын аудара бастайды.
Бірінші жылының соңында бала күрделі ойын әрекетіне ене бастайды. Бұл кейбір
психологтарға Т. Брауэрдің бақылауын келтіруге болады: «
Менің қыздарымның бірі
түннің бір бөлігін кішкентай заттарды менің алақаныма салып, оны көрінбейтіндей
жауып, менің қолымды жаңаң қалыпқ келтіріп, өзінің менің алақаныма салған затының
бар немесе жоқ екендігін тексеру үшін алақанымды қайта ашумен өткізді. Ол шамамен
таңғы төртке дейін мұнымен қызыға айналысты. » тағыда ескерте кетеміз, баланың осы
жас кезеңінде дүниетанымы көрнекі амалдық деңгейде дами бастайды, ал жоспары
кейінірек қалыптасады.
Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикасында ес
- зерденің аса
қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады.
Ерте нәрестелік кезеңде – ақ жаңа әсерлермен бұрынғы бейнелерді байланыстыра
бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ал келесі
күні сол қуыршақты тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен
ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіңе таныс затты таныс емес заттан ажырата алады.
Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8
айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундта кейін оның қайда жатқанын есіне түсіре
алады.
1 жаста барлық балалар, тығып қойған ойыншықты 1-3 секундтан кейін таба алады.
Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында
жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта
жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас обьекті болмаса да қалыптасады.
Нәрестелік кезеңде танымдық үрдістермен қатар эмоциалдық дамуды да бақылау
қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым – қатынас жасауымен
байланысты дамиды.
Алғашқы 3-4 айда балаларда әртүрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады : таң
қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезген алаңдаушылық ( қимылдың көбеюі, жүрек
соғысының жиілеуі,
көзінің жұмылуы, жылау) Бала анасын көрген кезде танып, қуана
бастаған кезде (нәрестелік шақ жас кезеңі ретінде осы кезеңнен басталады), ол басқа да
жаұын адамдарын тани бастайды, 3-4 айдан кейін ол жақын адамдарын көрген кезде
күліп, танымайтын үлкен адамды көргенде жылайды. Егерде танысемесадам өзінің жылы
қатынасын білдіріп, баламен сөйлесіп, оған қарап күлсе, балада оған күліп, қуанады, 7-8
айда таныс емес адамды көрген кездегі алаңдаушылық күшейе түседі. Әсіресе балалар
таныс емес адаммен жеке қалып коюдан қорқады.
Мұндай жағдайда, теріс қарап,
еңбектеп, жаңа көрген адамына көңіл бөлмеуге тырысады, ал кейбіреулері қатты
жылайды.
Шамамен 7 және 11 ай аралығында анасы көрінбей қалған кезде үрей немесе мұңаю
( ол ұзақ уақытқа немесе бір жаққа белгілі бір уақытқа кеткенде), « қалып қою »
қорқынышы пайда болады. Қалып қою қорқынышы өмірінің екінші жылында 15 немесе
18 ай аралығында асқынады, кейінірек біртіндеп әлсірейді.
Анасымен жәнеде басқа адамдармен қарым – қатынас жасай отырып, нәресте бірінші
жылының соңында тек қана эмоциалық қатынасқа түсіп қана қоймай,
сонымен қатар
әрекетке де ұмтыла бастайды. Ол анасының көмегімен оны қызықтырған қандай да бір
затқа, шкаф немесе сөреге, құмыраға, т.б. ұмтылады.
Бала белсенді пайдаланатын ым қимылдары қарым – қатынаты жеңілдетеді, алғысы
келген затты, барғысы келген жерін көрсетеді және т.с.с.
Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы. Нәрестелік кезеңде сөйлеу қабілетінің дамуы
да басталады. Алғашқы жарты жылдықта сөздік есту қалыптасады. Ал баланың өзі
қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны « уілдеу» деп атайды. Екінші жарты
жылдықта көбінесе бала әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар ппйда болады.
Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер
айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды.
Алғашқы сөздердің пайда болуынан бастап, баланың психикалық дамуының жаңа кезеңі
басталады.
Достарыңызбен бөлісу: