Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


Әр жасқа қандай талап қойылады?



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
жасерекшелик сем

Әр жасқа қандай талап қойылады? 
7-10 жас аралығы – қозы жасы. Бұл жастағы балаларға төрт түлік малдың төлдерінің 
ен-таңбасын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған. 
10 жастан 20 жасқа дейін – қой жасы. Ер бала осы жас аралығында қойдың қырық 
қайырымын білу, астық жинаудың (ұрық таңдау, баптау, ору, жию, қамбалау) әдісін, 
бағбандықтың (көшет отырғызу, баптау, бұтау, үзу, сақтау) сияқты амалдарын толық 
меңгеруі тиіс. 
20 жастан 30 жас – жылқы жасы. Бұл жастағыларға ел танып, жер танып, тың жол 
тауып, жаңа бастама көтеріп, жылқының жиырма қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда 
адаспай жол табатын, қауіп-қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да, батыр 
болуы тиіс. 
40 жас – жігіт ағасы, дүр жігіт. Қырыққа келген азаматты елдің тірегі санап, сын 
сағатта иек артқан. 
50 жас – ел ағасы. Кейінгі ұпаққа жөн сілтеп, ақылшы болған. 60 жас – отағасы, 
пайғамбар жасы. 70-80 жас – қарасақал, ақсақал деп құрмет тұтқан. 
Қанша мүшел бар? 
1- мүшел –13 жас (ер жете бастау) 
2- мүшел – 25 жас (жігіттік жас) 
3- мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау) 
4- мүшел – 49 жас (орта жас) 
5- мүшел – 61 жас (орта жас, немере сүю) 
6- мүшел – 73 жас (қарттықтың басы) 
7- мүшел – 85 жас (кәрілік) 
8- мүшел – 97 жас (қалжырау) 
9- мүшел – 109 жас (шөпшек сүю) 
10- мүшел –121 жас (немене сүю) 
 
Мүшел жасқа неге мән береді? 
Қазақ халқы адамның өміріне байланысты ананың құрсағындағы мерзімді есептеп
бірінші мүшелді 13 деп алған. Одан кейін 12 жылды қосып отырып, 25, 37, 49, 61, 73, 85 
деп әрі қарай адам өміріндегі маңызды кезеңдерге бөліп есептеген. 
Алғашқы мүшел –13 жас. Бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі 
кезеңі. Ол кезде ер баланың дауысы өзгеріп, қыз баланың дене бітімі толыса бастайды. 
Он үш – кейбір нәзік балалар үшін қауіпті. Өйткені дәрігерлер баланың бойындағы өзгеріс 
кезеңінде жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деген болжам жасайды. 
Жиырма бес жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене 
құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге 
дейін аман-есен болайын деп ниет етеді. 
Отыз жеті жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен 
мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез. 
Қырық тоғыз жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі 
немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса 
қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі. 


Алпыс бір жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, 
басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі. 
Жетпіс үш жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы 
мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "ай хай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс 
айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез. 
Сексен бес жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала 
құсап ұрсысып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелейтін кезеңі. 
Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет