дамуда орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлі арөылы дәстүрлі түрде түсіндіру бар.
Тұқымқуалаушылықпен түсіндіру ортаның жоғары психикалық функциялардың
дамуындағы рөлін дәлелдей алмады. Ортаның рөлі физикалық
заттардың психикалық
дамуға әсері ретінде түсіндірілді, ал бұл даму психологиясын өзінің зерттеу пәнінен
айырды. Осы мәселені шешу іс әрекет категорясын енгізу үлкен мәнге ие болды.
Д.Б.Эльконин үшін дамудың әлеуметтік ситуациясы, яғни баланың басқа
адамдармен қатынасы психикалық дамуды айқындайды. Бұл ең ортақ ереже. Даму
процесін психологиялық талдау үшін оны нақтылау қажет. Әлеуметтік қатынастар үнемі
іс әркет арқылы көрініс табады. Іс әрекетте субьектінің болмысқа,
оның өмірлік
қажеттіліктернің нысанына қатынасы іске асады.
Кезеңдерге бөлу кезінде психикалық даму талдаудың бірлігі проблемасы, яғни
аталмыш процесті құрылымдауға жәнее жас ерекшелік кезеңдерін жеткізуді негіздеуге
мүмкіндік бередтін психологиялық тұрғыдағы мазмұндық категорияларды бөлу
проблемасы туындайды. Іс әркеттің жетекшң түрі ұғымы аталмыш проблеманы шешу
үшін негіз болып табылады. әр жас кезінлегі юбаланың
өмірі іс әркеттің жетекші
түрлерінің жиынтығынан құралмайды, алайда олардың кейбіреулері алдыңға орынға
шығады да, аталмыш кезеңде тұлғаның дамуында үлкен маңызға ие болады. Іс әркееттің
жетекші түрі балағын психикалық дамуының басты жолын анықтайтын болмасықа,
ақиқатөа деген қатынасын көосетеді. Ал оның алмасыуы психикалық дамуыдың бір
сатысынан екіншісіне өтудің критерийі болып табылады. Жетекші іс әрекет бұл аталмыш
жас кезеңдерінде бала психикасының қалыптасуы үшін айтарлықтай
мәні бар іс әрекет
Д.Б.Эльконин дамудың әр түрлі кезеңдерінде жетекші іс әркеттің заттық мазмұндық жағы
өзгеретіндігіне назар аударады. Д.Б.Эльконин бойынша, ақыл ой дамуы тұлғалық дамумен
бірлікте қарастыруы тиіс. Тек осы жағдайда ғана оқыту мен тәрбиенің арасындағы іс
әркеттің мотивациялық қажеттілік пен операциялық техникалық сфералары арасында
мүмкін болады. Баланың қоғаммен байланысы оқыту және тәрбиемен жанамаланады.
Осыған қарай психикалық дасуды талдау кезінде баланың өзін емес «бала қоғамда»
жүйесін қарасытыру қажет. Бала заттар мен әркет етудің қоғамдық өңдеоген тәсілдерін
меңнереді. Алайда, ол заттарда онымен не істеу керектігі жазылып тұрмайды. Сондықтан
затты меңгеру оның физикалық қасиеттеріне бейімделу жолымен емес,
баланың затпен
өзара әркеттесуінді меңгеретін қоғамдыұ үлгілірді, тәсілдерді ұсынатын ерсектер арқылы
жүреді. Баланың қоғамдағы әлеуметтену процесінің мәні де осында.
Бала ересек адамды әрекеттер тәсілдерін беруші ретінде ғана емес, сондай ақ
қоғамда белгілі бір орын алатын, белгілі бір әлеуметтіу міндеттерді шешетін белгілі бір
әлеуметтік нормаларды ұсынатын адам ретінде қабылдайды. Бала үшін ересек қоғамдық
ісәркетті беруші.
Тұлғаның дамуы мен идеалды формаларды интериоризациялау үшін ересектердің
мінез құлқын бақылау жеткіліксіз. Ол үшін оларды бала өз іс әрекетінде қайта жаңғырту
қажет.
Д.Б.Эльконин бала дамуының әр түрлі кезеңдеріне
сәйкес іс әрекеттің жетекші
түрлерін бөліп көрсетті:
тікелей эсоциялық қатынас
заттық манипулятивті іс-әрекет
ойын
оқу іс-әрекеті
тұлғалық қарым-қатынас
оқу кәсібі іс-әрекет
Әрбір жас кезеңінде іс-әрекеттің не мотивациялық мағыналық сферасының не
операциялық техникалық жағының дамуы үстем болады. Бұл кезде іс әрекеттің қандайда
бір жағының дамуы үстем болуы жетекші іс әрекет түрінің кезектесіп алмасуы кезінде
жүреді. Мысалы, тікелей эмоциялық қарым қатынастың қалыптасуы кезінде мотивциялық
мағыналық сфераның заттық манипулятивті іс әрекетте операциялық техникалық
жағының дамуы басым болады. Даму бала іс әркетінің
операциялық техникалық аясы
деңгейінің мотивациялық жағының деңгейіне сәйкес келуі арқылы жүреді, ал бұл жас
дағдарыстарының пайда болуына негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: