Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет19/40
Дата09.10.2023
өлшемі449.03 Kb.
#480164
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Психология пәні семинар жинағы

Сабақ мақсаты: Ойлаудың жалпы сипаттамасынан мағлұмат беру.


Ойлау - заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасын-дағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Адамның ойлау әрекеті барлық уақыттта сұрақтың пайда болуы-нан басталады. Адамның ойлау әрекеті мына кезеңдер арқылы өтеді:
1.Сұрақ, есеп, проблеманың тууы;
2.болжамдау;
3.болжамды анализдеу;
4.таңдалып алынған болжамның ақиқат екенін тексеру.
Ойлау операциялары:
-анализ, синтез, салыстыру, нақтылау, жалпылау, абстракциялау.
Ойлау формалары:
-ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ой қорытындысы былайша бөлінеді: дедукция, индукция, аналогия.
Ойлау түрлері:
-көрнекті –амалды; нақтылы – бейнелі; абстракциялық-логикалық.
Ақыл сапалары:
-ақылдың кеңдігі, ақылдың жылдамдығы, ақылдың дербестігі, ақылдың икемділігі, ақылдың тереңдігі.
Ойлау-қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі, тек ғана адамға тән ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс.
Заттардың көптеген қасиеттерін адамдар сезім органдарының, яғни, көру, есту, сипап сезу, дәм және басқа сезімдердің көмегімен танып біледі. Бірақ елестетіп көрелікші, егер біздің дүние туралы барлық білімдеріміз тек заттарды түйсінумен және қабылдаумен тамамдалса, не болар еді, онда біз атомның құрылысын білмеген болар едік, себебі ол өте нәзік және біздің көзімізге көрінбейді, біздің құлағымыз естімейтін ультрадыбыстардың барлығы туралы білмеген болар едік, жерден күнге дейінгі қашықтықты (аралықты), жұлдыздардың температурасын және көптеген табиғаттың сырын білмеген болар едік.
Бірақ бізге атомның құрылысы да, ультрадыбыстардың қасиеттері де, жұлдыздардың температурасы да және т.б. біздің қолымыз жетпейді, оларды біздің көзіміз көрмейді, құлағымыз естімейді. Демек, сезім органдарымен қатар бізге тікелей түйсіну мен қабылдауға мүмкін болмайтын салаларды ашып беретін танымның ерекше тәсілі бар. Бұл тәсіл-ойлау.
Ойлаудың қандай ерекшеліктері сезім органдары арқылы мүмкін болмайтын салаларды тануға бізге мүмкіншілік береді? Осындай мысалды ғылым тарихынан қарастыратын болсақ: француз астрономы Леверье Уран планетасының қозғалысындағы ауытқуды бақылай келіп, оның себебін іздейді. Аспан денелерінің қозғалысы туралы мәліметерді салыстыра және талдай келіп, ол Уран планетасының артында тағы да планета өмір сүреді деген қорытындыға келді, сол кезге дейін белгісіз планетаның тартылыс күші Уранның қозғалысындағы ауытқушылықтың себебі болып табылатындығын дәлелдейді. Ол математикалық есептеулердің көмегімен бұл планетаның орналасқан орнын дәл көрсетіп берді, оны телескоппен бақылау мүмкін болмады. Леверьенің математикалық есептеулеріне негіздей отырып, басқа ғалым Галле 1846 жылы телескоптың көмегімен көрсетілген орнында Нептун деп аталатын жаңа планетаны тапты. Бұрынғы бақылауларда алынған мәліметтерді өңдеу негізінде астрономның ойлау іс-әрекеті аңғарылады, ол ой қорытындысы жолымен планетаның болғандығы туралы қорытындысы жасады. Әрбір адам өзінің күнделікті өмірінде, еңбек іс-әрекетінде өзінің бақылауларынан қорытынды жасау қажеттіліктерімен кездеседі. Жұмысшы моторлар мен механизмдердің үйреншікті дыбысының бұзылуы бойынша станоктың оған көрінбейтін ақауы туралы біледі және оны жөндеуге уақытында тоқтатады. Физик-ғалым ерекше пленкада қалдырылған іздер бойынша элементарлық бөлшектердің болғандығы туралы қорытынды жасайды.
Ойлау барлық жерде қажет, онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын заттардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз.
Ойлау – бұл ерекше дәл, терең, толық және жалпы жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып-білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі мәні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады.
Мысалы, бізге белгілі, егер жарық сәулелерін шыны призма арқылы жіберсе, онда бұл сәуле спектордың жеті түсіне бөлінеді, оларды біз қабылдаймыз (көзбен көреміз). Физикадан бұл сәулелерден, басқа да сәулелердің бары бізге белгілі, бұл сәулелер инфрақызыл және ультракүлгін деп аталады. Бұл сәулелерді сезім органдарымыз арқылы көре алмаймыз, қабылдау мүмкін емес. Олардың табиғаты ойлаудың көмегімен ашылған.
Дүниеде көптеген құбылыстар кездеседі, біз оларды қабылдай, елестете алмаймыз, ал олар туралы ойлауға болады. Мысалы, елестету арқылы 1 секундына 300.000 км жылдамдықпен болатын қозғалысты білуге болмайды, ал ойлау арқылы біле аламыз (бұл жарықтың жылдамдығы). Осындай жылдамдықты сезім органдарымыз арқылы ажырату мүмкін емес, тек ойлау арқылы мүмкін.
Сонымен, ойлау деп қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтады.
Ойлау таным үрдісінде ерекше рөл атқарады. Ойлау танымның шекарасын кеңіте түседі, түйсіктермен қабылдаудың тәжірибесінің сыртқа шығуына мүмкіншілік береді.
Ойлау үрдісінің мәні, оның құдыретті күші туралы заманымыздың ұлы жазушысы-гуманисі Шыңғыс Айтматов былай деп жазды:
«Кез-келген жағдайлардағы адамның қуатты құралы – оның ақыл-парасаты. Дүниені шексіз тануда, болмысты өзгертіп, адамның шексіз қажеттеріне бейімдеуді ақыл-парасат құдыретті де сарқылмас мол. Ақыл-ойдың шығармашылық байлығын Күннің ғана энергетикалық байлығымен теңестіруге болатын шығар деп ойлаймын».
Ойлау жоғарғы таным үрдісі болып табылады. Ойлау әруақытта да қандай да болсын міндеттерді шешуге бағытталған.
Ойлау үрдісінің физиологиялық негізіне бас ми үлкен жартшыларының қыртысының күрделі анализдік-синтездік қызметі жатады.
Бас ми қыртысында сыртқы, ішкі тітіркендіргіштерді анализдеу және синтездеу нәтижесінде уақытша жүйелік байланыстар немесе ассоциациялар ұйымдасады, олар ойлау үрдісінің физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойлау үрдісіне негізіне екі түрлі уақытша жүйкелік байланыстар жатады: бірінші және екінші сигналдар жүйелері. Бірінші сигнал жүйесі тітіркендіргіштерінің әсерімен пайда болатын уақытша байланыстар тікелей біздің түйсінулерімізбен, қабылдауларымызбен және қоршаған дүние туралы елестетулерімізбен байланысты. Бірақ ойлау тек бірінші сигнал жүйесіне негізделіп қоймайды, сонымен қатар негізінен екінші сигнал жүйесінің уақытша байланыстарына негізделеді. Екінші сигналдық жүйкелік байланыстар сөздің көмегімен заттардың арасындағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Себебі сөздер «сигналдардың сигналы» ретінде жалпылама тітіркендіргіштер болып табылады. Бірінші және екінші сигналдар жүйесінің өзара әрекетінде жетекші рөлді екінші сигнал жүйесі атқарады.
Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланыста. Ой тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, өмір мүруі мүмкін емес. Біз сөзбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, демек, ойлау сөйлеу түрінде іске асады.
Тіл-бұл сөздік белгілердің жүйесі, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы. Сөйлеу-адамдардың қатынас жасау мақсатында тілді пайдалану үрдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет