Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


Неліктен оқу процесінде оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану керек?



бет14/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Неліктен оқу процесінде оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану керек?
Бүгінгі күннің басты ерекшеліктері
1. Динамика - қазіргі әлем дамуының негізгі ерекшелігі
- Күні кеше әлемдік экономика және саясат тұрақты (статикалық тұрғыда) әрі болжауға тұрарлықтай дамыған.
- Бүгінгі күннің негізгі ерекшелігі – динамика, яғни өзгерістер, тұрақсыздық, белгісіздік және болжаусыздық.
2. Ақпараттың мейлінше өсуі
- Бүгінде ақпараттың жетіспеушілігі емес, керісінше, оның адам миының мүмкіншіліктерінен шамадан тыс көптігі проблема болып табылады.
- Әр салада ақпарат әрбір 4 жылда ескіріп отырады.
- Әр салада ақпарат әрбір 4 жылда екі есе ұлғайып отырады.
- Дамудың мұндай қарқыны сақталатын болса, онда, ғалымдардың пікірі бойынша, жақын болашақта ақпарат әрбір 76 күнде екі еселенетін болады.
3. Ақпараттық коммуникациялардың жаңа формалары
- Коммуникациялық жылдам құралдардың дамуы (Интернет, ұялы байланыс және т.б.).
- Интернет арқылы сауда жасау және оқу.
- Жоғарғы технологиялар (hi tech).
4. Постиндустриалды заман экономикасының ерекшеліктері
- Экономикалық шекаралар жойылған әлем (жаһандану).
- Әлем деңгейінде еңбек бөлу процесінің дамуы.
- Барлық жұмыс жасаушылардың тек 15% тауар өндіру саласында қамтылған болса, қызмет көрсету саласында 85% жұмыс жасайды.
- Кәсіптер үйреншікті қасиеттерінен айрылып, басқа кәсіптердің ерекшеліктерін иемденуде.
- Кәсіптер әр 4 жылда 25%-ке өзгеріп отырады.
5. Әлеуметтік ерекшеліктер
- Адам қоғамының қызмет көрсету қоғамына айналу.
- Адамдардың бос уақытының ұлғаюы және демалу мәдениетінің дамуы.
- Гендерлік саясат (әйелдер рөлінің өсуі).
- Қоғамдағы тұлға рөлінің өсуі.
6. Интеллектуалдық өзгерістер
- Адам миының мүмкіншіліктерін бұрынғыдан тиімді пайдалану.
- «Өзің жасап ал!» идеясының кең етек алуы.
- Тұлғаны бағалауда интеллектуалды коэффициенттен (IQ) эмоционалды коэффициентке (EQ) көшу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет