Пәннің міндеттері: - білім беру сапасы мен тестілеудің мәнін ұғыну;
білім беру сапасын басқару іс-әрекетінің әдістері мен алгоритмі жайлы білік алу; өлшемдік іс-әрекет дағдыларын игеру.
Курс бойынша оқытудың нәтижелері Құзырет: - Жалпы құзырет:
құралдық: білім беру сапасын басқару ерекшеліктері мен оның құқықтық-нормативті қамтамасыз етілуі туралы білік игеру мақсатында білім алу маршрутын өз бетінше құрастыру; білім беру спасын бағалау іс-әрекетін жоспарлау және өлшемдік материалдар дайындау саласындағы мәселелер бойынша әдебиетпен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын игеру;
тұлғааралық: білім берудегі тестілеу іс-әрекеттің нормалары мен ережелерін орындау үшін магистрантқа қажетті квалиметриялық дағдылардың жоғары деңгейде болуы; өзіндік тұлғалық ұстанымын белгілеуге және оқу-таным барысында туындайтын мәселелерді өз бетінше шешуге қажетті өзіндік білімдену біліктерін игеру;
жүйелік: білім берудегі іс-әрекеттің ұлттық білім беру жүйесінің модернизациялау сұрақтарымен ара байланысы жайлы түсінікті игеру; білім беру жүйелердін жемістілігінің көрсеткіштерін білу; өз бетінше зерттеу ізнес пен тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу дағдаларын игеру;
- Пәндік құзырет: білім берудегі өлшемдік-бағалушылық іс-әрекетті ұйымдастыру негіздерін білу; білім беру ұйымдарының даму стратегиясын жасау және инновациялық жобаларды енгізу барысында бағалау әдістерін құрастыруға икемдену; өлшемдік-бағалушылық әрекетті ұйымдастыру дағдыларының болуы.