Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттылығының мәні
Әдетте бұл түсінік инновациялық үрдіс әрекет субъектілерінің – зерттеушілердің, жазылымдарды даярлаушылардың, техниканы басқарушы мамандардың, инновацияның таралуына және құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың әрекет жиынтығын білдіреді. Инновациялық үрдістегі ұжымдық әрекет туралы сөз болғандықтан, бұндай анықтама дәлме-дәл келеді. Біз жеке субъект деңгейіне келсек – онда инновациялық үрдістің жеке алынған субъектісінің әрекетін қарастырамыз. Бұл жағдайда инновациялық әрекеттің объектісі бұдан бұрын қалыптасқан және осы уақытта оның тәсілдері, құралдары адамдардың осы қауымдастығы үшін біркелкілік репродуктивті сипатқа ие әрекеттің басқа түрлері болып табылады.
Педагогикалық әрекеттің инновациялық бағыттарын не дамытады?
Бұл сұраққа жауап ретінде ең бірінші болып, әрине, қоғамда пайда болатын және Конституция мен « Білім туралы» заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеуметтік – экономикалық жаңартулардың пайда болулары әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы білім беру мазмұнына гуманитарландыруға, оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу сабақтарын енгізуге, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдауына қатынасын өзгертуінде.Мектеп тәжірибесінде мынандай мектепті жаңарту жолдары бар:
жеке тәжірибенің дамуы;
басқалар жасаған тәжірибені алу;
ғылыми жазылымдарды меңгеру;
қателер мен сынақтар әдісі;
эксперимент.
Инновациялық әрекет кезеңдері. Инновация идеяның пайда болу кезінен бастап тәжірибеге еңгенге дейін бірнеше кезеңдерден өтеді: білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу туралы негізделген ұсыныс, әлгі әдістеменің кең қолданылуы, толық игерілуі. Бұл жерде үрдіс аяқталмайды. Инновацияның жасалуы және дамуы мәселелерді шешуге керек жаңа қағидаларға жеткенше жүргізіледі.
Осындай ыңғай ұсынылған идеялар мен ұсыныстардың дамуын сақтауға, тәжірибелік әсерін талдауға, жаңалықтар енгізу көлемін сақтауға жағдай жасайды. Жұмыстың жаңа формаларын игеру үшін белгілі бір уақыт, соған сәйкес жабдықтау, мұғалімдерді дайындау, жаңаша жағдайларда ұжымдардың жұмысқа дайындаулары қажет.
Әр түрлі жағдайларда жаңалықтарды қолдану сипаты мұғалімдердің мамандық деңгейіне, мектеп оқушыларының қабылдау дәрежесіне, өмір сүру салтына байланысты. Психологиялық және педагогикалық мақсаттың бірегейлігі идеяларды іске асыру үшін әртүрлі әдістер мен қосымша зерттеулерді талап етеді. Осы жаңалықтарды нақты ортада қолдану қажет, ұжымдық құрылымның белгілі бір енжарлығына төтеп беру керек. Әсіресе, адамдар арасындағы қатынастарға қатысты инновацияны іске асыру қиын. Қарсылық білдіріледі, болатын өзгерістерді барынша азайтуға ұмтылыс байқалады. Әсіресе, ғылымды және білім беруді басқарудың қалыптасқан жүйесіне жаңалық енгізу оңай шаруа емес. Оқу-тәрбие үрдісінің кейбір жақтарын жетілдіргісі, ескі әдістер мен тәсілдері айырбастағысы келетіндерге баршама табыстарға жету мүмкіндіктері бар.
Айтып келетін бір жайт, инновация мұғалімдер мамандығы деңгейіне тәуелсіз болғанда, жағымды нәтиже бермеген. Үнемі оң нәтижелер беретін тексерілген тәжірибені тез арада жаңаға айырбастайсалмай, сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |