Семинар сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік



бет2/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#135943
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.

  3. «Әкімшілік процедулар туралы»

  4. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  5. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  6. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 2

ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР МЕН ҚАТЫНАСТАР

Мақсаты: Әкімшілік құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеу саласында алатын рөлін ашып түсіндіру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік - құқықтық нормалар түсінігі, ұғымы.

  2. Әкімшілік – құқықтық нормалардың түрлері.

  3. Әкімшілік – құқықтық қатынастар түсінігі, мазмұны.

1.Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе қалыптасады. «Әкімшілік норма» түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:

  1. заңды ережелермен басқару.

  2. жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы
    басқару.

Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді». (3-бап, 1 ,2 -тармақ). Әдебиетте «билік»түсінігінің мәні — құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікгі белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас организм (жүйе) деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:

  1. субъектілердің құқықтары мен кепілдерін құқық көмегімен
    бекіту мен дамытуды талап ету;

  2. цивильді нысандадаулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттык реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту).

Әкімшілік-құқыктық нормалар дегеніміз - міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданған, ( яғни, атқарушы және заңды) атқарушы билік сферасында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.

2.Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері. Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.

Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критериялар мыналар:

а) мазмұны;

б) субъектілердің мінез-құқына әсер ететін әдістер;

в) белгілі бір мақсатты тағайындау;

г) белгілі бір ортада қолданылуы;

д) занды күші;

е) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер


тобына қолданылуы).Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

  1. материалдық (қаржылық) нормалар

  2. процессуалды болып екіге бөлінеді.

Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).

Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материаддық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативтік актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін занды түрде жүзеге асырады;

б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

в) іске асыру, яғни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабыддануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортага, яғни сфераға байланысты және т.б. Субъектілердің мінез-қүлқына әсер ететін әдістер:



  1. міндеттеуші (обьязывающие);

  2. тыйым салушы (запрещающие);

  3. уәкілдік беруші (уполномочивающие) әкімшілік-құқыкггык нормалар болып бөлінеді.

1. Міндеттуші әкімшілік-құқықтық нормалар -тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын (жалоба) белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171 -бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.

2. Тыйым салушы әкімшілік-құқықтық нормалар - норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.

Тыйым салудың екі түрі бар:

а) жәй тыйым салу;

б) арнайы тыйым салу.

Жәй тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.

Арнайы шектеу дегеніміз- Қазақстан Республикасы Президенті заңының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен қаржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.

3. Уәкілдік беруші (уполномочивающие) нормалар — субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек. Мысалы: «Қазакстан Республикасының банктері мен банк жүйесі» туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген: Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі II дәрежедегі әкономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:

а) міндеттеуші хатты талап етеді;

б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;

в) ескерту, сөгіс береді;

г) жазбаша түрде береді;

Қолданылу шегіне байланысты:

а) жалпы міндетті;

б) ішкі жүйелік.

а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік- құқықтық қатынасқа


түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.

б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы билікгің талап


етуіне байланысты қолданылуы.

Мекен-жайға байланысты (по адресату): белгілі бір ұйым іс атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін (статусын) белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.

Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар -бұл конституцияда бекітілген белгілі бір кағидалар мен ережелердің жиынтыгы. Ал әкімшілік- құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдык қатынастар. Бүл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп баскарып отырады.

3.Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны.Әкімшілік-құқықтық қатынастар - әкімшілік-құкықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды. Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкессіздік азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге, жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң алдында тең. Әкімшілік- құқықтық қатынастардың мақсаты тұракгц заңмен карастырылған катынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастар барысында субъектілердің әр түрлі мүделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Әкімшілік-кұқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін ерікгі түрде орындауға бағытталған. Басқару органы өзінің биліктік өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының ,бірі кұқық бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа тартылады. Ал бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайды және ол ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-кұқықтық.Іс қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше өзгерту мүмкіндігі шектелген.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың құрылымы және түрлері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай кұқықтармен міндеттерге ие тұлға.. Құқықтық қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.

Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау барысында тараптардың кұқықтары мен міндеттері жүзеге асады. Заңдык мазмұн бұл субъективтік кұқықгар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-кұқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық қатынастарға негізделген. Заңдық фактілер -тараптар арасында нақты кұқықтық қатынас тудыратын нормамен бекітілген жағдай. Әрекет-субъектінің өз еркін білдіру актісі, ол өз кезегінде заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғаның әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жаткызуға болады. Әкімшілік- кұқықтық қатынастар зандық сипаты бойынша тік (вертикапьный) және көлбеу (гаризонтальный) болып бөлінеді. Тік әкімшілік кұқықтық қатынастар әкімшілік кұқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъектілер мен объектілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу кұқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны тәжірибеден белгілі.

Қорытындылай келе, жалпы қоғамда әкімшілік нормалар мен қатынастар болмай, қоғамның дамуы мүмкін емес сиякты, өйткені әкімшіліқ кұқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік кұқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттілікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар әкімшілік құқыктың субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, кұқықтық қатынастарды тұрақтандырады.



Талқылау сұрақтары:

  1. Әкімшілік құқықтық нормаларға жалпы сипаттама беріңіз?

  2. Әкімшілік құқықтық нормаларды атаңыз?

  3. Әкімшілік құқықтық нормалардың жіктелуі тәртібі қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 3

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫН ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Мақсаты: Әкімшілік құқықтың қайнар көздері туралы толық мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық кайнар көздер түсінігі.

  2. Әкімшілік құқық қайнар көздер түрлері.


1. Әкімшілік құқықтын қайнар көздері - әкімшілік құқық субьектілерімен атқару-билік жүргізу қызметі аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі.

Әкімшілік құқық қайнар көздер терминінің негізгі түсінігі заңды түрде басқарушы субъектілерге қарым-қатынас тәртібін бекіту. Қайнар көз ретінде саналу үшін, әр форма бірнеше факторларға, белгілерге ие болуы керек, сонымен қатар «әкімшілік құқық қайнар көздері» терминінде мемлекеттік билік қабылдап, бекіткен басқару субъектілерін іске асыру тәртіптері жатады.

Заң әдебиетінде көптеген авторлар әкімшілік құқығының қайнар көздері ретінде негізгі 6 нысанын атап өтеді, олар:


  1. нормативті актілер.

  2. құқықтық салт-дәстүр.

  3. сот прецеденті.

  4. шарт (соның ішінде тек әкімшілік шарттар).

  5. сот тәжірибесін жалпылау.

  6. ғылыми құқықтық доктрина.

1. Нормативтік құқықтық актілер - референдумда қабылданған уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша тоқтататұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік акт - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы

Құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануга арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық түлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.

2. Құқықтық салт-дәстүр деп қоғамдағы мемлекеттік билікке тәуелсіз пайда болған тәртіптер жиынтығын айтуымызға болады, сонымен қатар оның мемлекет пен құқықтың даму тарихында алатын орны ерекше. Бүгінгі күні ол қайтадан кеңінен тарауда. 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабыдданған Қазакстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3- бабында азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде салт-дәстүр танылады деп көрсетілген.

3. Сот прецеденті деп - белгілі бір іс бойынша сот қабылдаған шешімнің тура сондай істерге қолданылуын айтуымызға болады. Сот прецеденті әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксон жүйесінде кеңінен қолданылады. Құқықтың аталған қайнар көзі Қазакстан құқық жүйесіне тән емес.

4. Шарт - екі немесе одан да көп субъектілердің арасындағы келісім, кұрамы мінез-кұлық ережелерінен тұрады және тек қана осы субъектілер үшін ғана міндетті. Шарт құқықтың қайнар көздерінің барлық талаптарына сай келеді.

5. Сот тәжірибесін жалпыпау немесе талдап қорыту -бүл бірдей және көптеген нормалардың қатынасының нәтижесінде шығатын нақты істі шешу барысында пайда болған құқықтық жағдай, Соттық тәжірибені жалпылау егер Республиканың Жоғары Сотының Нормативтік Қаулысымен қаралса құқықтың өзіндік қайнар көзі болып табылады, сонымен қатар, құқық қабылдау және құқық шығармашылық кызметінде зор рөл атқарады.

6. Ғылыми құқықтық доктрина - құқық және құқық ғылымы саласындағы пайда болған қағидалар мен көзқарастар жүйесі. Құқықтық доктринаның негізгі жағдайларымен байла байланысты мыналар іске асады:

- құқықтық әрекет;

- құқықтық нормаларды қолдану процесінде заң баптарый талқылау; - құқықтағы кемшіліктерді толықтыру.

Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтық қайнар көзі функциясын атқарады, алайда оны бірқатар жағдайларға байланысты әкімшілік құқықтың қайнар көзі қатарына жатқызуға да болмайды. Біріншіден, ғылыми доктринада нақты іс-әрекет тәртібіне сілтеме табу қиын, бул оны күнделікті әрекетте қолдануды қиындатады. Екіншіден, ғылыми доктрина мемлекеттік билікпен арнайы қайнар көзі ретінде қабылданбайды, сондықтан оның шығарған шешімдерінің негізгі арнайы құқықтың қайнар көзіне сілтемесіз занды күші болмайды.



2. Әкімшілік қүқықтың қайнар көздері негізінен 2 топқа бөлінеді:

1. нормативтік актілер;

2. әкімшілік келісімдер.

Нормативтік актілер негізінен Конституциядан, Мәжілістің және Сенаттың зандарынан, актілерінен; Президент актілерінен; Үкімет қаулысынан; Жоғарғы Кеңес және Жоғарғы Сот қаулыларынан, атқарушы органдар қаулыларынан тұрады.

Ал әкімшілік келісім - Мемлекетаралық; Үкіметаралық; ведомствааралық; аумақаралық (регион) келісімдерден тұрады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы қабылданған болатын. Конституция әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің ішінде үлкен орын алады. Конституция құқық негізін құрайды, сонымен қатар барлық әкімшілік құқық әлементтерінің бағынуын қадағалайды.

Президент, парламент актілері негізінен Конституцияға сүйеніп қабылданады. Осыдан басқа әкімшілік құқық қайнар көздеріне тағы да ведомствалардың, министрліктердің қаулылары да жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабына сәйкес бүкіл Республика территориясында орындалуға тиісті Үкіметтің қаулылары да әкімшілік құқықтың қайнар көзі болып саналады.

Талқылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне не жатады?

  2. Әкімшілік құқықтық нормалар мен қайнар көздерінің ара қатынасы қандай?

  3. Әкімшілік құқықтық қайнар көздерінің түрлерін атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 4

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Мақсаты: Әкімшілік құқықтың субъектілері туралы толық мағлұмат беру.Олардың әкімшілік құқықтық қатынастарға түсу тәртібін түсіндіру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқық субъектілері туралы жалпы мағлұмат.

  2. Жеке әкімшілік – құқықтық субъектілері.


1.Әкімшілік-құқықтық субъектілерге тоқталмас бұрын, ең алдымен «әкімшілік құқық субъектісі» ұғымына түсінік беру керек. Әкімшілік құқықтың субъектісі болып азаматтар, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктер мен олардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар және еңбек ұжымдары саналады.

Әкімшілік құқық субъектілері мынадай 3 шарт бойынша ғана әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады:

- субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқық нормалары;

- субьектілердің құқықтық және әрекет ету қабілеттілігінің болуы;

- құқықтық қатынастардың өзгеруі мен тоқтатылу негіздерінің қалыптасуы.

Әкімшілік-құқықтық субъектілер жеке және ұжымдық болып 2-ге бөлінеді. Жеке субъектілерге азаматтардың және Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілік құқықтық әрекеттері мен құқықтары жатады. Ал ұжымдық субъектілерге Қазақстан республикасының Үкіметі, Министрліктер, Мемлекетттік комитеттер және ведомствалар, сондай-ақ жергілікті органдар мен ұйымдар жатады. Жеке әкімшілік құқықтың субъектісін қарастыратын болсақ, ол ең алдымен азаматтың құқықтық мәртебесінен басталады.

Сондықтан ең алдымен «азамат» деген түсінікті анықтап алу қажет. Заң әдебиеттерінде ол біріншіден, адамның қандай да бір мемлекетпен саяси-құқықтық қатынастарын анықтайды. Екіншіден, азамат деп кейбір құқықтын, саласында белгілі бір салада нақты құқықтарға ие жеке тұлғаны атайды. Әкімшілік құқықта «азамат» деген ұғымға осындай түсінік беріледі. Сонымен бірге конституциялық-құқықтық анықтама бойынша азаматтығы жоқ және шетел азаматтары да әкімшілік құқықтың субъектісі болып табылады. Заң ғылымы мен әдебиеттерде де азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне, азаматтар мен мемлекеттік басқару органдары арасындағы қарым-қатынастар туралы мәселелерге де көп көңіл бөлінеді. Бүл мәселелер қазіргі Қазакстанның даму кезеңінде елеулі мәнге ие болып отыр.

Кез келген азамат өзінің, өмір сүру барысында басқа мемлекеттік органдарға қарағанда мемлекеттің басқару органдарымен көбірек қақтығысады. Олардың қарым-қатынастарынан көптеген конституциялық және басқада қүқықтар туындайды,сонымен қатар, әкімшілік - құқықтық нормалар азаматтар мен мемлекет арасында қалыптасып келе жатқан қатынастарды реттейді; азаматтардың негізгі құқықтық мәртебелерін, олардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын дамытып, бақылайды, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын ұйымдастыру механизмін қалыптастырады. Мысалы, тіпті адамның өмір сүру құқығы әкімшілік-құқықтық нормалар мен актілерде белгіленген. Азаматтың өмірге келгеннен бастап, дүниеден өткенге, тіпті өлімді анықтаудың өзі актілермен жузеге асырылады. Сонымен бірге азаматтың білім алуы білім туралы заң және басқа да актілермен бекітіліп, бірқатар әкімшілік-құқықтық нормалармен негізделген. Сондай-ақ, әкімшілік құқық, тек мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады.

Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі жаппы құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылады және оның төмендегідей әлементтері бар:


  1. әкімшілік құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі;

  2. мемлекеттік басқару саласындағы қүқық пен міндеттер;

  3. азаматтардың бостандығы мен құқығының әкімшілік- құқықтық кепілдігі.

Әкімшілік құқықтың субъектісі болу үшін азаматтар әкімшілік құқық кабілеттілігіне және мемлекетті басқару саласында қүқықтар мен міндеттерге ие болу керек. Жалпы азаматтарда әкімшілік әрекет қабілеттілігі басқа құқықтықсалаларға қарағанда ерте қалыптасады. Мысалы, мектеп оқушылары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар қолдануды әкімшіліктен талап ете алады, мысалы, жастар ісі жөнінде мемлекеттік органдарға үндеу жариялау сияқты.

Толыққанды әкімшілік әрекет қабілеттілігі 18 жастан ғана басталады. Әкімшілік құқық және әрекет кабілеттілігі тек жас мөлшеріне ғана емес, сондай-ақ денсаулыққа, тұрғылықты жеріне, біліміне және басқа да факторларға негізделіп қалыптасады. Кейбір факторлар әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілігін толығымен немесе жартылай шектеуі мүмкін. Мәселен, психикалық аурулар мен мүгедектер транспорт жүргізу құқықтарынан айырылады, соттық жауапкершілікке тартылған және арнайы білімі жоқ азаматтар мемлекеттік аппаратта лауазымды міндет атқару құқығын жоғалтады.

Кез келген құқық субъектісінің және азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің басты әлементі болып, мемлекеттік басқару саласындағы құкық пен міндеттер саналады. Оларды бірнеше себептерге байланысты жіктеуге (классификациялауға) болады. Әкімшілік-құқықтық мәртебе азаматтың конституциялық мәртебесімен тығыз байланысты болғандықтан конституцияға қатысты құқықты бөліп көрсетуге болады. Оған мемлекеттік істерді басқаруға қатысу, мемлекеттік қызмет атқару қүқығы, лауазымды тұлгалар мен мемлекеттік органдардың Іс-әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағымдану құқығы жатады. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығын әкімшілік құқық мәртебесінің әлементі ретінде қарастыруға болады. Бүл құқықтар мемлекеттік басқару органының қатысуынсыз және әкімшілік-құқыктық қатынастарынсыз жүзеге аспайды. Мемлекеттік басқару сапасындағы басқа құқықтар конституциялық құқықты дамытады.

- денсаулықты қорғау конституциялык құқығы, бүл құқық дәрігерлік (медициналық)-санитарлық, медициналық-әлеуметтік көмек, дәрі-дәрмектік, ортопедиялық және протездік көмекпен қамтамасыз ету, сауықтыру мекемелерін қолдану және өзінің денсаулығы жайлы ақпарат алу сияқты азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылатын құқықтармен нақтыланады.

- бұқаралық ақпараттар құралдарын тіркеу құқығы. Бұл құқық сөз бостандығына, өз ойын еркін жеткізуге және ақпарат таратуға негізделген. Әр конституциялық құқық әкімшілік занда көрініс табады, яғни бұл құқықтардың дамуы, азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне кіретін басқа құқықтармен қамтамасыз етіледі. Конституциялық және соған қатысты құқықтардан басқа, мемлекеттік басқару саласында азаматтар көптеген өзге құқықтарға ие. Бұл құқықтар әр түрлі құқықтық актілермен бекітіледі. Оған мыналар жатады: қару алу, әр түрлі тауарлар сатып алуға, сондай-ақ басқа кызметтерді пайдалануға; некеге тұруға, мемлекеттік басқару органдарына арыздануға, транспорт жүргізуге, тегін, аты-жөнін және әкесінің атын өзгертуге құқықтары бар.

Әкімшілік-құқықтық мәртебесінің құқықтарымен бірге азаматтардың міндеттері де елеулі роль атқарады. Құқықтың кез келген саласында азаматтың, негізгі құқықтық мәртебесін, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтау, басқа тұлғалардың құқығын, бостандығын, ар-намысын құрметтеу міндет болып табылады. Осы басты міндеттерден, басқа қосалқы міндеттер қалыптасады. Олар құқықтық актілерде бекітіліп, адамдардың әр түрлі өмір сүру әрекеттеріне қатысты болады. Әкімшілік-құқықтық нормалар көптеген азаматтардың мінез-құлық ережелері мен міндеттерін бекітеді. Мысалы, жол жүру ережелері мен қоғамдық транспортты пайдалану; керекті жағдайда міндетті түрде медициналық тексеру мен емделуден өту; транспорттық көліктерді тіркеу және кейбір іс-әрекет түрлерімен айналысуға рұқсат алу.

Сондай-ақ азаматтық құқықта азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің жалпы және арнайы түрлерін ажырата білу қажет. Біріншіден, жалпы әкімшілік-құқықтық мәртебеге жас мөлшері, денсаулығы, айналысатын кәсібі, тұрғылықты жері және басқа факторлардың ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтар ие болады. Ол ең алдымен азаматтың конституциялық мәртебесімен байланысты. Бірақ әр адам өз өмірінде әр салада қызмет атқарып, әр түрлі жағдайлардан өтеді. Бұл азаматтардың арнайы құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады. Арнайы әкімшілік-құқықтық мәртебеге мемлекеттік басқару саласындағы, мемлекеттік жоғарғы оқу орны студенттері, әкологиялық аймақта тұратын тұлғалар, мүгедектер, жеке кәсіпкерлер және қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар ие болып, олардың арнайы құқықтары мен міндеттері қалыптасады. Сондықтан әкімшілік құқықта және басқа салаларда арнайы субьектілер және олардың арнайы әкімшілік құқықтық мәртебесі бөлініп көрсетіледі.

Әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлементі болып табылатын азаматтың құқықтары мен міндеттері заңды құқықтық фактілерге түскен азаматтармен мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастары арқылы қалыптасады. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық мәртебесінің келесі әлементі - азаматтардың бостандығы мен құқықтарының әкімшілік-құқықтық кепілдігі болып саналады. Белгілі бір шарттар мен құралдар құқықтық субъектілердің құқығын қорғауды ұйымдастыруға берілген кепілдік деп түсіндіріледі әкімшілік-құқықтық кепілдік азаматтардың құқығын тек мемлекеттік басқару саласында ғана емес, сондай-ақ басқа да коғамдық өмірде де корғайды. Азаматтардың конституциялық, еңбек, жер және басқа да құқықтарын қорғайды. Көптеген елдерде соттан тыс азаматтардың құқығының сақталуын бақылайтын органдар бар: Мысалы, Скандинавия және басқа да бірқатар мемлекеттерде -Омбудсмендер; Францияда- Мемлекетгік Кеңес; адамдардың құқығы туралы өкілеттілік Польша мен Ресей мемлекеттерінде, ал адамдардың құқығы мәселерімен айналысатын, осындай Республикалық Комиссия Қазақстанда да құрылды. Азаматтардың өздерінің қызығушылықтарын, бостандықтары мен құқықтарын қорғаудың тәсілі - шағым түсіру құқығы болып табылады. Шағымданудың екі түрі бар: әкімшілік және соттық. Жалпы әкімшілік шағымдану құқығы 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған «азаматтардың өтініштерін қарастыру тәртібі» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Шағымдану мемлекеттік органға немесе лауазымды тулғаға беріледі. Шағым түскен кезден бастап 15 күн ішінде қаралып, белгілі бір шешімге келу қажет, ал талап етуші жақ бойынша шағым қосымша 1 айдың ішінде қарастырылып тексеріледі. Шағымның шешімімен азамат келіспесе, онда жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға, сотқа қайта шағымдануға болады. Ал арнайы әкімшілік шағымдануды қарастырып, шешім қабылдау белгілі бір тәртіппен откізіледі. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша мемлекеттік басқару органдарына шағымданғанда онда орган мен қызмет етуші арасындағы әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс арқылы реттеледі.

Сонымен қатар әкімшілік құқықтың субъектісі болып шетел азаматтары және азаматтығы жоқ түлғалар да саналады. Оларды 2 топқа бөлуге болады: тұрақты тұратындар және уақытша тұруға келгендер. Бұл екі топтағы азаматтардың да мемлекеттік басқару саласында құқықтары мен міндеттері бар, сонымен бірге олар әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алады.

Шетел азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі әр түрлі құқықтық актілермен, соның ішінде Қазакстан Республикасы Конституцясының 12-бабымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық ережелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, шетел және азаматтығы жоқ түлғалар барлық құқықтар мен бостандықтарға ие және койылған міндеттерді атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқару саласында Қазакстандық және шетел азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің, ортақ үқсастықтарына қарамастан, Қазакстандық азаматтың құқықтары мен міндеттері шетел азаматтарына қарағанда басымырақ.

Ал шетел азаматтарының мемлекеттік басқару сапасында кейбір құқықтары шектеулі. Мәселен, олар әскери міндетін атқармайды, көптеген мемлекет аппаратындағы лауазымды орындарды иемдене алмайды, Қазақстан территориясында еркін көшіп-конуға және саяси мақсатты көздейтін қоғамдық ұйымдар құруға құқықтары жоқ. Сондай-ақ, шетел азаматтарына қазақстандық азаматтарға тән емес, қосымша міндеттер жүктейді. Шетел азаматтары сол жерде тұруға, төл құжаттарын тіркеуге рұқсат алу керек және республика территориясына кірерде медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Сонымен бірге Ішкі істер министрлігінен сол елдің территориясында жүріп-тұруға рұксат алуы қажет. Шетел азаматтары да Қазақстан азаматтары сияқты әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай- ақ республика территориясында белгілі бір дипломатиялық істермен жүрген шетел азаматтары категориясының әкімшілік және құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен және басқа да қүжықтық актілерімен белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет