Семинар сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік



бет5/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#135943
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.Құпия режимі.Мемлекеттік құпия - бұл ақпарат, мәлімет, санкциялы емес руқсаттың елге, мемлекетіміздің қызығушылығына зиян келтіруі мүмкін. Мемлекеттік кұпияның келесі түрлерін көрсетуге болады:

  1. бұл өте қажетті мәліметтер;

  2. оларды жариялау мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтіруі

мүмкін;

  1. мәліметтер тізбегі мемлекеттік қупияға бағынады, заңмен тағайындалады;

  2. ол қылмыстық жауапкершілік және басқа да еріксіз шаралармен қорғалады;

5) оның қорғануына арнайы әкімшілік-құқықтық режим-құпия режимі құрылған.

Құпиялылық- мемлекеттің кауіпсіздігін сақтау үшін ең негізгі құрал. Құпия режимі тәжірибе дәлелдегендей, шамадан тыс демократиялық институттарды шектеуге, мемлекеттік аппараттың билігін күшейту үшін қолданылады, қүпиялық неғұрлым көп болса, билік соғұрлым шенеуніктерде болады. Құпиялық режим -тұрақты, жалпы мемлекеттілігімен ерекше.

Құпия режимінің ең басты әлементтері:


  1. құпия сақтау ережесі;

  2. мемлекеттік құпияны қорғау;

  3. құпиялылық.

Құпия сақтау ережесі әскери салада, ішкі саясатта, әкономика, ғылыми-зерттеу және ғылыми жұмыстарда,технологияда басты рөл атқарады.

Қазакстаң Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау режимі.1993 жылғы 13 қаңтардағы заңның 2-бабында, мемлекеттік шекара- аумақ (территория, қүрлық, су, табиғи байлық, ауа кеңістігі) шегін анықтайтын сызық, республика егемендігінің ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады.

Келісім белгісі жалпы бағытта және мемлекеттік шекара жағдайында және оның картада көрсетілуі делиматация деп, ал мемлекеттік шекараның жергілікті жерлерде бағандар арқылы белгіленуі демаркация деп аталады. Шекара сызығы анық шекаралық белгілермен анықталады

Қазақстан Республикасы шекара қатынасында саяси кешен, әкономика, әкология, санитарлық, техникалық шараларды жүзеге асыру «мемлекеттік шекараны қорғау» ұғымына кіреді.

Саяси қорғаныс - жеке және заңды тұлғаға қатысты «Қазақстан, Республикасының мемлекеттік шекарасы» туралы заңға сәйкес және шекараның құқықтық қатынастарын айқындайтын халықаралық келісімдер арқылы жүзеге асырылады.

Әскери қорғаныс-Қазақстан Республикасының территориясың әртүрлі қарулы топтардан, басқыншылардан, мемлекеттік шекараны заңды түрде анықтап бекіткеннен кейін күштеп өзгертуден қорғайды.;

Әкономикалық қорғаныс — республиканың ішкі нарығындағы әкономикалық тұрақтылықты қамтамсыз етумен және мемлекеттік бақылау мақсатында шаруашылық субъектінің сыртқы әкономикалық әрекетін, заңсыз түрде материалдық құндылықтарды тасуға жол бермеу, сонымен қатар контрабандамен күрес жүргізеді

Әкологиялық және санитарлық-әпидемиологиялық қорғаны Қазақстан тұрғындарының әкологиялық және санитарлық әпидемиологиялық күйін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын қорғау өзініні нақты 3 режимінің орнатылуына байланысты:


  1. мемлекеттік шекарамен;

  2. шекаралық;

  3. мемлекеттік шекара арқылы өткізу (пропуск) пункті.

Шекаралық зона - республика территориясының бір бөліп

басқа мемлекеттермен шарт жасасады, ереже бойынша әкімшілік территория аумағында, ауылдық округ, сонымен қатар, теңіздік, өзен және өзенді жерлер болып бөлінеді. Шекаралық сызық - бұл шекаралық зона бөлігі, мемлекеттік шекара сызығы құрылықпен немесе теңіз жағасында сонымен қатар жағалауда да болады.

Шекаралық зона мен сызық мемлекеттік шекараның жек бөліктерінде Үкіметтің қаулысымен мемлекеттік деңгейде жасалады Мысалы, Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісім 1993 жылғы 30 маусымда жасалған

Талқылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшелігі неде?

  2. Әкімшілік іс жүргізудің негізгі қағидалары қандай?

  3. Әкімшілік іс жүргізу субъектілерін атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 8

ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР

Мақсаты: Әкімшілік жазалар және олардың қолдануы туралы толық мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік жаза қолдану ұғымы. Әкімшілік жазалардың түрлері.

  2. Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері.


1.Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымын уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпап ету шарасы деп түсінуге болады. Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді және сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады. Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықтағы жазаны қолдануды көздейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:

1. ескерту жасау; '

2.айыппұл салу;

3.әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп апу;


  1. әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың қүралы немесе тікелей объектісі болған затты тіркілеу;

5. арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жургізу құқығынан);

6. берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестаттан (куәліктен) айыру, ягни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядал айыру;

7. тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен түрғызып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

8. кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оган мүддем тыйым салу;

9. әкімшілік қамауға алу;

10. азаматтығы жоқ адамды немесе шетелдікті Қазақстан республикасының (территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу.Кішігірім, елеусіз әкімшілік теріс әрекет жасағандық үшін тартылатын әкімшілік жауапкершіліктің ең жеңіл түрі ескерту жасау болып табылады. Ескерту жасау бір жағынан тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады, онда теріс әрекет жасаған адам басқа азаматтарға қоғамдық және мемлекеттік институттарға зиян келтіретін әрекеттерді алдағы уақытта қайталап інде ескертеді. Ескерту жасау кінәлі адамға қандай да құқықтық салдарлар әкеледі, ол әкімшілік жазаға тартылған болып саналады, сонымен қатар ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған теріс әрекет үшін жазалау мәселесін шешкенде жазаның басқа түрлерімен қоса есепке алынады.

Айыппұл салу - белгілі бір әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған кінәлі адамға ақшалай жаза қолдану арқылы мүліктік ықпал ету шарасы болып табылады. Лауазымды адамдарға салынатын әкімшілік айыппүлдың мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына қарай өзгеріп отырады, мысалы, әкімшілік құқық, бұзушылық туралы кодекс әкімшілік айыппұлдың мөлшерін құқық бұзушылықтың сипатына және құқық бұзушының мәртебесіне қарай белгілеп отырады. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бірінен аз емес, лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем емес, ал заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 48-бабында:


  1. ақшалай жаза ретінде;

  2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және шектерде;

  3. айлық есептік көрсеткіш санына сәйкес келетін сома түрінде салынады деп қаралады;

  4. азаматтарға салынатын айыппул, әдетте айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінен, ал лауазымды адамдарға - мөлшерінен аспауға тиіс деп көрсетілген.

Айыппұлды құқық бұзушы өзіне айыппұл салу туралы қаулы тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей телейді. Бұл ретте азаматтың, лауазымды адамның шағымдану құқығы сақталады және егер шағым беріліп қаралғаннан кейін немесе прокурордың наразылығынан кейін шағым қанағаттандырусыз қалдырылса, онда жоғарыдағы мерзім шағымның қанағаттандырусыз қалдырыл-ғандағы жайында хабар берілген күннен бастап саналады.

Әкімшілік құқық бұзушылық қаруы болған немесе тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып кою әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 49-бабы бойынша жүзеге асырылатын әкімшілік жазанын бір түрі болып табылады. Осы бап бойынша зат алынып сатылады, ал сатуға байланысты шығын алынып тастапынады, қалган сома заттың бұрынғы иесіне тапсырылады.

Тәркілеу мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза ол құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды мемлекет меншігіне тегін алу, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабында нақтырақ айтылған. Тәркілегенде әкімшілік құқық бүзушылық жасаудың кұралы болған немесе тікелей объектісі болып табылатын зат төлемсіз алынады. Қүзіретті орган немесе өкілеттілік берілген лауазымды тұлға затты кілегенде тәркілеу туралы тиісті қаулы шығарады, ал алынған күні қаулының орындалғаны туралы тиісті қаулы шығарады.

Әкімшілік ықпал етудің қаралып отырған тәртібін анықтай келе шығарушы, атылатын кару мен оқ дәрінің тәркіленуі де, өтемі төленіп алынуы да аңшылық күн көрудің негізгі көзі болып табылатын адамға қатысты қолданылмайтындығын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айырыкша атап өтеді.

- Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру дегеніміз -осы құқықты пайдалану тәртібін өрескел немесе үнемі бұзғаны үшін оны сол құқықтан айыру болып табылады, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 51 - бабында айтылып өткен. Осы баптың негізінде белгілі бір қызметпен айналысудың немесе белгілі біртурін орындаудың арнаулы құқығынан айыру мынадай 2 жағдайда ғана пайдаланылады; 1) көлік құралын мас күйінде басқарғанда, жол козғалысы ережесін басқадай бұзған жағдайда. 2) аң аулау ережесін бұзғанда.

Басқару құқығынан айырумен қатар, күшіндегі заң, көлік құралын басқару құқығының күшін тоқтатудың басқа да негіздемелерін белгілейді:



  1. жүргізуші куәлігі күшінің белгіленген мерзімінің өтуі;

  2. жүргізушінің денсаулығының көлік құралын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретіндей дәрігерлік (медициналық) қорытындымен расталып нашарлауы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 48-бабында: Әкімшілік қамауға алу - әкімшілік жаза қолданудың негізгі түрі. Ерекше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтын кейбір түрлері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге, ал төтенше жағдайда жасалған құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қолданылады. Осы әкімшілік жазаға тартылған адамдар ішкі істер органдары белгілеген жерлерде ұсталады, олар қамаудағы адамдардың басқа санаттарынан бөлек болады.

Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне кіреді, сол себепті қамауда ұстау мерзімі қысқарады. Қызметтің белгілі бір түріне берілген рұқсаттан лицензиядан айыру азаматтарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және лауазымды адамдарға арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпте қолданатын әкімшілік жазасы.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тулғаның қызметін тоқтата тұру немесе тиым салу әкімшілік шара болып табылады және белгілі бір жағдайларда қолданылады, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 53-бабының 1- бөлігінде айтылған. Біріншіден, бұл тек сот арқылы беріледі. Екіншіден, іс сотта өкілетті органның өтініші бойынша қаралады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қызметі ерекше жағдайларда және үш күннен аспайтын мерзімге сот шешімінсіз тоқтата тұру немесе оған тиым салу мүмкіндігіне жол береді,

Осы аталып көрсетілген шаралармен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте, өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан (территориясынан) әкімшілік жолмең аластату шараларын қарастырған.



2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің.7-тарауында әкімшілік жазаларды қолдану ережелері көрсетілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстін 61- бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты женілдететін мән-жайларға мыналар жатады:

- кінәлі адамның шын өкінуі;

- кінәлі адамның залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты кушті жан күйзелісінін нәтижесінде, немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасауы;

- әкімшілік құқық бүзушылықты күш қолдану немесе мәжбүрлеу арқылы жасау;

- әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар адамның жасауы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, қажетті қоргану шарттарын бұзған, бұйрықты не өкімді орындау барысында жасау.

Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларға мыналар жатады:

- өкілетті органдардың ескерткеніне қарамастан теріс, қылықтарды ары қарай жалғастыру;

- бұрын жасаған құқық бұзушылықты қайталап жасау; бұрын қылмыс жасаған адамның қайтадан құқық бұзушылық жасауы;

- ұйымдасып топпен құқық бұзушылық жасау;

- кәмелетке толмаған азаматтарды құқық бұзушылыққа тарту;

- төтенше жағдай кезеңдерінде, табиғи апат жағдайларында құқық бүзушылық жасау;

- құқық бұзушылықты масаң күйде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 65-бабына сәйкес әкімшілік жазалардың мерзімі жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін 2 ай өткен соң жеке адамға қарсы әкімшілік жаза қолдануға болмайды, ал әкімшілік құқық бұзушылықты қоршаған отаны қорғау саласында жасаса - 6 айдан кейін, салық салу аласында жасаса - үш жыл өткен соң әкімшілік жауапқа тартылмаған деп санауға болатын мерзімді де белгілеген.

Заң шығарушы іс бойынша қабылдануы мүмкін қаулылардың мынадай түрлерін белгілейді: .

1. әкімшілік жаза беру туралы;


  1. іс бойынша істің жүргізілуін тоқтату туралы;

  2. істі жазаның басқа турін немесе мөлшерін белгілеуге құқығы бар судьяның, органның қарауына беру туралы; айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату турапы.

Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша

қаулы дайындалған адам, сонымен қатар жәбірленуші, қаулығы шағым келтіруге құқылы. Уәкілетті органның қаулысына шағым не жоғары тұрған органға, не сотқа беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым қаулы шыққан күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға прокурор наразылық келтіре алады.

Белгіленген мерзімде шағым беру және прокурордың наразылық келтіруі наразылық қаралғанға дейін қаулының орындалуын тоқтата тұрады. Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі - 10 күн. Шағымды немесе наразылықты қараған орган, шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелділігін тексергеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:


  1. қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қаддыру туралы;

  2. қаулыны өзгерту туралы;

  3. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында көзделген мән-жайлар дәлелденбесе - қаулыны бұзу және істі қысқарту туралы;

  4. қаулыны бұзу және іс бойыншажаңа қаулы шығару туралы;

  5. егер шағымды, наразылықты қарау кезінде қаулын өкілеттік, бермеген судья, орган шығарғандығы анықталса, оңда қаулыны бұзу және істі тиісті ведомстваның қарауына жіберу туралы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға келтірілген шағымды немесе наразылықты қараған және бұрын белгіленген шешімдердің біреуін қабылдаған мемлекеттік орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыға келтірілген шағым немесе наразылық жөніндегі шешімнің көшірмесін 3 күн ішінде өзіне қатысты шешім шығарылған адамға, іс бойынша жәбірленушіге, сондай-ақ Іс бойынша қаулы шығарған органға жібереді.

Наразылықты қараудың нәтижесі прокурорға хабарланады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қысқарту жөнінде қаулы қабылданғанда мынадай заңдық салдар болатынын ескеру қажет:

- өндіріп алынған ақша қайтарылады;

- алынған және тәркіленген заттар алынады;

- бұрынғы қабылданған қаулыға байланысты шектеулер алынады. Егер заттың қайтарылуы бірқатар себептермен қайтарылуы мүмкін болмаса, оның құны төленеді.

Талқылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?

  2. Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?

  3. Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 9

ӘКІМШІЛІК БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ

Мақсаты: Әкімшілік бұлтартпау шаралары туралы толық мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік бұлтартпау шаралар ұғымы.

  2. Әкімшілік бұлтартпау шаралардың түрлері.


1.Құқықтық мәжбүрлеу дегеніміз - заңды норма негізінде қолданылатын және мемлекеттік билік белгілеуіндегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.

Мәжбүрлеу деп - белгілі объективтік физикалық немесе психологиялық жағынан әсер етуді айтады. Мәжбүрлеуді өкілеттілердің құқық бұзушылыққа қарсы санкциялар мен құқықтық нормаларда көрсетілген шараларды мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен қауым құрамындағы субъектілердің санасы мен мінез-құлқына процессуалдық тәртіп бойынша әсер ету арқылы іске асырады. Мәжбүрлеуді қолдану туралы мәселе өте даулы. Кейбір ғалымдар (С. Алексеев) мемлекеттік мәжбүрлеу саласында әкімшілік бұлтартпау шаралары өмір сүрмейді десе, екіншілері (Н.С. Самощенко, М. X. Фарукшин) - олардың маңызды орны бар және олар санкциямен емес, құқықтық нормалар диспозициясымен қарастырылады деп пайымдаған. Сонымен қатар, процессуалдық мәжбүрлеуді мінез-құлықтың заңды негізі деп қарастыруға болмайды деген пікір де бар. Кейбір заңгерлер бұлтарпау шараларын санкциямен ұштастырып, құқықтық қатынастардағы ерекше маңыздылығын ашып көрсетеді. (Б. Т. Базылов,С. Н. Кожевников).

Бұлтарпау әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің бір формасы ретінде бірқатар белгілерге ие. Бұл жерде әкімшілік жаза мен мәжбүрлеудің жазаламайтын құралдарының айырмашылық шекарасын айыра білу керек. Бұлтарпау шаралары құқықтық нормалардың бұзылмауы үшін, заң бұзушылықтын келеңсіз салдарынан алдын-алудың жолын кесу және ескерту үшін және кінәлілерді міндеткерлікке тарту шараларын ұйымдастыру үшін қажет. Әкімшілік бұлтарпаудың мақсаты - бұзақының еркін емес, оның теріс, заңға қайшы іс-әрекеттерін тоқтатуды ескерту. Бұл шаралардың көлемі, уақыты түрақты айқындалмаған және құқыққа қарсы әрекеттілігін қолданады. Әкімшілік міндеткерліктен жазаламайтын құралдардың айырмашылығы – мәжбүрлеу тек қана субъектілерге емес (әкімшілік ұстау, тікелей ;істің жолын кесу шараларын қолдану), сонымен қатар, материалды заттарғада (мүлікті пайдалануға тыйым салу, өз бетімен салынған құрылыстарды бұзу) ұлғаға қатыссыз бағытталады. Заттың бағытының мінез-құлқына айланысты бұл тарпау шаралары табиғи бостандық шектеулері мен мүліктік құқықтары көлемінде болуы мүмкін. Табиғи тандық шектеулерін шын мәнісінде, айыпты тұлғаға мәжбүрлеу шараларын қолданудан көруге болады.

Мүліктік тұрпаттағы бұлтартпау шаралары, көбінесе, мүлікке жасалған құқыққа қарсы зардапты алғашқы қалпына келтіру үшін қолданылады. Жалпы теориялық әдебиеттерде тыйым салушы шаралар мен процессуалдық-қамтамасыз ету функциясындағы тиым салушылық арасында шектеу шекараларын айырып көрсетуді талап етеді.

Қол сұғу іс-әрекеті кейбір заңдар мен заңға тәуелді актілермен түсіндіріледі. Құқық нормалары функционалды тағайындалуына байланысты - материалды және процессуалды болып бөлінеді. Ал осыған байланысты тиым салу шаралары - жалпы, арнайы және процессуалды деп жіктеледі.

Жалпы бұлтарпау шаралары -азаматтарға қолданылады, себебі бұл шаралар субъектінің құқыққа қайшы іс-әрекеттеріне шектеу қоюда жеке тұлғаның еркіне құқықтық шектеу қояды.

Мұндай шараларға:

а) күшпен әсер ету кұралдары (қоян-қолтық күрес әдістері, қызметтік арнайы жануарлардың қолданылуы);

б) арнайы құрал-жабдықтардың қолданылуы (дубинка, кісен, брондалған машиналар, т. б.);

в) атыс каруының колданылуы.



2.Процессуалды бүлтарпау шараларына - жеткізу, ұстау, жеке тексеріс, заттарды тексеру, құжаттар мен мүлікті тәркілеу, көлік құралдарын пайдаланудан босату жатады. Аталмыш бұлтартпа шараларын қолдану барысында заңдылық, мақсатқа лайықтылық және зиянды мүмкіндігінше аз келтіру сияқты қағидаларды ұстанған жөн.

Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтың еркін әрекетіне қысқа мерзімде шек қою. Әкімшілік ұстау құқық бұзушылықтың алдын-алу шарасы ретінде қолданылады. Ол құқық бұзушы тулғаны айқындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жүргізу, құқық бұзушы тұлғаны құқық қорғау органдарына тапсыру және әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсаттарында пайдаланылады. Әкімшілік ұстау жауапкершілігінен депутаттар, судьялар, прокурорлар, шетел азаматтары және дипломатия саласындағы қызметкерлер босатылады. Әкімшілік ұстау әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату мақсатында жургізіледі және құқық бұзушыны хаттама жазу әкелгеннен бастап, 3 сағат өткеннен кейін оны ұстап отыруға құқығы жоқ, яғни, ол босатылады.

Тек қана ерекше жағдайда Қазақстан Республикасынын заңнамалық келісімдеріне байланысты бұл уақыт өзгеруі мумкін. Бұл жағдайлар мына түлғаларға қатысты:

- шекаралық тәртіпті немесе мемлекеттік шекарадан өту пунктіндегі тәртіпті бұзушы. Бұнда құқық бұзушыны хаттама толтыруға әкелгеннен бастап 3 сағатка дейін ұстайды; ал тұлғаның азаматтығы мен құқық бұзушылық дәрежесін анықтауға байланысты прокурорға 24 сағаттың ішінде жазбаша түрде баяндама жасағаннан кейін 3 күнге дейін ұстауға немесе егер құқық бұзушының ата-тегін пәлелдейтін куәлік-құжаттары болмаған жағдайда прокурордың санкциясымен 10 күнге дейін ұсталынады;

- белгілі бір аймаққа коменданттық сағаттың енгізілуі барысында тәртіпті бұзған азаматтар. Бұл кезде полиция, не әскери патруль ұстаған құқық бұзушыны 3 күн емес, коменданттық сағат біткенше ұстауға құқылы;

- ұсак бұзақылық істеген және жиналыс, митинг, көше шерулері мен демонстрациялардың өткізілу ережелерін бұзғандар. Бұлар қозғалған істі сот қарағанға дейін әкімшілік ұстау шарасын жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілердің көлікке мас күйінде отыруы да ерекше атап көрсетіледі. Рөлдегі адамның алкагольдік ішімдік ішкендігінен -жол ережелерінің бұзылуы, жол- көлік оқиғаларының болуы, азаматгардың көлік айдаушысы мас, не есірткі заттарын қолданғандығы туралы хабар беруі және көлік қозғаласының күдік туғызуы, т. б. жағдайлар себеп бола алады.

Ішкі істер органдары мына жағдайларда әкімшілік ұстау жауапкершілігіне тартады: ұсақ бұзақылык істегенде,- заңды өкімдерге қатал бағынбағанда, спиртті ішімдіктер ішіп, қоғамға қауіп төндіргенде, жезөкшелікпен айналысатын түлғаның мас күйінде адамның ар-ожданына, намысына, коғамдық ізгілікке қорлау жасағанда және т.б.

Мүлікті алып қою әкімшілік тәртіп бойынша, заңға қайшы мүліктерді алып қоюға байланысты затқа қатысты іс-әрекет. Заңға қайшы мүлікке - заңсыз.түрде сатып алынған атыс қару; жол ережелерін бұзуда көлік және оны пайдалануға қатысты заңсыз құжаттар; заң тыйым салған мекенде аңдар аулау, балық аулау т. б. жатады.

Егер де құқық қорғау органдарына белгілі бір объект немесе мысалы, азаматтар тасымалдайтын ұшақтардың жолаушылары жарылғыш зат, қару-жарақ, әскери ок-дәрі, уландырғыш, радиоактивті заттар тасымалдауы мүмкіндігіне күдік болса, онда заттарға, қол сөмкелері мен жүктерге заттық тексеріс қойылады, ал кейде жолаушылардың өздеріне де жеке тексеріс те ұйымдастырылуы үмкін. Тексеріс аэропортта немесе полиция, кеден органдары мен шекаралық әскердің қатысуымен әуе кемесінде жүргізіледі. Зат ексерісі мүлікті иеленуші адамның қатысуымен өтеді. Жеке тексеріс жынысы бір адамдар арасында өткізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік ұстау жазу не болмаса, тексеріс туралы жалпы хаттама жазылады. Ұстау және тексеріс кезінде табылған заңға қайшы құжаттар мен заттар әкімшілік алып қою жауапкершілігіне тартылады.

Заттар мен құжаттардың алынуы жүргізіледі:

а) Ішкі істер органдарымен - атыс қаруынын заңға қайшы жолмен алу және пайдалануы; жол ережелерін заңсыз құжатты көлікпен бұзу; пайдалануға тыйым салынатын жерлерде аңшылықпен айналысу (балық аулау);

б) кеден органдарында - шекара арқылы контрабандалық заттардың өтуі;

с) шекара қорғау органдарында - шекаралық тәртіп ережесін сақтамайтын теңіз және өзен-көл жолдарымен заңсыз құжатпен өту;

д) балық қорғау органдарында - жүзу мен басқа көлік құралдарының балық аулау ережелерін сақтамауы;

е) аңшылық шаруашылығы органдарында - аң аулау қарулары мен құралдарының аң аулағанда заңсыз қолданылуы.

Алып қойылған заттар мен құжаттар қаралып жатқан істің соңына дейін арнайы мемлекеттік орган қарамағында болады. Істің шешіміне байланысты алынған мүлік тәркіленеді, жүк иесіне қайтарылады немесе жойылады, ал заттарды ақылы алған жағдайда, оларды өткізеді, Зат не құжат адынғаны туралы жеке, өз алдына хаттама жасалады, не болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы жазба хаттамада баяндалады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бойынша жеке меншік қорғауға алынған. Жеке меншіктің заңды күшін тек қана сот шешімі жоя алады.

Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін тарату дегеніміз - алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал болып табылады.

Уақытша қызметтен босату денсаулығы басқа адамдарға жұқпалы ауру қаупін туғызатын тұлғаларға қатысты әкімшілік бұлтартпаудың бірден-бір құралы ретінде қолданылады.

Сауда және қоғамдық тамақтану орындарындағы қызметкерлер міндетті түрде дәрігерлік тексерістен өткізілуі тиіс. Алты айда бір рет өтетін дәрігерлікте тексерістен қызметкердің санитарлық кітапшасыңда жазбалар жүргізіп отырады. Уақытында дәрігерлік тексерістен өтпеген азаматтар жұмысқа жіберілмейді.

Заңға қайшы әрекеттердің бұдан да бірнеше мәрте қайталануы, полиция қызметкерінің өкімдері мен талаптарын қайталауы немесе құқық қоргау органдарының мәдениетсіздігі, қоғамдык тәртіпті сақтамау және өзін ерсі ұстауы, полиция қызметкеріне бағынбауы заңды өкімдер мен әкімшілік заңнамадағы екімдерде көрсетілген жауапқа тартылады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарға әкімшілік қадағалау - бұл шараны ішкі істер органдары жоғарыда аталған адамдардың тәртібін, олардың тарапынан шиеленістің алдын алып ескертіп отырады. Құқықтық қағидалардың негізіне ішкі істер органдарының бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды әкімшілік қадағалау туралы ережесін жатқызуға болады.

Әкімшілік қадағалау мына жағдайларға қатысты орнатылады:

а) сот шешімімен рецидивистер деп танылғандар;

б) аса ауыр қылмыскерлер мен екі не одан да көп қасақана қылмыс жасағандар.

Әкімшілік қадағалау мерзімі 6 айдан 1 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Кей жағдайларда мерзім тағы да 6 айға созылуы мүмкін. Әкімшілік қадағалау тоқтатылады:

а) қадағалау- мерзімінің аяқталуына байланысты;

б) қадағалауға алынған азамат тұрмыста-да, еңбек етуде де белсенділік танытып, мерзімінен бұрын босаса

в) сот шешімі бойынша қадағалауға алынған азаматтан әкімшілік қадағалау алынып тасталған жағдайда.

Әкімшілік қадағалаудың тоқтағаны жайлы ішкі істер бөлімінің басшысы жариялайды. Әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы ұсынысты прокурор заңды негізсіз деп тапса, онда ол қабылданбайды.

Қадағалауға алынған тұлғаның міндеттері

а) ішкі істер органдары шақырған уақытта келіп, әкімшілік қадағалау ережелерінің орындалу сипаты жайлы ауызша және жазбаша түрде түсініктеме беру;

б) қызмет бабына байланысты жергілікті тұрып жатқан мекенінің өзгергенін, бір ауданнан екінші ауданға көшкендігін полиция қызметкерлеріне мерзімді жеткізіп тұру;

в) жергілікті ішкі істер органдарында, басқа елді мекенге бір куннен артық уақытқа кеткен жағдайда, хабардар етіп, тіркеуге тұру.

Сонымен қатар, аталмыш міндеттерге ҚОСР жеке де шектеулер қойылуы мүмкін:

а) белгілі бір уақыттан кейін үйден (пәтер) шығуға тиым салу;

б) ауданның белгілі бір жерлерінде болуға тиым салу;

в) аудан (қала) шегінен шығуға мулдем тиым салу немесе белгілі бір уақытқа дейін кетуге шектеу қою;

г)бір айдан төрт ай мерзімінде келіп, полицияға тіркеуден өтіп тұру.

Көрсетілген міндеттер мен шектеулер толық не жартылай көлемде жанұя жағдайына, қызмет ету орнына, т.б. жағдайына баиланысты қолданылуы мүмкін.

Арнайы құралдар мен қару-жарақтарды пайдалану тек қана әкімшілік билік субъектілеріне ғана рұқсат берілген. Олардың қолданылуының қылмыстық істің қозғалуына тікелей қатысы жоқ.

Арнайы құралдар мен қару-жарақты пайдалану тәртібі, негізі,мақсаты туралы 1992 жылдың 23 маусымындағы «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдары туралы» Заңында толық талқыланған. Арнайы кұралдар қоғамдық тәртіп бұзушылық,топтық бұзақылықтар күштеу сипатына ие болғанда; ғимарат, ескерткіш, мәдени құнды объектілерге зиянды қарақшылық немесе мемлекетке қарасты жол көліктеріне қатер төндірушілерге қарсы бүлтартпау шарасы қолданылады.

Арнайы құралдар мен қару-жарақты пайдаланудағы мақсат қоғамдық қауіпті әрекеттердің алдын алу және азаматтардың заңды мүдделері, құқықтары және конституциялық еркіндігіне қол сұғушылыққа жол бермеу.

Арнайы құралдарға кісен, байлау, самбо әдістері, қызметке иісшіл иттерді пайдалану, дубинка, көзден жас ағызатын газ, т.б. жатады.

Құқық бұзушылықтың бұлтартпау шарасы деп - қару-жарақтар да есептеледі; оны заңда негізделгендей тек қана ішкі істер қызметкерлері ғана пайдаланады.

Қару-жарақты пайдаланудың мынадай түрлері бар;

1.Адамға бағытталмаған:

а) жануарлардың шабуылынан азаматтардың қорғануы;

б)бұлтартпау мақсатында (жол көлігінің техникалық ахауларға байланысты дабыл белгісін беру немесе комекке шақыру; көлік жүргізушісі ішкі істер органдарының ескертулерін тыңдамай, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіндей шаралар).

2.Адамдарға бағытталған:

а) азаматтарды қылмыстық қастандық әрекеттен қорғау мақсатында; ішкі істер органдары мен басқа да қоғамдық тәртіпті реттеуші органдар қызметкерлерінің жеке басына, жан-ұясына қауіп төндіргендерге қарсы; ішкі істер органдарының арнайы қорғауындағы объектілер, мемлекеттік мекеме орындары, үйымдарға қауіп төндірушілерге қарсы; ішкі істер органдары қатарындағы әскерилерге қарсы іс-әрекет ұйымдастырушыларға қарсы бағытталады;

б) аса қажеттілік жағдайларда (аманаттағы немесе кепілдіктегі адамды босату аса ауыр қылмыс барысында құқық қорғау органдарының шараларына мойынсұңбау; әкімшілік тұтқындаудағы түлғалардан басқаларының күзеттен қашу әрекетін жасауы), сонымен қатар заңды түрде қару-жарақты тапсырудан бас. Тартатын түлғалардың тұтқындалуы да жатады.

Ішкі істер қызметкерлері кез келген қауіп төндіруші адамдарға, оның әрекеттілігіне, жасына, азаматтығына, дипломатиялық иммунитетіне, қызметіне, әлеуметтік жағдайына және т.б. қасиеттеріне қарамастан қару-жарақты қолдануға құқылы. Заң қару-жарақты әйелдер мен кәмелетке толмаған жас өспірімдерге қолдануға тиым салады.

Жалпы қару-жарақты көшеде, елді мекенде, көлік ішінде, жарылғыш, отқа қауіпті қоймаларда қолдануға болмайды. Ал егер де оқ атушы өзінің жан-жағындағыларға ешқандай зиян тигізбейтіндігіне сенімді болса, пайдалануына болады. Полиция қызметкері жаралы адамға дер кезінде бірінші дәрігерлік жедел жәрдем көрсете білуі қажет. Жараланған тұлға туралы ең алдымен. Дәрігерлік көмек сұрау үшін кезекші органға телефон салады, ал өлім үстінде жатса, онда окиға болған жерді прокурор келгенше басқа азаматтардың тәртіп бұзушылығынан және т.б. заңға қайшы іс-әрекеттерден сақтауы керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 17 наурызда «кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актілерге» байланысты, «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» заңында қару-жарақты пайдаланатынын ескертпей-ак қолдана береді деген өзгерістер енгізілген болатын.

Шектеулер тек субъективтік ғана емес, сонымен қатар объективті белгілеріне байланысты да қойылады. Заң барлық азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық ішкі істер органдарын міндеттейді.

Полиция қызметкерлері кәсіби әрекетіндегі заңдылық қағидалары мен кәсібилігімен қатар, зиянның минимальды қағидасы да ескерілуі қажет. Сондай-ак, заңда қосымша заңдылық кепілдігін тағайындайды. Полиция қызметкерлері қару-жарақты пайдаланғаннан кейін 24 сағаттың ішінде полиция бөлімі басшысына рапорт жазып беруі тиіс. Полиция бөлімінің басшысы мұнан кейін қарудың пайдалану ережелері бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді. Қару қолдану нәтижесінде адам өлімі, не жаралану сияқты жағдайлармен прокурор хабардар болып отыруы тиіс.



Мәжбүрлеп емдеу. Мәжбүрлеп емдеу бүлтартпаудың бір шарасы ретінде біршама қысқарды деп айтуымызға болады.

Дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары маскүнемдік, нашақорлық, токсикамание ауруларын Қылмыстық кодексте көрсетілген баптарға байланысты қолданатын болды. 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді: маскүнем, нашақор және таксикоманияға шалдыққан, өз еркімен емделуден бас тартқан тұлғаның әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін сот әкімшілік жазамен қоса, арнайы денсаулық сақтау оранына мәжбүрлеп емдеу шарасын да олданады.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы заңына да өзгерістер енген. Осыған сәйкес, ішкі істер органдары нашақорлық, маскүнем, таксикомания, психикалык тежелген және басқа азаматтардың жеке құқықтарына, қоғамдық тәртіпке нұқсан, зиян келтіруші тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу шарасымен денсаулық сақтау органдарына хабарлап, жіберіп отыруға міндетті. «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау туралы» заңының езгерістері мен толықтыруына байланысты маскүнем, нашақор, басқа азаматтардың құқықтарын шектеп, қоғамдық тәртіпті бұзушы тұлғаларды арнайы денсаулық сақтау органдарына мәжбүрлеп емдеуге жіберуге тиісті. 1995 жылдың 7 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Маскүнем, нашақорлық, таксикомания» Жарлығы бойынша арнайы емдеу-профилактикалық мекемелердегі стационарлық емдеу бөлімдерінде мәжбүрлеп емдеу регламенті болады және емделу барысында еңбекпен, не кәсіптің бір түрімен айналысуы мүмкін.

Әкімшілік алдын алу шаралары. Әкімшілік алдын алу шаралары мақсатқа жетудегі профилактикалық сипаттағы шараларға толы және олар қоғамға зиянды, қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Әкімшілік алдын алу шараларына құқық бұзушылық негіз болмайды, оған ерекше заңнамалық орнатылған шаралардың орындалмауы негіз бола алады. Әкімшілік алдын алу шараларына мыналар жатады:

- бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан азаматтарға әкімшілік қадағалау;

- кедендік тексеріс;

- азаматтық авиация мен басқа да көлік жолаушыларына арнайы тексеріс;

- жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын азаматтардан қару-жарақ құралдарын алып кою;

- құжаттар тексерісі (автокөлік жүргізушілерінің паспорттық режим негізіндегі құжаттары, шекаралық күзетте, т. б.);

- сапар алдында автокөлік пен оның жүргізушісін куәландыру;

- денсаулыққа қауіпті жұқпалы ауру тараған аудан шекарасынан әрі қарай өткізбеу немесе шекараны жабу;

- жөнделіп жатқан көлік жүру жолына көлік өткізбеу;

- сапасыз азық-түліктерді жою;

- суды пайдалану құқығын шектеу және т.б.

Әкімшілік алдын алу шаралары көбінесе әкімшілік шектеу немесе белгілі бір ұйым не азаматтар категориясына байланысты әкімшілік әрекеттердің қолданылуы арқылы жүзеге асады.

Алдын алудың іс жүргізушілік шараларына мыналар жатады: жеткізу, ұстау, тұла-бойын қарау, заттарын қарау, заттарын және құжаттарын алып қою, көлік құралдарын басқарудан шеттету. Алдын алу шараларын қолданғанда заңдылық қағидасы қатаң сақталуы тиіс.



Әкімшілік қамтамасыз ету және алдын алу шаралары.

Жеткізу-заң бойынша теріс қылық жасаған адам мына жағдайларда жеткізіледі:

1.құқық бұзылған жерде хаттама жасау мүмкін болмай, бірақ хаттама жасау міндетті болған жағдайда - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция қызметкері жеткізеді;

2. құқық бұзушыны, егер оның жеке басын куәлендіретін құжаты болмаса не ол жайында қажетті деректер бере алатын куйгер болмаса, өкілеттігі бар адам оны полицияға жеткізеді;

3. орман және аң аулау ережелерін, сонымен қатар балық аулау тәртібін бұзған жағдайда хаттама жасау мақсатында, егер құқық бұзушының кім екендігін сол жерде анықтау мүмкін болмаса, оны жеткізуді сол ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін өкілетті адамдар жүзеге асырады;

- күзет қызметкерлері сол күзет объектілеріне қатысты құқық бұзылган жағдайда, оның кім екендігін аныктау және хаттама жасау үшін псшиция орындарына жеткізеді.

Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адамдардың белгілі бір әрекеттер жасауына сонымен қатар жүріп-тұру құқығын мәжбүрлеп қысқа уақытқа шектеу. Әкімшілік ұстаудағы басты мақсат - құқық бұзушының кім екендігін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау сонымен қатар құқық бұзушыны полицияға жеткізу және оны әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады. Заң бойынша судьялар, прокурорлар, депутаттар сонымен қатар дипломатиялық иммунитеті бар шетел азаматтары әкімшілік ұстауға жатпайды.

Әкімшілік ұстауды Ішкі Істер органдары мына жағдайларда жүзеге асырады: кішігірім бұзақылық жасағанда, полиция қызметкерлері тәртібіне бағынбаса, ішімдік ішіп қоғамдық орындарда адамдық қасиеттерді таптағанда, сонымен қатар жезөкшелікпен айналысады деп ойлауға негіз болғанда және т.б. жағдайларда.

Тұла бойын қарау және заттарын қарау белгіленген ережелер бойынша және белгілі бір тәртіппен негіз болғанда жүзеге асырылады:

1. қауіпті жүктер мен заттарды, өсімдіктер мен бағалы жануарларды заңсыз алып өтуді болдырмау мақсатында және оның алдын алуды көздейді;

2. ұшудың, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің және халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында;

Тұла-бойын қарауды сол әрекетке өкілеттілік берілген бір жыныстағы адам, сол жыныстағы куәнің көзінше жүргізеді. Жүкті қарау жолаушылар жоқ болса лауазымды адамдардың аәропорт басшылары немесе оның орынбасарлары немесе тасымалдаудың, кауіпсіздіктің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін басқа да басшылардың тапсыруымен жүргізіледі. Заттар мен құжаттарды алатындар:

1. Ішкі істер органдары - иемдену және қолдану ережесін бұзған жағдайда атылатын қаруды; жол жүру ережелерін бұзған жағдайда көлік құралдарын және оларды пайдалануға құқық беретін құжаттарды; тиым салынған кәсіптің өнімдерін, заңсыз аң аулау және балық аулау құралдарын;

2. шекара күзету органдары - шекара режимінің ережелері бұзылғанда теңіз және өзен кемелерін және құжаттарды;

3. кеден органдары - контрабанда заттарын, шекара арқылы тасымалдау және басқа тасығыш құралдарын;

4. балық қорғау органдары - балық аулау ережелері бұзылғанда жүзетін және басқа көлік құралдарын, қаруларын және ауланған өнімді;

5. аңшылық шаруашылық органдары - аң аулаудың ережелері мен мерзімі бұзылған жағдайда аң аулау құралдарын, қаруларын және заңсыз аң аулау заттарын.

Алынған құжаттар мен заттар мемлекеттік органның қарамағына өткізіледі және шешім қабылданғанша сонда болады. Іс қаралғаннан кейін, оның қалай шешілгеніне қарай алынған заттар мен құжаттар тәркіленеді, немесе қайтадан иесіне қайтып беріледі, немесе жойылады, ал өтемі төленіп алынса - сатылады. Заттар мен құжаттар алынған жағдайда арнайы хаттама жасалынады.

Әкімшілік алдын алу шараларының бір түрі - рұқсат етілетін жүйе объектілерінің жұмысын уақытша тоқтатата тұру. Өз кезегінде мемлекет қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, күшті әсер ететін, ұлы және радиоактивті заттарды иемденудің, сақтаудың және тасымалдаудың рұқсат етілетін, бақыланатын тәртібін белгілеген. Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін жою бастапқы күйді қалпына келтірудің құралы болып табылады, егер құрылыстарды өз бетімен тұрғызса, онда заң бойынша белгіленген 8 ең аз жалақы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, заңсыз салынған объектілер болатын болса, онда олар кінәлінің есебінен бұзылатын болады.

Жұмыстан уақытша шеттету азаматтарға қауіп төндіруші адамдарға қатысты және оның әрекеттері белгіленген тәртіпті бұзады деп ойлауға жеткілікті негіз бар адамдарға қатысты қолданылатын әкімшілік алдын алу шаралары болып табылады.

Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалауды ішкі істер органдары жүзеге асырады. 1996 жылы 15 шілдедегі «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Казақстан Республикасының Заңы қадағалаудың құқықтық негізі болып табылады.

Әкімшілік қадағалауға мына адамдар жатады:

1. рецедивист, яғни сот аса қауіпті деп танығандар;

2. ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар немесе қасақана қылмыс үшін екі немесе одан көп рет бас бостандығынан айыруға сотталғандар.егер олар дұрыс жолға түсуге ешкандай ұмтылыс білдірмесе және коғам үшін қауіпті болып қалса;

3. қасақана қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар, егер олар жазасын өтегеннен кейін немесе жаза өтеуден шартты - мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін, ішкі істер органдарының ескертпелеріне қарамастан. қоғамдық және мемлекеттік тәртіпті бұзса және басқа да құқық бұзушылықтар асаған жағдайда.

Әкімшілік қадағалау 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Егер қажет болса ол тағы да 6 айға, бірақ соттылықты алу және жою үшін заңда белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру кезінде полиция қызметкері қадағалаудағы адамды әңгімелесуге шақыруға, одан қадағалау ережелерінің орындалуымен байланысты түсініктеме талап етуге, оның отбасына тәуліктің кез келген уақытында баруға құқысы бар.

Арнайы құралдар мен атылатын қаруды мәжбүрлеу шарасы ретінде қолдануға әкімшілік билік субъектісі ғана құқылы. Оларды пайдалану қылмыстық іс қозғаумен тікелей байланысты емес, олар қылмыстық істі қозғағанға дейін де, оны уақытша тоқтатқаннан, немесе қысқартқаннан кейін де, сондай-ақ қоғамға қауіпті іс-әрекетті тыю үшін де қолданылуы мүмкін.

Арнайы кұралдарды (олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: қол кісендері, байлап тастау, самбо тәсілдерін қолдану, иісшіл иттерді қолдану, көзден жас ағызатын газ, таяқтар, су ілашқыш және т.б.)

Байлап тастағанда дене жарақатын салуы мүмкін емес құралдар қолданылады. Байлап тасталған күйде екі сағаттан артық ұстауға болмайды. Самбо тәсілдерін тандағанда полиция қызметкері нақты жағдайды, құқық бұзушылықтың мән-жайын, ұсталғанның қаншалықты қауіпті екендігін ескеруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет