Семинар сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік



бет4/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#135943
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары. Әкімшілік жауапкершілікке мынадай жағдайда тартылмайды:

1. Жеңіл тәртіп.бұзушылық деп танылса.

- арнайы орган немесе лауазымды тұлга жеңіл тәртіп бұзушылықтың мән-жайын тексеріп, оның ешбір ауыр залалы болмағанын растаса, оларға ауызша ескертулер айтып қана қояды. Яғни, мұндай жағдай заңды олқылықтар мен ауыртпалықтарға әкелмейді (ақысыз жол жүру, шу көтеру);

2. Басқа жауапкершілік түрлерімен алмастыру немесе қоғамдық ыкпал ету шараларын қолдану.

- сот билігіне немесе ұжымдық талдауға барлық материалдарды беруге болады; (мұндай жағдайлар тәрбиелік маңызды болып, объективтік негізде қалыптасқан жағдайда ғана колданылады);

- әкімшілік жауапкершілікті басқа жауапкершіліктермен алмастыру әскер қызметкерлері мен әскери борышын өтеушілерге, сот, прокуратура қызметкерлеріне қолданылады;

- жауапкершіліктің мерзімін қысқартуға болады. Мұндай жағдай құрмет көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік танытқан жағдайда жүзеге асады.

Әкімшілік жауапкершілікті женілдететін жағдайлар:

1. мойындау;

2. кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;

3. жасалған әрекеттерді қалпына келтіру және оның қаупін болдырмау;

4. кәмелеттік жасқа толмағандығы;

5. жүкті әйел немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы. Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі шарт. Дегенмен, істі зерттеп, талдаған арнайы орган заңда көрсетілмеген басқа жағдайлардада, яғни жауапкершілікті жеңілдетуге негізделген факторларды да анықтауына болады. Ауырлататын жағдайларға:

1. бір рет әкімшілік жауапкершілікке бірнеше олқылықтар үшін жауап беру; бір жылда екі рет қайталанған құқық бұзушылық үшін бір рет жауапқа тартылу;

2. кәмелетке толмаған жас өспірімдерді қүқық бұзушылыққа итермелеген не тартқан жағдай болса;

3. қуқық бұзушылық топ адамдармен жасалса;

4. күтпеген қүрт оқиғалар үстінде жасалған болса;

5. алкаголь ішімдігін қолданып жасалған жағдай болса;

6. ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;

7. бұрын қылмыс жасаған адам болса.

Осы себептердің бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі тиіс, сонда ғана ол заңды болып танылады.

Әкімшілік жауапкершіліктің заңды жауапкершіліктің ішінде алатын орны ерекше. Дегенмен, жауапкершілік болғаннан кейін, заңды-жауапкершілік түрлерінің міндеттері ұқсас болып келеді. Салалық ерекшеліктеріне қарай әкімшілік жауапкершілік басқа жауапкершіліктерге қарағанда күрделі қадағалауды талап етеді және әрбір әрекеттің белгілі тәсілдерімен шешілуі байқалады. Құрылымдық ерекшеліктері жас мөлшерін, ұлттық қатынастарды қамтиды. Қазіргі уақытта, әкімшілік жауапкершілік жөнінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қолданыста. Бұл кодекс 2002 жылы жарық көрді, ал оған дейін бұрынғы, Қазақ КСР-ң әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданылып келді. Әкімшілік жауапкершілікке жеке куәлікті жоғалтқан тұлғалар мен қоғамдық жерлерде темекі шеккен адамдар да тартылады. Оларға 872 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Демек, осындай жолдар арқылы әкімшілік жауапкершілік қоғамда белгілі бір тәртіпті қалыптастыруға қызмет етуде.

Талқылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік жауапкершіліктің ерекшелігі неде?

  2. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі қағидалары қандай?

  3. Әкімшілік жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдедетін мән жайларды атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 6

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУ

Мақсаты: Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібін ұғындыру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік іс жүргізу түсінігі. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері.

  2. Әкімшілік іс жүргізудің қағидалары.

  3. Әкімшілік іс жүргізудің субъектілері.


1.Әкімшілік іс жүргізу - материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен құрылған әрекеттер жиынтығы немесе басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс-әрекеттерінің әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады.

Заңмен алдын-ала қарастырылған жағдайда - ол басқару органдарының нормативтік басқару актілерін қабылдаумен материалдық құқықтық нормаларын қолдануы. Кез келген іс-жүргізу сияқты, әкімшілік іс-жүргізу де қандай да бір нәтижелі әкімшілік мақсатқа жетуге бағытталған.



Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері. Әкімшілік іс жүргізуге мынадай ерекшеліктер тән:

1. мемлекетпен тікелей байланысы: себебі әкімшілік іс-жүргізу билікті жүзеге асырудың ерекше тәсілі. Оның негізін уәкілетті басқару органдарының іс-әрекеттері құрайды;

2. түрлі құқық салаларының материалдық нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс жүргізудің әлеуметтік белгіленуін білдіретін заңды әрекет;

3. нақтылы басқару істерін шешуге бағытталған;

4. құқықтық тәртіп көмегімен ғана нәтижеге ие болатын заңды нәтижелі іс-әрекет;

5. процессуалдық құжаттардағы іс-әрекеттер нәтижесінің міндетті түрде толтырылуы;

6. процессуалдық реттеудегі объективті қажеттілікті тудырады.

2.Әкімшілік іс жүргізудің қағидалары (принциптері). Әкімшілік іс жүргізу - бір жағынан заңды іс-жүргізу болса, екінші жағынан басқару іс-әрекет нысаны процессуалдық нормалармен реттелетін құқықтық іс-жүргізу. Әкімшілік іс жүргізудің мынадай негізгі қағидалары (принциптері) бар:

1. ортақ басқарушылық-басқару заңдылықтарын көрсетеді;

2. процессуалдық-басқарушы құқық шығармашылық пен құқық қабылдаушылық аясындағы ортақ процессуалдық заңдылықтар әрекеттерінің ерекшелігін көрсетеді.

Бұл кағидалардың бөліну шарты олардың өзара тәуелділік күшіне тікелей байланысты. Әкімшілік іс жүргізудің ортақ басқарушылық қағидасына жалпының көзқарастары мен іс-жүргізуге қатысатын тараптардың мүддесінің есепке алынуы, әкімшілік іс жүргізуге қоғамдық бақылау жасалуы, ұлттық тең құқылық, заңдылық жатады. Заңдылық қағидасы әкімшілік іс-жүргізуде осы іс-әрекеттін. заңды табиғаты үшін ерекше мағынасы бар. Соған байланысты заңмен шектелген биліктік өкілеттілікті қолдануды қамтамасыз етеді және іс жүргізуге қатысатын барлық субъектілердің міндеттері мен процессуалдық құқықтарына кепілдік береді. Мысалы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабында «мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдарының өкілетгілігі және қызметтерінің ұйымдастырылу тәртібі заңмен белгіленеді» делінген.

Басқарушылык қағидалары ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады, мысалы:

- атқарушы билік субъектілері арасындағы жеке істерді шешуді немесе құқықтық акт шығаруда әкімшілік-процессуалдық өкілетгілікті бекітуді білдіретін іс жүргізуге шешім қабылдамағаны үшін және тиісті емес басқару жүргізгені үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін дербестендіру.

- процессуалдық қағидасының жүйесі мен мазмұны дәстүрлі процессуалды құқық салаларында тиянақты қолданылған, (мысалы, азаматтық құқықта не қылмыстық құқықта) бірақ олардың көбісі сот ісін жүргізуге ғана қатысты емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің құқық қолдану зандылықтарында көрініс табады. Оларға істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы; толықтылығы; объективтілігі; іс-жүргізуге қатысушылардың заң алдындағы тендігі; жариялылығы; мемлекеттік тілі; іс жүргізудегі мемлекеттің және тұлғалардың мүдделерінің қорғанысы; іс жүргізудің.қос дәрежелілігі; шешім қабылдау органының өз бетінше іскерлілігі жатады.

Әкімшілік іс жүргізудің қос дәрежелік қағидасы - кез келген қатысушысының және ең алдымен, өндіріс барысында міндеттері мен құқықтары белгіленген субъектілерінің мүмкіндігін болжайды және Қазақстан Республикасы заңдарының тәртібінде белгіленген билік субъектілерінің әрбір теріс іс-әрекеттеріне шағым берілуін қадагалайды. Сонымен қатар бұл қағиданың екінші сатылық шешімі дұрыс мақсаттылығы жоқ шағымданудан тарайды. Азаматтардың арызы бойынша аудандық, қалалық соттың әкімшілік комиссия қаулысына сүйеліп шығарылған шешіміне шағымдануға рұқсат етілмейді.

Процессуалдық қағиданың ішінен ерекше (спецификалық) қағиданы бөліп көрсетуге болады. Оған іс жүргізудің белгіленген мерзім ішіндегі жылдамдығы мен үнемділігі жатады. Мысалы: әкімшілік қүқық бұзғандарға 15 күндік мерзім, азаматтардың арызы бойынша қаралатын істерге 1 ай мерзім белгіленетіні сияқты, сол уақыт аралықтарында іс-жүргізуді тез, әрі нәтижелі қылып шешіп, шешім қабылдау. Мемлекеттің.әкімшілік тұрғыдағы жұмыстары еш кемшіліксіз болуы үшін, біріншіден, осы қағидалар нақты нормативті бекітілуі керек, себебі олардың көбісі әлі заңды толықтыруларға ілікпей жатыр, екіншіден, осылардың есептелуімен басқарушы құқық шығармашылық пен құқық қолданушылардың процессуалдық механизмінің дамуы керек.

Мемлекеттік атқарушы орган норма шығармашылық, құқық қолданушылык және юрисдикциялық қызметгердің жиынтығынан тұратын күрделі кұрылым. Мемлекеттік басқару аясында біртұтас іс-жүргізу жоқ, олар - әрқайсысы өзінше бір рөл атқаратын іс жүргізулерден тұрады. Барлық процессуалдық іс-әрекеттер тек біртұтас әкімшілік іс жүргізудің қағидалары, мақсаттары, міндеттері мен құқықтық қамтамасыз ету қүралдарынын шекарасында ғана жасалады



3.Әкімшілік іс жүргізудін субъектілері. Әкімшілік іс жүргізу субъектілеріне заңды нормалар негізінде әкімшілік іс жүргізуге қатысатын тұлғаларды, сонымен қатар мемлекеттік не мемлекеттік емес үйымдарды жатқызамыз, мысалы оларға:

- Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ түлғалар;

- мемлекеттік органдар;

- мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер;

- қоғамдық ұйымдар;

- мемлекеттік қызметкерлер;

- қоғамдық ұйымдар қызметкерлері;

- мемлекеттік мекеме уәкілдері жатады.

Субъектілердің бірінші түрі әкімшілік іс-жүргізуге көп қатысады. Олар мынадай қызмет атқарады:

- әкімшілік іс жүргізуді қозғаушы, тудырушы, яғни оны шешетін органға ұсынушы;

- бұзылған құқықты қорғауда әкімшілік даудың бір жағы ретінде қатысушы;

- өз еркімен екі жақтың біреуін қолдап қатысушы;

- әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға болуы;

- өкілетті уәкіл болуы;

- әкімшілік құқық бұзушылық пен мүліктік, моральдық зиян шеккен, жәбірленуші болуы;

- куәгер болуы;

- өзге түлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы жақ болып қатысуы.

Кез келген іс жүргізудегідей әкімшілік іс-жүргізуде де ерекше рөл атқаратын мемлекеттік-биліктік өкілеттілігі бар істерді қарастырып, оған шешім қабылдап, оны орындауды талап ететін атқарушы орган. Ол міндетті түрде әкімшілік іс жүргізуге де қатысу керек. Сонымен қатар, әкімшілік іс жүргізудің жақтарының бірі ретінде, ішкі ұйымдық іс-әрекеттер жүзеге асқанда ғана мемлекеттік және өкілетті органдардың басшылары қатыса алады. Мемлекеттік органдарға басқару қатынастарының аясында үлкен рөл, сонымен қатар өкілеттілік берілген. Мемлекеттік басқару, мемлекеттік билік органдары, сот, прокуратура белгілі бір дәрежеде нақтылы басқару істерін шешуге құқылы. Мемлекеттік орган әкімшілік іс жүргізуге 2 сипатта қатысуы мүмкін:



  1. әкімшілік істі шешетін орган ретінде;

  2. әкімшілік іс жүргізудің тек бір тарабы ретінде.

Прокуратура органдарының да әкімшілік іс жүргізуге тәжірибеде қатысуы жиі кездеседі. Мысалы; заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу немесе заңсыз басқару актісін ортақ бақылау тәртібінде протест беру.

Бұл қатысушылар іс жүргізуде әр түрлі қызмет атқаратындықтан олардың құқықтық мәртебесі де әр алуан болады. Барлық субъектілердің тең құқылы мүмкіндіктері бар. Олар заң алдында да бірдей болғандықтан заң бойынша әрекет етуі тиіс.

Сонымен қорытындылай келгенде, әкімшілік іс жүргізу -әкімшілік процессуалдық нормалардық жиынтығы, соларға негізделген атқарушы билік органдарының және олардың лауазымды адамдарының оларға жүктелген міндеттерін іске асыру жөніндегі қызметі болып табылады.

Талқылау сұрақтары:


  1. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшелігі неде?

  2. Әкімшілік іс жүргізудің негізгі қағидалары қандай?

  3. Әкімшілік іс жүргізу субъектілерін атаңыз?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 7

ӘКІМШІЛІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМДЕР

Мақсаты: Әкімшілік құқықтық режим туралы толық мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Әкімшілік – құқықтық режим түсінігі және түрлері.

  2. Төтенше жағдайдағы құқықтық режим.

  3. Ерекше және әскери жағдай режимднрі.

  4. Құпиялық режим.


1. Әкімшілік-құқықтық режим дегеніміз-заңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады. Құқықтық режимнің мәнін - адамдардың іс-әрекетінің белгілі бір бекітілген құқықтық норманы реттеуі деп түсіндіруімізге болады, арнайы құқықтық реттеу іс-әрекет объектілерінің (наркотикалық режим, автокөлік құралдары, мәдени құндылықтар және т.б.) уақыты мен орнының жүзеге асуын, нағыз іс-әрекеттің спецификасын, бәрінен бұрын -бұл факторлардың байланысуын айтамыз. Құқықтық режим түсінігі құқықтық мәртебе түсінігімен байланысты. Кейінгісі субъектінің құқығы мен міндеттерін білдіреді. қандай дабір адаммен байланыстырады; ал құқықтық режим іс-әрекетті сипаттайды және онымен қатысушылардың құқығы мен міндеттерін байланыстырады.

Режимдер салааралық (межотраслевый) болуы мүмкін, яғни бірнеше құқық салаларымен (мысалы, зандылық режим, кәсіпорын) және салалармен (әкімшілік-құқықтық, азаматтық құқықтық және т. б.) реттеледі.

Құқықтық режим - бұл қоғамдық қатынас іс-әрекетінің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық нормамен бекітіледі және құқықтық- ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді. Оның 2 түсінігі бар;

1 ) қоғамдық қатынастың арнайы мәнінің ерекшелігі және оның мақсаттары мен мәселелерінің спецификасы;

2) субъектінің құқық және міндеттер жүйесін айқындайтын іс-әрекет нысандары мен әдістерін, ерекше қағидаларын қолдану. Режимнің түсінігі «бұл сөздің мағыналық негізгі түрін айқындайды, яғни құқықтық режим қатаң құқықтық режим дәрежесін айқындайды, белгілі шектеулер мен жеңілдіктер, субъектілердің белсенділігінің шамасын, олардың құқықтық тұрактылығының шегі». Құқықтық режимдерді жалпы, әмбебап (универсальды) және өндірістік және т. б. режимдерге бөлуге болады.

Құқықтық режим құқық саласында құқықтық құралдар тәртібінің мәнін — заңды салалық құрылысын көрсетеді. Ол құқықтық әдіс саласына негізделеді және берілген сала қағидаларынын спецификасына базаланады, яғни негізделеді.

Әкімшілік-құқықтық режим - бүл әкімшілік құралдарын реттеудегі белгілі бір байланыс, құқықтық ықпалдың орталықтандырылған тәртібімен, императивтік әдіспен негізделеді.

Ол құқықтық қатынастың өзінің мәртебесі бойынша заңдылық тең

емес позицияны ұстанады.

Әкімшілік-құқықтық режим негізі келесі қағидаларға жүгінеді:



  1. өкімет билігінің бөлінуі, ол дегеніміз - заң шығарушы орган қабылдаған шешімдерді, атқарушы органдардың жүзеге асыруы, демек осы мақсатта қандай да бір өкілеттілігі бар басқару аппараттары құрылады.

  2. әкімшіліктердің заңды түрде байланысы, ол дегеніміз қандай да бір стандарт пен мөлшермен қоғамдық қатынастардың реттелуі.

  3. әкімшіліктер мен өкілетті органдардың заңға сай жауапкершілігі, ол дегеніміз - әр қабылданған билікке байланысты, олар халық алдында, мемлекет алдында жауапты болады.

  4. әкімшілік-құқықтық режимнің конституциялық жүйемен байланысы, ол дегеніміз - әр қабылданған шешім заңға сай болуы тиіс, демек конституцияға қайшы келмеуі қажет.

  5. азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелмеуі тиіс, ол дегеніміз - орынсыз, заңсыз түрде азаматтарды қорлауға және қамауға алуға тыйым салады деген сөз.

Әкімшілік-құқықтық режимді аумақтық (территориялық) критерияға байланысты бөлуге болады: жалпы мемлекеттік (құпия және т.б.), уақыт әрекетіне байланысты тұрақты және уақытша, жағдайлы (ситуационный) (мысалы, төтенше жағдай). Осы қатарда режимдерді объект, іс-әрекет құралдары бойынша бөлуге болады: мысалы, қорықтар, қаржы және т.б.түрлер бойынша.

Әкімшілік-құқықтық режимде құқық негізін реттеуде атқарушы билік актілері үлкен рөл атқарады. Құқық табиғатынан нормативтік, біріншілік «режим» нормаларын сақтайтын, нормативтік құқықтық қолдану және таза құқықтық қолдануды айыруға болады. Нормативтік құқықтық қолдануда құқық нормаларын шешу түсінігі жатыр, атқарушы орган ірі заңды күшке қарап қолданады. Мысалы, заң негізінде Президент үкім шығарады, онда төтенше жағдай режимі көрсетіледі және белгілі бір ережелер тағайындалады; ал уақытша әкімшілік заңга және жарлыққа бағынып каменданттық уақыт орнатылады.

Әкімшілік-құқықтық режимнің құрылуының жүзеге асуы нормативтік құқықтан басқа басты рөлді ұжымдық және материалдық-техникалық жүйеге негіздеп атқарады. Ұжымдық

жұиеге негізделу атқарушы билік (міндетті түрде) органдарының құқық қолдану іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Әкімшілік-құқықтық

режим әрекеті сонымен қатар әкономикалық, материалдық- техникалық мәселелерді қамтамасыз етеді: режим функциялаудағы күш және құралдарды дайындау, қаражатқа арнайы қаржы (фонд) құру, жапа шеккендерге көмек көрсету, жәрдем беретін, ремонттық жұмыстарды іс жүзіне асыру және т.б.

Арнайы әкімшілік-құқықтық режимдерде бір-бірімен тығыз байланысты екі жақты атап өтуге болады: мазмұнды және формальды. Мазмұнды жақ- режимнің себептері мен мақсатының орындалуын, ұжымдық, әкономикалық әлементтерінің оның әрекетімен байланысты, ал құқықтық жақ - кім, қай уақытқа дейін, қандай территорияда режим орындалады, процедураны оған енгізу, жойылуы, ауыстырылуы, «режимдік» міндеттер мен құқықтар. Барлық арнайы режимдер ережеге сәйкес азаматтың құқығын шектейді. Сондықтан мұндай шектеулер шектен тыс, ал режимдік шектеулер тек қана заңға байланысты орындалуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясы және заң негізінде Президент, атқарушы билік субъектілері (мемлекеттік басқару органдарының жалпы біліктілігі - үкімет, әкімдер) қосымша әкімшілік-құқықтық режим мазмұнын анықтайтын нормативтік актілерді қабылдайды. Зандық табиғатына қарамастан Президенттің бұл актілері, атқарушы билік құқық орындаушылық болады, олар жалпы заңның қағидаларымен құқық қолдану құрамына қызмететуі керек.

Әкімшілік-құқықтық режим 2 топқа бөлінеді:

1)жалпы жүйе;

2) қосымша жүйе (өндірістік). Қосымша жүйенің өзі өз кезегінде екіге бөлінеді:

а) әдеттегі;

б) төтенше (әкстремальды).

Әдеттегі жүйе өз ішінде аумағы (территория), объектілер, әрекет түрлеріне байланысты, ал төтенше (әкстремальды) жүйеде төтенше жағдай, ерекше, әскери жағдай және мемлекеттік шекара болып бөлінеді.

Жалпы жүйе дегеніміз - қоғамдық қатынастың ерекше түрлері мазмұны бойынша заңға сай реттеледі. Қосымша жүйе дегеніміз -кейбір жағдайларға байланысты қосымша тыйым салу немесе қосымша міндеттердің пайда болуы жатады.



2.Төтенше жағдайдағы құқықтық режим. Төтенше режимдер - бұл арнайы құқықтық режимнің тұрғындардың өмірлік әрекетін, шаруашылық әрекеттің жүзеге асуын және төтенше жағдай қайдан шықса, соған сәйкес территорияда билік органдарын функциялау. Оның мазмұны жағдайды реттеу үшін шаралар ұйымдастырылады, субъектілердің құқықтық мәртебесі осы территорияда, атқарушы билік орган жүйесі өзгереді.

Заң шығарушы орган төтенше режимнің 3 негізгі түрін бекітеді:



  1. «ерекше»;

  2. төтенше;

  3. әскери жағдай. Осылардың ішінен заң шығарушы орган тетенше жағдай режиміне ерекше мән беріп қарайды.

Төтенше жағдайдың құқықтық мәртебесі Конституция мен заңда көрсетілгендей 1993 жылғы 15 қазандағы «төтенше жағдайдың құқықтық режимі», орнымен қатар басқа да заңдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен, төтенше жағдай шарттарымен жеке басқару органдарының мәртебесі мен әрекетін реттейтін қаулы; жергілікті өкіл және атқарушы орган, Ішкі істер органы және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Қорғаныс министрлігінің органы, Ішкі әскер және т.б. заңдармен айқындалады Төтенше жағдай әлеуметтік мәселелерді қоғамдық шешуді қиынға соқтырады, сондықтан мемлекет қоғамдық қатынастарға қатаң заңдық-ұйымдық ықпал орнатуын міндеттейді, осы жағдайды тоқтатуға құқықтық құралдарды өзгерту және қоғамды жақсы өмір сүруге әкелу.

«Төтенше жағдай шартында құқықтық шектеу режимін жүзеге асырудағы ең негізгі жүкті басқару органының ұйымдық-өкімдік қызметі артады. Іс жүзіне асу процесінде белгілі бір құқық пен бостандық тәртібін реттеу, соның нәтижесінде көбісі азаматтық өзіндік әрекеттерді жүзеге асыра алмайды». Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу басқару органының өкілеттілігін өсіру арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік әрекет кабілеттілігін шектеу мақсатындағы басқару органының әрекеті екі нысанда түсіндіріледі: бірінші нысанда мемлекеттік басқару органының белсенді әрекеті әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану, әкімшілік-ескерту шараларын қолданудағы азаматтардың кейбір құқық және бостандық негізін жүзеге асыру арқылы тартылады. Мысалы, төтенше жағдай орналасқана умақ бойынша бостандығын шектеу.«басқару органдары азаматтардың өзінің құқығы мен бостандығын заңды түрде іс жүзіне асыруды тоқтатады. Жеке түлғаға осы жағдайда мәжбүрлеуді қолдану нақты қарама-қарсы құқықтық тәртіппен байланысты емес». Екінші нысанда әкімшілік-құқықтық тыйым салудағы негізгі түрінің қосымша міндеттері қолданылады. Олар белгілі бір әрекетте жекеленген жазу немесе абсолюттік тыйым салынатын нормалармен-белгіленеді. Әкімшілік-құқықтық реттеу төтенше жағдай шартында азаматтық-құқықтық және еңбек қатынасымен таратылады.

Президенттің Жарлығы тұрғындарға бұқаралық құралдары арқылы күшіне енгеннен бастап алты сағаттан кем емес уақыт ішінде қүлақтандырылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының умағында З күн мерзімде, ал кей бөліктерінде-6 күнгедейін жетуі қажет. Жарлық Президенттің қаулысынан кейін өз күшіне енеді, ол Конституциялық құқық және азаматтардың бостандығын ескереді. Жұмыс барысында Парламент сессиясы 48 сағат ішінде Президенттің қаулысынан кейін міндетті түрде жүзеге асады.

3.Ерекше және әскери жағдай режимдері. «Ерекше жағдай» бұл жинақталған түсінік, өзіне әр түрлі режимдерді кіргізген «аймақтық апат» жағдайын әкстремальді түрде түсіндіреді. Төтенше жағдайда аса қажетті шара қолданады. Ерекше жағдайдағы құқықтық режим төтенше жағдайдағы құқықтық режимнен 3 түрлі айырмашылық арқылы ерекшеленеді.

1) әр түрлі фактілік және заңдылык негіздермен режимдерд орнатылуы. Төтенше мән-жайлар ерекше режимін жүргізу потенциалды зорлықпен немесе тұрғындардың аурулықпен түскен түрімен айқындалады. Бұндай түрі 1994 жылғы 8-маусымдағы «тұрғындардың санитарлык-әпидемиологиялык күйі» туралы Қазакстан Республикасы заңының 35-бабында және 1994 жылғы 31 - мамырда Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің бекіткен «Қазақстан Республикасындағы карантиндік қызмет» қаулысы бойынша асқынған ауру түрін едді мекен, аудан, облыста жергілікт» атқарушы орган денсаулық сақтау органының бастауымен шаруашылық іс-әрекетге және тұрғындардың өміріне қауіпті екенін ескеріп, карантин жарияланғанын ескертеді.

Егер төтенше жағдай Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен енгізілсе, ал ерекше жағдай Үкімет немесе әкімдермен хабарлана да алады.

2) құқықтық режимнің ерекше жағдайы кішігірім келемімен, қатаң түрде азаматтардың құқығын шектеу және ұйыммең ерекшеленеді.

Карантин болған жағдайда адамдар қозғалысы және транспорт құралдары тоқтатылады; міндетті түрде жүктерде, тауарлард санитарлық өңдеу жүргізіледі, ауруларды және оларға жұққандарды бөлек ұстайды.

3) ерекше жағдай құқықтық режимі мемлекеттік басқару, өзінді және ұйымды басқару органдарының мәнді өзгермеуімен ерекшеленеді. Әкстремальді кезендегі ерекше жағдайда мемлекеттік орган біліктілігі ерекше роль атқарады.

1993 жылғы 9 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және қорғаныс» туралы заңына байланысты әскери жағдай соғыстың болуына сәйкес болады. Әскери шабуыл Қазақстан, Республикасы Парламенті сессия аралығында болуы мүмкін, ол заң шығарушы орган әрекетінің тәртібіне және мемлекеттің басшысы-соғыстың болатынын және әскери жағдайды заңды түрде дайындайды, көптеген ұйымдық сұрақтарды шешеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет