Талқылау сұрақтары:
-
Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?
-
Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?
-
Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
-
Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
-
Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
-
Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
-
Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
ДӘРІС 10
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ-БҰЗУШЫЛЫҚ
Мақсаты: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі.
-
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері.
-
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдар.
1.Жалпы құқық бұзушылық - бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқықкқ қайшы, қоғамға кауіпті, кінәлі іс-қимыл. Құқық бүзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.
1. Қылмыс — бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет.
2. Теріс қылық - қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық- құқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз - әкімшілік құқық бұзушылық.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарында қолданысқа енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған кағидалары мен нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ак Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері — адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қоргау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
Әкімшілік қүқық бұзушылық түсінігі. Жеке адамның, әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті, не әрекетсіздігі немесе заңды түлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бүзушылық болып табылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылык жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, онын залалды салдарын алдын-ала білсе және осы салдардьщ туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын-ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға бо деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса ла осындай салдардың туындау мумкіндігін алдын-ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады (30- бап).
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданылады.
Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келуі шарт. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктің жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша әкімшілік жазалардың қолданылуы мүмкін.
Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бүзушылық жасаған кезде әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бүл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі - 30 тәуліктен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауға тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар:
1. кінәлі адамның шын өкінуі;
2. кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;
3. әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4. әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5. әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
6. әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;
7. әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқықка қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар:
1. тиісті уәкілетті адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан оны жалғастыра беру;
2. бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;
3. кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
4. кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық ауруымен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5. ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеті үшін тек алу, сондай-ақ, басқа құқық бұзушылыкты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету максатында әкімшілік құкык бұзушылық жасау;
6. адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
7. кінәлі адамның біле тұра жукті әйелдерге қатысты, сондай- ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
8. адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
9. табиғи апат жағдайында немесе басқада төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
10. маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқүмарлық масаң күйде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
2. Әкімшілік құқық бұзушлық түрлері. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларға мыналар жатады:
а) азаматтардың тіл тандау құқықтарын шектеу;
б) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңдау құқықтарын шектеу;
в) азаматқа ақпарат беруден бас тарту;
г) еңбек туралы заңдарды бұзу;
д) зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы завдарды бұзу;
е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу;
ж) ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келіс сөздерге қатысудан жаптару;
з) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Мысалы, азаматтардың тіл таңдау қүқықтарын шектеу, тілге байланысты себептер бойынша кемсіту - лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл алуға әкеп соғады.
Азаматтардың сайлау құқықтарына қол суғатын әкімшілік құқық бұзушылық.
а) үгітке тиым салынған кезеңде оны жүргізу.
б) Президентке, депутатқа немесе езге де сайланбалы қызметке кандидат туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату;
в) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесінің, байқаушының құқықтарын бұзу;
г) азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетендерін (дауыс беруге арналған бюллетендер) беру, т. б.
Кәмелетке толмағандардын құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық.
а) ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы. Бұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда ескерту жасалады немесе айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппүл салынады және де кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді, есірткі қүралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануынаәкеп соққан іс-әрекетгер, сол сияқты олар қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасаса, ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға айлық көрсеткіштің 10-ғадейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі бұйымдарын сату әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жагдайда айлық есептік көрсеткіштің 2-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.
Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік қүқық бүзушылық.
а) Тұтынушыларды елеусіз мөлшерде алдау. Оған: тауардың үтыну қасиеттеріне немесе сапаларына қатысты кем өлшеу,таразыдан жеу, кем есептеу, алдау жатады және мұндай әкімшілік құқық бүзушылық жасапса, азаматтар - айлық есептік көрсеткіштің 3-ке дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдар 5-тен 20-ға дейінгі мөлшерде айыппүл төлеуге тиіс.
б) қару-жарақ пен оқ-дәрі сату тәртібін бұзу;
в) тауарларды құжаттарсыз сату;
г) банк, валюта зандарының талаптарын бұзу;
д) клиенттерге, несие (кредит) берушілерге және алушыларға (заемшыларға) банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу.
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің банк шоттарын ашу және жабу тәртібін бұзуы - лауазымды адамға - айлық көрсеткіштің 40-тан 70-ке дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға 500-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентінің функцияларын орындамауы немесе тиісті дәрежеде - занды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің 500-ге дейінгі мөлшерінде айыппүл сапуға әкеп соғады.
Клиенттерге, несие (кредит) берушілерге және алушыларға (заемшыларға) банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем, ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды, ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды дер кезінде немесе дұрыс орындамауы - талаптар сомасының 5%-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға зкеп соғады. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесінін банктегі шотына ақшаны, оның келіп түскен күнін есептемегенде, бір операциялық күннен асырып, дер кезінде немесе дұрыс есептемеуі - занды тұлғаға - әрбір төлем(құжаты үшін айлық есептік көрсеткіштің) немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаудың дер кезінде немесе дүрыс есептемеген сомасынын,'5 %-на дейінғі мөлшерінде айыппұл салуга әкеп соғады.
Клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы - заңды тулғаға -әрбір төлем құжаты ушін айлық есептік көрсеткіштің 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ несиені (кредитті) заңсыз алу немесе мақсатсыз пайдалану да әкімшілік құқық бузушылыққа жатады.
3.Әкімшілік құқық бүзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар.
1. аудандық және соларға теңестірілген соттардың судьялары;
2. кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) қалалардағы аудандық комиссиялар;
3. ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекция органдары.
Іс жүргізу
Әкімшілік құқық бүзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес шешу, шыгарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
Әкімшілік қуқық бузушылық туралы іс жүргізудің тәртібі
1)әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен айқындалады;
2) Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі осы Кодекстің ережелерімен және Қазақстан Республикасы қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасы азаматтық іс-жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады.
Іс қозғау
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:
1. уәкілетгі лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
2. қүқық қорғау органдарынан, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материаддар;
3. жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жергілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бүзушылық туралы іс қозғау үшін негіз бблады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік қүқық бұзушылық туралы Іс қозғалған болып саналады.
Істерді қарау:
1.әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері боиынша.қаралады; .
2. құқық бұзушылық (әкімшілік) туралы істер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқдн адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.
Әкімшілік құқық брушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердін түрлері:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган мына қаулылардың бірін шығарады:
1. әкімшілік жаза қолдану туралы;
2. іс жүргізуді қысқарту туралы;
3. жаза қолдануға құқылы судьяның, органның қарауына беру туралы;
4. айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы қаулы.
Жалпы әкімшілік құқық бұзушылық бұл жеке немесе занды тұлғаның әкімшілік жауаптылық көзделген қүқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылықтың көптеген түрлері бар, соның негізгілерін қарастырып өттік. Әр азамат осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңды, кодексті білсе, ол өз құқығын қорғай алады, сонымен қатар мұндай құқық бұзушылық қай салада болғанына қарай қанша айыппұл салынатынын, қандай жаза қодданылатынын білетін болады. Әкімшілік құқық бұзушылық өзі аты айтып тұрғандай көбіне әкімшілік тарапынан заңды дұрыс орындамау, жауаптылық көзделген тәртіпке, құқыққа қарсы әрекеті кезінде туындайды.
Талқылау сұрақтары:
-
Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?
2.Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?
3.Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
-
Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
-
Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
-
Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
-
Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
ДӘРІС 11
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ
Мақсаты: Әкімшілік құқықтағы заңдылық туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Әкімшілік құқықтағы заңдылық ұғымы.
-
Әкімшілік құқықтағы заңдылықты қамтамасыздандыруды бақылау.
-
Әкімшілік құқықтағы заңдылықты қамтамасыздандыруды қадағалау.
1. Зандылық заң әдебиеттерінде бірнеше мағынада қаралады:
1. ұйымдастыру және қызмет қағидасы;
2. басқару әдісі;
3. мемлекет және онын, азаматтарының бір-бірімен әрекеттесу қағидасы.
Заң және басқа да нормативті актілер азаматтардың құқықтық санасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің эволюциялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Адам мен азаматтардың абсолютті ажырамайтын құқықтары, халықтың мәдениеті мен менталитеті - заңның тірегі болып саналады. Бұл - заңдылықты қамтамасыз етудің басты шарты. Зандылық әкімшілік құқықта тек қана заң актілерімен сәйкес әрекет ету арқылы көрсету ғана емес (мысалы, лаузымды орынға тағайындау, заңды тұлғаларды тіркеу және т. б.), сонымен қатар, заң және басқа да актілерді орындау барысында ынталық көрсету (мысалы, әкімшілік бақылау барысында, құқық бұзушылықтың алдын алу және т. б.)
Сонымен заңдылықты - нормативті құқықтық актілердің және олардың орындалуы мен қолданылуы арқылы жалпылай мемлекеттік еркіндікті қамтамасыз ететін құқықтық жүйе деп білуге болады.
2.Заңдылықты қамтамасыз етуді бақылау. Заңдылық барлық мемлекет билік органдарына міндетті. Бақылау субъектіге байланысты келесі бақылауларға бөлінеді:
- Президенттік бақылау;
- Парламенттік бақылау;
- Үкіметтік бақылау.
Президенттік бақылау - Президенттің және оның әкімшілігі арқылы жүзеге асады. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күн ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді және заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады. Мемлекет басшысы бола отырып, Президент кадр саясатына белсенді әсер етеді: лауазымды қызметкерлерді тағайындау және орнынан босату (Парламентпен келісіп недербес). Президент биліктің бірлігін қамтамасыз етуде және билік тармақтары арасында келіспеушілікті болдырмау мақсатында мынадай шешімдерге келуі мүмкін:
- Парламентті таратуға (Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің палаталар арасындағы немесе еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда);
- Үкімет құзіретін тоқтатуға және Премьер-Министрді, Үкімет мүшелерін орнынан босатуға.
Парламенттік бақылау — мемлекеттік органдарды құру, қайта үйымдастыру және тарату, лауазымды қызметкерлерді тағайындау, орнынан босату және парламент мүшелерінің құзіретін растау, олардың қол сұғылмауын тоқтату және айыру сұрақтарын шешеді.
Парламенттік бақылау палаталардың ерекше және жекеше құзіреттері арқылы жүзеге асады. Палаталардың бірлескен отырыстарында Парламент:
1.Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Үлттық Банк Төрағасын тағайындауына келісім береді;
2.Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе оны қабылдамай тастайды;
3.Республикалық бюджетті және Үкіметпен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
Парламенттіің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз, депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға және Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған ретте Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға құқылы.
Атқарушы билік органының бақылауы субъект мәртебесіне байланысты келесі классификацияға бөлінеді: 1. жалпы, 2. ведомствалық.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
- Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтатата тұрады;
- Үкімет құрамына кірмейтін орталық аттқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Жергілікті .өкілді органдар - әкімдер мен мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекетгік мүдцелерді ескере отырып, оны іске асыруға кажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
3.Заңдылықты қамтамасыз етуді қадағалау. Қадағалау мемлекеттік бақылаудың түрі болып келеді. Қадағалау келесі түрлерге бөлінеді: Прокурорлық, әкімшілік және соттық қадағалау. Прокуратура мемлекеттің атынан жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады:
- заңның, Президент Жарлығының және т.б. нормативті құқықтық актілердің біркелкі қолданылуы;
- шұғыл-іздеу жұмыстары, тергеу жұмыстарының заңдылығы;
- әкімшілік және атқару өндірісіндегі зандылық.
Прокуратура өзінің міндетін атқаруда құқылы:
1. Заңның кез келген түрінің бұзылуын айқындауға;
2. Конституцияғажәне Республика заңына қайшы келетін заңды және басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіруге;
3. сотта мемлекеттің мүддесін қорғауға;
4. заңмен белгіленген тәртіпте, шектеулі түрде қылмыстық тергеуді жүргізуге.
Прокуратура қызметкерлері занды түрде кез келген тергеу объектілеріне баруға, басшылықтан керекті мәліметтерді алу, тексеріс және ревизия өткізуге құқылы.
Қадағалау құзырын жүргізудегі басты актілер: наразылық, ұсыныс ету және т.б. Прокурорлық қадағалау актілері, прокурор мәртебесін анықтау актісінде бекітілген. Прокурор наразылығы -Конституцияға, заңға, жарлыққа және басқа да нормативті актілерге қайшы келетін акт шығарған органға немесе лауазымды қызметкерлерге беріледі. Прокурор ұсынысы тек қана заңның бұзылу фактісіне ғана бағытталмаған, сонымен қатар заңның бұзылуына әрекет болған жағдайға және себебіне бағытталған. Заңның бұзылуын жоюда шара қолдануға құқылы мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, коммерциялық ұйымға немесе лауазымды қызметкерге ұсынысты енгізеді. Әкімшілік қадағалау арнайы ұйымдастырылған орган арқылы жүзеге асады (мысалы, МАИ және т.б.). Қадағалау жүргізетін органдар арасында ұйымдық бағыну болмайды.
Әкімшілік қадағалау келесі мәселелерді қамтамасыз етеді:
- арнайы нормалармен тәртіптерді орындау (жол жүру тәртібін, өрт қауіпсіздігі және т. б.);
- арнайы және жалпыға міндетті тәртіп пен нормативті қадағалау (мысалы, Госстрахнадзор);
- қадағалау объектілеріне бару, тексеру өткізу, мәліметтер сұрау, рұқсаттар мен нұсқаулар беру, тыйым салу.
Талқылау сұрақтары:
1.Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?
2.Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?
3.Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
-
Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.
-
Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
-
Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
-
Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
ДӘРІС 12
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
Мақсаты: Мемлекеттік қызмет туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Мемлекеттің қызметтің түсінігі мен ерекшклігі.
-
Мемлекеттің қызметтің негізгі қағидалары.
-
Мемлекеттің қызметкерлердің құқықтық жағдайы.
1.Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33-бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды.
Мемлекеттік қызметтің азаматтардың еңбек іс-әрекетінін бір турі болып келетіні сөзсіз. Сондықтан да мемлекеттік қызмет жалпылай ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқарылу персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамаыз.
Мемлекетті басқару органдарында басқару қадрларын жинаудың, басқару функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тулғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.
Мемлекеттік қызметдеп белгілі бір іс-әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметініңтар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқаруы ушін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан-жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атқара алатынын анықтайды. Біліктілік -біліктілік класстарымен анықталады.
Мемлекеттік қызметтің тагы бір белгісі - мемлекеттік қызметкердің басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл Дегеніміз-азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне гқгізілуін айтамыз.
Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағьінуы - мемлекеттік қызметтің келесі белгіс/ боль/п табыладьг. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің хиптік ережелерімен және осының негізінде қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас әлементі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен Іуіемлекеттік қызметкерлер лауазыіуы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып габылады. Мемлекеттік қызметкерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес төленеді. Жалақы алдын-ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі; жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал қосымшасы -мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа жағдайларга (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметтте істеген жылдары үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с.) байланысты анықталады, төленетін ақша мөлшері жагынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минимальды мөлшерден төмен болмауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған азаматтардаң кәсіби қызметі. Келтірілген анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша айқындаймыз:
-
мемлекектгік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асырумен байланысты;
-
мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы әкономика, әлеуметтік-саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлылығымен басқару функцияларының көлемділігімен, ауырлылығымен және ауқымдылығымен (масштабтылығымен) ерекшеленеді. Мемлекетгік басқаруда бүкіл қоғамныңжәне мемлекеттің мүдделері көрсетіледі;
-
мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын арнайы аппарат аясында жүзеге асырылады. Осындай аппаратсыз жұмыс істеу мүмкін емес, себебі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы осындай аппаратты қажет етеді. Әкономика, әлеуметтіксаламенәкімшілік-саяси құрылысдамуындагы мемлекет қызметкері органдар жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл органдар алдында тұрған мақсаттары олардың қызметінің мазмұнын және сәйкесінше мемлекеттік қызметкерлер функциясын анықгайды;мемлекеттік қызметгің спецификасы басқару функциясын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Басқару аппаратында мемлекет функцияларыныңбасқару функцияларымен бірігуі және мемлекеттік қызметкерлердің нақты функцияларының қүралуы арқылы жүзеге асады. Соның өзінде басқару органдарының мақсаттары мен функциялары мемлекеттің мақсаты мен функцияларынасәйкес болуы керек;
-
мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан да мемлекеттік билік қүзіретгеріне ие;
-
мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, зандарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа заңды актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда мвемлекеттік қызметкерлердің басқару қызметі мемлекетгік басқарудағы заңдылық қағидасыныңталаптарынасай болуы керек. Бүл жерде Конституция нормаларын және басқа да заң актілерін мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң актілерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы әлеуметтік процестердің мемлекеттің басқаруын ұйымдастыру;
-
мемлекеттік қызмет - атқарушы сипаттағы үйымдасқан қызмет. Бұл жерде Конституция нормалдарын, зандарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен басқа заң актілерінің мемлекеттік басқару аясына сәйкес тәжірибелі түрде іске асыру айтылады. Мемлекеттік қызметтің түйіні әлеуметтік процестердің мемлекеттік басқаруын ұйымдастыру мен сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен уәкілеттіктерін жүзеге асыруда жатыр;
-
мемлекеттік қызмет - жарлықшы сипаттағы қызмет. Бұл дегеніміз мемлекет қызметкерлерінің өзіне жүктелген саласында мақсаттар мен қызметгерді жүзеге асыру барысында заңды-актілі үйғарымды қолдануға құқылы. Жарлықшы қызметі қажетті жағдайларда басқару актілерін шығарумен ерекшеленеді. Бұл актілердің көмегімен ведомстваларға қарасты объектілер мен олардың негізгі қызметінің бағыттарына тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік қызмет саясаттандырылған түрімен де ерекшеленеді. Бүл дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі мен өкілеттігін атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар, қоғамдықбірлестіктер мен олардың органдарының шешімдерімен еш байланыстырмау. Осыған орай мемлекеттік органдар мен олардың аппаратгарында саяси партиялар үйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері өзінің басқару әрекетін жүзеге асыруға қүқығы бар. Заңцарда бекітілген бірыңғай мемлекет саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |