Семинар сабақтары оқытудың белсенді формаларының бірі болып


 тақырып. Саясаттың табиғаты: формасы, мазмұны, үдерісі



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453155
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
ӘСБМ әлеуметтану саясаттану семинар тапсырмалары (1)

9 тақырып. Саясаттың табиғаты: формасы, мазмұны, үдерісі  

 

1Саясаттың 

құрылымдық,  нормативті  және  институционалдық 

формалары. 

2Саяси  шешімдердің  саясат  мазмұнының  құрамдас  бөлімі  ретінде 

дайындалуы, талқылануы, қабылдануы және жүзеге асырылуы. 

3Саяси үдеріс, оның құрамы, сипаты және бағыты. 

 

Сабақтың  мақсаты:  саясаттың  әлеуметтік  құбылыс  ретіндегі 

болмысын  анықтау  және  саяси  үдерістердің  саясаттың  көрінісі  ретіндегі 

ерекшеліктерін айқындау.   

Негізгі  түсініктер:саясат  құрылымы,  норматив,  саяси  шешім,  саяси 

үдеріс, саясат табиғаты, институционалды форма, саяси бағыт. 



 

Әдістемелік нұсқау. 



Бірінші сұрақ бойынша: 

-    саясаттың  әлеуметтік  құбылыс  ретіндегі  болмысына  назар  аударып, 

оның  құрылымдық,  институционалдық  және  нормативті  аспектілерін  саяси 

қатынастардың құрамдас бөлімі ретінде қарастырыңыз; 

-  саясатқа  оның  формасы  тұрғысынан  талдау  жасап,  сыртқы 

көріністерінесүйеніп саясаттың ішкі мәнін ашыңыз;  

-  саясат  формаларының  әрқайсысына  әлеуметтік  феномен  ретінде 

сипаттама  беріп,  олардың  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтарын 

анықтаңыз. 

Екінші сұрақ бойынша: 

- саяси шешімдердің қабылдануына ықпал етуші факторлар, жағдайлар 

мен себептер тұрғысынан саясаттың мазмұнын сипаттаныз;  

-  саяси  шешімдердің  қабылдану  сатыларын  саясат  мазмұнының 

құрамдас  бөлімдері  ретінде  қарастырып,  олардың  әрқайсысының  мазмұнын 

ашыңыз; 


-  саяси  шешімдерді  қабылдау  және  жүзеге  асыру  үдерісінде  саясаттың 

мазмұны,  оның  көпнұсқалылығы  және  баламалылығы  тұрғысынан 

ерекшеліктері арасындағы өзара байланысты ашыңыз. 

Үшінші сұрақ бойынша: 

-  саяси  үдерістердің  сипаты  мен  оның  құрылымдық  элементтері 

арасындағы өзара байланысты қарастырыңыз; 

-  саяси үдерістердің барысы мен ағымы, олардың қарқыны мен мерзімі 

және  қоғамның  саяси  мәдениетінің  өзараықпалын  анықтаңыз.  Рухани 

құндылықтар  құрылымы,  әлеуметтік  мәдени  дәстүрлер  ерекшеліктері  және 

саяси жүйе ахуалы арасындағы өзара әрекеттестіктіайқындаңыз; 

-  саяси  қатынастардың  даму  векторының  түрлі  ішкі  және  сыртқы 

факторлардың ықпалына тәуелді болатындығын негіздеңіз.  

Бақылау сұрақтары. 

1. Саясат  табиғаты,  оның  әлеуметтік  құбылыс  ретіндегі  ерекшелігі 

қандай? 



2. Саясаттың  болмысы,  функциялары  және  мақсаты  туралы  қандай 

ғылыми тұжырымдамалар бар? 

3. Саясаттың  мазмұны  қандай  сатылардан  тұрады  және  олар  оның 

сипаты мен бағытына қалай әсер етеді? 

4. Саяси  үдерістердің  мазмұны,  формасы  мен  бағыты  не  нәрсеге 

тәуелді болады? 

5. Саяси  үдерістердің  түрлі  әлеуметтік-саяси  жүйелердегі  жүру 

ерекшеліктері қандай?  



 

Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 

1. 

«Саясаттың  негізгі  түсініктемелеріне  салыстырмалы  талдау» 



тақырыбына кесте құрастыру. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет