2 тақырып Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық
перспектива
1 Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау.
2 Дін және әлеуметтік теңсіздік.
3 Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени алуан түрлілілік.
Әдістемелік кеңестер.
Бірінші сұрақ. Дін әлеуметтануы ғылыми пән ретінде ХІХ ғасырдың
ортасында бастау алды. Дін қоғамның ажырамас бөлігі. Әлеуметтік
талдаутақырыбы: діни сана, діни қатынастар, діни ұйымдар мен қозғалыстар.
Э. Дюркгейм «Діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты
еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге
сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы
мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз
шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз
қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм.
Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Р.Мертонның көзқарастарына және
діннің қоғамдағы рөліне талдау жасаңыз.
Екінші сұрақ. Қарастырылып отырған арақатынастың маңызды бір
тұсы– белгілі бір әлеуметтік таптар мен дін жүйелерінің арасындағы өзара
байланыс. Діннің әлеуметтік бөлініске және теңсіздікке қандай қатысы бар.
Әлеуметтік бөлініске діндік легитимділік берудің мысалдары бар ма?
Мысалдар келтіріңіз.
Р.Беллдің діни жүйелерінің жіктелуін кеңейтіңіз.
Кез келген басқа әлеуметтік мекеме сияқты, дін қоғамда бірқатар нақты
функцияларды орындайды. Дін қызметіне назар аударыңыз және кеңейтіңіз.
«Сословие, таптар, дін» мәселесі Вебердің «Әлем діндерінің
шаруашылық әдебі» кітабында керемет жіті қарастырылған. Ол қандай да бір
таптардың өмірлік ұстанымы сәйкес діндердің тәжірибелік әдебіне қатты
әсерін тигізіп және оларды бір-бірінен ерекшелейтін белгілерді бергені
көрсетуге талпыныс жасады.
Үшінші сұрақты дайындауды
«мәдениет» және
«өркениет»
терминдерін түсіндіруден бастаған жөне, осыдан кейін кең мағынасында
мәдениет – бұл қоғамда жасалған материалдық және рухани
құндылықтардың толықтай бір жүйесі екені жайлы қорытындағы келу қажет.
Қоғамның өзі де бірнеше таптарға және әлеуметтік топтарға бөлінгені
тәрізді мәдениеттің де алуан түрлі салалары мен бағыттары бар.
Осылайша,мәдениетті кім жасағаны, оның сипаты мен кімге бағытталғанына
байланысты шартты түрде мәдениеттің үш деңгейін бөліп қарастыруға
болады: элиталық мәдениет, халықтық және бұқара мәдениет.
1. Қоғам мәдениетінің негізгі формаларын сипаттаңыз.
2. Мәдениеттің негізгі элементтерін атаңыз және оларға сипаттама
беріңіз.
Т. Парсонс әлеуметтік және мәдени ұғымдар арасында анық
айырмашылықтарды көрсетіп берді. Әлеуметтік деп ол шынайы әлеуметтік
өмірді: үрдістерді, оқиғаларды, фактілерді атады, ал мәдениге, өз пікіріне
сәйкес, адамдардың әлеуметтік өмірді қалай елестететінін немесе
шынайылық жайлы түсінікті жатқызды.
Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз.
Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын
ай-қындаңыз.
Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл,
құндылықтар,нор-малар, дәстүрлер жәнет.б.
Ынтымақтастық рухы біздің дәстүрлердіңбір бөлігін құрайтындығы,
өйткені көне замандардан бері Қазақстан түрлі дәстүрлер мен
мәдениеттердің тоғысу және табысу мекені болғандығы қазір айтылып та,
жазылып та келеді. Яғни Қазақстан көне заманнан бері сан алуан
мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандықтан, ел аумағында
бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм,
христиандық және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір
сүргенін, яғни толеранттылық пен конфессия аралық келісімнің үлгі
болғандығын айтқымыз келеді.
Мәдени алуан түрлілік дегенді қалай түсінесіз?
Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері қандай?
«Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарынәлеуметтанулық
талдау» тақырыбындаэссе-талқылау жазыңыз.
Баяндама тақырыптары
1 Мәдениеттің негізгі элементтері.
2Діннің әлеуметтік институт ретіндегі қызметтері.
3 Мәдени конвергенция және мәдени империализм.
4 Қоғамдық сананың жаңғыруы.
5 Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |