Семинар сабақтары оқытудың белсенді формаларының бірі болып


 тақырып Әлеуметтанулық дискурстағы білім беру



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453155
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ӘСБМ әлеуметтану саясаттану семинар тапсырмалары (1)

3 тақырып Әлеуметтанулық дискурстағы білім беру 

1  Білім беру әлеуметтік институт ретінде.  

2  Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік. 

3  Жаһанданудың қазіргі әлемдегі білімге әсері.  

 

 




Әдістемелік кеңестер. 

Бірінші  сұрақты  дайындауды  білім  беру  әлеуметтануы  нені 

зерттейтіні,  оның  зерттеу  пәні  не  екені  жайлы  мәселені  көтеруден  бастаған 

дұрыс.  

Оның  қарастыратын  салаларын  қысқаша  жинақтай  отырып,  ол  білім 

беруді  әлеуметтік  институт  ретінде,  оның  генезисін,  жұмысын,  құрылымын, 

ұйымдастырылу 

әдістерін, 

білім 


беру 

салаларының 

әлеуметтік 

құрылымдарындағы  өзгерістерді,  басқа  да  қоғамдық  институттар  мен  адам 

өмірінің  тұстарымен  өзара  әрекеттесуін  зерттейтінін  айта  кеткен 

жөн.Барлыққоғамда  білім  саласы  -мәдениетті  қалыптастырудыңмаңызды 

құралы. 

«Білім беру әлеуметтануы» түсінігінің мазмұны қандай? 

«Білімді игеру», «тәжірибені сіңіру» сияқты ілімнің негізгі түсініктерін 

С. Рубинштейн, Ж. Пиаже сияқты біртуар ғалымдар қалады.  

Ілім, білім беру – әлеуметтенудің құрылымдық құраушы бөліктері.  



«Мектеп» институтының қалыптасу мәнін ашып көрсетіңіз.  

Екінші  сұрақ.Бурдьенің  әлеуметтік  жаңғыру  теориясына  сәйкес  қоғам 

өз  құрылымын  жаңғыртуға  бейім  болады.  Білім  беру  жүйесі,  әсіресе,  оның 

жоғары  қабаттары    әлеуметтік  тенсіздіктің  қайта  жаңғыру  мен  сақталуына 

әсер етеді.  

Білім  беру  саласындағы  мұмкіндіктер  кеңейген  кезде  жоғары 

әлеуметтік таптар өздерінің артықшылықтарын сақтауға ұмтылады. 



Мектептің  жұмысында,  оның  мәртебесінде  қандай  әлеуметтік 

институттар маңызды рөл атқарады? 

Үшінші  сұрақ.Ресурстар,  адамдар,  идеялар  ұлттық  шекараларда  еркін 

жүретін  жаһандық  кеңістік  қазіргі  заманғы  әлемнің  басым  бағыты  болып 

табылады.  Осы  үрдістің  салдарының  бірі  -  ұлттық  білім  беру  жүйесінің 

интеграциясы.  Білім  беруді  жаһандану  -  әртүрлі  білім  беру  жүйелерін 

бірыңғай  панъеуропалық,  кейін  жаһандық  деңгейде  біртіндеп  өзгеру,  яғни 

дәстүр мен мәдениеттен туындайтын айырмашылықтарды сақтау. 



Қазіргі  әлемдегі  білімге  жаһанданудың  (Болон  үдерісінің)  әсерін 

анықтаңыз. 

Білім беру қоғамдағы әлеуметтік-кәсіби құрылымды жаңғырту факторы 

рөлін  атқарады.  Оған  қоса,  ол  әлеуметтік  орын  ауысулар  мен  әлеуметтік 

мобильділіктің арнасы, «лифті». 



Бүгінгі таңда отандық білім беруде қандай мәселелер бар? 

Қазақстан  еңбек  нарығына  жүргізілген  мониторинг  көрсеткендей, 

жоғары  оқу  орындары  түлектерінің  жұмысқа  орналасуы  көп  жағдайда 

біліктілік  деңгейіне  байланысты,  түлектердің  теориялық  және  тәжірибелік 

дайындығына қатысты басым талаптар қойылады.  

Бүгінгі  таңда  білім  берудің  қандай  тұрақты  модельдері  бар?  Әр 

модельге сипаттама беріңіз.  

«Braindrain»    қандай  мағына  береді?  Себептері  қандай?  Әлеуметтік 

зерттеу нәтижелерін келтіріңіз.  

Қазақстанда  тегін  білім  беру  қолжетімділігінің  артықшылықтары 



мен кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құрыңыз. 

 

Эссе, баяндамалар мен презентациялардың тақырыптары. 

1. Заманауи білім берудің қызметтері. 

2. Білім беру әлеуметтену факторы ретінде. 

3.«Қазақстан  мен  шетелдегі  білім  берудің  салыстырмалы  талдауы» 

тақырыбына презентация дайындаңыз. 

4.«Білім  беру  және  Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы»  эссе-негізде  

месін дайындаңыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет