474
себепті бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек
халықтың 24-26%-ы ғана істейді. Керісінше, рухани өндірістегі
адамдардың саны 36-38%-ға жеткен! Өйткені өндіргіш күштер
өскен
сайын материалдық өндіріске керек адамдардың саны да соған сәйкес
азая бермек. Ақпараттық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде бүгін
бүкіл экономиканың 50%-ынан асады екен! Сөйтіп, ақпарат ең құнды
тауарлардың қатарына кірді. Ендеше, ұлттық ақпарат ресурстары
сол қоғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап
ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-ін сатсаңыз,
сізде 500-і қалады. Ал 1000 бит ақпарат сатсаңыз, оның құнын аласыз
да, сонымен қатар сол 1000 бит қолыңызда бұрынғыдай қала береді!
Демек, қазіргі қоғамның негізгі капиталына адамдардың қабілеттері,
табиғи дарындары,
оларды дамытып, тиімді пайдалану жататыны
айдан анық. Қай ел өз адамдарының шығармашылық мүмкіндіктерін
гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи байлықтары аз болса да,
өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім саласына көп
көңіл бөлінуі керек.
Сондықтан да біздің жас мемлекетімізде де білім беру саласына,
оның дамуына көп көңіл бөлінуде. Бұл салада тәуелсіздік жылдары көп
өзгерістер пайда болды.
Біріншіден, жаңа заманның талаптарына сай мектептер мен жоғары
және орта арнаулы оқу орындары компьютерлік құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етілді. Ел қандай қиын жағдайда болса да, жас мемле-
кет оған қаржы аяған жоқ. Көп оқу орындары «Интернет» жүйесіне
қосылып, мектеп оқушылары мен студенттер дүниежүзілік ақпарат
қорын пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа заманға сай оқулықтар
дайындалып, мультимедиалық білім беру әдістері алдыңғы шептегі
мұғалімдердің күнбе-күнгі жұмысына айналды.
Жоғары білім беру саласында жеке меншікке негізделген оқу
орындары пайда болып, дами бастады. Әрине, бұл үлкен
жұмыста
асырасілтеушілік де болды. Мұндай үдеріс басталған кезде, сол саланы
басқарған кейбір шен иелері «көз қысты, бармақ басты» жолына
түсіп, оңды-солды лицензиялар беріп, ешқандай материалдық базасы
жоқ «университеттердің» ашылуына жол беріп қойды. Жоғары білім
беру «жеңіл іске» айналды. Оңай пайда табуға құныққан оқу-білім
саласындағы «іскерлер» соларға сенген қаншама жастардың тағдырына
өз кеселін тигізді!
Бүгінгі таңда жағдай дұрысталуда. Үш бөлмелі пәтерді жалға алып,
«университет ашқан» заман артта қалды. Дегенмен де бұл күрделі
салада қиындықтар – әлі шаш етектен.
Қай елде болса да, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды.
Біріншіден, заманның
талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы
475
соңғы технологияларға үйрету. Екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық
білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, азаматтық қасиеттерін
шыңдау. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұрынғы білім беру жүйесінде
әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын.
Сонымен қатар арнаулы кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету
заман талабына көп жағдайда сай келмейтін.
Енді жағдай керісінше орын алып отыр. Гуманитарлық білім
беру жүйесі
мейлінше кеміп, кәсіби білім беруге мейлінше көп көңіл
бөлінуде. Тікелей Батыстың білім беру жүйесі сияқты. Мұндай
асырасілтеушілік
«біржақты» дамыған, тек өз саласын ғана жақсы
білетін мамандардың дүниеге келуіне себеп болады. Қарап отырсақ,
Батыс елдеріндегі рухани дағдарыстың себептерінің бірі осында болса
керек.
Жалаң технократизм дұрыс нәтижеге әкеледі деп айту қиын.
Екі-ақ мысал келтірейік. Қытай елінде (5 мың жылдық өркениеттігі бар)
мыңдаған жылдар бойы мемлекеттік
жұмысқа өтерде конфуциандық
Достарыңызбен бөлісу: