Серік Мырзалы философия оқу құралы


Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет315/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   422
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Сезімдік танымның формаларын келтіріңіз.
2. Интуиция (ішкі көкейкөз) дегеніміз не?
3. Ақиқат дегеніміз не?
4. Ақиқатқа жетудегі жаңылу мен жалғанның айырмашылығын 
көрсетіңіз.
5. Танымдағы әдістердің қызметі қандай?
6. Экспериментті кейбір кезде неге «табиғатты тергеу» дейді?
7. Санаттық синтез дегеніміз не?
8. Дедукция кеңінен қай ғылымдарда қолданылады? 
9. Қазіргі ғылымдағы моральдық құндылықтар маңызы өсуінің 
себебі неде?
Рефераттар тақырыптары:
1. Философиядағы таным ілімі.
2. Танымның іс-тәжірибелік табиғаты.
3. Танымдағы ақиқат мәселесі.
4. Сезімдік танымның ерекшеліктері.
5. Рационалдық танымның құрылымы.
6. Танымның жалпы әдістері.
7. Диалектика және метафизика.
8. Дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу таным жолы.
9. Синергетика ілімінің әдістемелік мүмкіндіктері.


477
ХV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы
§ 1. Қоғам ұғымы
Болмыс санаттарын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім 
ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан қоғам болмысына келіп тірелдік. 
Өйткені біз білетін ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы 
пенде – адамдар – бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға 
түсіп, қоғамды құрайды. 
Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан 
жақын санаттар қолданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды 
бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» санаттарын 
салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, қазақ 
елі – Азия құрлығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. 
«Қауым» және «қоғам» санатына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, 
тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. 
Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг 
сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі – 
ол мемлекет болса, су астындағысы – қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан 
қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке 
келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. 
әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын 
сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын 
айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар 
мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті 
болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін 
нақтылай түсу қажет. Себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша 
алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. 
Сондықтан басқа елдермен экономикалық, саяси-құқықтық, мәдени-
рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген 
ұғымды қалай түсінуге болады? 
Белгілі нақтылы-тарихи қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы 
қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сақтай оты-
рып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі қажет. Мысалы, 
бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, 
ет, көкөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге 
жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан Бразилия емес, сондықтан 
тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан сияқты 
жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шетелдерден алмаса бол-
майды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше түрлі компьютерлер, радио-
теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар жер бетіндегі 


478
үлкен астық өсіретін ел болғандықтан, ауыл шаруашылығына керек 
механизмдерді өзіміз шығармай, көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн 
өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет