Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет312/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   422
технологиялық машинаның дүниеге келуі еді. Онда қозғаушы күш, 
оны жеткізу, жұмыс жасау механизмдері бірге берілген. Жүре келе, 
ғасырлар шеңберінде олар бір-бірінен бөлініп, қозғаушы механизмдер, 
оны жеткізу және технологиялық машиналар пайда болады. XVIII-ғ. 
аяғында технологиялық машиналарды жасауда нағыз төңкеріс болды: 
жіп иіретін, мата тоқитын машиналар дүниеге келді. Бу күшіне 
негізделген қозғалтқыштар пайда болып, мұның өзі алып өндіріс-
тер – фабрикалардың ашылуына себеп болды. ХХ ғ. дүниеге кел-
ген электр күшіне негізделген жеке қозғалтқыштар әрбір машинаның 
құрамдас бөлігіне айналып, өндірісті ары қарай дамытты. 
Алайда қандай машиналар жасалса да, оларды бақылап басқаратын 
адам болды. Бірақ ол да ХХ ғ. көп ұзамай, автоматтандырылған 
өндіріс ошақтарымен ауыстырыла бастады. Бүгінгі таңда дамыған 
елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі 
кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда машина 
қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен 
роботтарға берілген.
Компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар 
ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу
т.с.с. істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске 
асыруға көмектеседі.
Сөйтіп, тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте 
машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды. 
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жары-
лысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық за-
уыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы 


473
телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), 
ғарышта орналасқан стансалар мен жерсеріктері т.с.с. қазіргі ғылым 
жетістіктеріне негізделген.
Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта 
адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі 
деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scіentіa – лат. сөзі, 
ғылым), я болмаса техно-оптимистік көзқарас дейміз.
Алайда шың бар жерде құз да барын ескеру керек. ХХ ғ. 70 жж. 
бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да (қоршаған ортаның 
бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника құлына айналуы т.с.с.) 
айқындалып, көрсетіле бастады. Антисциентистік, техно-пессимистік 
бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды «құмырадан шығып кеткен 
жынға» теңеп, «енді ары қарай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату 
керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай, құрып кетеді» деген 
пікір айтты. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп 
ойламайды» демекші, жаңа ғана дамып келе жатқан елдер өз өндіріс 
кешендерін орнатып, халықтарының әл-ауқатын көтергісі келеді, Батыс 
ойшылдарының алаңдауын олар ескермейді.
Сонда ары қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Кейбір 
кезде, мүмкін, Табиғаттың баласы болып, оған қарсы шықпай, үндесті 
өмір сүрген біздің көшпенді бабаларымыз дұрыс істеген болар деген де 
сұрақ ойымызға келеді. Әрине, ол – романтикалық көзқарас. Ғылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет