Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет5/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422
бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға 
аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін 
туғызады.
Сенім дегеніміз – белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, 
нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді 
қажет етпеу. Осы тұрғыдан алғанда, сенімді екіге бөлуге болады. 
Олардың бірі – ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым 
мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін 
түбегейлі өзгертетіне сенуін жатқызуға болады. Оны философияда сци-
ентизм ия болмаса технократизм дейді (scіentіa – латын сөзі, білім, 
ғылым, techne – грек сөзі, өнер, жасай білу, шеберлік, cratos – грек сөзі, 
билік).
Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я 
болмаса ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келе-
тін қиялдарға илану және соларды адамның өз-өзіне иландыруы 
жатады. Міне, сенімнің осы соңғы түрі қайсыбір діннің негізін 
құрайды.
Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарға пайғамбарлар 
арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың 


11
іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті 
қағидалар (absolutus – латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).
Мұндай қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды құрайды. 
Оларға Құран, Таурат, Талмұд, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға 
болады. Бұл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше 
түрлі табиғат заңдылықтарына бағынбайтын, оларды бұза алатын 
ғажайып оқиғалар жазылған. Солардың ішіндегі ең ғажабы – адамның 
рухының, жан дүниесінің өлместігі.
Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін бер-
ген өмір сүру нормаларын әрқашанда қоғамдағы адамдардың толық 
орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзған 
адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың 
кешіріміне жете алады.
Діни сенімнің қайнар көзі – адамның дүниені сезімдік-құндылық 
тұрғыдан игеруінде, ал дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген 
көзқарастарға дін қарсы келеді.
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер, қоршаған 
ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізінде жасалған күрделі өзгерістер 
діннің өрісін тарылтып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. 
Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan – грек сөзі, бәрі, 
theos – құдай, deus – латын сөзі, құдай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет