171
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Геолком жұмысшылары түгелдей үйлеріне қайтты. Зауыт пен
темір
жол бойындағы, кеніштер мен «Соцгородок» төңірегіндегі
абыр-сабыр қарбалас та жаздағы екпінінен жаңылған: у-шуы
азайып, балға-сүймендер салдыры сирек естілетін болды...
Жосалыда аялдаған жоқ. Барлау материалдарын, жиған-терген
жыныс үлгілерін жүк камерасына өткізді де, күздегі келісім бо-
йынша
Қызылордаға соғып, Таисиямен бірге болып, бірер аптадан
соң Мәскеуге аттанып кетті.
Бұл қыста геолог Қаныш бір ғана іспен беріле шұғылданды: ол
болса – Жезқазған кенішінің ашылу тарихы, ертеңгі тағдыры...
Трест кеңсесінде сарыла отырып, алғашқы геологиялық сапары
жайында есеп* жазады; Ленинградтағы Геолком зертханасынан
түскен химанализ нәтижелеріне шұқшия үңіліп,
Жезқазған кені-
нің қуат-қорын есептеді; кеңседе үлгермесе – Қазақстан өкілдігі
әрең дегенде тауып берген уақытша жатақтағы екі кісілік ая-
дай бөлмеге ала келіп түнде де іс тейді; әредік үлкен астананың
қазынасы мол кітапхана,
ескі архив қорларына кіріп, онда да
ұзақты күн бел жазбай отырады.
– Әрбір кеніштің көптеген жыл жазылатын ғұмыр шежіресі,
өзіндік өмірбаяны болады. Тағдырлары осы жерде түйіскен жүз-
деген адамдар жасайды оны. Қаламмен ғана емес, кейде қанымен
де жазады. Жас достар, қандай да бір кенді зерттеуде сол шежірені
аттап өтпей, сол тарихқа өзің жазғандай мұқият үңілу керек... –
дейтін-ді профессор Усов.
Ұлытауға тұңғыш сапарында-ақ ол Жезқазғанның арғы-бергі
тарихына зер сала үңілген – кен шыққан төбелердегі барлау жыра-
ларын аралап жүргенде де, Кеңгір
бойындағы көне қазбаларды, кен
үймелерін көрген сәтте де, төңі ректегі ерте заман ескерткіштерін
тамашалап, ел аузындағы аңыз-әңгімелерге құ лақ түргенде де…
Жас зерттеушіні ең алдымен таңғалдыр ған жұмбақ жайт –
кен орнының таңғаларлық аты еді: Алтынқазған, Күмістөбе,
Қорғасынды, Темірші, Жезтөбе де емес, осы заманның геоло-
гиялық кеңесі жан-жақты ғылыми талқылап, он ойланып, жүз
толғанып шешкендей – Жезқазған деуі (Жез болса – мыс қоспасы,
сол себепті қазақтар мыстан жасалған бұйымдарды жез атымен
атаған. Мысалы, жез леген, жез самауыр). Демек, «Жезқазған»
*Атбасар тресінің геологиялық есептері. КСРО Халық
шаруашылығының Орталық
мұрағатында сақтаулы. 8034-қор...
172
Медеу СӘРСЕКЕ
атауын оған кен көзін ашқан барлаушы геолог емес, халық қой-
ған. Қашан, қай заманда?
– Ұлытау қазақ ұлысының кіндік орта сын да тұр. Ілгері за-
манда осы жерде («Күлтөбеде күнде жиын» деген сөз, сірә, со-
дан қалған, біздің пайымдауымызша, ол – Қаракеңгір өзенінің
бойындағы Алаша хан мазарына
ұрымтал тұрған тақиядай ең-
селі төбе) қазақтың игі жақсылары, дана билері бас қосып, ел
арасындағы дау-шар ға билік айтқан, құрылтай ашып, ақ киізге
салып билеуші хандарын жоғарыға көтерген... – деп сыр шерткен-
ді көнекөз қарттар Қанышқа ел аралаған сапарында.
Сондай басқосудың
белгісін ол Сарысу бойынан, Таңбалынұра
деген жерге тап болғанда көрген: бітімі өзгеше жартастың бұжыр
бетіне қазақ руларының түрлі-түрлі таңбалары ойылыпты; сірә,
пәтуа сөзін өз елінің төл таңбасымен әйгілеп кетуге келіскен...
Кеңгір жағасындағы көне ескерткіштер – Алаша хан, Домбауыл,
Жошы мазарлары жас геологтың көкейінде неше түр лі сұрақ
туғызды. Ал Ұлытаудың
арғы баурайындағы Бұланты, Жетіқыз
өзендерінің бойындағы тас мүсіндер, тасқа шабылған таңбалар
ше?..
Достарыңызбен бөлісу: