179
ШЫҒАРМАЛАРЫ
азықсыз қалған жұмыскерлер аяқастынан ереуіл жасап, ауыл-
дарына тарап кетсін; амал қанша, оларды жандармдар көмегімен
қайтадан жинады; одан соң 1916 жылдың дүр белеңіне тап болды;
ұрымтал тұрған Тор ғай өңірінде әрекет еткен Әбдіғаппар хан-
ның Амангелді мен Кейкі батырлар бас та ған сарбаздары керуен-
пойызға екі-үш мәр
те шабуыл жасап,
қаруға жарамды те
мір-
терсегін тонап, жігіттерін де ертіп кеткен...
Алайда соның бәрі алған бетінен қайтуды білмейтін, іскер
ағылшындарды тоқтатқан жоқ, жол-жөнекей кезіккен қиыншы-
лық
тардың бәрін де жеңіп, зауыт пен шахта жабдықтарын
орнатуға кіріс кен. Бірақ, түптеп келгенде, ол да бос бейнет бол-
ды. Миллиондаған сом қаржы жұмсап, төрт жыл бойы шөл дала
төсінде салған Қарсақбай өндірісінен олар бір пұт та мыс ағыза ал-
мады. Кенеттен соққан төңкеріс дауылы ағылшын кәсіпкерлерін
қазақ даласынан біржола қуып тастады.
Қазіргі міндет – шетелдіктер бастаған құ рылысты аяқтау. Бұл
да оңай емес. Көп жыл бойы бос тұрған соң ішінара істен шыққан
бірталай механизмдерді жаңалап, кейбір цехтарды
қайта салу
керек. Сондықтан да Кеңес үкіметі Қарсақбай мыс қорыту за-
уытын жүргізуге екі жарым жыл уақыт белгілеп, монтаждау
жұмыстарына жеті миллион сом қаржы бөліп отыр.
* * *
Жезқазған шежіресін ертелі-кеш ақтарып танысқан сайын
Қаныш Имантайұлы бір жайтты таңдана ойлаған. Саралап көрсе,
бұл өңірде кімдер болмаған: оның «қи сапсыз мол мыс көмбе-
лері» жайында алғаш хабарлаушы Николай Рычков; Орталық
Қазақстандағы мыс кендерінің білгірі М.П. Ру саков пен А.И. Тиме
немесе Сарыарқа жонында ондаған қазына қоймасына қазық
қаққан И.С. Яговкин; Қарағандының «қара алтынын» әлденеше
жылдан бері тү бегейлі зерттеуімен жұртқа танылған кәнігі инже-
нер (кейіннен профессор) А.А. Га пеев;
ағылшын геологтары Уэст,
Гарвей, Титкомб және Саймон; кен инженері Нобель, итальяндық
геолог Камило Черути, француз Бауэр, американдық геолог-эконо-
мист Сидней Болл... Солардың бәрі де Ұлытауға нақты мақсатпен
сапар шеккен. Кен жүлгесін әр түрлі жағдайда көрген, зерттеген,
барлау жүргізген. Бір ғажабы, бірде-бірі «Жезқазғанда мыс жоқ»
демейді. Құнарлы
кеннің бар екендігін жазады, тек соның көлемі
мен қуаты жайында әр түрлі болжамдар айтқан.
180
Медеу СӘРСЕКЕ
Шынында да, Жезқазғанның кен төбелеріндегі мыс көмбенің
қоры қанша? Қандай тереңдікте? Құнары ше? Әлде ол, Яговкин
болжағандай, бар нәрін үстіңгі қабатқа жинаған мардым-
сыз кен бе? Ағылшын деректері де сайып келгенде соған са-
яды. Жобалауды олар шағын көлемге жасаған, кең табанды
темір жол салу сияқты іргелі құрылыстарға баспаған. Құрылыс
дейді, бұрғылау ұңғымаларын аса тереңдетпей, бұрғы ұшы кен
жылғасына бойлаған кезде дереу тоқтатып отырған.
Әлде соған
күші жетпеген, әлде әрі қарай тереңдеуді қажет деп білмеген?
Бәлкім, мыс көмбенің шын нарқын дабыралап жария етпеуді
көздеген? Бұл да қисынды. Кен орнына өз бетімен келген француз
инженерлерін жолатпай, барлау деректерін құпияда ұстаған қи-
тұрқысы тегін бе?.. Ойланарлық гәп! Сөйт се де, Геолком маман-
дары, әсіресе Яговкиндей білгір геолог бұл өңірден неге түңіледі?
Қоры мәз емес деп неліктен үзілді-кесілді үкім айтады? Геолком
партиясының 1924 жылдан бергі зерттеуде бірде-бір ұңғыма бұр-
ғыламауы да, сірә, содан...
ІІ
Жұмысқа ден қоя беріліп, мұрағаттарды шұқшия қазып,
геологиялық ізденістің жыңғылына құныға кіргенімен салт күйі,
пәтер
мәселесінің шешілмей, әзірше құрғақ уәде қалпында келе
жатқаны да жас маманның көңілінде әредік қаяу ойлар туғызған.
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, 8.02.1927
Достарыңызбен бөлісу: