173
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сы – «екіге айырылған тау». Бұл да біздің қазақтардың аңға-
рымпаз қабілетінен туған атау.
Айыртау Ұлытауға иық тіреп тұр. Ал Ұлытау мені маңқи-
ған оқ шау кейпімен, алыстан құздиып көрі нетін ерекше паң
биіктерімен таңғалдырды. Ұлытау – Қазақ Ордасының тари-
хи тал бесігі. Аспанға шаншылған биік шыңдары жап-жалаңаш
сұстиған суық тұрпатымен-ақ шынында да қатпарлы ескі
тарихқа куә, тым көне және сымбаты қайталанбайтын айбар-
лы һәм ақбас тау екенін әйгілеп, ұлылығын еріксіз мойындатқан-
дай. Менің ойымша, орыстарға Кремль қаншалықты қасиетті
көрінсе, қазақ жұрты үшін Ұлытау да соншалықты қадірлі.
Ұлытаудан өткен соң-ақ арғын тайпасы (Орта жүз дегі рулар
аға санайтын қауымдастық, мен өзім де соның бір тармағынан
өрби мін) мекендеген ұлан-ғайыр далаға тап болдық. Сірә, Ұлытау
ылғал молырақ түсе тін алқапқа шекара болса керек... Осы жер-
ден Ұлытауға дейінгі үш жүз шақырымнан астам, ылғал жет-
кілік ті түсе тін, егіні мен өсімдігі белуардан келіп бітік өсетін
шалқар алқапта тек қана біздің қа зақтар тұрады...»
Жезқазғандағы Кресто-Центральный
қа заншұңқыры бұл өл-
кенің көне тарихының ашылып қалған бір беті тәрізді: кен қабаты
жер бетіне өте жақын орналасқан; әмбе мы сы ағы зу ға өте қолайлы
тотыққан қосылыс тардан тү зілген... Ескі қазындының жұр ты-
на Қаныш Имантайұлы зер сала үңі ліп, бірнеше күн әуре бол-
ды. Өлшеу де жасады: тереңдігі 6-8, ені 20, ұзындығы 750 метр.
Қалдық мыстың құнары да көңілді көншіткендей. Есептеп қараса,
алып қазаншұңқырдан ерте заманда ең
кемі бір миллион тоннадай
кен алынған. Сол жердегі тастанды жыныстар үймесінен түрлі-
түрлі қазу құралдары табылыпты. Бәрі де қатты кварциттер мен
өте берік, тұтқыр тау жыныстарынан жасалған. Демек, ер те за-
ман кеншілері осынау кен көмбесінен мыс тасын қазып, сұрыптап
алып, қажет болған жағдайда қыздырып,
соңынан сумен шайқап,
былайша айтқанда, осы заманғы «кен байыту» амалын жасап,
ақырында мыс ағызуды жап-жақсы меңгерген. Сол өңдеудің
өзін Жезқазғанның ескі кен төбелері Сорқұдық пен Милықұдық
іргесінен, Сарысу бойындағы Сымтас деген жерден де тауып ерек-
ше таң болған-ды.
(Он бес жыл өтеді. Ұлытау атырабының көне тарихын зерттеп, жиған-
терген айғақтарын саралап, өз пікірін тұжырымдаған Жезқазған зерттеушісі
бұл өңірдің неше ықылым уақыттан талай жұртқа
қайырлы қоныс болғанын
174
Медеу СӘРСЕКЕ
мәлімдейді. «Жезқазған өңіріндегі көне дәуір ескерткіштері» атты ғы-
лыми еңбегінде Қ.И. Сәтбаев былай деп жазбақ:
«Көне мәдениеттің архео-
Достарыңызбен бөлісу: