182
Медеу СӘРСЕКЕ
Барлау мұрағаттарын шұқшия зерттеу нәтижесінде жас гео-
лог Жезқазған қыртысына тыңнан бұрғылау жүргізу қажет деген
байламға келген-ді. Көкейін тескен көп сұраудың нақты жауабы
да сөйткенде ғана белгілі болмақ. Қарама-қайшы болжамдар –
«бар», «жоқ», «аз» деген долбарлардың жұмбағы да тыңғылықты
барлаумен шешіледі. Олай болса?..
Сол
қыста-ақ ол Ленинградқа, Геолком басқармасына барған.
Ол – Кеңес Одағындағы геологиялық барлау жұмыстарын өз қо-
лында ұстап отырған үлкен ұжым. Мамандары да дабыра ата-
ғына сай: қарапайым инженер, техниктер ғана емес, қызметінде
небір білгір профессор, атақты академиктер бар; сол замандағы
геологиялық ғылыми ой дың бірден-бір орталығы да сонда... Сон-
дықтан да Геолкомның пікірі даусыз деп есептелетін. Ал Сәт-
баев Геологиялық комитетке мәнді өтінішпен келіп отыр.
Сонда
қандай? Бұдан үш жыл бұрын осы комитеттің геологиялық кеңесі
бекіткен Жезқазғанды барлау жоспарына түзету жасап, қымбатқа
түсетін бұрғылау жүргізу. Қандай дә лелмен? Байқап көру үшін.
Бетке ұстар беделі? Диплом алғанына бір-ақ жыл болған жас ма-
ман, ғылыми атағы, ашқан кені де жоқ, геологтар қауымына есімі
бейтаныс қазақстандық... «Жоқ, шырағым, бұл мәселені ең әуелі
Иван Степанович Яговкинмен келісіңіз. Орталық Қазақстандағы
барлау жұмыстарында оның айтқаны заң!» – деген жауап естіді.
– Сөйтіп, тереңге үңілгіңіз келеді? – Иван Степанович жас
әріптесін жаңа көргендей таңдана қарады. – Ау, қиыр дала
жағдайында жер бұрғылаудың қаншалықты
зор бейнет екенін
білесіз бе? Жезқазғанның мерейін көтеруге құлшынып тұр екен-
сіз – қарсы тұруға бола ма, көтеріңіз, меселеңізді бір жолға қай -
тармайын. Оның үстіне трест басқармасы қаражат босатқан соң
шаруам қанша, бай қап көріңіз. Бір жазға бұрғылаушылар брига-
дасын, бір станок беруге қарсы емес пін.
– Иван Степанович, әйтеуір кіріскен соң екі станокпен қатар
бастаған жөн болар еді.
– Жоқ, қымбаттым. Бір станок алғаны ң ыз ға тәңір жарылқа-
сын деңіз. Оны да сіз үшін, аптыққан көңіліңізді қимағандықтан.
Біле білсеңіз, мұндай мырзалықты Жез қаз ған
тыңында мен өзіме
де жасаған емес пін...
Ақыры, осыған келісті. Мәскеуден ол бі
р
ін
ші мамыр күні
(1927 ж.) пойызбен шықты. Самарадан өткенін, купенің ысып, оң-
түстіктің әсері сезіле бастағанын Таисия Алексеевнаға екінші ма-
мырда жолдаған хатынан білеміз.
183
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қ.И. Сәтбаев – Т. Кошкинаға, Қарсақбай, 23.05.1927 ж.
Достарыңызбен бөлісу: