Б.2 1-ші біліктілік разрядына оқыту
Б.2.1 1-ші біліктілік разрядына оқытудың барлық ұзақтығында оқитын адам стажер деп есептелінуі керек және 3-ші біліктілік разряды бар өнеркәсіптік альпинистің тұрақты қарауында болуы керек.
Б.2.2 Алдын ала жұмыс тәжірибесі қажет емес.
Б.2.3 Осы Ереженің Д-қосымшасында көрсетілген жарамдылықтың психофизикалық және медициналық шарттарына сәйкес келуі керек.
Б.2.4 Оқытудың ең аз мерзімі 4 күнді құрауы керек.
Б.2.5 1-ші біліктілік разрядына оқыту бағдарламасының мазмұны:
Б.2.5.1 Теориялық білім:
- нормативтік құқықтық актілер, нормативтік-техникалық құжаттар және стандарттар;
- тәуекелді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері туралы жалпы түсінік;
- жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесі туралы жалпы түсінік;
- тыйым салынған аймақтар;
- жұмыстарды орындау және жұмыс алаңдарын ұйымдастыру әдістері;
- жеке қорғаныс құралдары;
- жабдықты таңдау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету;
- жабдықты тексеру және зерттеу;
- қауіпті заттар;
- оқыту бағдарламалары және біліктілік разрядтары, біліктілікті растау схемалары;
- «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасы» және оны толтыру ережелері;
- анкерлердің түрлері және жүйелері;
- бұрышпен жүктеу;
- құлау әсерлері;
- жоғары тарту жүйелері туралы жалпы түсініктер;
- асылып тұрғандағы жарақаттар және оқыс оқиғалар кезіндегі әрекеттер туралы хабардар болу.
Б.2.5.2 Жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс істеу:
- жеке құралдарды жинау және қиюластыру;
- жеке жабдықтар мен керек-жарақтарды тексеру;
- ұстағыштарды пайдалану;
- түйіндерді байлау («сегіздік», «қос сегіздік», «көбелек», «булинь», «грейпвайн»);
- негізгі анкерлік жүйеге бекіту;
- қос кіші булиньді бекіту;
- жарақтағы жіптерді және тартқыштарды қорғау туралы жалпы түсінік;
- қауіпсіз жұмыс жүктемелерін және стандартты керек-жарақтың үзілуге беріктігін білу.
Б.2.5.3 Маневрлерді орындау:
- жіптерді тағу және жіптерді шешу;
- түсу;
- көтерілу;
- көтерілуден түсуге ауысу және керісінше;
- орындармен ауысу;
- ұстағыштарды пайдаланумен түсу;
- түсіру құрылғысын пайдаланумен көтерілу;
- түйіндерден өту;
- ауытқулардан өту;
- аралық анкерден өту;
- жіптен жіпке өту;
- жоғарғы кесіктен немесе үстідегі кедергіден өту;
- жұмыс орындығын пайдалану;
- жіптің ортасындағы протектордан өту;
- кездейсоқ қимылды болдырмау үшін арналған түсіру құрылғысын бекіту;
- жасанды тірек нүктелерімен тік өрмелеу;
- көлденең траверс.
Б.2.5.4 Өрмелеу:
- бекітілген және жылжымалы анкерлерді пайдаланумен cow’s-tail-дан жасанды тірек нүктелерімен көлденең өрмелеу;
- Y-тәрізді екі осьті сақтандыру мұрттарымен өрмелеу;
- күйдірмелеу;
- карабиннен ажырату;
- байланыстың сәйкес келетін құралдарын пайдаланумен тікелей сақтандырудың алдын ала бекітілген өзін өзі тоқтататын жүйесіне ауысу.
Б.2.5.5 Құтқару/жоғарыға тарту:
- түсіру құрылғысында және ұстағышта бекітілген, ессіз қалыптағы зардап шеккен адамға түсу;
- зардап шеккен адамды тік қалыпқа келтіру;
- зардап шеккен адамды бекіту;
- түсірумен құтқару;
- жоғарыға тартудың және түсірудің негізгі қағидалары туралы хабардар болу.
Б.2.6 Емтихандар:
Б.2.6.1 Жазбаша емтихан теория бойынша 20 сұрақтан тұруы керек. Сұрақтар өзіне Б.2.5.1-де көрсетілген 16 теориялық тақырыптан еркін таңдалынған 10 тақырыптың әрқайсысы бойынша кем дегенде бір сұрақты қосуы керек.
Б.2.6.2 Тәжірибелік емтихан келесілерден тұруы керек:
- жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс;
- маневрлерді орындау (алдан ала жабдықталған трассада);
- өрмелеу;
- құтқару/жоғарыға тарту.
Б.3 2-ші біліктілік разрядына оқыту
Б.3.1 Кандидат 1-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинисті ретінде әртүрлі тапсырмалардағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 12 айға және 1000 сағатқа ие болуы керек.
Б.3.2 Осы Ережелердің Д-қосымшасында көрсетілген жарамдылықтың психофизикалық және медициналық шарттарына сәйкес келуі керек.
Б.3.3 Оқытудың ең аз мерзімі 4 күнді құрауы керек.
Б.3.4 2-ші біліктілік разрядына оқыту бағдарламасының мазмұны:
Б.3.4.1 Теориялық білім:
- 1-ші біліктілік разрядының барлық теориялық тақырыптары;
- тартылған жіптер;
- жұмыс қалыбын шектеу;
- көлденең анкерлік желілер;
- анкерлік бекітуді таңдау;
- бригадада жұмыс істеу;
- коммуникация құралдары;
- құлау әсерлері және динамикалық жүктеме салдары.
Б.3.4.2 Жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс істеу:
- 1-ші біліктілік разрядының барлық тақырыптары;
- жалпақ қос булинь;
- аралық анкерлер;
- ауытқулар;
- жіптер мен тартқыштардың протекторлары;
- жоғарыға тарту;
- жұмыс қалыбын шектеу и көлденең анкерлік желілер;
- тартылған жіптер;
- сымдық ілмектер;
- таспалық тартқыштар;
- жіптердің ортасындағы түйіндер;
- арқалық қысқыштар;
- эпоксидті шайырдан жасалынған кеңейткіш болттар мен анкерлер.
Б.3.4.3 Маневрлерді орындау:
- 1-ші біліктілік разрядының маневрлері.
Б.3.4.4 Өрмелеу:
- 1-ші біліктілік разрядының өрмелеуінің барлық түрлері;
- төменгі сақтандырумен өрмелеу;
- көмекші құрылғыларды пайдаланумен жылжу;
Б.3.4.5 Құтқару/жоғарыға тарту:
- 1-ші біліктілік разрядының барлық тақырыптары;
- көтеру режимінен құтқару;
- жасанды тірек нүктелерімен өрмелеу режимінен құтқару;
- үлкен емес аралық анкерден құтқару;
- ауытқудан құтқару;
- жіптен жіпке құтқару;
- жоғарыға тарту және алаңнан түсіру;
- ілінген объектіден жоғарыға тарту;
- қиылыстық жоғарыға тарту, көлденең жоғарыға тарту;
- төменгі сақтандырумен өрмелеу кезіндегі құтқару;
- көмекші құрылғыларды пайдаланумен жылжу кезіндегі құтқару;
- құтқару үшін аспалы арқандық жүйелерді және тартылған жіптерді пайдалану.
Б.3.5 Емтихандар:
Б.3.5.1 Жазбаша емтихан теория бойынша 30 сұрақтан тұруы керек. Сұрақтар өзіне Б.3.4.1-де көрсетілген тақырыптардан еркін таңдалынған 15 тақырыптың әрқайсысы бойынша кем дегенде бір сұрақты қосуы керек.
Б.3.5.2 Тәжірибелік емтихан келесілерден тұруы керек:
- жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс;
- маневрлерді орындау (алдан ала жабдықталған трассада);
- өрмелеу;
- құтқару/жоғарыға тарту.
Б.4 3-ші біліктілік разрядына оқыту
Б.4.1 Кандидат 2-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинисті ретінде әртүрлі тапсырмалардағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 12 айға және 1000 сағатқа ие болуы керек.
Б.4.2 Осы Ережелердің Д-қосымшасында көрсетілген жарамдылықтың психофизикалық және медициналық шарттарына сәйкес келуі керек.
Б.4.3 Оқытудың ең аз мерзімі 4 күнді құрауы керек.
Б.4.4 3-ші біліктілік разрядына оқыту бағдарламасының мазмұны:
Б.4.4.1 Теориялық білім:
- 1-ші және 2-ші біліктілік разрядының барлық теориялық тақырыптары, бірақ алдыңғы деңгейлерге қарағанда терең түсінумен;
- тәуекелді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері;
- жабдықты тексеру, басқару және есепке алу;
- құтқару операцияларын басқару;
- төменгі сақтандырумен өрмелеудің баламаларын және төменгі сақтандырумен өрмелеу пәрменді қауіпсіз опция болып табылғанда бағалау, нақты жағдайда төменгі сақтандырумен өрмелеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін анықтау;
- блоктар жүйесі және олардың жүктемелерге әсері;
- жабдыққа техникалық қызмет көрсету, тексеру және сертификаттау;
- жұмыс алаңын ұйымдастыру, жұмыс алаңындағы жұмыстарды басқару, бригаданы басқару.
Б.4.4.2 Жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс істеу:
- 1-ші және 2-ші біліктілік разрядының барлық тақырыптары;
- қапсырмаларды, тартқыштарды, лебедкаларды, ажыратқыштары бар және негізгі көтеру/бекіту құрылғыларының шкифтерінің блоктарын пайдалану;
- жеке және топтық жабдықтарды тексеру.
Б.4.4.3 Маневрлерді орындау:
- 1-ші және 2-ші біліктілік разрядының барлық маневрлері.
Б.4.4.4 Өрмелеу:
- 1-ші және 2-ші біліктілік разрядының өрмелеулерінің барлық түрлері.
Б.4.4.5 Құтқару/вытягивание:
- 1-ші және 2-ші біліктілік разрядының барлық тақырыптары;
- құтқарудың заманға сай әдістері;
- тартылған жіптер;
- қысқа байланыс;
- түйінді өтумен түсу;
- қатты тартылған жіпке өту;
- ірі аралық анкер.
Б.4.5 Емтихандар:
Б.4.5.1 Жазбаша емтихан 2-ші біліктілік разрядының теориясы бойынша 20 сұрақтан тұруы керек. Сұрақтар өзіне Б.3.4.1-де көрсетілген теориялық тақырыптардан еркін таңдалынған 15 тақырыптың әрқайсысы бойынша кем дегенде бір сұрақты қосуы керек.
Б.4.5.2 Жазбаша емтихан 3-ші біліктілік разрядының теориясы бойынша 10 сұрақтан тұруы керек. Сұрақтар өзіне Б.4.4.1-де көрсетілген 3-ші біліктілік деңгейінің 7 тақырыбының әрқайсысы бойынша кем дегенде бір сұрақты қосуы керек.
Б.4.5.3 Тәжірибелік емтихан келесілерден тұруы керек:
- жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс;
- маневрлерді орындау (алдан ала жабдықталған трассада);
- өрмелеу;
- құтқару/жоғарыға тарту;
- құтқарудың заманға сай әдістері.
Б.5 Біліктілік разрядтарына емтихандардың нәтижелерін бағалау
Б.5.1 Біліктілік разрядына емтихандарды бағалаудың екі мүмкін нәтижесі бар: емтихан тапсырылды (оқыту аяқталды) және емтихан тапсырылмады (оқыту аяқталмады).
Б.5.2 Емтиханды тапсыра алмаған жағдайда бағдарлама бойынша оқыту емтиханды тапсырғанға дейін жалғастырылуы керек.
Б.5.3 Емтиханды тапсырмады деп есептеу үшін негіз тәжірибелік емтихан кезінде бір өрескел қате немесе тәжірибелік емтихан кезінде үш болмашы қате жіберу немесе жазбаша емтихан сұрақтарының жартысынан көбіне қате жауап беру болып табылады.
Б.5.4 Кандидат өзін немесе басқаларды тәуекелге ұшыратқан, қауіпсіздік аспектісін бұзу өрескел қате болып табылады. Өрескел қателердің мысалдары келесілер болып табылады (тізім толық қамтылған болып табылмайды):
- тек бір нүктеге ғана бекіту;
- тапсырманы орындау қабілетсіздігі;
- тапсырманы орындауға өте көп уақыт жұмсалды;
- жабдықтың элементтерінің бірінің бас тартуы жағдайында зақымдануға немесе мертігуге алып келуі мүмкін ықтимал басқарылмайтын шайқалудан қорғаныс үшін сақтандырудың жоқ болуы;
- бекітілмеген байлам;
- cow’s-tails қауіпті әдіспен байланған немесе бекітілген;
- биіктікте касканың жоқ болуы;
- байламның өте маңызды жалғастыру элементтері, мысалы бұрандалық тартқыштың сырғалары салынбаған немесе бекітілмеген;
- жабдықтың зақымдануы алып келетін дұрыс емес пайдалану;
- құтқару операциясы кезінде басқарылмайтын түсу;
- түсіру құрылғысы жіпке дұрыс емес орнатылған және осындай қалыпта пайдаланылады;
- ұстағыш немесе басқа құрылғылар теріс пайдаланылады;
- ашық жиектің жанында қауіпсіз бекітудің жоқ болуы;
- ілініп тұрған жоғарғы немесе төменгі ұстағыш бекіту нүктесі ретінде пайдаланылады;
- бағалаушымен белгіленген қауіпсіздіктің маңызды аспектілері;
- қызметкерлердің мертігуіне немесе жабдықтың немесе заттың зақымдануына алып келуіне мүмкін шайқалу.
Б.5.5 Болмашы қате – кандидат өрескел қатені жасамаса, бірақ өзінің қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін тәуекелге ұшыратса. Болмашы қателердің мысалдары келесілер болып табылады (тізім толық қамтылған болып табылмайды):
- түсіру құрылғысы карабиннен ажыратылмаған немесе ұштары бос жіптерге бақылау жоқ;
- бекіту нүктесіндегі жалғастыру элементтері бекітілмеген;
- құлаудан жеке қорғаныстың өте маңызды жабдығының құлауы;
- жіптердің протекторының дұрыс емес салынуы;
- қажет болған кезде тежеу карабині пайдаланылмайды;
- байлам дұрыс емес реттелінген;
- касканың иек астындағы белбеуі салынбаған;
- құлаудан жеке қорғаныстың өте маңызды жабдығы байламның жиынтығында жоқ;
- шатастырылған жіптер;
- ұстағыш негізгі бекітуден төмен жұмыс жібіне сырғиды (егер өте төмен болса, өрескел қате);
- құлау әсері 1-ден көп болған жағдайда негізгі cow’s-tail пайдалану;
- кеуделік ұстағыш және бекіту нүктесінің арасындағы бос тартылған жіп;
- тапсырманы орындау үшін едәуір уақыт қажет болды;
- өзгеше немесе пайдаланылмаған әдістерді қолдану;
- үлкен емес басқарылмайтын шайқалу.
Б.5.6 Кандидат болмашы қатені жасағанда, өте тиімсіз әрекет еткенде немесе шатасып қалғанда, емтихан қабылдаушы кандидатқа сұрақтар қоя отырып жағдайды мұқият зерттеуі және, егер қажет болса кандидаттан әдісті қайтадан көрсетуді сұрауы керек. Үш болмашы қате емтиханды тапсырмауға негіз болып табылатындықтан, жалпы нашар жұмыста емтиханды тапсырмауға негіз болып табылады.
Б.5.7 Емтиханды тапсыру (оқытуды аяқтау) өнеркәсіптік альпинистің кезекті біліктілік разрядын беру үшін негіз болып табылады.
Б.6 Өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номері
Б.6.1 Өкілетті орган өнеркәсіптік альпинистердің тіркелімін жүргізеді.
Б.6.2 Өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номері бірегей айқындағыш болып табылады, жеке, тұрақты, өзгермейтін және басқа берілмейтін болып табылады.
Тіркелімге қосу, тіркелімнен шығаруға, біліктілік разрядын беруге, тоқтатуға және қайтарып алуға, оқытуға, кәсіби дайындыққа, жұмыс тәжірибесіне, жазалау шараларына, өнеркәсіптік альпинистердің жарамдылыққа тексерулеріне және т.б. қатысты барлық құжаттарда өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номері көрсетілуі керек.
Б.6.3 Өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номері өнеркәсіптік альпинистке осы Ережелерге сәйкес бірінші біліктілік разрядын беру кезінде беріледі және оның атында өмір бойы сақталынады.
Өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номері өнеркәсіптік альпинистің біліктілік разряды өзгерген кезде өзгертілуге тиісті емес.
Б.6.3 Тіркеу номерлері хронологиялық тәртіпте дәйекті түрде беріледі.
Өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номерлерінің қалыптасу, берілу, тіркеу және есепке алу тәртібі өкілетті органмен анықталады.
В-қосымшасы
(міндетті)
Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасы
В.1 «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасы» өнеркәсіптік альпинистің мамандық бойынша жұмыс стажын және біліктілігін растау үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік альпинистің медициналық жарамдылығын бағалаудың нәтижелерін тіркеу үшін арналған.
В.2 «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасы» кандидаттың өнеркәсіптік альпинист бағдарламасы бойынша оқытуға келген кезінде бірінші рет рәсімделеді және оқытуды жүзеге асыратын ұйыммен (мекемемен) толтырылады.
«Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасындағы» ары қарайғы жазбалар жазбаның түріне байланысты – жұмыстардың жауапты жетекшісімен, медициналық мекеменің лауазымды тұлғасымен, оқытуды жүзеге асыратын ұйымның (мекеменің) лауазымды тұлғасымен жүзеге асырылады.
Осы Қосымшада көрсетілген кезде «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасына» енгізілетін мәліметтер қолмен және ресми мөрмен немесе мөртабанмен расталынуы керек.
В.3 «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасының» ұсынылған нысаны өкілетті мемлекеттік органмен жасалынуы және бекітілуі мүмкін.
«Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасына» жазбаларды енгізу және мазмұнына қойылатын міндетті талаптар осы Қосымшамен бекітілген.
«Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасында» міндетті мәліметтерді қабылдауға және толтыруға кедергі келтірмейтіндей ұйымдастырылған қосымша мәліметтер болуы мүмкін.
В.4 «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасында» міндетті түрде келесі тараулар (мәліметтер) болуы керек:
- кітапшаның иесі туралы мәліметтер;
- кәсіби оқытудан өту туралы мәліметтер;
- біліктілік разрядтарын беру туралы мәліметтер;
- кәсіби дайындық туралы мәліметтер;
- медициналық тексерулердің нәтижелері;
- жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер.
В.4.1 Кітапшаның иесі туралы мәліметтер өзіне келесі мәліметтерді қосуы керек:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- туған күні;
- сурет;
- өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номері;
- кітапшаның номері;
- кітапшаны беру күні.
В.4.2 Кәсіби оқытудан өту туралы мәліметтер өзіне келесі мәліметтерді қосуы керек:
- оқытуды жүзеге асырған ұйымның (мекеменің) толық атауы және орналасқан орыны;
- оқытуды жүргізуге рұқсат беру құжатының номері және күні;
- оқытуды жүзеге асырған ұйымның (мекеменің) басшысының лауазымының атауы, аты-жөні, қолы және мөрі.
В.4.3 Біліктілік разрядтарын беру туралы мәліметтер өзіне келесі мәліметтерді қосуы керек:
- разрядты беру, тоқтату немесе қайтарып алу күні;
- берілген разряд немесе разрядты тоқтату немесе қайтарып алу себебі;
- разрядты беруге, тоқтатуға немесе қайтарып алуға негіз;
- разрядты беруге, тоқтатуға немесе қайтарып алуға өкілетті лауазымды тұлғаның лауазымының атауы, аты-жөні, қолы және мөрі.
В.4.4 Кәсіби дайындық туралы мәліметтер өзіне келесі мәліметтерді қосуы керек:
- кәсіби дайындықты өту күні;
- кәсіби дайындықтың түрі (технологиялық жабдықпен жұмыс істеуге үйрету курсы, біліктілікті көтеру курсы, аттестация, жұмыстарды өздігінен орындауға алғашқы рұқсат берердің алдындағы немесе үзілістен кейінгі стажировка және т.б.);
- кәсіби дайындық курсының қысқаша сипаттамасы;
- кәсіби дайындықты өткізу орыны және кәсіби дайындықты жүзеге асырған ұйымның (мекеменің) атауы;
- кәсіби дайындықтың нәтижелері (берілген біліктілік, аттестацияның нәтижесі, жұмыстарды өздігінен орындауға рұқсат және т.б.), кәсіби дайындықтың нәтижелері көрсетілген құжаттың деректемелері;
- кәсіби дайындықты жүзеге асырған ұйымның (мекеменің) лауазымды тұлғасының лауазымының атауы, аты-жөні, қолы және мөрі.
В.4.5 Медициналық тексерулердің нәтижелері туралы мәліметтер өзіне келесі мәліметтерді қосуы керек:
- қанның тобы, резус-фактор;
- медициналық тексеру күні;
- медициналық тексеру түрі (алғашқы, жоспарлық, жоспардан тыс);
- жоспардан тыс медициналық тексеруді жүргізу үшін негіз;
- дәрігердің қорытындысы;
- медициналық тексеруді жүзеге асырған ұйымның (мекеменің) лауазымды тұлғасының лауазымының атауы, аты-жөні, қолы және мөрі.
В.4.6 Жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер өзіне келесі мәліметтерді қосуы керек:
- жазбаны енгізу күні;
- жұмыстарды жүргізген ұйымның атауы;
- жұмыстарды жүргізу орыны және күні (уақыттық кезең);
- жұмыстар жүргізілген объектінің атауы;
- өнеркәсіптік альпинистпен жүргізілген жұмыстың түрі;
- жұмыстың ұзақтығы (сағаттарда);
- барынша жоғары биіктік (метрлерде);
- жұмыстарды орындау кезіндегі ерекше жағдайлар;
- жұмыстардың жауапты жетекшісінің аты-жөні және қолы және оның өнеркәсіптік альпинистің тіркеу номері.
В.5 Жұмыстың ұзақтығын көрсету кезінде тек тікелей биіктікте пайдаланылған сағаттарды ғана, сондай-ақ жабдықтарды және қорғаныс құралдарын дайындауға, жабдықтарды тексеруге және сынауға, жұмыс орынын тексеруге және дайындауға жұмсалған уақытты есепке алу керек.
Г-қосымшасы
(міндетті)
«Өнеркәсіптік альпинист» мамандығы бойынша біліктілік разрядтарын беруге, тоқтатуға және қайтарып алуға қойылатын талаптар
Г.1 Жалпы ережелер
Г.1.1 Осы Қосымша «өнеркәсіптік альпинист» мамандығына, біліктілігіне қойылатын талаптарды, біліктілік разрядтарын алу, растау, тоқтату және қайтарып алу процедураларын, сондай-ақ өзге ережелерге сәйкес берілген біліктілік деңгейлерін мойындау процедураларын орнатады.
Г.1.2 Осы ережелерге сәйкес өнеркәсіптік альпинистердің үш біліктілік разряды бар:
- 1-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинисті;
- 2-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинисті;
- 3-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинисті.
Г.1.3 «Өнеркәсіптік альпинист» мамандығына, біліктілігіне қойылатын талаптарға өзгерістерді енгізетін нормативтік актілерде бұрын берілген біліктілік разрядтарына қатысты ережелер болуы керек.
Г.2 «Өнеркәсіптік альпинист» мамандығына, біліктілігіне қойылатын талаптар
Г.2.1 Өнеркәсіптік альпинист, 1-ші разряд
Г.2.1.1 Жұмыстардың сипаттамасы:
- 3-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинистінің қадағалауымен, өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жұмыстарды орындау;
- жеке альпинистік жабдықтарды тексеру және зерттеу;
- жұмыс және сақтандыру жіптерін бекіту бойынша операцияларды орындау кезінде көмек көрсету.
Г.2.1.2 Келесілерді білуі және орындай алуы керек:
- Б.2.5.1-де көрсетілген көлемде теориялық білімдерді;
- Б.2.5.2-де көрсетілген көлемде жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс істеуді;
- Б.2.5.3-те көрсетілген көлемде маневрлерді орындауды;
- Б.2.5.4-те көрсетілген техникалармен өрмелеуді;
- Б.2.5.5-те көрсетілген құтқару/жоғарыға тарту жөніндегі операцияларды.
Г.2.2 Өнеркәсіптік альпинист, 2-ші разряд
Г.2.2.1 Жұмыстардың сипаттамасы:
- өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен өздігінен жұмыстарды орындау;
- жұмыс және сақтандыру жіптерін бекіту;
- құтқару операцияларына қатысу;
- жеке альпинистік жабдықтарды тексеру және зерттеу;
- топтық альпинистік жабдықтарды тексеру және зерттеу.
Г.2.2.2 Келесілерді білуі және орындай алуы керек:
- Б.2.5.1-де және Б.3.4.1-де көрсетілген көлемде теориялық білімдерді;
- Б.2.5.2-де және Б.3.4.2-де көрсетілген көлемде жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс істеуді;
- Б.2.5.3-те көрсетілген көлемде маневрлерді орындауды;
- Б.2.5.4-те және Б.3.4.4-те көрсетілген техникалармен өрмелеуді;
- Б.2.5.5-те және Б.3.4.5-те көрсетілген құтқару/жоғарыға тарту жөніндегі операцияларды.
Г.2.3 Өнеркәсіптік альпинист, 3-ші разряд
Г.2.3.1 Жұмыстардың сипаттамасы:
- өнеркәсіптік альпинистердің жұмысына басшылық;
- өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен өздігінен жұмыстарды орындау;
- анкерлерді таңдау және орнату;
- жұмыс және сақтандыру жіптерін бекіту;
- құтқару операцияларына қатысу;
- жеке альпинистік жабдықтарды тексеру және зерттеу;
- топтық альпинистік жабдықтарды тексеру және зерттеу.
Г.2.3.2 Келесілерді білуі және орындай алуы керек:
- Б.2.5.1-де, Б.3.4.1-де және Б.4.4.1-де көрсетілген көлемде теориялық білімдерді;
- Б.2.5.2-де, Б.3.4.2-де және Б.4.4.2-де көрсетілген көлемде жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен жұмыс істеуді;
- Б.2.5.3-те көрсетілген көлемде маневрлерді орындауды;
- Б.2.5.4-те және Б.3.4.4-те көрсетілген техникалармен өрмелеуді;
- Б.2.5.5-те, Б.3.4.5-те және Б.4.4.5-те көрсетілген құтқару/жоғарыға тарту жөніндегі операцияларды.
Г.3 Біліктілік разрядын беру, растау, тоқтату және қайтарып алу
Г.3.1 Кезекті біліктілік разрядын беру үшін негіз құжат түрінде расталған сәйкес келетін кәсіби оқытуды өту және оқыту бағдарламасы бойынша емтиханды сәтті тапсыру болып табылады.
Г.3.2 Біліктілік разрядтары біріншіден үшіншіге қарай дәйекті түрде беріледі, бұл кезде:
а) 1-ші біліктілік разряды өнеркәсіптік альпинисттерге тек осы Ережелермен бекітілген жалпы схемаға сәйкес беріледі;
б) 2-ші біліктілік разряды келесі шарттарды орындаған кезде өнеркәсіптік альпинистке осы Ережелермен бекітілген жалпы схеманы пайдаланусыз берілуі мүмкін:
- құжат түрінде расталынған кем дегенде 1 жыл және кем дегенде 1000 сағат өнеркәсіптік альпинист ретінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
- 2-ші біліктілік разрядына оқыту бағдарламасы бойынша емтиханды сәтті тапсыру;
- психофизикалық және медициналық жарамдылық туралы қорытынды;
в) 3-ші біліктілік разряды келесі шарттарды орындаған кезде өнеркәсіптік альпинистке осы Ережелермен бекітілген жалпы схеманы пайдаланусыз берілуі мүмкін:
- құжат түрінде расталынған кем дегенде 2 жыл және кем дегенде 2000 сағат өнеркәсіптік альпинист ретінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
- құжат түрінде расталынған өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен жүргізілетін жұмыстардың жауапты жетекшісі ретінде жұмыс тәжірибесінің бар болуы;
- 3-ші біліктілік разрядына оқыту бағдарламасы бойынша емтиханды сәтті тапсыру;
- психофизикалық және медициналық жарамдылық туралы қорытынды.
Г.3.3 Берілген разрядтар расталынуы тиіс.
Біліктілік разрядын растау сәйкес келетін разрядқа оқыту бағдарламасы бойынша емтиханды сәтті тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
Біліктілік разрядын растауға емтихан жыл сайын тапсырылуы керек.
Біліктілік разрядын растауға бірінші емтихан біліктілік разряды берілгеннен кейінгі 10-шы айдын басынан ерте емес және 12-ші айдың соңынан кеш емес сәтті тапсырылуы керек.
Біліктілік разрядын растауға келесі емтихандар біліктілік разрядын растауға алдыңғы емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін 10-шы айдын басынан ерте емес және 12-ші айдың соңынан кеш емес сәтті тапсырылуы керек.
Емтихандарды ұйымдастыруға және тапсыруға қойылатын талаптар осы Ережелердің Б-қосымшасында көрсетілген.
Біліктілік разрядын растауға емтиханды сәтті тапсыру қолданыстағы біліктілік разряд бойынша өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктіктегі жұмыстарды орындауға өнеркәсіптік альпинистке рұқсат беруге негіз болып табылады.
Г.3.4 Өнеркәсіптік альпинист белгіленген мерзімде біліктілік разрядын растауға емтиханды кезекті емтиханды тапсыра алмаған жағдайда оның біліктілік разрядының әрекеті біліктілік разрядын растауға емтиханды сәтті тапсырғанға дейін тоқтатылады.
Г.3.3-қа сәйкес біліктілік разрядын растауға емтиханды тапсыру үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, және біліктілік разрядын растауға емтиханды сәтті тапсырғанға дейін 2-ші немесе 3-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинистіне 1-ші және 2-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинисттері үшін қарастырылған, өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктікте жұмыстарды орындауға рұқсат беріледі.
Г.3.3-қа сәйкес біліктілік разрядын растауға емтиханды тапсыру үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, және біліктілік разрядын растауға емтиханды сәтті тапсырғанға дейін 1-ші разрядтың өнеркәсіптік альпинистіне өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктікте жұмыстарды орындауға рұқсат берілмейді.
Г.3.5 Өнеркәсіптік альпинистің ағымдағы біліктілік разряды келесі жағдайларда қайтарып алуға жатады:
- өнеркәсіптік альпинистің ағымдағы біліктілік разрядын растауға кезекті емтиханды үш рет тапсыра алмауы;
- Г.3.3-пен бекітілген мерзім аяқталғаннан кейін 6 айдың ішінде өнеркәсіптік альпинистің ағымдағы біліктілік разрядын растауға кезекті емтиханды тапсыра алмауы;
- ағымдағы біліктілік разрядын растауға бірінші емтиханды сәтті тапсырғанға дейін ағымдағы біліктілік разрядын беру кезіндегі қателіктердің анықталуы;
- өнеркәсіптік альпинистің кінәсіне немесе жеткіліксіз бақылауына байланысты бригаданың бір немесе бірнеше мүшелерінің ауыр жарақаттануына немесе қайтыс болуына алып келген апатты жағдайдың немесе оқыс оқиғаның пайда болуы.
Ағымдағы біліктілік разрядын қайтарып алу кезінде өнеркәсіптік альпинистке бір саты төмен біліктілік разряды беріледі. Төмендетілген разрядқа ағымдағы разрядты қайтарып алу күнінен бастап Г.3.3-та көрсетілген мерзімдерді есептеумен разрядты растауға, тоқтатуға және қайтарып алуға қойылатын барлық талаптар таралады.
Қайтарып алынған 1-ші, 2-ші немесе 3-ші біліктілік разрядтарын қалпына келтіру үшін өнеркәсіптік альпинист Б.2, Б.3.1 немесе Б.4.1-да көрсетілген талаптарды қайтадан орындауға, Б-қосымшасының талаптарына сәйкес 1-ші, 2-ші немесе 3-ші біліктілік разрядтарын алуға оқыту бағдарламасынан қайтадан өтуге және емтихандарды сәтті тапсыруға міндетті.
Г.3.6 Біліктілік разрядтарын беру, растау, тоқтату немесе қайтарып алу туралы барлық мәліметтер «Өнеркәсіптік альпинистің біртұтас кітапшасында» көрсетілуі және өнеркәсіптік альпинистердің тіркеу есебін жүзеге асыратын өкілетті органға хабарлануы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |