Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары



жүктеу 0.85 Mb.
бет2/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

5 ЖҰМЫСШЫ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1 Өнделген аймақтарда орналасқан су сүйеме, мелиоративті және суөткізгіштік гидротехникалық ғимараттардың классын ҚР ҚН 3.04-01 талаптарына сәйкес орнатқан жөн. Бұл жағдайда су сүйеме ғимараттардың күрделілік классын, көрсетілген нормативті құжаттың талабынан бір есе көтеру арқылы қабылдаған жөн.

5.2 Өнделген аймақтарда орналасқан гидротехникалық ғимараттардың жобаларын таулы геологиялық сараптаулар мәліметтеріне негізделе өндеу қажет, олардың мазмұны төменде келтірілген:


  • таулы жұмыстар әсер ететін шекара алаңдары көрсетілген ғимараттың жоспары;

  • өнделетін тау жыныстары сілемдерінің геологиялық және гидрогеологиялық мәліметттері мен гидротехникалық ғимараттар негіздері жөніндегі мәліметтер;

  • бұрын қазылған қазбалар, ұңғымалар және тау жұмыстарының даму келешегі жөніндегі мәліметтері көрсетілген тау кен қазбаларының жоспарлары және үгітілген қыртыстар қималары;

  • құрылыс жүргізіліп жатқан және су басатын алаңдардағы бұрын қазылған тау кен қазбаларының сипаты жөніндегі мәліметтер; пайдалы кен қазбаларын өндеу жүйесінің сипаттамалары;

  • құрылыс алаңындағы шығыңқы қыртыстардың, тектоникалық бұзылулардың, шахта алаңдарының шекаралары және қорғаныс бүтіндердің, шурфтардың, ұңғыма ауыздарының орналасуы мен бар болуы жөніндегі мәліметтер;

  • жер бетінің деформациялануын болжау;

  • су өткізгіш жарылулар мен ойыстардың шекаралары жөніндегі мәліметтер;

  • өнделетін жерлерден гидроғимаратқа әсер еттеін деформацияларды азайтуға бағытталған, таулы жұмыстарды алдын ала қорғау бойынша ұсыныстар.

5.3 Өнделген аймақтарда орналасқан гидротехникалық ғимараттарды пайдалауда беріктігі мен төзімділігін қамтамассыз ету үшін, жобада қабылданған техникалық шешімдер үгітілген қыртыстар мен құрылыс және таулы қорғаныс шараларының қолданылуына сәйкес ғимараттың орналасуын ескеру керек.

Қорғаныс шаралары өнделген негіз деформациялары кезінде гидроғимараттардың және оларға орнатылған технологиялық жабдықтардың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамассыз етуі керек.

5.4 Гидротехникалық ғимараттардың таулы қорғаныс шаралары, 2 Бөлімде берілген нормативті-техникалық және құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес қарастырылуы керек.

5.5 Жобаланатын гидротехникалық ғимараттардың таулы қорғаныс шаралары, берілген кен орындарын өндейтін өндірістік ұйымдармен келісілуі тиіс.

5.6 Бұрын тау кен қазбалары өнделген аймақтарда шұңқырлар мен ірі жарылулар пайда болуы мүмкін болған жағдайда, мұндай алаңдарға гидротехникалық ғимараттарды орналастыру рұқсат етілмейді.

5.7 Бұрын тазалық қазбалары үстінен басқа қыртыстармен өнделген кеңістікте бүтіндерсіз өндеу жүйесі кезінде, өткен алаңдарды өндеу барысында жобаланатын қыртыстардан өнделетін қыртыстарға күтілетін (ықтимал) деформацияларға, бұрын өнделген қазбалардан жыныстардың жылжу үрдісі әсерінен туындайтын деформацияларды да ескеру қажет.

5.8 Егер бұрын тау қазбалары өнделген қыртыстарда арғы қарай өнделетін көкжиектер мен төменде жатқан қыртыс жыныстарының жылжуы қабаттасу арқылы жүрсе, онда қабаттасу бойынша жыныстардың жылжуынан жер беті деформацияларын ескеру арқылы гидротехникалық ғимараттарды жобалау керек.

Қабаттасу бойынша жыныстардың жылжуы пайда болатын, жылжу саласының шекарасының таулы геологиялық жағдайлары және оны есептейтін әдістер шамалары ғимараттарды және табиғи нысандарды көмір кен орындарындағы жерасты тау қазбаларының зиянды әсерлерінен қорғау бойынша ережелеріне сәйкес анықталынады [1], [2].

5.9 Жер бетіне шығу қабілетіне ие жойылған тік қазбаларының үстіндегі алаңдарды құрылыс алаңынан алып тастау керек және де ондай жерлерге гидротехникалық арыңды ғимараттар орналастыруға болмайды.

5.10 Тектоникалық бұзылу шығыстарының бетінде орналасқан (синклинальды қатпарлар түзулері) алаңдардағы гидротехникалық ғимараттардың құрылысы, арнайы ұйымның сәйкес сараптық қорытындысы бар, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Тектоникалық бұзылу шығыстарының бетінде жер беті деформациясын болжау мүмкін болмаған жағдайда, гидротехникалық ғимараттарды жобалау тиым салынады.

5.11 Өнделетін аймақтарда жобаланатын гидротехникалық ғимараттардың түрі мен құрылымын, нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыру негізінде тандау қажет. Бұл жағдайда өнделетін негізде пайда болатын әртекті деформациялар кезінде құрылымдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамассыз ету мақсатында, жергілікті топырақ материалдарын жеткілікті пайдалану және бетонды, темірбетонды ғимараттарды жеке тәуелсіз блоктарға бөлу арқылы өте иілгіш құрылымдарды қолдану пайдалылығын ескеру керек.

Гидротехникалық ғимараттарды жобалау барысында су қоймаларын толық босату мүмкіндігін қарастыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ғимараттың пайдалануын уақытша тоқтату ұсынылады. Су түбіндегі суағарлардың көлденең қимасының өлшемдерін анықтау кезінде, бөгеттер мен жағалар еңістерінің төзімділік жағдайы бойынша рұқсат етілген су қоймаларды босату жылдамдығын және су басу немесе шаю жағдайлары бойынша төменгі бьефтегі су шығыңының шамасын ескеру қажет.

5.12 Су қоймаларды жобалау барысында, аймақты өндеу кезінде жер бетінің түсуі мүмкіндігі жағдайында, келесі факторларды ескеру қажет:



  • су қоймасының көлемі мен айнасының ауданының, тостаған топографиясының өзгеруі;

  • қасында орналасқан жер беті алаңдарының су басуы;

  • ұсақ сулы шекаралардың пайда болуы;

  • жақын орналасқан жерасты нысандарының сулануы.

5.13 Өнделетін аймақтардағы гидротехникалық ғимараттардың жобаларына арнайы паспортты жатқызуға болады, онда келесі деректер жазылуы тиіс: ғимараттың схемасы мен құрылымдарына қысқаша сипаттама, құрылыстық және таулы қорғау шаралары, жер беті деформациясы, негіз топырағы жөніндегі мәліметтер, құрылыс және пайдалану мерзімінде ғимарат пен негіз жағдайын бақылау үшін бақылаулық-өлшегіш қоңдырғыларын орналастыру.

6 ТАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨҢДЕЛЕТІН АЙМАҚТАРЫНДА ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



6.1 Инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулер
6.1.1 Өнделген аймақтардағы гидротехникалық ғимараттардың жобаларын негіздеуге арналған инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулер қолданыстағы құрылыс үшін инженерлік іздестірулер, сонымен қатар өндеу кезінде гидротехникалық ғимараттардың негіздерінің мүмкін болатын деформацияларын анықтауға арналған қосымша іздестірулер бойынша нормативтік құжаттар қарастыратын, барлық зерттеулер жиынтығын қосуы керек.

6.1.2 Инженерлік-геологиялық іздестірулердің құрамы мен көлемі құрылыс салынатын алаңның геологиялық құрылымы ерекшеліктері мен жобаланатын ғимараттың түрін ескеру арқылы орнатылады. Іздестірулер мәліметтері негіздің деформациясы кезінде құрылыс алаңында мүмкін болатын келесі өзгерістерді бағалау үшін қолданылады:



  • құрылыс алаңының геоморфологиялық, гидрологиялық және тектоникалық жағдайының өзгеруі;

  • жер беті суларының ағыс жағдайының, сонымен қатар мезгілдік және көпжылдық тербелістерді ескеру арқылы жерасты сулары деңгейінің өзгеруі;

  • жылжымалардың, құламалардың, бұрын өнделген тау кен қазбаларының үстіндегі жыныстардың жылжуының жандандырылу үрдісінің пайда болу мүмкіндігі;

  • түпті жыныстарда және жоғарғы шөгінділерде, жыныстардың сүзгіштік және физикалық механикалық қасиеттеріне әсер ететін, макро- және микрожарылулардың даму дәрежесі.

6.1.3 Инженерлік-геологиялық іздестірулердің жоспарланатын жиынтығы таулы геологиялық негіздемесінде қарастырылған жиынтыққа сәйкес келуі керек. Бақылаушы ұңғымалар орналасатын сызықтарды ғимараттың көлденең және бойлық түзуіне параллель етіп орнатқан жөн.

6.1.4 Өнделген аймақтардағы гидротехникалық ғимараттардың жобаларын негіздеу үшін негіз топырақтарының инженерлік-геологиялық сипаттамалары, шурфтар немесе ұңғымалардан алынған, құрылымы бұзылмаған топырақ үлгілерін далалық және зертханалық жағдайда сынау нәтижелері бойынша қабылдануы керек.

6.1.5 Болжамалық жер бетінің шөгуі мен су өткізгіш жарылулар шекараларының биіктігіне сәйкес болжамалық жерасты сулары деңгейінің жағдайын бағалау қажет.

Бұл жағдайда негіз топырақтары не топырақтық сулардың ылғалдану шекарасына, не су өткізгіш жарылулар арқылы құрғатылған шекараларға түсуі мүмкіндігін ескеріп, топырақтардың физикалық механикалық қасиеттерін анықтауды суға қаңығу дәрежесінің нақты жағдайларына сәйкес жүргізу қажет.

6.1.6 Тазартқыш қазбалардың үстіңдегі жыныстардың жылжуы кезінде пайда болған, су өткізгіш жарылулар арқылы құрғатылған аймақтардың үстіңгі шекараларының жағдайы болмыстық зерттеулер мәліметтеріне негізделе анықталынуы керек.

6.1.7 Тазартқыш қазбалардың үстіндегі су өткізгіш жарылулар аймақтарының биіктігінен асатын, тау кен жұмыстары жүргізілетін тереңдікте өндірілген немесе өндірілетін аймақтарда, жобаланатын су қоймаларынан немесе арықтардан судың ағуын бағалау үшін, су өткізгіш жарылулар аймағынан жоғары жатқан жыныстардың су өткігіштігін жекелеп бағалау қажет.

Қабаттардың су өткізгіштігін бағалау сынақтық далалық жұмыстар (суды тартып шығару, суды айдау, құйылулар) нәтижелері бойынша орындалуы керек.

6.1.8 Су қоймаларынан немесе арықтардан судың жоғалуын, су өткізгіш жарылулардың кольматациясын немесе шайылу сипатын, сонымен бірге су өткізгіш аймағы су жинағыштың түбіне жеткен жағдайларында сүзілуге қарсы экрандардың тиімділігін бағалау үшін, арнайы ұйым арқылы анықталынатын, далалық зерттеулердің қосымша жиынтығын жүргізу талап етіледі.

6.1.9 Негізді өндірудегі жылжулар кезінде гидротехникалық ғимараттарға әсер ететін жүктемелерді анықтау барысында топырақтардың беріктік және деформациялық сипаттамаларының есептік мәндерін нормативтік мәндерге теңестіріп алуға болады.

6.1.10 Өндірілетін аймақтарда салынатын гидроғимараттардың негіз топырақтарындағы реологиялық үрдістерді ескеру кезінде, топырақтардың ұзақ деформациялануы сипаттамалары ҚР ҚН  5.01-02 сәйкес пайдаланылуы керек.

6.1.11 Негіз топырақтары үшін сүзілу еселігін, шекті градиентті, шекті сүзілу жылдамдығын, өндіру жұмыстары кезінде топырақтардың қасиеттерінің өзгеру мүмкіндігін ескеріп, ҚР ҚН 3.04-01 сәйкес анықтау керек.
6.2 Жер беті деформациясын болжау және суөткізгіш жарылулардың таралуы
6.2.1 Жер бетінің жылжуы мен деформация шамаларын өндірілетін аймақтарда тұрғызылатын жобаланатын гидротехникалық ғимараттардың беріктігін, төзімділігін және сенімділігін бағалау үшін анықтайды.

6.2.2 Жер бетінің жылжуы мен деформация шамаларын болжау [1], [2] көрсетілген әдістемелерге орай, өндірілген аймақтарда ғимараттар мен үймереттерді жобалау бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындаған жөн.

Тау кен өндіру геологиялық жағдайы ерекше қиын зерттелмеген кен орындар мен аудандар үшін деформациялар мен жылжулар шамалары, қарастырылатын нысан үшін арнайы ұйым өндеген әдістеме бойынша жүргізілуі керек.

6.2.3 Жер бетінің жылжуы мен деформация шамаларының болжамдық көрсеткіштеріне, жатады: шөгу, көлбеу, қисықтық, көлденең жылжу, созылу және сығылу көлденең деформациялары, ойықтардың биіктігі мен жарылулардың ашылу шамалары, қауіпті деформациялар мерзіміндегі жылжу үрдісінің жалпы ұзақтылығы, сонымен қатар су өткізгіштік жарылулар, құлаулардың және ірі жарылулар шекараларының орналасқан жерлері.

Гидротехникалық ғимараттарды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер қатарына қыртыстар мен көкжиектерді өндеу әртүрлі кезеңдерінде алынған, жер бетінде болжанатын жылжулар мен деформациялар шамаларының ең үлкен мәндері қабылданады.

6.2.4 Ұзақтылығы едәуір гидротехникалық ғимараттарды жобалау барысында (арықтар, тоннельдер), өндірудің нақты тау кен геологиялық жағдайларына байланысты, оларды жеке аймақтарға бөліп қарастыру қажет және деформацияларды болжау әр есептік аймақ үшін жекелеп орындалуы керек.

6.2.5 Өндірілетін аймақтарда орналастырылатын гидротехникалық ғимараттарды жобалау барысында, су өткізгіш өзі ағатын арықтардан басқа, егер жер беті жылжуы мен деформацияларының болжанатын шамалары өзінің шекті мәндерінен аспайтын жағдайда, арнайы қорғаныс шараларын қарастырмау рұқсат етіледі.

6.2.6 Жабындының құлауымен қуатты қыртыс қабаттарын өндіру кезінде, сонымен қатар өндірілетін қыртыстар арасындағы арақашықтық төменде жатқан қыртыстан үш есе қуаттылықта, құламалардың (шұңқырлардың) пайда болу мүмкіндігі қыртыстар (қабаттар) қуаттылығының қосындысы бойынша анықталынады.

6.2.7 Кен қабатты қыртыстарды өндіру кезінде жер бетінде су өткізгіш жарылулар аймақтарының шекаралары, әр қыртыстың тазартқыш қазбаларының шекараларынан жекеленіп құрылады.

6.2.8 Егер тау кен жұмыстарының төменгі шекаралары қазбалардың қауіпсіздік тереңдігінен асып кететін тереңдікте орналасатын болса, онда қыртыстың құлау жағындағы жер бетіндегі су өткізгіштік жарылулар аймағының шекаралары ретінде, қауіпсіздік тереңдік көкжиегімен қыртыс топырағының қиылысу сызығының жер бетіне түсетін проекциясы қабылданады. Егер құлаулар мен ірі жарылулар мүмкін болатын аймақтардың шекаралары жоспарда, су өткізгіштік жарылулар аймағы шекарасына қарағанда, өндірілетін кеңістіктен қандай да болмасын бір бағытта қашық орналасса, онда олардың шекаралары су өткізгіштік жарылулар аймағы шекаралары ретінде қабылданады.


6.3 Гидротехникалық ғимараттарды жобалау және есептеу ерекшеліктері
6.3.1 Өндірілетін аймақтарда тұрғызылатын гидротехникалық ғимараттардың түрлері мен құрылымдарын анықтау барысында, жер бетінде пайда болатын деформациялар кезіндегі, олардың берік жұмыс істеуін қамтамассыз ететін қажеттілік шараларын ескеру қажет.

6.3.2 Әртүрлі кезеңдерде пайда болатын жер беті деформацияларының жеке түрлерін гидротехникалық ғимараттарды есептеу кезінде, егер мұндай деформациялар түрлерінен пайда болатын әсерлер, басқа жүктемелер мен әсерлерден пайда болатын әсерлерден аз болған жағдайда, ескермеуге рұқсат етіледі.

6.3.3 Таутасты емес негіздерде тұрғызылған бетонды және темірбетонды бөгеттерді жобалау барысында, жер бетіндегі есептік деформациялар кезінде, ғимараттың табанының астында немесе оның секцияларында созылушы кернеулердің пайда болуын болдырмау керек.

6.3.4 Гидротүйін құрамына кіретін су өткізгіштік ғимараттарды ереже бойынша ашық типті етіп жобалау қажет, бұл жағдайда тау кен жұмыстарымен негізделген деформациялар кезінде, топырақ негізіндегі қауіпті шайылулар мүмкіндігін алдын алатын құрылымдық шараларды қарастыру керек. Бөгет денесіне су түбіне су ағыстарды орнату, галереяларда салынатын темір құбырларды қолдану жағдайы кезінде рұқсат етіледі.

Беттік суағызғыштарды бөгеттер денесінен тыс орнатқан жөн.

Ашық типті суағызғыштарды, оларды секцияларға бөлуге және деформациялық жіктерді орнатуға мүмкіндік беретін, көп сатылы сарқырамалар негізінде жобалаған жөн.

6.3.5 Өндірілетін аймақтарда тұрғызу үшін жобаланған гидротехникалық ғимараттардың құрылымдары көтеру қабілетін жоғалту (бірінші топ бойынша шектік күйі) бойынша және болмыстық пайдалану жарамсыздығы (екінші топ бойынша шектік күйі) бойынша есептік талаптарды қаңағаттандыруы керек.

6.3.6 Екінші шектік күй бойынша есептеулерді, шекті ғимараттың жылжуын шектеуге арналған, рұқсат етілген деформацияларға сәйкес жүргізу керек, бұл жағдайда ғимараттың және оның жеке бөліктері толығымен пайдалану болмыстық жағдайына кепілдеме берсе, қажетті төзімділік қамтамассыз етіледі.

6.3.7 Гидротехникалық ғимараттардың жылжу және деформация шекті шамаларын анықтау барысында, келесі жайттарды ескеру қажет: ғимараттың секциялары және олардың жеке бөліктері арасындағы рұқсат етілетін шөгу айырмашылығын, ғимараттың рұқсат етілген жантаюын (көлбеуін), шөгу және көлденең жылжулардың рұқсат етілген шамаларын.

6.3.8 Гидротехникалық ғимараттарды есептеу, өндірістен туатын тұрақты, уақытша, ұзақ және қысқа уақыттағы жүктемелер мен әсерлерді қосып алатын, ерекше жүктемелер мен әсерлердің үйлесімі ретінде орындалуы керек. Өндірістен туатын әсерлердің мүмкіндік үйлесімдерін ҚР ҚН 2.03-01 сәйкес қабылдау қажет.

Әсерлер мен деформацияларды анықтауға қолданылатын гидротехникалық ғимараттардың есептік схемалары, құрылымдардың шынайы жұмыс істеу жағдайының дәлдік дәрежелері және олардың негізбен әсерлесу ерекшеліктерін айқындау арқылы өнделеді. Қажетті жағдайларда ғимараттың кеңістік жұмысы, геометриялық және физикалық сызықсыздығы, материалдардың жылжымалылығы ескеріледі.

6.3.9 Жүктемелер мен әсерлердің номенклатурасы, олардың жүктеме және жұмыс жағдайы бойынша беріктік еселіктері мен шамалары ҚР ҚН 3.04-02-2012, ҚР ҚН 2.03-01 талаптарына сәйкес қабылдануы керек.

6.3.10 Өндірістен пайда болатын әсерлерге құрылымдарды есептеу, негіз бен ғимараттың біріккен жұмысы жағдайынан, келесі негіз деформацияларын ескеру арқылы жүргізілуі керек:

а) негіздің тік және көлденең жылжулару түрінде көрінетін өндірістен түсетін деформациялар;

б) ғимарат негізіне берілетін жүктемелерден түсетін топырақтардың деформациясы.

6.3.11 Қиғаш радиусымен сипатталатын негіздің тік жылжулар әсеріне, өндірілген аймақтарда тұрғызуға арналған гидротехникалық ғимараттардың құрылымдарын есептеу және ішкі әсердің қосынды мәнің есептеу негіздің қиғаштануы арқылы құрылымдардың әсерлесуін ескеріп анықталынуы керек. Бұл жағдайда дөңестік және ойыстық қиғаштану түрінде өндірілуден түсетін әсерлердің екі нұсқасын қарастыру қажет.

6.3.12 Жер бетіндегі ойықтармен сипатталатын тік әсерлер кезіндегі жалпыланған ішкі әсерлердің есептік мәндері сатылы негіздегі құрылымның байланысын ескеру арқылы анықталынады.

Ғимараттың жоспарында дөндердің есептік ораласуын, құрылымдарда пайда болатын әсерлер ең көп болған жағдайын ескеру арқылы қабылдайды.

6.3.13 Құрылымдардағы қосынды ішкі әсерлерді анықтау барысында, негіздің көлденең жылжу әсерлерін ғимараттың жерасты бөлігіне және іргетасына түсетін қосымша жүктемелер ретінде ескеру рұқсат етіледі, қосымша жүктемелер ғимараттың құрылымдық шешіміне байланысты келесі түрлерге қатысты анықталынады:

а) іргетастың табаныңдағы жылжымалық күштер;

б) ғимараттың жерасты бөлігі мен іргетасының бүйірлік беті бойынша жылжымалық күштер;

в) ғимараттың жерасты бөлігі мен іргетас бүйірлі беттеріндегі жылжыған топырақтың қалыпты қысымы.

Ғимараттың жерасты бөлігі мен іргетастарының табаны бойынша жылжу күштерінің шамаларын тік жүктемелерге, топырақтың ішкі үйкеліс бұрышы мен ілініс күшіне, сонымен қатар ғимаратқа қатысты топырақтың жылжу шамаларына байланысты анықтауға болады.

6.3.14 Топырақ сілемінің тік және көлденең жылжулар әсеріне гидротехникалық ғимараттардың құрылымдарын есептеу барысында, негізді тұрақы немесе ауыспалы қаттылық еселіктерімен сипатталатын сызықтық немесе сызықтық емес деформацияланатын түрінде қабылдау рұқсат етіледі.

Тау кен қазбалары әсер етуімен негізделетін әсерлердің сипатына байланысты, іргетастар мен ғимараттың жерасты бөлігімен байланысында, негіздің деформациялық қасиеттері, сығу және жылжу кезінде өндірілетін аймақтарда үймереттер мен ғимараттарды жобалау бойынша қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сәйкес анықталынатын, қаттылық еселіктерімен сипатталады.

6.3.15 Өндірілген аймақтардағы гидротехникалық ғимараттарды жобалауға арналған бастапқы мәліметтер ретінде құрылыс алаңында айқыш бағытта және қыртыстардың созылуы бойынша жер бетіндегі күтілетін (нормативтік) деформациялар шамаларын ең үлкен етіп беру қажет.

Үлкен ұзақтықтағы гидротехникалық ғимараттардың (арықтар, тоннельдер, тұрмыстық ауыз сумен қамтамассыз ету жүйесі, мелиоративті жүйелер) жобалары әр есептік алаң үшін жекеленіп өнделуі керек. Есептік алаңдарға бөлу өндірілетін аймақтардың нақты тау кен геологиялық жағдайына байланысты жүргізіледі.

6.3.16 Гидротехникалық ғимараттардың құрылымдарын есептеу ғимараттың жылжу ойысының сығылатын, сонымен қатар созылатын шекараларына түсуі екі жағдайында да орындалуы керек.

6.3.17 Өндірілетін аймақтарда тұрғызылатын топырақтық тоғандар мен бөгеттерді жобалау барысында құламалардың, қалқандардың және қорғаныс қабаттардың, өндірілу деформацияларын ескеру арқылы ғимаратпен жеке элементтер денелерінің тік және көлденең жылжулар есептеулерін, сонымен қатар жапсарлардың қосымша ашылуымен, өндірілу әсерінен пайда болатын жарылуларды ескеріп, тоғандар арқылы өтетін судың шығыңын есептеу керек.

Есептеулер ҚР ҚНжЕ 3.04-04 талаптарына сәйкес орындалуы керек.

6.3.18 Топырақтық тоған денесінің тік жылжуы келесі шөгулердің шамаларын қосу арқылы анықталынады:


  • тоған денесі материалын нығыздау әсерінен пайда болатын шөгулер;

  • тоған салмағынан сығылатын негізде;

  • алаңды өндіру әсерінен негіз астында, 5.2 Бөлімшесіне сәйкес.

6.3.19 Өндірулерден пайда болған негіздің деформациясы әсерінен топырақтық тоғандар беріктігін есептеуді, тоғанның кернеулік деформацияланған күйінің өзгерістерін және де мүмкін пайда болатын жарылулар шекараларын анықтау мақсатында жүргізген жөн.

6.3.20 Тоғандардың беріктігі мен төзімділігі шекті күйлер шекараларының пайда болу мүмкіндігін шынайы анықтауға мүмкіндік беретін есептеулерді, ЕЕМ есептеу сандық әдісін қолдану арқылы орындауға болады, бұл жағдайда ғимараттың негізіндегі шекаралық жағдайлар ретінде, өндірілген аймақтардан жер бетіне пайда болатын болжамдық деформацияларды ескеру арқылы,есептелінген жылжулар шамаларын беруге болады.

6.3.21 Гидроғимараттардың бетонды құрылымдарын есептеу келесі есептеулерге жақындаттырылады:


  • негіздің есептік деформациялары кезіндегі ғимарат денесінің беріктігі;

  • жеке блоктар немесе секциялар арасындағы жапсарлардың ашылу көрсеткіштері;

  • жер ғимараттарына түйіскен орындардағы ойыстар немесе жарылулардың ашылу шамалары;

  • ойыстар арқылы өтетін судың шығыңы, олардың есептік ашылуы және жоғарыда көрсетілген байланыстық сүзілудің бар болуы кезінде;

  • бетонды ғимарат табаның негізден алып тастау мүмкіндігін бағалау.

6.3.22 Бетонды және темірбетонды тоғандар секцияларын жалпы беріктікке есептеу, негіздің көлденең жылжу әсерімен негізделген, негізде пайда болатын әркелкі деформациялар мен қосымша жүктемелерді ескеру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда есептеуді, бойлық (ағыңға тік) және көлденең (ағыңға бойлап) бағыттарды жекелендіріп, жүргізген жөн.

6.3.23 Гидроғимараттардың, суағызғыш және басқа да бетонды ғимараттардың негізбен байланыстағы және топыраққа батырылған сүйеме қабырға құрылымдары, жер бетіндегі тік және көлденең деформациялармен негізделген, қосымша әсерлерді ескеру арқылы есептелінуі тиіс.

Мұнара типті суағызғыш және суағар ғимараттарды, өндірілу кезінде негіздің еңістігінен пайда болған, қиғаштануды ескеру арқылы есептеген жөн.

6.3.24 Гидротехникалық тоннельдер құрылымдарын, топырақ сілемінің көлденең деформацияларынан пайда болған, ғимараттың сызығына сәйкес көлденең және бойлық бағытта қосымша қалыпты жүктемелер мен жылжытушы күштерге есептеу керек.

6.3.25 Гидротехникалық ғимараттардың сүзілу есептеулерін жүргізу кезінде, негіз топырақтарының немесе өндірілу барысында жер беті жылжуының белсенді кезеңі аралығында топырақтық материалдардан жасалған тоғандар денелерінің өзгеру дәрежесін ескеру қажет, өзгеру дәрежесі іздестірулер мәліметтері және негіз топырақтары мен тоғандар жағдайын болмыстық бақылау негізінде бағалануы тиіс.

6.3.26 Өндірілетін аймақтарда тұрғызылатын су қоймалары мен арықтарды жобалау барысында, су қоймаларындағы судың шығыңын бағалау керек, және жасанды су қоймасының бар болуын ескеріп, тау кен қазбаларына келіп түсетін судың көлемін анықтау қажет. Негіздеме болған жағдайда бағалау, сүзілудің жазық немесе кеңістік есептері жағдайларын сұлбалау жолымен жүргізіледі.


6.4 Гидротехникалық ғимараттардың құрылымдарына түсетін жер беті деформациясы әсерінің төмендеуі
6.4.1 Тоғандардың жармаларын тандау кезінде, қыртыстардың үгітілу бағытын ескеру керек. Бұл жағдайда, қыртыстың үгітілуіне немесе айқыш үгітілуіне жақын бағытты ерекшелеп алу керек. Негіздің сатылық деформациясы мүмкін болатын алаңдарда, ойық сызықтары нормалы бойынша жүрген бағытты ерекшелеп алу керек.

Гидротехникалық ғимараттарды жобалауға арналған бастапқы мәліметтерге, шахталық алаңдарды өндеу уақыты жөніндегі, және де жер бетінің жылжуы мен деформациясын алдын ала есептеу сілтемелері көрсетілген, тау кен жұмыстарының біріккен күнтізбелік жоспары жатады.

6.4.2 Сүзілуге қарсы элементтері (өзектер, қалқандар) бар, өзектің (қалқанның) жоғарғы және төменгі жағынан олардың беріктігін жоғарлатуға арналған байланысқан топырақтардан жасалған әртекті тоғандарды жобалау барысында, сүзгіштің биіктігі бойынша мүмкін пайда болатын жарылуларды ескеру арқылы, кері сүзгіштерді орнату қарастырылады.

6.4.3 Жеке жағдайларда, техникалық экономикалық негіздеме болған жағдайда, өндірілу салдарынан жағымсыз әсерлерді төмендету үшін топырақтық материалдардан тоғандарды жобалау барысында құрылымдық шаралар қолданылуы керек (құмды жапсарлар, жарылулардың пайда болатын болжанатын шекараларындағы диафрагмалар, құрғатқыштар және т.б.).

6.4.4 Суөткізгіштік арықтардың трасса алаңдарында, сонымен қатар тау кен қазбалары әсер ететін шекара арқылы өтетін сужетектерде, судың құйылуын болдырмау мақсатында, еңісті ұлғайтудың орнына 5.2 Бөлімшеге сәйкес анықталынатын жер бетінің есептік шөгу шамасына дейін арықтардың жиек белгілерін жоғарлатуды қарастыру рұқсат етіледі.

6.4.5 Тау кен қазбалары әсер ететін шекара арқылы өтетін арықтар алаңдарында түпті қаптау мен аймақты өндірумен байланысты, әркелкі негіз деформацияларын бұзбай қабылдауға қабілетті, материалдардан жасалған құламаларды қарастыру қажет.

6.4.6 Дюкерлерді жылжымалы тіректерге салынатын, болат құбырлардан (компенсаторлармен) жобалау керек.

Дюкерлердің кіріс және шығыс ауыздықтарының белгілері, жер беті деформацияларын ескеру арқылы берілуі керек.

6.4.7 Су іркуіш ғимараттарды жобалау барысында, өндірілу салдарынан топырақ сілемінің қарқыңды қозғалысы кезеңінде, тұтынушыларға суды беру беріктік санатының өзгермеуін қамтамассыз ету бойынша шаралары, ҚР ҚН 4.01-03 сәйкес қарастырылуы қажет.

6.4.8 Арыңды және арыңсыз гидротехникалық тоннелдерді құрамалы немесе монолитті темірбетонды етіп жобалау керек:



  • бойлық бағытта – деформациялық жапсарлардың жеке бөліктері қималары арқылы иілгіш схемалар бойынша;

  • көлденең бағытта – қатқыл схемалар бойынша, бұл жағдайда минималды периметрлі толық бекітілген жүйелерге ерекше көңіл бөлу керек.

6.4.9 Гидротехникалық тоннельдер бөліктерінің шекті ұзындығы өндірілетін топырақ сілемі мен деформациялық жапсарлардың компенсациялық қабілеті жағынан пайда болатын әсерлердің шамаларына байланысты анықталынуы тиіс. Тоннельдер бөліктері арасындағы деформациялық жапсарларды жобалау барысында, сығылу, созылу және өндірілетін аймақтың қиғаштану деформацияларынан туатын әсерлерді ескеру керек.

6.4.10 Өндірілген аймақтарда орналасатын, құрамында гиротүйіндері бар су қабылдағыш ғимараттардың, сорғыш бекеттердің, су жинағыш және басқа да ғимараттардың құрылымдарын ҚР ҚН 2.03-01 талаптарына сәйкес жобалау қажет.

6.4.11 Егер су қоймасын тұрғызу алаңында бұрын өткен немесе қолданыстағы тау кен қазбалары анықталған болса, сонымен қатар оларды, құрамында уландырғыш заттары бар қалдықтар немесе шламдармен толтыру кезінде, су қойма арналарына өткізгіштігі аз сазды топырақтардан немесе полимерлі материалдардан жасалған құрылғыларды орнату қарастырылады. Қалқандардың өлшемдері, оның құрылымы мен еңі техникалық экономикалық өндірілулер нәтижелерін ескеру арқылы орнатылады.

Сапалы қалқанды құру үшін қолданылатын саздар мен саздақтардың жарамдылығы, созылу және сығылу жағдайларында қалқанның жұмысын ескеру арқылы, саздар мен саздақтардың физикалық механикалық және сүзгіштік қасиеттерін зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде анықталынады.




1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет