7.1 Құрылыс тұрғызу жұмыстарын өндіру және қабылдау, өндірілетін аймақтарда тұрғызылған, құрылысы аяқталған гидротехникалық ғимараттарды пайдалануға беруді, құрылыс өндірісі бойынша қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асыру керек.
7.2 Гидротехникалық ғимараттар астындағы негізді дайындау кезінде, тау кен жұмыстары жүргізілгеннен кейін өткен, тік қазбаларды тығындау және бекіту бойынша құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек. Тығындау тығындалатын топырақ өткізгіштігі бойынша, оған бұрын салынған топырақты сулау арқылы жүзеге асады.
Су қойманың түбінде өткізгіштігі жоғары қабат жатса, қазбалардың үстінде саздардан жасалған, сүзілуге қарсы қалқандар орнатылады.
7.3 Сүзілуге қарсы қалқандарды орнату барысында су қоймалар арналарын тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстарының орындалуын, әсіресе деформацияларға ұшыраған алаңдардағы жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес, мұқият бақылауды қамтамассыз ету керек.
7.4 Өндірілген алаңдарда жергілікті құрылыс материалдарынан жасалған тоғандарды жобалау және тұрғызу барысында, топырақтық материалдардан жасалған тоғандарды жобалау және салу бойынша қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттарға жетекшілік ету керек. Бұл жағдайда біртекті топырақ тоғандарына ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
7.5 Гидротехникалық ғимараттардың беріктік жұмысын қамтамассыз ету және шахталарда көмірді қауіпсіз өндеу мақсатында, су қоймаларының арналары бойынша орындалған жұмыстардың сапасын тексеру үшін жобалық белгіге дейін су қоймаларын толтыру алдында, жобалық ұйым өндеген бағдарлама бойынша сынақтық жекеше толтырулар жүргізген жөн. Бағдарламада келесілер көрсетілуі керек:
-
жекеше толтырудың уақыты мен деңгейінің белгісі;
-
ғимарат пен су деңгейін бақылайтын әдістеме;
-
босатылғаннан кейін су қойма арналарын тексеру әдістемесі;
-
су қоймаларынан судың ағуы ошақтарын тауып, оларды жою әдістері.
7.6 Гидротехникалық ғимараттарды пайдалануға беру үрдісінде, ғимараттардың, олардың элементтері мен негіздерінің тік және көлденең жылжуларын, сонымен қатар ғимараттың денесі мен негізіндегі сүзілгіштік көрсеткіштерін өлшеу бойынша бақылаулық өлшеулік құралдар көмегімен, олардың жағдайын жүйелік көзбен шолу және құралдармен бақылау жұмыстары жүргізілуі керек.
7.7 Өндірілулер әсерінен жылжулардың белсенділігі кезеңінде ғимаратта пайда болатын жарылуларға, деформациялаық жапсарлардың жағдайына, топырақты және бетонды құрылымдардың түйісуі аймағында, жабдықтар астындағы іргетастың орналасуына, сүзілгіштік ағыңның өлшемдерінің өзгерістеріне жүйелі түрде бақылаулар жүргізу қажет.
8 ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ ӨҢДІРІЛЕТІН АЙМАҚТАРДАҒЫ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ БАҚЫЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
8.1 Гидротехникалық ғимараттардың жағдайын бағалау, төзімділігі, беріктігі, орнықтылығы және (арыңды гидротехникалық ғимараттар үшін) өткізу қабілеттілігі мен су өткізгіштік көрсеткіштері бойынша қауіпсіздік өлшемдерімен орнатылып алынған болмыстық мәліметтер мен рұқсат етілген мәндерін салыстыру негізінде, ғимаратқа әсер ететін табиғи және техногендік жағдайлар көрсеткіштерін бақылау (мониторинг жүргізу) арқылы жүзеге асырылады.
8.2 Әр гидротехникалық ғимаратта, ғимараттың техникалық жағдайының тұрақты және жүйелік бақылаулары (тексерулер, техникалық куәландырулар, зерттеулер) ұйымдастырылуы керек, сонымен қатар жағдайы мен қауіпсіз пайдалануына жауап беретін уәкілетті тұлғалар анықталынып, техникалық және технологиялық қадағалауы бойынша қызметкерлер мен олардың қызметтік функциялары белгіленуі керек.
8.3 Пайдалану үрдісінде қызметтердің сандық көрсеткіштері, пайдалану және сынақтар негізінде түзетулерге тартылуы мүмкін.
Қауіпсіздік қызметтері және олардың сандық көрсеткіштері дүркін қарастырылып, мемлекеттік қадағалау органдарымен келісіліп отырылуы керек.
Апаттық жағдай белгілері анықталынған болса және жөндеу жұмыстары немесе ғимараттың пайдалану режимінің өзгеруі кезінде, қауіпсіздік қызметтерінің көрсеткіштері кезектен тыс тәртіпте нақтыланады.
8.4 Мониторинг нәтижелері гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздік мағлұмдарында айқындалып, мемлекеттік қадағалау органдарына берілуі тиіс.
8.5 Гидротехникалық ғимараттың жеке меншік иесі (пайдалануға беретін ұйым) ғимараттың жағдайына сапалы мониторинг жүргізу үшін, сақталушылық пен бақылаулық өлшеу құралдар жүйесінің дамуын қамтамассыз етуі керек.
Істен шыққан құралдар өзіне ұқсас, қажетті шынайы мәліметтер беруге қабілетті құралдармен ауыстырылуы тиіс.
8.6 Гидротехникалық ғимараттың жеке меншік иесінде (пайдалануға беретін ұйым) жобалық құжаттар жиынтығы, техникалық регламенттер, ұлтаралық стандарттар, ұйымдар стандарттары, қолданыстағы және жойылған нормативтік техникалық құжаттары, қабылдаушы комиссия актілері, ғимараттың техникалық паспорты, өндірулер кезеңіндегі барлық гидрометеорологиялық бақылаулар мен іздестірулер материалдары, гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздік мағлұмдамалары болуы керек.
8.7 Пайдалануда 25 жылдан астам болған гидротехникалық ғимараттар, жағдайына қарамастан бес жылда бір рет сараптау жиынтығына, олардың жағдайының төзімділігін, орнықтылығын және пайдалану беріктігін бағалау арқылы тартылуы керек.
Ғимараттар және олардың негіздерінің материалдарының шынайы физикалық механикалық сипаттамалары негізінде қажет болған жағдайда (апатқа ұшырау салдары көрінген жағдайда) ғимарат жағдайын жиынды сараптау кезектен тыс жүргізіледі.
Ескерту – Ғимаратттың техникалық жағдайын сараптау жиынтығына, гидротехникалық ғимараттардың қажетті есептеулерін орындау арқылы, жүргізілген тексерулер нәтижелері негізінде, және ғимаратты арғы қарай қолдану үшін ұсыныстарды өндеу бойынша тексеру жұмыстарының барлық түрлері кіреді (көзбен шолу және құралдық, инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геофизикалық, инженерлік-геотехникалық, инженерлік-гидрографиялық, су астындағы тексерулер, энергоаудит және байланыс жүйелерін тексеру).
8.8 Гидротехникалық ғимараттарды пайдалануға беру тәртібі (жұмыс тәртібі және су қоймасының толуы, төменгі бьеф түсуі, бьефтер деңгейлері) су ағыңдарының әр су қоймалары үшін, мүдделі ұйымдармен орнықты тәртіпте келісілген және атқарушы өкімет органдарымен бекітілген су ресурстарын пайдалану ережелеріне сәйкес негізделуі керек.
8.9 Гидротехникалық ғимараттардың мониторингі өндірілу үрдісі кезінде, өндірілген аймақтардың бастапқы және соңғы кезеңдерінде, жобалық құжаттардың бекітілетін бөлігінің бөлімі болып табылатын мониторинг жобасына және қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сәйкес орындалуы керек.
8.10 Мониторинг үрдісі кезінде бақыланатын шамалардың ауытқуы жөнінде (осыған орай олардың өзгеру тенденцияларының болжанатын шамалардан асып түсуі) мүдделі жақтарды уақытына хабарлау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |