Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет33/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
                                                   
 
 
18 
9.7 Көбіктің  кіруіне  қарама-қарсы  қорғалатын  үй-жайдың  жоғарғы  бөлігінде  көбік 
кірген кезде артық қысымды түсіруге арналған ойық орын қарастырылуы керек. 
9.8 Үрлеудің  көмегімен  алынған  жоғары  еселікті  көбікті  генератордың  шығатын 
тесігі  немесе  сорғы  станциясының  шектерінен  тыс  оның  шығатын  орнындағы  көбік 
құбыры  жабылатын  құрылғымен  жабдықталуы  тиіс.  Құрылғы  автоматты  түрде  көбіктің 
берілуімен бір уақытта ашылуы тиіс. Осы құрылғымен қолмен басқару және «ашық» және 
«жабық» орындарының көрсеткіштері қарастырылуы тиіс. 
9.9 Өрт  сөндіру  қондырғыларында  есептік  мөлшерінен  басқа  көбік  түзушілердің 
100% қоры болуы тиіс. 
Көбік  түзушілердің  қорын  сақтауды  нысан  қоймасында  немесе  өрт  сөндіру 
резервуарларында қарастыру керек. Көбік түзушінің есептік мөлшерін және қорын (көбік 
түзуші ерітіндісі) әртүрлі резервуарларда сақтау керек. 
9.10 Өрт  сөндіру  қондырғылары  бүріккіштер  алдында  қоректендіруші  құбырларға 
орнатылған торлы сүзгілермен жабдықталуы тиіс. Сүзетін ұяшықтың өлшемі бүріккіштің 
ағатын арнасының ең аз қимасынан кем болуы керек. 
9.11 Қорғалатын үй-жайдың 400 м
2
 артық ауданы кезінде көбікті енгізуді үй-жайдың 
қарама-қарсы жақтарында орналасқан кем дегенде екі орында жүзеге асыру керек. 
9.12 Өрт  сөндіру  қондырғыларын  сумен  қамтамасыз  ететін  сорғы  станцияларын, 
құбырларын  және  олардың  бекітулерін  жобалау  кезінде  осы  нормалардың  8-бөліміндегі 
талаптарды басшылыққа алу керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет