14
ала қарастыру керек. Сәйкес келетін көлемді көбікпен толтыру көп дегенде 10 мин ішінде
жетуі тиіс.
Қорғалатын үй-жайдың жалпы көлемін анықтаған кезде үй-жайда тұрған жабдық
көлемін қорғалатын үй-жай көлемінен кемітудің қажеті жоқ.
Көлемді көбікті өрт сөндіру кезінде көбік генераторлары үй-жайдағы көбіктің
есептік деңгей белгісінен жоғары орналасуы керек.
8.4 Сумен және көбікті өрт сөндіру қондырғыларының құбырларына қойылатын қауіпсіздік талаптары
8.4.1 Өрт сөндіру қондырғыларындағы ағытпалы құбыр муфталарын диаметрі
200 мм артық емес құбырлар үшін қолдануға рұқсат етіледі.
Жабық штробтарда алынып-салынбайтын аспалы төбелер сыртына құбырларды
жүргізу кезінде және оларға кіретін жол болмаған басқа жағдайларда өрт сөндіру
қондырғыларының құбырларын монтаждауды тек дәнекерлеу арқылы ғана орындау керек.
8.4.2 Сақиналық жеткізуші құбырларды (сыртқы және ішкі) ысырмалармен жөндеу
учаскелеріне бөлу керек; бір учаскедегі басқару түйіндерінің саны үштен аспауы тиіс.
8.4.3 Тұйықталған және сақиналық қоректендіру құбырлары шартты өту диаметрі
50 мм кем емес шаю шүмектерімен немесе бітеуіштермен жабдықталуы тиіс. Тұйықталған
құбырлардағы шүмекті немесе бітеуішті учаске шетіне, ал сақиналықта – басқару
түйінінен алыстатылған орында орнатады.
8.4.4 Өндірістік
жә
не
санитарлық-техникалық
жабдықты
өрт
сөндіру
қондырғыларының қоректендіруші және таратушы құбырларына жалғауға рұқсат
етілмейді.
8.4.5 Спринклерлік өрт сөндіру қондырғыларының қоректендіруші және таратушы
құбырларына есік және технологиялық ойықтарды сулау үшін дренчерлік бүркеулерді
жалғауға рұқсат етіледі. Оятқыш жүйесі бар дренчерлік бітеулерді тек қоректендіруші
құбырларға жалғауға рұқсат етіледі.
8.4.6 Дренчерлік өрт сөндіру қондырғысының оятқыш жүйе құбырының диаметрі
15 мм кем емес болуы керек.
8.4.7 Өрт сөндіру қондырғыларының қоректендіруші және таратушы құбырларына
жобалау нормаларымен және ережелерімен қарастырылмаған арынды арматураны
орнатуға рұқсат етілмейді.
8.4.8 Су құбыры желісіндегі 1,0 МПа жоғары қысым кезінде өрт сөндіру
қондырғысындағы
қолданылатын
технологиялық
жабдықтың
паспорттық
сипаттамаларымен белгіленгеннен жоғары қысымның көтерілуінің алдын алатын
шараларды қарастыру керек.
8.4.9 Құбырлар ғимараттар конструкцияларына тікелей тұтқыштармен бекітілуі тиіс,
бұл кезде құбырларды басқа конструкциялар үшін тіреу ретінде қолдануға рұқсат
етілмейді.
Құбырларды тек ерекшелік тәртібінде ғана ғимараттардағы технологиялық
қондырғылар конструкцияларына бекітуге рұқсат етіледі. Бұл кезде технологиялық
құрылғылардың конструкциясына бекіту элементтері үшін қосарлы есептік жүктемеге
қарағанда кем емес жүктеме қабылданады.