Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет27/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
15 
 
8.5 Басқару түйіндеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары  
 
8.5.1 Басқару түйіндері: 
- олардың іске қосылуы туралы дабылды тексеруді
- қысымды басқару түйініне дейін және одан кейін өлшеуді қамтамасыз етуі керек. 
8.5.2 Өрт сөндіру қондырғыларының басқару түйіндерін осы үшін арнайы арналған 
үй-жайларға,  өрт  посттарына,  өрт  сөндіру  станцияларына  немесе  қызмет  көрсету 
персоналы еркін кіре алатын басқа орындарға орналастыру керек. 
Басқару түйіндерін А және Б өрт жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша дәрежелі 
үй-жайларды  қоспағанда  қорғалатын  үй-жайларға  немесе  олардың  сыртына 
орналастыруға  рұқсат  етіледі.  Бұл  кезде  қорғалған  үй-жайда  орналасқан  басқару 
түйіндерін  осы  үй-жайлардан  1-типті  өрт  сөндіру  қалқандарымен  және  3-типті 
бөгеулермен бөлу керек. 
Басқару  түйіндері  үй-жайындағы  ауа  температурасы  5 ºС  төмен  болмауы  керек. 
Басқару  түйіндері  үй-жайындағы  жұмыс  беттерінде  75  лк  кем  емес  жарықтандыруды 
қамтамасыз ететін табиғи немесе жасанды жұмыс жарығын және 15 лк кем емес апатты 
жарықты қарастыру керек.   
8.5.3 Осы үшін арнайы арналған үй-жай сыртында, сондай-ақ өрт сөндіру және өрт 
сөндіру  пост  станциялары  үй-жайларының  сыртында  орналасқан  басқару  түйіндерін 
ә
йнектелген немесе басқару түйіндеріне визуальды бақылауға кедергі жасамайтын торлы 
қоршаулармен бөлу керек.   
8.5.4 Спринклерлік  өрт  сөндіру  қондырғыларының  басқару  түйіндеріне  жөндеу 
ысырмасын  орнатуға  рұқсат  етіледі.  Дренчерлік  өрт  сөндіру  қондырғыларының  басқару 
түйіндеріне  басқару  түйінінің  жұмысқа  қабілеттілігін  тексеруді  қамтамасыз  ету  үшін 
ысырмаларды  орнатуды  қарастыру  керек.  Басқару  түйіндерінің  құрылғысы  басқару 
түйініне дейінгі және кейінгі қысымды өлшеу мүмкіндігі қарастырылуы керек. 
8.5.5 Басқару  түйінінің  үй-жайы  өрт  сөндіру  станциясымен  және  өрт  сөндіру 
постымен телефон байланысымен қамтамасыз етілуі керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет