Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


 Сумен  және  көбікті  өрт  сөндіру  қондырғыларының  сорғы  станцияларына



Pdf көрінісі
бет30/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

8.7 Сумен  және  көбікті  өрт  сөндіру  қондырғыларының  сорғы  станцияларына 
қойылатын қауіпсіздік талаптары  
 
8.7.1 Сумен және көбікті өрт сөндіру қондырғыларының сорғы станцияларын ҚР ҚН 
4.01-03 сәйкес судың берілу сенімділігінің І дәрежесіне жатқызу керек. 
8.7.2 Сорғы  станцияларын  ғимараттардың  бірінші,  астыңғы  және  жертөле 
қабаттарындағы жеке үй-жайларына орналастыру керек; оларда сыртқа шығатын немесе 
сыртқы есігі бар басқыш шабағына шығатын жеке есігі болуы керек.  
Сорғы  станцияларын  жеке  тұрған  ғимараттарға  немесе  жапсарлас  жайларға 
орналастыруға рұқсат етіледі.  
Биіктігі  50  м  астам  ғимараттарда  қажеттілігіне  қарай  сорғы  станцияларын  аралық 
техникалық  қабаттарға  орналастыруға  рұқсат  етіледі,  бірақ  шарт  бойынша  станциядан 
шығатын есіктен басқыш шабағына дейінгі арақашықтық 25 м аспауы тиіс. 
8.7.3 Сорғы  станциясының  үй-жайы  басқа  үй-жайлардан  1-типті  өрт  сөндіру 
қалқандарымен және 3-типті бөгеулермен бөлінуі керек. 
Сорғы  станциясы  үй-жайындағы  ауа  температурасы  5 ºС  төмен  емес  және  35 ºС 
жоғары емес, салыстырмалы ылғалдылығы -  25 ºС кезінде 80% аспауы керек. 
Сорғы станциясы үй-жайында жұмыс және апатты жарықтандыруды, сондай-ақ өрт 
сөндіру посты бар телефон байланысын (диспетчерлік) қарастырады. 
Станция үй-жайының кіре берісінде электр ажыратқыш құрылғысыз жұмыс істейтін 
«Өрт сөндірудің сорғы станциясы» жарық көрсеткіш тақтасы орнатылуы керек.  
8.7.4 Сорғы  станциясындағы  өрт  сөндіру  сорғыларының,  сондай-ақ  сорғы-
мөлшерлегіштердің  санын  екіден  кем  емес  қабылдау  керек  (соның  ішінде  біреуі  – 
резервті). 
Резервті  өрт  сөндіру  сорғысы  ретінде  іштей  жану  қозғалтқышынан  жетегі  бар 
сорғыны қолдануға рұқсат етіледі. 
8.7.5 Белгіленген сорғылардың санына және топтарына тәуелсіз сорғы станциясына 
сорылатын желілердің саны екіден кем болмауы тиіс. Әрбір сорылатын желі судың толық 
есептік шығынын жіберуге есептелуі тиіс. 
8.7.6 Әрбір  сорғының  арынды  желісінде  кері  қақпақшаны,  ысырманы  және 
манометрді, ал сорылатын желіде – ысырманы және манометрді қарастыру керек. Сорғы 
сүйеусіз жұмыс істеген кезде сорылатын желіге ысырманы орнату талап етілмейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет