10.1 Ұзақ сақтаған кезде тұнбаға түсетін немесе фаза бөлімін түзетін қоспалары бар
суды өрт сөндіргіш заттар ретінде қолданған кезде өрт сөндіру қондырғыларында оларды
араластыруға арналған құрылғы қарастырылуы тиіс.
10.2 Өрт сөндіргіш заттарды сығып шығарғыш ретінде қолданылатын сұйылтылған
газдар қондырғының жұмыс істеу параметрін нашарлатпауы керек.
10.3 Өрт сөндіру қондырғылары бүріккіштердің алдыңғы жағына орнатылған торлы
сүзгілермен жабдықталуы тиіс. Сүзетін ұяшықтың өлшемі бүріккіштің ағатын арнасының
ең аз қимасынан кем болуы керек.
10.4 Өрт сөндіргіш заттарды шығару үшін өрт сөндіру қондырғыларында
өнеркәсіптік сынаулардан өткен және өрт техникасында қолдануға ұсынылған газ
генерациялау элементтерін қолдануға рұқсат етіледі. Газ генерациялау элементінің
конструкциясы өрт сөндіргіш заттарға оның қандай-да бір қалдықтарының түсу
ықтималдығын алып тастау керек.
Газ генерациялау элементтерін мәдени құндылықтарды қорғау кезінде өрт сөндіргіш
заттарды ығыстыру ретінде қолдануға тыйым салынады.
10.5 Ашық ауада қолдануға арналған өрт сөндіру қондырғыларын жобалау кезінде
желдің ықтимал әсер етуін қарастыру керек. Негізделген жағдайларда желдің қолайсыз
ә
серлерін азайту үшін бүріккіштердің конструкциялық қорғанышын қарастыру керек.