Құбырларға орнатылатын, резервуарды өрт сөндіргіш заттармен толтыратын
ысырмаларды сорғы станциясының үй-жайына орнату керек.
8.7.7 Резервуарлардағы (ыдыстардағы) өрт сөндіргіш заттардың деңгейін визуальды
бақылау үшін бақылау-өлшеу жабдығын қарастыру керек. Көрсетілген мақсаттар үшін
визуальды деңгей өлшеуіштерді (тасымалды өлшеу рейкаларды және басқаларды)
қолданған кезде оларды сорғы станциясының үй-жайында сақтау керек.
Резервуарды автоматты түрде толтырған кезде өрт постына және сорғы станциясына
дабыл шығару арқылы апатты деңгейлерді тек автоматты өлшеуді қолдануға рұқсат
етіледі.
8.7.8 Ішкі жану қозғалтқышы бар сорғы станцияларында (R)EI 120 кем емес отқа
төзімділік шегі бар жанбайтын конструкцияларымен машина залынан алыстатылған үй-
жайларда сұйық отыны бар (бензин – 250 л артық емес, дизель отыны – 500 л артық емес)
шығын ыдыстарын орналастыруға рұқсат етіледі.
8.7.9 Сорғы станция үй-жайына келесі құрылғыларды орналастыру керек:
- сорғыларды жергілікті іске қосу және тоқтату (кезекші пост үй-жайындағы өрт
сөндіру сорғыларын іске қосуды және тоқтатуды жүзеге асыруға рұқсат етіледі);
- компрессорды жергілікті іске қосу және тоқтату.