4. Сөз –логикалық ес деп –адамдағы ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отыруды айтады. Сөз жүйесін есте сақтау ақыл –оймен тығыз байланысты. Естің осы түрі математиктер мен философтарда жі кездеседі.
Сондай –ақ ерікті және еріксіз естер деп те бөлінеді. Олай етіп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Ерікті есте адам алдына белгілі мақсат қояды, ал, еріксіз есте ешқандай мақсат қойылмайды.
Естің процестері.
Ес күрделі психиеалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Есте қалдыру дегеніміз –жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрыеғы сақталғандармен байланыстырып отыру.
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді.Еріксіз қайта жаңғырту –мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі әндерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік –күшін жұмсайды, арнайы әдіс –тәсілдер қолданып, бұрынғы қадылднғандарын қайта қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Ұмыту. Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегенімі –қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда немесе ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмытшақтық қартайған адамдарда да жиі кездеседі.
Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. сананың бағытталуы деп-объектіні таңдап алуды айтамыз.
Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз, үйреншікті болып үш түрге бөлінеді. Ырықсыз зейін деп - сананың белгілі объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Ырықты зейін деп- алдына мақсат қойып, көздеген нәрсесін алдын-ала белгілеп, зейіннің соған аударылуын айтамыз. Үйреншікті зейін- адамға табиғи сіңіп кеткен, арнайы күш жұмсамай ақ орындалатын зейін. Мысалы: бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |