(қақпақшалық) бездер - gl. pylorica. Осыған сәйкес кілегейлі қабық аймақтары да
30
ашылатын ұсақ қарын шұңқырлары - foveoloe gastleca - көрінеді. Аш қарынның
кілегейлі қабығының ішкі беті қатпарланып - plicae gastricae -жатады.
Қарынның ет қабығы- tunica muscularis ventriculi - бірыңғай салалы ет
тканінен тұрады. Ол өз кезегінде үш қабаттан түзілген. Оның, тым жұқа
сыртқы ұзынша қабаты - stratum longitudinalia - негізінен үлкен және кіші
иіндердің бойымен өңештен қарын қақпақшасына (пилорусқа) дейін созылып
жатады.
Екінші сақинаша қабаты –stratum circulare - қарынның оң жағындағы
қарын түбі және пилорикалық бөліктерінде орналасқан. Осы қабаттан қарын
қақпашасының (пилорусының) қысқыш еті - m. sphincter pylori - түзіледі.
Ішкі қиғаш қабат - stratum oliguum - негізінен қарынның сол
кардиальды бөлігінде болады.
Қарынның сірілі қабығы - tunica serosa ventriculi - оның сыртқы екі
бетімен кіші және үлкен иіндерінде тоғысып, кіші шарбыны - omentum minus
және улкен шарбыны - omentum majus - түзеді.
Шарбылар.сірілі қабықтың туынды мүшелері. Олар қан тамырлары мен
жүйкелер жүретін борпылдақ дәнекер тканьді екі қабат сірілі қабықтан
тұрады. Кіші шарбы қарынды бауырмен байланыстырып, бауыр-қарын
байламын - ligamentum hepatogastricum - түзеді. Ол сол жағынан бауыр-өңеш
байламымен - ligamentum hepatoesophageum, ал оң жағынан бауыр-он екі елі
ішек байламымен - ligamentum hepatoduodenale - жалғасып жатады.
Үлкен шарбы қарынның үлкен иінінен белге дейін созылып, шарбы
қапшығын - bursa omentalis - құрайды. Шарбы қапшығының кіреберіс тесігі -
foramen epiploicum - оң бүйректің медиальды жағында, каудальды қуыс вена
және қақпалық вена аралығында жатады. Шарбының сірілі екі қабатының
аралығында көкбауыр орналасады. Қарынның үлкен иінінен көкбауырға
дейінгі байламды қарын-көкбауыр байламы - ligamentum gastrolienale - деп
атайды.
Бірбөлімді қарын құрсақ қуысының қабырғаастылық аумақтарыңда,
әсіресе оның сол жағына қарай ығыса орналасады. Кейбір жануарларда ол
семсерше өсінді аумағына дейін жетуі мүмкін.
Ерекшеліктері. Жылқы қарны бірбөлімді өңеш-ішек типтес қарын
түріне жатады. Оның сыйымдылығы орта есеппен - 15 литр. Қарынның сол
жақ ұшында, оның үлкен иінінен жоғары бағытта көтеріліп шығып тұратын
тұйық қапшығы - saccus cecus - болады. Бұл қапшықтың қарындағы осындай
бітімі өңештің қарынға бұрыш жасай қиғаштанып енуіне әсерін тигізеді.
Осының нәтижесіңде жылқы қарнының кіші иіні кішірейіп, терең үңгіленіп,
бұрыштық ойық - incisura angulasis - жасайды. Қарын қақпашасының қысқыш
етті аумағындағы қақпаша сайдың - sulkus pyloricus - алдында, негізі етті
сақинадан түзілген, қақпаша алдылық сай – sulkus paraepyloricus - болады.
Бұл сайлар аралығында қақпаша кіреберісі - antrum pyboricum - орналасады.
Қарынның кілегейлі қабығының ішкі бетін қатпарлы жиек - margo plicatus
- екіге бөледі. Тұйық қапшық жағындағы кілегейлі қабықтың ішкі беті
көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабықтың бұл
31
аумағында без болмайды. Ал, оның қалған бөлігін жалаң қабат призма тәрізді
эпителий қаптап жатады. Бұл безді аймақта кардиальды, фундальды,
пилорикалық бездер болады.
Өңештің қарынға бұрыш жасап енуі және қарынның сол жақ ұшындағы
тұйық қапшықтың дорсальды бағытта шығып тұруы - ет қабығынан қарынның
кардиальды қысқыш етінің - m. sphincter cardiae - түзілуіне әсерін тигізеді.
Аталған қысқыш ет екі ілмектен тұрады. Оның бірінші ілмегі ішкі сақинаша
қабаттан түзілген. Ол тұйық қапшықтың төбесінен басталып, қарын кіреберісін
кіші иін жағынан айналып қысып тұрады. Ал, қысқыш еттің екінші ілмегі ішкі
қиғаш қабаттан түзіліп, кіреберісті қарынның үлкен иіні жағынан айналып өтіп
қысып тұрады. Осы екі ет ілмектері қарын қуысы азыққа толған сайын өңешке
кететін кардиальды тесікті қатты қысып, азықтың қарыннан өңешке кері өтуіне
жол бермейді. Сондықтан, жылқы малы құса алмайды.
Шарбы қапшығы ішек ілмектері аралығында жатады. Қарын толығымен
құрсақ қуысының сол қабырғаастылық аумағында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: