Шошқаның қарыны да өңеш-ішек типтес қарындар түріне жатады.
Кіреберіс маңыңдағы қарынның үлкен иінінде қарын буылтығы (дивертикул)
- diverticulum ventrikuli - болады. Кілегейлі қабығының безсіз бөлігі онша
көлемді емес. Ол тек қарын кіреберісінен буылтыққа дейінгі ғана аралықта
жатады.
Кілегейлі
қабықтың
қалғаны
безді
бөлік.
Ол
баска
жануарлардағыдай
орналасқан
бездеріне
байланысты
кардиальды,
фундальды және пилорикалық аймақтарға бөлінеді. Бұлардың ішінде
көлемдісі кардиальды безді аймақ. Қарын қақпашасын (пилорусты) үлкен иін
жағынан жарты ай тәрізді қорғанша жастық, кіші иін жағынан түймеше
жастық - torus ptlori - түзеді. Үлкен шарбы ішек ілмектері аралығыңда
жатады. Қарыш құрсақ қуысының сол жақ қабырға астылық және семсерше
өсінді аумақтарында, 11-12-ші қабырға тұсыңда орналасады. Кейде қарын
азыққа толған кезде ол оң қабырғаастылық аумаққа сәл ғана ығысуы мүмкін.
Көпбөлімді қарын. Күйіс қайыратын жануар қарынында азық қорытудың
үш түрлі процесі жүреді, Олар: механикалық, биологиялық және химиялық
процестер. Олардың қарындары құрылысы жағынан өте күрделі, төрт бөлімнен
тұрады. Сондықтан көпбөлімді қарындар түріне жатады. Қарынның алдыңғы
үш бөлімінде механикалық (қарындағы азықты кекіру арқылы ауыз куысына
қайтарып ұсақтау, қарын ішіндегі азықты аударыстыру, сығу, езгілеу) және
биологиялық (бактериялардың, қарапайымдылардың, ұсақ саңырауқұлақтардың
көмегімен азық құрамындағы химиялық жолмен қортылмайтын күрделі
көмірсудан түзілген өсімдік талшықтары - клетчатканы ыдырату) процестер .
жүреді. Қарынның осы алдыңғы үш бөлімі (мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ)
алдыңғы қарындар - proventriculus - деп аталады. Ал, қарынның төртінші бөлімі
- ұлтабарда механикалық және биологиялық жолмен өңделген азық химиялық
жолмен қорытылады. Дамуы жағынан мес қарын мен жұмыршақ біртектес.
Сондықтан, оларды кейде бір атаумен - мес қарын жұмыршақ бөлімі -
ruminoreticulum - деп те атайды.
32
Қарын бөлімдерінің орналасуы. Ересек жануарларда мес қарын көлемі
жағынан бірінші орында. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысын толығымен
алып жатады. Мес қарын 6-шы қабырғааралық тұстағы диафрагмадан жамбас
қуысының кіреберісіне дейін созылып жатады. Оның қабырғалық, беті -
facies parietalis - сол жақ кұрсақ қабырғасымен, ал ішкі висцеральды беті -
facies visceralis - ішектерімен жанасады. Мес қарыннын дорсальды иіні -
curvatura dorsalis - диафрагма мен бел бұлшықеттеріне байламдармен
байланады, ал вентральды иіні - curvatura ventralis - құрсақ қуысының
венртальды қабырғасымен жанасады.
Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында семсерше өсінді үстінде
орналасады. Ол 6 -7-ші қабырғааралық тұста жоғарғы жағынан бауыр мен
қатпаршақпен, ал оң жағынан бауыр және диафрагмамен жанасады.
Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында жа-тады.
Оның сол жағында мес қарын, оң және жоғарғы бетінде бауыр, төменгі
бетінде ұлтабар орналасады.
Ұлтабар құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орна-ласқан.
Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді. Ұлтабардың жіңішкерген
пилорикалық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12-ші қабырғааралық
тұсқа дейін көтеріліп, сәл ғана алға қарай бұрылады да, 9-11-ші
кабырғааралық тұста он екі елі ішекке өтеді. Ұлтабардың оң жағы бауырмен,
сол және алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы жағында
ішектер жатады.
Мес қарын (рубец) - rumen - дорсальды және вентральды екі қаптан -
saccis dorsalis et ventralis - құралады. Оларды бір-бірінен мес қарынның сыртқы
оң және сол бүйірлерінде орналасқан ұзынша сайлар - sulcus longitudinale dexter
et sinister, ал қарынның алдыңгы және артқы жағындағы краниальды және
каудальды көлденец сай-лар - sulcus cranialis et caudalis - бөліп тұрады. Қарынның
ішкі кілегейлі қабығы бетінде жоғарыда аталған сайларға қарама-қарсы жатқан
Достарыңызбен бөлісу: |