Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет31/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Күйіс  қайтаратын  жануарлар  өңештерінде  бездер  олардың  тек 

басталар ұштарындағы қабырғаларында ғана кездеседі. 



Шошқада бездер өңештің мойын бөлігінде орналасады. Ет қабығының 

соңғы бөлімдері бірыңғай салалы ет тканінен түзілген. 



Қарын. 

Қарын  (желудок)  —  ventriculus  (s.  gaster)  —  ас  қорыту 

түтігінің  қапшық  тәрізді  кеңейген  бөлігі,  Қарын  негізінен  сөл  бөлу, 

механикалық  (азықты  қозғау,  араластыру,  сығу),  қорыту  (күрделі 

органикалық заттарды — белоктарды ыдырату), сіңіру, зат алмасу өнімдерін 

шығару (экскреция) қызметін атқарады. 

Бөлімдерінің  санына  байланысты  қарын  бірбөлімді  және  көпбөлімді 

болып  екі  топқа  бөлінеді.  Ал,  ол  ішкі  кілегейлі  қабығының  құрылысына 

қарай өңеш (безсіз), ішек (безді) жөне аралас немесе өңеш-ішек (безсіз-безді) 

типтес болып үш топқа бөлінеді (1-сурет). 

Бірбөлімді қарын. Бірбөлімді қарындар жануарларда құрсақ қуысында 

диафрагмадан  кейін  көлдеңінен  орналасады.  Қарынның  сол  жақ  ұшына 

өңештің қарынға кіреберіс тесігі— ostium cardiacum — ашылады. Сондықтан 

қарынның сол жақ бөлігін қарынның кіреберісі  — cardia — деп атайды. Ал, 

оның  оң  ұшындағы  он  екі  елі  ішекке  шығаберіс  жерін  пилорикалык  бөлік 

(қақпаша — pylorus) дейді. Бұл бөлік он екі елі ішекке пилорикалык, тесік— 

ostium  cardiacum  —  арқылы  жалғасады.  Қарынның  көкет  (диафрагма) 

жағындағы  алдыңғы  қабырғалық,  беті—  facies  parietalis  —  бауыр  мен 

диафрагмаға, ал артқы іштік (висцеральды) беті — facies visceralis — аш ішек 

ілмектеріне жанасып, жатады. 




29 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сурет -2 Карын бездерінің орналасу схемасы. 

 

А-ит:  Б-жылқы;  В-шошқа;  Г-сиыр.  1-өңеш;  2-кардиальды  бөлік;  3-

қарынның  үлкен  иіні;  4-қарынның  кіші  иіні;  5-пилорикалық  бөлік;  6-қарын 

денесі; 7-қарын қалташасы; 8-қарынның тұйық қапшығы; 9-қарынның безсіз 

бөлігі;  10-кардинальды  бездер;  11-қарын  түбі  бездері;  12-пилорикалық 

бездер. 

Осы  аталған  алдыңғы  және  артқы  қарын  беттері  бір-бірімен  оның  үстіңгі 

және  астыңғы  жиектерінде  тоғысып,  қарынның  үлкен  және  кіші  иіндерін  

curvatura  ventriculi  majus  et  minus  -  түзеді.  Бұл  иіндер  қарынның  кіреберіс 

кардиальды бөлігінен шығаберіс қақпашасына дейін созылып жатады. Қарынның 

үлкен  иіні  -  каудо-вентральды,  ал  кіші  иіні  -  краниодорсальды,  бағытта 

орналасады. Қарынның үлкен иін тұсындағы орталық бөлігі - қарын тубі -  fundns 

ventriculi - деп аталынады. 

Ішек  типтес  безді  қарын  кілегейлі  қабығының  -  tunica  mucosa  ventriculi  - 

ішкі беті жалаң қабат призма тәрізді эпителиймен астарланған. Оңда қарын сөлін 

шығаратын бездер болады. Ал, өңеш-ішек типтес қарынның кілегейлі қабығы екі 

түрлі  эпителиймен  астарланады.  Оның  өңеш  типтес  кардиальды  бөлігінің 

кілегейлі  қабығы  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен  қапталған.  Қарынның  бұл 

бөлігінің кілегейлі қабығында қарын сөлін бөлетін бездер болмайды. Қарынның 

екінші  ішек  типтес  бөлігі  кілегейлі  қабығының  ішкі  беті  жалаң  қабат  призма 

тәрізді  эпителиймен  астарланған.  Ол  қарын  бездеріне  бай  келеді.  Қарынның 

кілегейлі қабығының осы ішек типтес бөлігінде құрылысы мен қызметі әр түрлі 

бездер  болады.  Оларды  үш  топқа  бөледі:  кардиальдық  бездер  -  gl.  cardiaca, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет