65
заңгерлер) қосылады. Кураторлар әртүрлі құрылымдар: мектеп,
отбасы,
әлеуметтік қызмет, полиция, медициналық мекемелер
арасында үйлестіру байланысын жүзеге асырады.
Куратордың жұмысына:
Судьяның тапсырмасы бойынша
жасөспірімнің жеке басы
және отбасындағы жағдай туралы есеп құрастыру. Ол үшін ку-
ратор жасөспірімнің отбасына барып,
жасөспіріммен және от-
басы мүшелерімен әңгімелеседі. Есеп тәрбиелік сипаттағы кө-
мекке немесе шараларға қатысты жағдайлар мен ұсынымдарды
талдауды қамтиды. Судья мен куратордың ұсынымдары 90 %
жағдайда болуы тиіс.
Сот шешімі бойынша баланың
мінез-құлқын бақылауды
жүзеге асыру керек. Куратор отбасына, мектепке, жасөспірімнің
жұмыс орнына барады және судьяға тұрақты түрде есеп береді
(үкімде осындай есептер жиі жасалуы тиіс екендігі көрсетіледі:
мысалы, әр екі апта сайын немесе екі айда бір рет).
Кураторлардың қызметімен қатар Польшада әлеуметтік
қызмет жүйесі тиімді жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкерлер
«тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге
әлеуметтік-психология-
лық қолдау көрсетеді. Олар өзіндік қамқорлықты жүзеге асыра-
ды, сабаққа, клубтар мен қызығушылықтары бойынша секция-
ларға қатысады, мұғалімдер және ата-аналармен әңгімелеседі.
Осындай әлеуметтік назардың мақсаты жастар арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Психологтың девиантты балалармен тікелей
жұмысы диаг-
ностикалық және түзету іс-шараларының тұтас кешенін көздейді.
Психолог кабинеті әдістемелік құралдармен жабдықталған, онда
диагностикалық әдістемелер, тренинг
сабақтарын әзірлеу ұсы-
нылған. Эмоциялық саланы түзету бойынша балалармен жұмыс
істеу үшін арнайы жабдықталған «сенсорлық бөлме» қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: