Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


«Тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге профилактикалық



Pdf көрінісі
бет41/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

«Тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге профилактикалық 
жұмыстар жүргізу моделі 
(А.А. Реан) 
«Тәуекел тобы балаларымен» профилактикалық жұмыстар 
жүргізудің мәні мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық жә-
не коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ балалық шақтың 
әлеуметтік мәселесін шешудегі бизнес құрылымдардың күш-
жігерін біріктіруді қамтиды. Бала ғана емес, оның отбасы да әлеу-
меттендірудің негізгі институты ретінде назар мен қамқорлықтың 
объектісі болып табылады. 
Профилактикалық жұмыс жүргізу міндеттері: 
– 
тәуекел тобындағы отбасылар мен балалардың ақпарат-
тық деректер банкін қалыптастыру (әрбір құрылым өз картотека-
ларын ұсынады, оларды келісілген тізім дайындайды); 


82 
– 
тәуекел тобындағы балалар мен отбасыларға диагности-
калық тексеру жүргізу; 
– 
тәуекел тобындағы отбасылармен және балалармен жеке 
түзету-оңалту жұмыстарын жүргізу (мәселеге байланысты олар-
мен медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қыз-
меткерлері, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және т.б. ай-
налысады); 
– 
тәуекел тобындағы отбасының ересек мүшелерінен еңбек 
бригадаларын қалыптастыру арқылы жұмыс орындарын құру; 
– 
білім беру және тәрбиелеу мекемелерінің жұмыс тәжіри-
бесіне тәуекел тобының отбасыларымен және балаларымен ал-
дын алу және түзету жұмыстары саласында жаңа психологиялық-
педагогикалық технологияларды енгізу; 
– 
балалар мәселесімен айналысатын мекемелердің тиімді 
өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдастыру-
шылық, қаржылық-экономикалық механизмдерді жетілдіру; 
– 
балаларды отбасылық тәрбиелеудің басымдылығы бойын-
ша қоғамдық пікір құру; 
– 
отбасы мен балалардың әлеуметтік ауытқуының алдын 
алу саласында педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру; 
– 
тәуекел тобындағы отбасылармен және балалармен жұ-
мыс істеу үшін педагогикалық жоғары оқу орындары студенттері 
арасынан еріктілерді тарту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет