89
ларды әзірлеу кезінде олар педагогикалық ұжыммен алдын ала
талқылайды, мектеп әкімшілігінен рұқсат алады, ата-аналардың
қолдауын иеленеді.
Егер баланың бейімделуі нашар болса, диагностика қорытын-
дысы бойынша мультидисциплинарлық бригаданың мүшелері жи-
налып, ата-аналарымен кездеседі. Бұл кездесуде бригада баланың
арнайы білім алуға мұқтаждығы туралы өз шешімін шығарады.
Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер (аз
қамтылған отбасылар үшін тегін) көптеген функцияларды атқарады.
Оларды шартты түрде үш үлкен бөлікке бөлуге болады: балалармен
жұмыс, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен жеке
жұмыс, балалармен және ата-аналармен бірлескен жұмыс.
Балалармен жұмыс істеу сенім телефонының жұмыс істеуін,
зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін, бала-
ларға білім алуда көмек көрсетуді, балаларды баспаналар мен жа-
тақханаларға орналастыруды, үйге баруды, жеке және топтық ке-
ңес беруді, дағдарыстық жағдайларда делдал болуды, әлеуметтік
құралдарды жұмылдыруды және үйлестіруді, тәрбиеленушілерді
бақылауды, оны қорғауды қамтиды.
Ата-аналармен жұмыс істеу үшін
келесі процедуралар қа-
растырылған: ата-аналарға арналған кәсіптік оқытудың арнайы
топтарын
ұйымдастыру,
жұмысқа орналасуға көмек көрсету;
қалалық медициналық орталықтарда
жалғызбасты аналарға
қызмет көрсету; ата-аналарға үй шаруашылығында көмектесу;
баланы отбасына қайтару мақсатында
жеке және топтық кон-
сультациялар, ата-аналармен келіссөздердің жүргізілуі. Балалар ата-
аналармен бірге әлеуметтік бейімделу бойынша тренингтерден өтеді,
патронаттық отбасының жұмысын сақтауға арналған тренингтерден
өтеді; баланың жаңа отбасында бейімделуі байқалады; балаларымен
қайта қауышқан отбасыларға көмек көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: