Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Жеке тұлғаның қалыптастырудағы



Pdf көрінісі
бет48/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Жеке тұлғаның қалыптастырудағы 
 психологиялық заңдылықтар 
 
Оқу-тәрбие үдерісін сәтті жүзеге асыру үшін міндетті түрде 
жеке тұлғаны қалыптастыру заңдылықтарын ескеру қажет: 
1. Жеке тұлға тәрбие негізінде қалыптасады.
А.С. Мака-
ренко салауатты тәрбие алмай нағыз жеке тұлғаның немесе кері-
сінше дұрыс тәрбие жұмысы нәтижесінде бұзылған жеке тұлға-
ның қалыптасқанын ешқашан кездестірмегенін баса айтты. 
2. Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы басты 
мәселе – оның өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру,
пе-
дагогтардың басшылығымен баланың бойында қалыптасатын
адамгершілік, әлеуметтік, қоғамдық мінез-құлық тәжірибесі. Бұл 
балалардың білім жүйесінің қалыптасуымен табиғи, адамгерші-
лік және идеологиялық-саяси, бірлестікте болуы керек. 
3. Мінез-құлықтың дұрыс себептерін тәжірибеде таңдау 
және бекіту.
Белгілі бір жағдайларда тәрбиелік ықпалдың әсері-
нен балаларда пайда болатын оң себептер олардың тәжірибесінде 
бекітіліп, барлық ұқсас жағдайларға қолданылуы керек (В.А. Кру-
тецкий, 209-215 б.). 
 
Балалар үйінің тəрбиеленушілерін əлеуметтендіру тəсілдері 
 
Тәрбиелеудің технологиялық 
тәсілі 
Балалар үйінің тәрбиеленуші-
сі тұлғасын сәтті әлеуметтендіру 
үшін технологиялық тәсіл қолдан-
ған жөн. 
Астарлы әңгіме. 
Егер сіз ба-
лық аулап, оны балаға берсеңіз
оны бүгін тамақтандырдыңыз. Егер 
Сіз оның қолына қармақ ұстатып, балық аулауды үйретсеңіз, 
онда Сіз оны өмір бойы тамақтандырдыңыз. 


94 
Халық даналығы: «Айтсаңыз – ұмытамын, көрсетсеңіз – есі-
ме сақтаймын, қызықтырсаңыз – үйренемін», – дейді. Сондықтан
технологиялық тәсілдің мақсаты – баланы іс-әрекет өнімін алуға 
және құруға үйрету. Барлығын дайын күйде бермеу. Өйткені
егер адам іс-әрекет үдерісіне белсенді араласпаса, мұның бәрі 
ұмытылатыны ғылыми дәлелденген. Технологиялық тізбекті 
көрсету – педагогтың міндеті.
Кез келген технологияның қасиеттері: тұжырымдамалық, 
жүйелілік, тиімділік, басқарушылық, алгоритмдеу, стандарттау, 
тәрбие материалының құрылымы, жаңартылу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет