Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Жеке тұлғаны тәрбиелеудің жобалық тәсілі



Pdf көрінісі
бет49/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Жеке тұлғаны тәрбиелеудің жобалық тәсілі 
 
Кім ақпаратқа ие, сол әлемге иелік етеді. 
Сондықтан жеке тұлғаны тәрбиелеудегі жоба-
лық тәсіл балаға үлкен ақпарат ағымы жағ-
дайында жобалық іс-әрекеттің ұтымды тұсын 
таңдауға және оны тәжірибеде белсенді пайда-
лануға мүмкіндік береді. 
Соңғы кездерде балаларды әдебиетті оқуға үйрету қиын, 
алайда дәл осы әдіс бұл мәселенің алдын алуға және оқуға деген 
сүйіспеншілікті оятуға көмектеседі. 
Жобалық тәсілдің мақсаты – қайшылықты анықтау және 
оны іс жүзінде шешу. Оған 5П = Мәселе (Проблема) + Жоспарлау 
(Планирование) + Іздеу (Поиск) + Өнім (Продукт) + Таныстыры-
лым (Презентация) және 6 портфолио кіреді. 
Жобалық тәсіл кезеңдері: 
1. Жобалық тапсырманы әзірлеу (тақырып, қосалқы тақы-
рыптар; шығармашылық шағын топтарды қалыптастыру, зерттеу 
жұмыстарына материалдар дайындау, топтарға тапсырмалар 
беру, ұсынылған әдебиеттер мен веб-сайт беттерін таңдау); 
2. Жобаны әзірлеу. 
3. Нәтижелерді даярлау. 
4. Таныстырылым. 
5. Рефлексия (ой). 
Жобалық тәсілді жүзеге асырудың негізгі шарты – теория-
ның тәжірибемен байланысы. 


95 
Балалар үйіндегі балалармен жұмыс жасау технологиялары 
 
«Педагогикалық қолдау» технологиясы 
 
Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі балалармен жұмыс 
істеудегі рөлі – өзін-өзі дамыту кезеңінде уақтылы көмек көрсету. 
Педагогикалық қолдаудың мақсаты – баламен бірге баланың қызығу-
шылығын, мақсатын, мүмкіндігін анықтау және адами қасиетін сақ-
тауына, оқуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, қарым-қатынаста, өмір салтында 
қажетті нәтижелерді өз бетінше қол жеткізуге кедергі келтіретін (күр-
делі мәселелерді) жеңу жолдарын бірлесе анықтау үдерісі. Педагоги-
калық қолдау теориясының негізгі көзі – баланың күрделі мәселесі. 
Зерттеуші О.С. Газман педагогикалық қолдау тұжырымдама-
сында келесі элементтерді қамтиды (13-сызбаны қараңыз). 
 
3-сызба 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет