87
ортамен өзінің органикалық бірлігін түсінуін қалыптастыру және
адам өмірін жақсарту ұлттық байлықтың жинақталуына ғана емес,
ортаны ұқыпты сақтауға да байланысты екеніне сендіру. Сон-
дықтан тәрбие теориясына дейінгі ғылыми зерттеу жұмысында-
ғы басым бағыт «тәрбие алаңының әртүрлілігін» талдау мәселесі
болып табылады.
Басқа жаңашыл тұжырымдамалармен
бірге тәрбие ортасы
тұжырымдамасының негізгі ережелері:
ынтымақтастық педаго-
гикасы, табыс педагогикасы, демократиялық педагогика, педаго-
гикалық анимация болып табылады.
Әлеуметтік педагог тәрбие ортасын құру үшін аниматор рө-
лін атқарады (француз тілінен «шабыттандыру», «қандай да бір
қызметке ынталандыру»). Аниматор топтың әлеуметтік мәдени
жетілуіне жауапты. Оның міндеттері – балалар мәдениетке ұмты-
латын жағдайлар жасау; топта мейірімді қарым-қатынас орнатуға
көмектесу; балаларды шығармашылық қызметке шақыру.
Әлеуметтік педагог балаларды шабыттандырады және ынта-
ландырады. Ол үшін оқушылармен ашық аспан астында туризм,
тарихи орындарға бару секілді әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыры-
лады. Көркем-эстетикалық
және ғылыми-техникалық қызмет,
оқушылардың шығармашылығын, қиялын дамыту, олардың әр-
түрлі орталықтарда талғамын тәрбиелеу де қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: