140
2-қателік. Немқұрайлылық
Ата-ана:
Ашу шақырып, бір нәрсені дәлелдеудің керегі не,
бәрібір өз дегенінен қайтпайды, не қылам жүйкемді тоздырып.
Өз мәселесін өзі шешсін.
Маман:
Еш уақытта да балаңыздың
көзінше бейқам отыр-
мағаныңыз дұрыс. Кейбір ата-аналар
баласының теріс қылық-
тарына саған бәрібір болса, маған да бәрібір деп ерегісіп, елемей
отыра береді. Мұны байқаған бала өзінің жаман әдеттерінен арыл-
майды, тіпті еркінсіп кетуі мүмкін.
Балаңыздың көзінше сізге
бәрібір екендігін көрсеткенше, онымен бір уақыт достасып көріңіз.
Мысалы, сенің істеп жүргенің маған мүлде ұнамайды, бірақ менің
саған
көмектескім келеді,
мен сені жақсы көремін,
кеңес беруге
әзірмін, қолұшымды беремін деп көзіне тура қарап айтыңыз.
3-қателік. Тым қатал болу
Ата-ана:
Сен біз не айтсақ, соның бәрін орындауға тиіссің,
өйткені біз сенің ата-анаңбыз. Бала әрдайым үлкендерді сыйлап,
айтқандарына құлақ асуы тиіс, бұл – тәрбие принципі. Кейде бұ-
лай болмай қалып жатады.
Маман:
Бала әрқашан өзінің не істегенін, неге істегенін, не
үшін істегенін дұрыс түсінбеуі мүмкін. Белгілі бір принциптерге
сүйеніп, өте қатал тәрбие берсеңіз, одан балаңыздың ызасын ту-
дыруыңыз мүмкін. Сіздің қабағыңыздан қорқып бала сіз болған
жерде
бәрін ойдағыдай істеп, сіз
жоқ жерде бәрібір болатыны
осыдан. Қорқатын адамын сыйлап, өзгені көрмеу осыдан шыға-
ды. Баламен жеке әңгімелесу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: