156
–
«дарынды», «өте ақылды» балалар;
–
отбасыдағы «авторитетті» тұлғадан қорқу (дәстүрлі отба-
сыға тән);
–
баланы мадақтамау, шешім қабылдауға мүмкіндік бер-
меу.
Баланың әлеуметтік қорқыныштары оның отбасындағы ата-
анасымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы негізінен пайда
болады. Мектепке оқушының бейімделмеуі отбасының әлеумет-
тік функциясын орындаудағы әлсіздігі.
Қазіргі таңда бала үшін заманауи қауіпсіз әлем құру маңыз-
ды. Кез келген ортаны «жақын», «бөтен» деп бөлмей, бейімделе
алатын тұлға ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Әлсіз әлеумет-
тік қарым-қатынас
тұлғаны әлеуметтік,
психологиялық,
интел-
лект, экономикалық тұрғысынан да әлсіз етеді. Сондықтан ата-
ана мен отбасы бірге баланың әлеуметтік дағдыларын түзетіп,
оны қалыптастыру қажет.
Ата-ана баланың әр жағдайда шешім қабылдауына дағды-
ландыру қажет. Ол үшін:
–
ересектер балаларға сәтсіздік, жеңіліс сезімдерін қабыл-
дауға үйрету керек;
–
балалар қиындықтарды жеңуге міндетті емес: қашу – алд-
ымен
ата-ананың, кейін баланың стратегиясы (яғни
ата-ана ба-
лаға үлгі бола отырып, қашуды үйретеді).
Қорқыныш сезімі:
– комфорт – жоғары үрей;
– қиындықтарды жеңу тәжірибесі – аз қорқыныш;
– қиындықтарды жеңудегі жағымсыз тәжірибе –
жоғары
үрей.
Ата-ана жеңіс пен жеңілісті бірдей қабылдауға үйрету қажет.
Тұлғаның өз сезімдерін бақылай
алуы мен басқара алуы
маңызды.
Үрей, қорқынышпен жұмыс істеу кезінде әлеуметтік педагог
келесі принциптерді білуі шарт:
Әлеуметтік қорқынышты басқару дағдысын қалыптастыруда
келесідей әдістерді қолданамыз:
когнитивті мінез-құлық терапиясы;
арт-терапия;
логотерапия.